kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Бастауыш сыныпта пәндерді оқытудағы жаңа технологияның білім сапасын көтерудегі тиімділігі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕГІ ТИІМДІЛІГІ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп көрсетілген.

Білім беру, оқыту үрдісіндегі педагогикалық технология - қойылған мақсатқа тиімді жолмен қол жеткізуді қамтамасыз етуші жүйе, яғни білім мазмұнын жүзеге асырудың тәсілі болғандықтан қазіргі жаңа  технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі боп есептеледі.Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан — жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін — өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу — танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан — жақты дамытуға жетелейді.

Бастауыш сыныпта пәндерді оқытудағы басты мақсат – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Жаңа педагогикалық технологияларға:

  • ынтымақтастық педагогикасы
  • білім берудің ізгілендіру технологиясы
  • түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы
  • деңгейлік саралап оқыту технологиясы
  • міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы
  • сын тұрғысынан ойлау технологиясы
  • модульдік оқыту технологиясы және жобалап оқыту технологиясы кіреді.

   Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан – жақты маман болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллек-туалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық  және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

  Оқытудың тиімділігін арттыру үшін мектептің бастауыш сатысында кеңінен қолданылып жүрген оқытудың қазіргі технологияларының бірі:сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Оқушылардың білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейін дамытуда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының бастауыш сыныптар үшін  маңызы зор. Бұл жобаның мақсаты- баланың өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады.

«Сын тұрғысынан ойлау »технологиясы немен қызықтырады?

  • Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
  • Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.
  • Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
  • «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?

Бұл технология бойынша сабақ үш кезеңнен тұрады: (Қызығушылықты ояту.Мағынаны тану. Ой толғаныс.)

Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді.

Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс-тәсілдерін қолданамын:

  • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру/ой қозғау, «инсерт» кестесі/.
  • Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/.
  • Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Вендиаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/.
  • Қиялдау арқылы сурет салу/сурет салу стратегиясы/.
  • Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу/авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы
  • Шығармада екі кейіпкердің қарама-қарсы элементтерін сипаттау/қарама-қайшы стратегиясы/.
  • Өлең шумақтарын құрастыру/5 жолды өлең/.

Сонымен, « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы  негізінде  өткізілген  сабақтар оқушының танымдық белсенділігін арттыруға,  өз бетінше білім алуға, жұптық және ұжымдық, бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, ең бастысы оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.

СТО -оқу мен жазуды дамыту технологиясы оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлеуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын технология.

        Көптеген жаңа технологиялармен қатар бастауыш сынып  сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Мысалы: әр  пәнді оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз.  Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып оты-ратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе.Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып қолдана алады.Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың атқаратын рөлі зор. Электрондық оқулық оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы әр баланың қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын,пәндік білімдерін,тәжірибелік біліктілігін дамытуға, әртүрлі тапсырмалармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.Электрондық оқулықтың ерекшелiгi модулдiкке сәйкестiгi, жоғары мобильдiлiгi мен оқуға, үйренуге икемдiлiгi. Бұл оқулық – ғылыми-педагогикалық құрал.Электрондық оқулықтың нәтижелiлiгi мынада:

  • тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етедi (интерактивтi қасиетi);
  • қажеттi ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкiндiк бередi;
  • гипермәтiндiк түсiндiруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады;
  • әрбiр жеке тұлғаның, бiлiмiн, бiлiк iскерлiгiн әрбiр тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкiндiк бередi.Бастауыш сынып оқушылары қазақ тілі, математика, дүниетану сабақтарында электрондық оқулықтар арқылы жаңа тақырыптарды меңгеруде және практикалық жұмыстарда қолданып,сабақтын тыс уақытта компьютері барлары үйінде, ал кейбірі мектепке келіп оқулықтар бойынша түсінбеген жерлерін, тақырыптар бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру үшін компьютер сыныптарында оқулықпен жеке-дара жұмыс істейді.

Электрондық оқулықты мынадай жағдайларда қолдануға болады:

  • теориялық материалды өз бетiмен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкiндiк бередi;
  • сабақты иллюстрациялық материал ретiнде жабдықтауда көмектеседi;
  • сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетiмен әртүрлi деңгейлi, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкiндiк берiлген;

Электронды оқулықтың ең тиімді тұсы – баланың қызығушылығын оята отырып, білім алуға бар ынта-ықыласымен баулуы. Бір ескере кетерлігі, дәстүрлі білім беру жүйесінде оқулықтар тізбектеле жазылып, мейлі түрлі-түсті суреттері болсын, мейлі қызықты тапсырмалар болсын барлығы – тек жазбаша. Ал электронды оқулықтар – дыбыс құралы. Ол – мультимедиалы, яғни графика, мәтін, дыбыс және бейнеқұралдары біріктірілген. Ол – интерактивті.

Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін  дамытады. Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым толық ашылуы мүмкін. Егер бала бойындағы қабілетті мұғалім байқамаса, ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады. Сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындалуын  қадағалау қажет. Сабақта технологияларды қолдану мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылық әрекеттің биігіне көтерілуіне ықпал етеді.

Педагогикалық технологияның тиімділігі: 

1. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі, олар әрбір.пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің қажетті көлемін  (1-деңгейде) 100 пайыздық үлгеріммен қамтитынына кепілдік алады. 

2. Қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін жете алатын болады. 

3. Әр оқушыға үй жұмысы жеке басынын қабілетіне сәйкес сараланып берілетін болады (мектепте орындап бастаған деңгейлік тапсырмаларды үйде қабілеті жеткенше орындап келу мүмкіндігін алу арқылы) сол арқылы артық жүктемені жою мәселесі шешім табады.

4. Дарынды балалар дер кезінде анықталынып, дами алады. 

5.Оқыту сапасының мониторингісі және диагностикасы, оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамасыз етіледі. 

6. Оқытуда ақпараттық технологиялар тиімді пайдаланылады.

Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ-тың тағдыры ұстаздың қолында» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев сөзімен аяқтағым келеді.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Педагогикалық ізденіс. Алматы-Рауан. 1993.

2. «Мектеп 45 минут» әдістемелік журнал. 2017 № 7

3. М. Байжанов., «Педагогикалық инновация және оқытудың  қазіргі технологиялары» Қызылорда, 2000

4.«Бастауыш сыныпта оқыту» ғылыми-педагогикалық журнал 2013 №3,

     2014 №1,  2016 №5

5.Мектеп директорының орынбасары. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал  2015 № 2, 2009 №3.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Бастауыш сыныпта пәндерді оқытудағы жаңа технологияның білім сапасын көтерудегі тиімділігі"»

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕГІ ТИІМДІЛІГІ

С.А.Казангапова

«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі

Павлодар облысы Май ауданы Малайсары ауылы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп көрсетілген.

Білім беру, оқыту үрдісіндегі педагогикалық технология - қойылған мақсатқа тиімді жолмен қол жеткізуді қамтамасыз етуші жүйе, яғни білім мазмұнын жүзеге асырудың тәсілі болғандықтан қазіргі жаңа технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі боп есептеледі.Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан — жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін — өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу — танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан — жақты дамытуға жетелейді.

Бастауыш сыныпта пәндерді оқытудағы басты мақсат – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Жаңа педагогикалық технологияларға:

  • ынтымақтастық педагогикасы

  • білім берудің ізгілендіру технологиясы

  • түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы

  • деңгейлік саралап оқыту технологиясы

  • міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы

  • сын тұрғысынан ойлау технологиясы

  • модульдік оқыту технологиясы және жобалап оқыту технологиясы кіреді.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан – жақты маман болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллек-туалдық , кәсіптік , адамгершілік , рухани , азаматтық  және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып , оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдасты-руына көмектеседі.

Оқытудың тиімділігін арттыру үшін мектептің бастауыш сатысында кеңінен қолданылып жүрген оқытудың қазіргі технологияларының бірі:сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Оқушылардың білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейін дамытуда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының бастауыш сыныптар үшін маңызы зор. Бұл жобаның мақсаты- баланың өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады.

«Сын тұрғысынан ойлау »технологиясы немен қызықтырады?

  • Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.

  • Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.

  • Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.

  • «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?

Бұл технология бойынша сабақ үш кезеңнен тұрады: (Қызығушылықты ояту.Мағынаны тану. Ой толғаныс.)

Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді.

Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс-тәсілдерін қолданамын:

  • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру/ой қозғау, «инсерт» кестесі/.

  • Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/.

  • Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Вендиаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/.

  • Қиялдау арқылы сурет салу/сурет салу стратегиясы/.

  • Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу/авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы

  • Шығармада екі кейіпкердің қарама-қарсы элементтерін сипаттау/қарама-қайшы стратегиясы/.

