|   Пәннің атауы: Қазақ тілі   |    Уақыты:29.11.17   |    Кабинет: 19   |    Мұғалім: Букенбаева Гүлбану Габдушевна  Пркатиканттың аты - жөні : Дайынова Жаннат Кайржановна   |  
  |   Сабақтың атауы   |    Сөз және оның мағынасы   |  
  |   Сілтеме   |    Қазақ тілі оқулығының әдістемесі   |  
  |   Сабақтың жабдығы   |    Сабақтың мақсаты: 1) Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау, еске түсіру, толықтыру 2) Сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттері арттыру. 3 ) Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: кестелер, тірек сөздер, сөзжұмбақ. Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, дәлелдеу, түсіндіру, ойын, ой туғызу Сабақ: аралас   |  
  |   Жалпы мақсаттар   |  
  |   Оқыту  нәтижесі   |  
  |   Топқа бөлу   |    Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.   |  
  |   Мұғалімнің іс-әрекеті   |     Прктиканттың іс - әрекеті   |    Оқушының іс-әрекеті   |  
  |   Психологиялық дайындық   |     Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.   |  
  |   Үй тапсырмасын сұрау       |    Үй жұмысы жазылған тапсырмаларды орындату   |  
  |   Қызығушылықты ояту   |    - Сөз – дегеніміз не? - Сөздер неден құралады? - Дыбыстар нешеге бөлінеді?  Берілген сөздерді мағынасына қарай топтастырып жазамыз. Тау, сөйлеу, ағаш, ұялшақ, оқушы, әдемі, он жеті, тоғыз, жүйрік. Сөздер мағынасына қарай сөз топтарына бөлінеді. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.  Зат есім, етістік, сын есім, сан есім ережелерін еске түсіру.  Сөздердің мағынасын түсіндір. Жол – жал – жыл – жел. а ) Не байқадың? Қандай қорытынды жасауға болады? Сөз құрамындағы бір дыбыстың өзгеруінен сөздің мағынасы өзгереді? ә ) Сөздің соңғы дауыссыз дыбыстарын өзгертіп жаңа сөз жаса. (жоқ, жан, жыр, жем )  Ойын « Ойлан тап!» Бірінші сөздің жалғасы, екінші сөздің бастауы болатын буынды тап. қал ------- быс бал ------- мақ ма -------- лант (табыс, талант сөзінің мағынасын ашу, түсіндіру)  Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.  Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.  Қосымша шығармашылық тапсырмалар.   |  
  |   Жаңа тақырыпты меңгерту   |  
  |   Сергіту сәті   |    Қайырымды жандар айнала,  Шеңберге келсін жайлана.  Жалықпастан қайта бiз,  Махаббат сөзін айтамыз.  Сүйеміз барлық әлемді,  Әлемдегі бар елді.  Бақыттымыз осы біз  Қасымызда досымыз!   |  
  |   Ой толғаныс       |     Тақтамен жұмыс. а) Сөйлемдерді түсініп оқы. ә) Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір Сөз туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? Еске түсірейік. Жасырынған мақалдарды берілген алғашқы дыбыстары арқылы оқып көрейік. 1. С...- с... ө..., т... е... ө. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. 2. А... с..., а.. о... т... Айтылған сөз, атылған оқпен тең. 3. м...- с... к... Мақал - сөздің көркі.   |  
  |   Үй тапсырмасы   |    Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау   |    Күнделіктеріне жазады   |  
  |    Бағалау   |     Бағалау парақшаларын толтыру.   |