«Ізденсе, талаптанса ?олдан жасалмайтын шарт жо?. ??нттама?ан ізденбеген, со?ына т?спеген адамны? ж?мысы еш уа?ытта берекелі болмайды.»
Ж. Аймауытов
Орта білім беру ж?йесіні? іргетасы бастауыш сыныптарда ?аланады. Б?л – ?здіксіз білім беру ж?йесіні? ал?аш?ы ма?ызды сатысы.
Бастауыш білім беруде со??ы жылдары о?ушы т?л?асын дамыту, бастауыш сынып о?ушыларыны? о?у білігін ?алыптастырып, оларды? білім, білік, да?дысын жо?ары де?гейге жеткізу ма?саттары ?ойылып отыр.
Озы? ойлы, тап?ыр да, н?зік сезімтал, пайымды ш?кірттерді? іскерлігін, м?мкіндігін ескеріп, ба?ыт - ба?дар беру, ой - ?рісін дамытатындай логикалы? ой тастау ?рбір ?стазды? міндеті.
Бізді? міндетіміз – д?ниеж?зіндегі жа?алы?тар мен дамуларды назар?а ала отырып, одан да жа?сысын, тиімдісін ?сыну. ?йткені ?асырымызда барлы? салада даму ?те жедел ж?зеге асуда. ?рине, дамуды? негізі – білімде.
?р бала жас кезінен еркін ойлау?а, алдына ?ой?ан істі жоспарлап, оны со?ына дейін жеткізуге, кедергілерге ?арсы т?ру?а бейімделгені ж?н.
Сонды?тан да ?р саба??а о?ушыларды? ?р м?селеге сыни к?з?арасын ?алыптастырып, оларды ашы?, еркін с?йлеуге баулу – ?р ?стазды? міндеті.
Мен о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін ?алыптастыру, о?ытуды? жа?а ?діс - т?сілін ?олдану сия?ты м?селелерді басты міндетке ?оя отырып, ?азіргі заман талабына сай 2004 жылы «Сорос - ?аза?стан» ?айырымдылы? ?орыны? ?йымдастыр?ан «Сын т?р?ысынан ойлауды о?у мен жазу ар?ылы дамыту» ба?дарламасыны? курсына ?атыстым. Осы курс?а ?атысып, ал?ан білімімді ?з сыныбымда ?олдану?а тырыстым.
Саба? процесінде е? басты т?л?а О?УШЫ екенін т?сіндім. ?рине, б?рын?ы д?ст?рлі ?дістерге ?бден ?алыптасып ?ал?ан м??алімге ?зіні? к?з?арасын, философиясын ?згерту о?ай емес. Осы ба?дарлама бойынша ж?мыс істегеніме екінші жыл. Сын т?р?ысынан ойлау ?дісін топпен ж?мыс істеуді ?олдана отырып, о?ушыларды? ойын, еркін с?йлеуін, тілін дамытып, бір - бірін ты?дай білуге, ?зіні? де бас?аны? да жауабын сын т?р?ысынан ба?а бере отырып, ??рмет к?рсетуге ба?ыт беремін. Мен осы ба?дарламаны? стратегияларын ме?геріп, т?жірибе ж?зінде ?олдану барысында к?птеген жетістіктерге жеттім.
Осы ба?дарлама бойынша ат?арып жат?ан т?жірибемді сіздермен б?ліссем деймін.
О?у мен жазу ар?ылы сын т?р?ысынан о?ыту
Ал?а ?ой?ан ма?сатым:
О?у мен жазу ар?ылы сын т?р?ысынан ойлауды дамыту?а ж?мыстар жасай отырып баланы? танымды? белсенділігін арттыру, ?з бетінше білім алу?а, шы?армашылы?ын ?алыптастыру?а м?мкіншілік беру. Екі ?й?арым бір пікірді? біреуін та?дау?а, саналы шешім ?абылдау?а ?йрету.
Сын т?р?ысынан о?ыту дегеніміз не?
Сын т?р?ысынан ойлау – ашы? ?о?ам негізі. Ол – ?з алдына с?ра?тар ?ойып ж?не олар?а жауап іздеу, ?р м?селеге байланысты ?з пікірін айтып, оны д?лелдей алу, сонымен ?атар бас?аларды? пікірлерін д?лірек ?арастыруды ж?не сол д?лелдемелерді? ?исынын зерттеу дегенді білдіреді. Б?л о?ыту «?арапайымнан к?рделіге» деп аталады.