  • Өлең шумақтарын құрастыру/5 жолды өлең/.

Сонымен, « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, жұптық және ұжымдық, бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, ең бастысы оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды .

СТО -оқу мен жазуды дамыту технологиясы оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлеуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын технология.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар бастауыш сынып сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Мысалы: әр пәнді оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып оты-ратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе.Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып қолдана алады.Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың атқаратын рөлі зор.

Электрондық оқулық оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы әр баланың қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын,пәндік білімдерін,тәжірибелік біліктілігін дамытуға, әртүрлі тапсырмалармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Электрондық оқулықтың ерекшелiгi модулдiкке сәйкестiгi, жоғары мобильдiлiгi мен оқуға, үйренуге икемдiлiгi. Бұл оқулық – ғылыми-педагогикалық құрал.

Электрондық оқулықтың нәтижелiлiгi мынада:

  • тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етедi (интерактивтi қасиетi);

  • қажеттi ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкiндiк бередi;

  • гипермәтiндiк түсiндiруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады;

  • әрбiр жеке тұлғаның, бiлiмiн, бiлiк iскерлiгiн әрбiр тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкiндiк бередi.

Бастауыш сынып оқушылары қазақ тілі, математика, дүниетану сабақтарында электрондық оқулықтар арқылы жаңа тақырыптарды меңгеруде және практикалық жұмыстарда қолданып,сабақтын тыс уақытта компьютері барлары үйінде, ал кейбірі мектепке келіп оқулықтар бойынша түсінбеген жерлерін, тақырыптар бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру үшін компьютер сыныптарында оқулықпен жеке-дара жұмыс істейді.

Электрондық оқулықты мынадай жағдайларда қолдануға болады:

  • теориялық материалды өз бетiмен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкiндiк бередi;

  • сабақты иллюстрациялық материал ретiнде жабдықтауда көмектеседi;

  • сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетiмен әртүрлi деңгейлi, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкiндiк берiлген;

Электронды оқулықтың ең тиімді тұсы – баланың қызығушылығын оята отырып, білім алуға бар ынта-ықыласымен баулуы. Бір ескере кетерлігі, дәстүрлі білім беру жүйесінде оқулықтар тізбектеле жазылып, мейлі түрлі-түсті суреттері болсын, мейлі қызықты тапсырмалар болсын барлығы – тек жазбаша. Ал электронды оқулықтар – дыбыс құралы. Ол – мультимедиалы, яғни графика, мәтін, дыбыс және бейнеқұралдары біріктірілген. Ол – интерактивті.

Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін  дамытады. Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым толық ашылуы мүмкін. Егер бала бойындағы қабілетті мұғалім байқамаса, ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады. Сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындалуын  қадағалау қажет. Сабақта технологияларды қолдану мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылық әрекеттің биігіне көтерілуіне ықпал етеді.

Педагогикалық технологияның тиімділігі: 

1. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі, олар әрбір .пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің қажетті көлемін  (1-деңгейде) 100 пайыздық үлгеріммен қамтитынына кепілдік алады. 

2. Қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін жете алатын болады. 

3. Әр оқушыға үй жұмысы жеке басынын қабілетіне сәйкес сараланып берілетін болады (мектепте орындап бастаған деңгейлік тапсырмаларды үйде қабілеті жеткенше орындап келу мүмкіндігін алу арқылы) сол арқылы артық жүктемені жою мәселесі шешім табады.

4. Дарынды балалар дер кезінде анықталынып, дами алады. 

5.Оқыту сапасының мониторингісі және диагностикасы, оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамасыз етіледі. 

6. Оқытуда ақпараттық технологиялар тиімді пайдаланылады.

Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ-тың тағдыры ұстаздың қолында» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев сөзімен аяқтағым келеді.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Педагогикалық ізденіс . Алматы-Рауан . 1993 .

2. «Мектеп 45 минут» әдістемелік журнал. 2017 № 7

3. М. Байжанов., «Педагогикалық инновация және оқытудың қазіргі технологиялары» Қызылорда, 2000

4.«Бастауыш сыныпта оқыту» ғылыми-педагогикалық журнал 2013 №3,

2014 №1, 2016 №5

5.Мектеп директорының орынбасары. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал 2015 № 2, 2009 №3.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Казангапова Сулушаш Аугановна

Дата: 12.12.2017

Номер свидетельства: 443954


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства