Пәннің аты: Дүниетану | Уақыты: 11.11.2016ж | Мұғалім: Нурахметова К. Ж |
Сабақтың атауы | Су. Судың күйі |
Мақсаты Күтілетін нәтиже | Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Қорытынды шығара білуге үйрету. Әдіс-тәсілдері: БжС, түсіну, сұрақ-жауап, ой қозғау. Көрнекілігі: ООМ матрицасы, слайд, оқулық, сағат, дәптер |
Ұйымдастыру кезеңі Мотивация | Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі. -Біз, Ана тілі сабағынан белсене қатысып, нәтижеге жетеміз бе? - Иә. -Біз мектептің мақтанышы боламыз ба? - Иә. | Тақтаның оң жағына 63%нормасы қойылады. |
Оқушылардың субъектілі тәжірибесін өзектендіру. | --------------------------- | |
Қабылдауды ұйымдастыру Тірек сөздер көрсету, олардың мағынасын ашу. Уақыт өткеннен кейін тірек сөздер жабылады. | Бірінші сыни нүкте. Жаңа тақырып бойынша қысқаша кіріспе жасау. Слайд бойынша жұмыс. Су туралы таныстырылым. Су-адам еңбегінің көмекшісі. (егістік, зауыт, фабрика) Су қозғалтқыш.(паравоз, параход) Су-жол тасымалдаушы.(өзен,теңіз көліктері,ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы)Су-бұзушы.(сел, дауыл, су тасқыны). Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі. Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді. Бу – мөлдір, түссіз газ. Бу – судың газ түріндегі күйі. Судың өзіне тән қасиеттері болады. Дәптерлерін ашып, бүгінгі күнді жазу. Тірек сөздер ілінеді. 7 тірек сөз: Сұйық Тіршілік Газ Қатты Мөлдір Түссіз Қажет Осы сөздердің мағынасын ашу. Тірек сөздерді жаттауға 30 секунд беріледі. Осы сөздерді жазуға 30 секунд беріледі. Дәптер ауыстырылады, тексереді, сөз санын жазады. -6-7 сөз жазған оқушылар қол көтереді. ООМ матрицасына «+» таңбасы қойылады. | Бірінші баға. «+» «-» Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Тақтаға нәтижені жазамыз. 1 кезең |
Ұғынуды ұйымдастыру | Мәтінді түсініп оқуға 5 минут уақыт беріледі. | Мәтінді түсініп оқуға – 5 мин |
Түсінудің бірінші тексерілуі | Қарама-қарсы сұрау. Мәтін бойынша қарама-қарсы сұрақтар қойылады. «+» (Егер бір оқушы жауап бермесе, сұрақты қайталап, «-» бар оқушыға қойылады. Егер жауап болмаса, оқушылардан сұралады.) 2 минусы бар оқушыға «Құтқару шеңбері» сұрақтар қойылады. Сол оқушыларға 3 сұрақ қойылады, олар қол көтеріп минустарын жояды. Екінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде түсінбеген, толық аша алмаған тақарапты анықтау. Проблемалық аймақты анықтайды. 1,2 минут | Екінші белгі 7 сөз – 60 сек 2-кезең |
Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру | Сыни сұрау. Сыни тұрғыдан сұрақтар қойылады. 3 минусы бар оқушыға «Құтқару шеңбері» сұрақтар қойылады. Сол оқушыларға 3 сұрақ қойылады, олар қол көтеріп минустарын жояды. Үшінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде түсінбеген, толық аша алмаған тақарапты анықтау. Проблемалық аймақты анықтайды. 1,2 минут | Үшінші белгі + - 3 кезең |
Талдау Уақыт 5 минут | Тақырып бойынша түсінгендерін жазады. Дәптер ауыстырып, сөз санын жазады. Ең көп жазған оқушыларға «+» таңбасы қойылады, әрі оқылады. Төртінші сыни нүкте. Тест алу. «5 » - 5 + «4 » - 4 + «3 » - 3 + 1.Судың қасиеттерін ата? а\ ақ ә\ мөлдір б\қара 2.Қатты суықта су неге айналады? а\ мұзға ә\буға б\ өзгермейді 3.Күнделікті тұрмыста қандай суды пайдаланамыз? а\ ащы ә\тұщы б\ лай 4.Судың неше күйі бар? а\ 2 ә\4 б\3 5. Жер бетінде су қандай күйде кездеседі? а\ қатты ә\ сұйық б\бу | Үшінші белгі + - 4 кезең Сөз нормативі – 31 сөз |
Рефлексия | Қысқа сабаққа талдау жасау. 4-5 деген бағалар санына қарай және нормаға сәйкес анықталады. Алға ұмтылуды ынталандырады. | 63 % |
Бағалар | Журналға баға қою нормативі: 4-5 баға – 5 ұпай 3 баға – 4 ұпай 2 баға – 3 ұпай 1 баға – 2 ұпай | Сапа нормативі: 63% оқушы 5 ұпай алу керек. |
Үйге тапсырма | Мәтінді түсініп оқу. 30-31 бет. Су туралы мақал-мәтел жазып келу. |