Сын т?р?ысынан о?ыту технология емес, ол ба?дарлама. Б?л ба?дарлама ?лемні? т?пкір - т?пкірінен жиыл?ан білім берушілерді? бірлескен е?бегі, ма?саты барлы? жаста?ы о?ушылар?а кез келген мазм?ны сыни т?р?ыдан ?арап, екі ?й?арым бір пікірді? біреуін та?дау?а саналы шешім ?абылдау?а саба?тарда ?йрету. «ізді? елімізде Джорд Соросты? ашы? ?о?ам институты, «Сорос - ?аза?стан» ?оры ар?ылы келген б?л ба?дарлама мектеп т?жірибелеріне ене бастады. Сын т?р?ысынан ойлау - сынау емес, шы?дал?ан ойлау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сын т?р?ысынан ойлау дегеніміз не? »
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
«Ізденсе, талаптанса қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмайды.» Ж. Аймауытов Орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады. Бұл – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы маңызды сатысы. Бастауыш білім беруде соңғы жылдары оқушы тұлғасын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының оқу білігін қалыптастырып, олардың білім, білік, дағдысын жоғары деңгейге жеткізу мақсаттары қойылып отыр. Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт - бағдар беру, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті. Біздің міндетіміз – дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі – білімде. Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн. Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу – әр ұстаздың міндеті. Мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытудың жаңа әдіс - тәсілін қолдану сияқты мәселелерді басты міндетке қоя отырып, қазіргі заман талабына сай 2004 жылы «Сорос - Қазақстан» қайырымдылық қорының ұйымдастырған «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасының курсына қатыстым. Осы курсқа қатысып, алған білімімді өз сыныбымда қолдануға тырыстым. Сабақ процесінде ең басты тұлға ОҚУШЫ екенін түсіндім. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерге әбден қалыптасып қалған мұғалімге өзінің көзқарасын, философиясын өзгерту оңай емес. Осы бағдарлама бойынша жұмыс істегеніме екінші жыл. Сын тұрғысынан ойлау әдісін топпен жұмыс істеуді қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, құрмет көрсетуге бағыт беремін. Мен осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге жеттім. Осы бағдарлама бойынша атқарып жатқан тәжірибемді сіздермен бөліссем деймін.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту Алға қойған мақсатым: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып баланың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру. Екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сын тұрғысынан оқыту дегеніміз не?
Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады. Сын тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. «іздің елімізде Джорд Соростың ашық қоғам институты, «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады. Сабақтың құрылымы: 1. Қызығушылықты ояту: Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа т арту. Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады. Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады. 2. Мағынаны ашу: Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. 3. Ой толғаныс: Оқуды қорытындылау. Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды. Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы стратегиялардан тұрады. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте бар. Мен оның 25 пайдаланудамын. Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі: 1. Негізгі ойды суреттеу 2. Топтастыру 3. Бес жол өлең 4. Эссе жазу 5. Болжам кестесі 6. Галереяға саяхат 7. РАФТ 8. Блум жүйесі 9. ЖИГСО - 1 10. ЖИГСО - 2 11. Қазымыр оқушы 12. Автор орындығы 13. Инсерт 14. Венн диаграмма 15. Кубизм 16. Бағытталған оқу 17. Кідіріспен оқу 18. Әдебиет үйірмесі 19. Жол қалдырып жазу 20. Қос жазба күнделік 21. Авторға сұрақ қою 22. Үш қарамды сұхбат 23. Әлемді шарлау 24. Ой қозғау 25. Оқиға желісі Аталған стратегияларды пайдалана отырып , көп жетістікке жетуге болады.Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады. Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін. Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой - толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады. Ой толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренді. Әрине, алғашқыда оқушылар мәтіннің мазмұнын жазып жүрді. Оларға: - Осы мәтінді оқығанда не әсер етті? Осы әңгімеден не үйрендің? – деген сұрақтар қоя отырып бағыт бердім. Сонда оқушылар осылай жаза бастады: Мысалы: Мұхтар Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» өлеңін оқығаннан кейін. - Менің ойымша бұл өлеңдегі баланың жағдай қиын. Ол біріншіден, әжесінің көңіліне қарады, екіншіден, досын сатқысы келмеді. Әрине досты сатуға болмайды, бірақ өтірік айтуға тағы да болмайды. Досын сатқан адам өз Отаның сатып жіберуі мүмкін. Менің ойымша оған әжесіне шындықты жайып тастау керек еді. Әжесі түсініп оны кешірер еді. Ыбырай Алтынсаринның «Баланың айласы» әңгімесін оқығаннан кейін: - Жамандыққа жақсылық бар ма? - Жамандыққа жақсылық әрине бар. Жамандыққа жамандық жасамай, керісінше оған жақсылық жасауға тырысу керек. Жамандық жасаған адамды әрқашанда тәрбиелеу керек. Меніңше жақсылық жамандықты әрдайым жеңе алады.
ЖИГСО әдісінде мәтінді топқа бөліп оқу оқушылардың жауапкершілігін арттырады. Оқығаның айтып беру үшін әлсіз оқушылар да әрбір сөйлемге мән беріп оқитын болды. Басқа жолдастарындай сезінуге, өз ойын ашық жеткізе білуге үйретті. Оқушылар «Топтастыру», «Бес жол өлең», «Венн диаграммасы», «Кубик» әдістеріне қызыға кірісті. Бес жол өлең құраудың пайдасы қазақ тілі сабағында өте зор. Мысалы: Тоқылдақ, Пайдалы, нәзік. Емдейді, ұшады, тоқылдатады. Ағаштарды емдейтін құс. құс.
