kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?арама ?арсы ма?ыналы с?здер" саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?арама - ?арсы ма?ыналы с?здер
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік. ?арама - ?арсы с?здерді ажырата білуге ?йрету. С?з ж?не оны? ма?ынасы жайлы т?сініктерін ке?ейту.
Дамытушылы?: ?з ойларын т?жырымдап еркін айту?а, с?здік ?орларын дамытып, байланыстырып с?йлеуге машы?тау, шы?армашылы? де?гейге жетелеу.
Т?рбиелік: ??ыптылы??а, адалды??а баулу.
Саба?ты? т?рі: аралас саба?
Саба?ты? ?дісі:  тест,?ызы?ушылы?ты ояту,?зіндік ж?мыс,ойын, ??гімелеу, с?ра? - жауап
Саба?ты? к?рнекілігі: СТО,кесте, слайд,суреттер,интерактивті та?та,ойын, ?лестірме.
Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і: саба??а ?зірлік жасау
1. Психологиялы? дайынды?.

?айырлы к?н, ?стаздар!

?айырлы к?н, ?она?тар!

Тай ??лындай тебіскен,

Армысы?дар жас достар!
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?арама ?арсы ма?ыналы с?здер" саба? жоспары»

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Қарама - қарсы сөздерді ажырата білуге үйрету. Сөз және оның мағынасы жайлы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Өз ойларын тұжырымдап еркін айтуға, сөздік қорларын дамытып, байланыстырып сөйлеуге машықтау, шығармашылық деңгейге жетелеу.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адалдыққа баулу..
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тест,қызығушылықты ояту,өзіндік жұмыс,ойын, әңгімелеу, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: СТО ,кесте, слайд,суреттер,интерактивті тақта,ойын, үлестірме.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік жасау
1. Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн, ұстаздар!

Қайырлы күн, қонақтар!

Тай құлындай тебіскен,

Армысыңдар жас достар!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

2.3-жаттығу. Мақалдарды оқыту, аралап тексеру.

Қарамен жазылған сөздердің мәндес сөздерін тауып жаздық па?

Оқушыға оқыту. Тақта арқылы тексерту.

Слайдтан көрсету. Бірлік, ынтымақ; иіліп, еңкейіп; кең,мол; тарылтуың, кішірейтуің; ағайынға ,туыс. (Бағдаршам арқылы бағалату.) Ал, енді бұл мақалдардың мағынасын қалай түсініеміз?


ІІІ. Өткен білімді пысықтау:

3.Дәптерді ашу, бүгінгі күннің ретін жазу Көркем жазу Нн науа


Сәйкестендіру тестін алу


Сұрақтар

Жауаптар


1

Сөз дегеніміз не?

а.Сөз дыбыстан құралады.


2

Сөз неден құралады?

ә.Сөз қандай да бір мағынаны білдіреді.


3

Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?

б. Аяқталған ойды білдіреді.


4

Сөйлемнің қанша түрі бар?

в. Сұрақ қою арқылы анықтаймыз.

5


Сөйлем неден құралады?

г.Үш түрі бар.

6

Сөйлем дегеніміз не?


ғ. Тыныс белгісі қойылады


7

Сөйлемнің соңына не қойылады?

д. Сұраулы сөйлем.


8

Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді қандай сөйлемге жатады?

е.Сөздерден құралады.









Тест соңында тақта арқылы жауабын тексеру.

1.ә 6.б

2.а 7.ғ

3.в 8.д

4.г 5.е

5.Ойын: "Көршім қайда?"
Ана -?, Ас -?, Бала -?, Қария -?, Ержүрек -?, Мейман -? Сұлу-? Бір –біріне жақын, мәндес, мағыналас сөздерді табу. Ереже сұрау

6.Мәндес, мағыналас сөздер дегеніміз не?

(Осы мақалды оқып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу керек)
Мақал - мәтелдер
7.Мақалдан қарама- қарсы мағыналы сөздерді тауып айту.
1. Дос басқа қарайды
Дұшпан аяққа қарайды.

2. Батыр бір рет өледі.
Қорқақ мың рет өледі.

ІҮ. Мақсат қою:Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қарама-қарсы мағыналы сөздер», сөз және оның мағынасы туралы алған білімімізді толықтыра отырып, мағынасы қарама-қарсы сөздерді ажырата білуге ,сөйлем құрап, өз ойымызды толық жеткізіп сөйлеуге үйрену.


Ү. Жаңа сабақ:

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

«Қызығушылықты ояту» әдісі             




Тақтамен жұмыс
Суреттегі заттарға қарама-қарсы сөздер тап.
( көңілді – көңілсіз, қараңғы-жарық,үлкен-кіші, батыл-қорқақ, қыс-жаз,ащы-тәтті,).
Бұлар қандай сөздер екен? Қарама- қарсы мағыналы сөздер

Қадыр Мырза Әлінің «Қырсық» өлеңімен ашу

Сен оған:- Аласа — десең,
Ол саған:- биік,- дейді.
Сен оған:- Кіші ғой!- десең,
Ол саған:- Үлкен!- дейді…

Өлеңде қандай сөздер кездеседі?

4. Кітаппен жұмыс
1- жаттығу. 100-бет Ауызша орындау. Суреттегі заттарды мына сөздерді пайдаланып салыстыру.

Үлкен-кіші, биік-аласа, қымбат –арзан.

Ережемен танысу. Тілімізде мағынасы бір-біріне қарам-қарсы сөздер болады.
ҮІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру:

2- жаттығу. Тақтамен жұмыс ретінде орындаймыз .Тапсырманы дұрыс орындасақ 2 бал қоямыз.Көшіріп жазып,мағынасын түсіндір. Қарама –қарсы сөздерді тауып астын сыз.

Озған –мұрат,

Қалған –ұят.

Игіліктің ерте -кеші жоқ.

7. Сергіту сәті
Жаза, жаза саусағым
Әлсіредің шаршадың
Азырақ тынығып дем алып,
Көркем етіп жазамыз.
Қолымызды созамыз,
Белімізге қоямыз,
Алға - артқа бәріміз айналамыз
Оң аяқ пен сол аяқ
Секіреді жылдам – ақ
Сергіту сәтіндегі қарама –қарсы сөздерді табу
4-жаттығу. Өзіндік жұмыс.Жұмбақтарды шешіп, көшіріп жаз. Мағынасы қарам-қарсы сөздердің астын сызу.2 бал қоямыз.

Жазғы киімі жасыл,

Қысқы киімі ақшыл. (жер)

Күндіз көрінбейді,

Түнде күлімдейі. (ай)

5-жаттығу. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздердің орнына қарам-қарсы мағыналы сөздерді тауып, мәтінді көшіріп жаз.(суыққа, салқынға, қыс, қалың)



Жылқы туралы не білеміз?

Адамның жан серігі. Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата

Жеті қазынаның бірі Сымбатты ,жүйрік жануар.

Қасиетті жануар Еті , сүті ,майы да пайдалы тағам.

Еті де,сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам.Өз бойын таза ұстайтын,өз жерін қашықтан танитын сезімтал қасиетті жануар. Жыл қайыруда жетінші орын берген. Дүние жүзінде қазірдің өзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар екен.

ҮІІ.Сабақты қорытындылау:

Ауызша тапсырма.
Карточкамен жұмыс

№1 Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап №2 Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.

ақылды-… жеңіл-…

білімді-… биік-…

ащы-… қараңғы-…
№3 Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап

үлкен-…

жоғары-…

жұмсақ-…

Қандай пәндерде мағынасы қарам-қарсы сөздер кездеседі? Мысалы:

Математика сабағында:

Қосу – алу

Көбейту – бөлу

Ұзын-қысқа

 Артық-кем

Дүниетану пәнінде

Өлі және тірі табиғат

Ыстық- суық

Күн мен түн

 Әдебиет сабағында мысалы мақал-мәтелдерден,жұмбақтардан көп кездестіреміз. Өздерің қандай мақал-мәтел білесіңдер? Ал, енді мына мақалдарға ,жұмбаққа назар аударайық.

Мақалдан мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.

Мақал – мәтелдерде:

Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Жомарт дос көбейтеді,
Сараң мал көбейтеді.

Жұмбақтарда:

Асты тас, үсті тас,

Ортасында піскен ас (таба нан) т.б

Ойын «Жұбыңды тап» Әр топтан екі оқушыдан шығып, маңдайларына жазылған сөздердің сыңарын табады.

Көңілді – көңілсіз

Үлкен – кіші

Арық – толық

Ащы – тәтті

-Сонымен, біз бүгінгі сабақта мағынасы қандай сөздер туралы білдік?

Мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы түсінік алдық.

Сабақты қаншалықты түсінегнімізді бағдаршам арқылы көрсетейік.

Тақырыпқа байланысты жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер айттық

ҮІІІ.Үйге тапсырма . 3жаттығу. 101 бет.
Бағалау балдық жүйе бойынша. 15-14 «5» 13-12 «4» 11-10 «3»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"?арама ?арсы ма?ыналы с?здер" саба? жоспары

Автор: Шабанбаева ?сем М?хтар?ызы

Дата: 25.01.2016

Номер свидетельства: 282629


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства