Просмотр содержимого документа
«Суқойма өсімдіктері мен жануарлары»
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау
Сабықтың мақсаты:
Не білу керек: Cу қоймаларының түрлерін, өсімдіктері мен жануарларының тіршілігінің ерекшеліктерін білу.
Не істей білу керек:Өз өлкеміздегі су қоймаларының атауын, көлемін, маңызын білу. Тіршілігі сумен байланысты жануарлардың зардап шегуін, қорғау жолдарын білу
Білімділік: Оқушыларға жануарлардың пайдасы мен зияны туралы мағлұмат беру. Оқушылардың су қоймасы өсімдіктерімен жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушыларға зиянды жәндіктерден қорғану жолдарын үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатқа пайдасы бар өсімдіктер мен жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сабақ. Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында: «Қазақстан ауасы таза, суы мөлдір, жасыл желекке айналуы тиіс», -деген болатын. Сондықтан бүгінгі сабақта осындай әдемі табиғатты құрайтын өсімдіктер мен жануарларды қалай қорғау керектігі туралы білімімізді
толықтырамыз.
1.Қазақстанда қандай ірі өзендер мен көлдер бар? Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле өзені, Каспий, Арал теңізі, Тобыл өзені т.б. Қазақстанда аталған ірі өзендер мен көлдерден басқа ірілі - ұсақты су қоймалары – кішігірім өзендер, көлдер, бөгеттер өте көп.
2. Су қоймасы сөзіне ассоциация құру.
Мұхит, Көл, Теңіз, Өзен, Бұлақ, Құдық, Жылға
3.Қандай суқойма өсімдіктерін білесіңдер?
4.Су қоймаларының Қазақстанда тұратын адамдар үшін қандай маңызы бар?
5.Өсімдіктердің қандай қызмет атқаратынын тірек-сызбаны пайдаланып түсіндір.
Оқулықпен жұмыс. Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау. 102-104 беттер.
Топпен жұмыс. ДЖИГСО әдісі Мәтінді оқу, топтарда талдау.
Ой-қиял. Топпен жұмыс.
1-топ. Құстар неге су қоймаларына жақын маңға ұя салады?
2- топ. Адамдардың әрекетінен су қоймаларына қандай зиян келіп жатыр?
3-топ. Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау мақсатында қандай жұмыстар жасау керек?
4-топ. Еркін жазу стратегиясы
«Су – тіршілік мекені». Оқушылар су туралы өз ойларын жазады.
Сабақты бекіту
Суды қорғауға өздерің қалай ат салысасыңдар?
Су қоймаларының Қазақстанда тұратын адамдар үшін қандай маңызы бар?
Су қоймаларының қандай пайдасы мен зияны бар?
Су қоймасының пайдасы мен зиянын анықтау
Пайдасы
Зияны
Экологиялық ереже
Жұппен жұмыс. Әр жұп «Су қоймасында не істеуге болмайды?» экологиялық ережелерін жасап айтып беру.