Тігінші. Өнерлі, еңбекқор. Ояды, тігеді, әшекейлейді. Әдемі көйлектерді тігетін өнерпаз. Жаркен Қайрат (дүниетану сабағында) Венн диаграммасы бойынша оқушылар кейіпкерлерді, жануарларды салыстырады. Бұл стратегияларды сабақта қолданып, белгілі бір нәтижеге жету үшін мұғалім сабақ жоспарын құру барысында қай жерде қай стратегияны қолдану жолдарын, тапсырманы дұрыс ұйымдастыру жолдарын қарастыруы тиіс. Тапсырманы оқушылардың жас ерекшелігіне қарай нақты беруге тырысу керек. Әр стратегияға уақыт өлшеніп берілуі тиіс. Жүйелі, толық жауап алу үшін оқушыларға нақты уақыт беріп, қысқа әрі нұсқа сөйлеуге немесе жазуға, өз ойларын ашық, еркін беруді талап ету керек. Оқушылардың арасында бас кезде сәл қиналып, ойларын жинақтай алмай, біраз әбігерге түсетіндері бар. Жаттыға келе кейін үйреніп, бұл стратегияларды тез меңгеріп алады. Топтастыру стратегиясы. Топтастыру – оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы. Бұл - жаңа идеяларды жинақтап бір - бірімен сабақтастыру үшін қажетті құралым. Топтастыру қызықтыруды ояту үшін, ой тудыруды күшейту үшін қолданылады. Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Топта жұмыс жасауда алғашқыда оқушылар бір - бірін тыңдамай, сыныпта шу болатын. Барлығы да жазғандарын сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір - бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді. Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады: 1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады. 2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды. 3. Топтарының сұрақтарына жауап береді. 4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды. 5. Қорытынды шығарады. Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады. Оқушылар жұмыс жасау барысында бір - біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш - қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан - жақты дамытатынына көзім жетті.
Сабақ құрылымы 3 кезеңннен құрылады: Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Оған оқушыларды топқа бөлу, оның түрлі іс-әрекеттерін өткізу. Психологиялық дайындық. Бір-біріне сәттілік тілеу. Немесе әр оқушы өзіне мақсат, міндет қояды. Мен - істеймін(тырысу) Мен – үшін керек (талаптану, жақсы жауап беру) Мен – істей аламын (сенімділікпен тапсырмаларды қарау, жақсы орындау Мұғалім белгілерді плакатқа жазады, ал оқушылар бұл белгілердің қандай затқа тән екенін айтады.
Бұны «Атаулар көмегімен болжау жасау» стратегиясы дейді. Плакаттағы бөлімге берілген бейнелер арқылы мәтін, әңгіме құрастырады. Оны «Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы дейді. Екінші кезең – мағынаны ажырату сатысы. Ой қозғау. Эссе жазу. Тақырып бойынша оқуышылар тез ойларына келгенін жазады. Топ ішінде оқиды. Топ алдында іштерінен біреуі шығып оқиды. Әр топтан шыққан оқушы орындыққа отырып, жазғандарын оқиды. Тақырыптағы кезеңді ойды бейнелейді. Оны тақтаға іліп, әр оқушы өз суреттерін әңгімелейді. Бұл «Галереяны аралау» стратегиясы. Үшінші кезең – ой толғаныс. Әртүрлі әдіс-тәсілдердің көмегінде шешімі табылған мәселені жалпылау, алынған білімдерді пысықтау, жаңа материалды қайталау жүзеге асырылады.
Т – кестені толтыру. Жақсы-жаман, жағымды-жағымсыз. Топтастыру стратегиясы. «Венн диаграммасы» «Кубизм стратегиясы» 1.Суретте 2. Қолдан 3. Зертте 4. Салыстыру 5. Жақта 6. Қарсылас «Шығу парағы» стратегиясы 1.Біз бүгінгі сабақта нені үйрендік? 2.Қандай сұрақ бар? 3.Пікіріңіз... «Ой толғау» стратегиясы (мозговой) Күн, жауады, шөп, жылынды, жасыл, жаңбыр. «Б.И.И. Білемін, білгім келеді, үйрендім» стратегиясы. Кестені толтырады. INSERT – «Түртіп алу» стратегиясы. «V»- білемін, «-» мен келіспеймін, «+» -мен үшін жаңа, «?» - таң қалдым, сұрақ туды. «Араласып кеткен оқиғалар» «5 жолды өлең» 1.Зат есім 2.Сын есім 3.Етістік 4.Сезілді, білдіреді 5.Зат есім (синоним) Бұл бағдарламада страетгия түрі өте көп. Оны мұғалім өзінің ыңғайына, сабақ тақырыбына қарай таңдайды. Бұл бағдарламаның тағы бір пайдасы сыныптағы оқушылардың сабаққа толық қатысуы. Күнделікті жай сабақта 3-4 бала ойын ортаға салып, сабаққа белсене қатысса, қазір сабаққа үлгерімі төмен оқушы да өз ойын ортаға айтып, пікірталасқа түседі. Өздеріне өзі баға қойып, уақыт та үнемделеді. Стратегияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу барысында бірін-бірі тыңдай білуге, құрмет көрсете білуге үйретеді