Пәннің атауы: Қазақ тілі | Уақыты:29.11.17 | Кабинет: 19 | Мұғалім: Букенбаева Гүлбану Габдушевна Пркатиканттың аты - жөні : Дайынова Жаннат Кайржановна |
Сабақтың атауы | Сөз және оның мағынасы |
Сілтеме | Қазақ тілі оқулығының әдістемесі |
Сабақтың жабдығы | Сабақтың мақсаты: 1) Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау, еске түсіру, толықтыру 2) Сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттері арттыру. 3 ) Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: кестелер, тірек сөздер, сөзжұмбақ. Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, дәлелдеу, түсіндіру, ойын, ой туғызу Сабақ: аралас |
Жалпы мақсаттар |
Оқыту нәтижесі |
Сабақ барысы | Практиканттың іс - әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру бөлімі | Амандасу Психологиялық дайындық Мен өзіме және басқаға зор денсаулық тілеймін. Мен өзіме және басқаға ашық аспан тілеймін. Мен өзіме және басқаға мол бақыт тілеймін. Мен өзіме және басқаға сәттілік тілеймін | Амандасады. Оқушылар бір – біріне сәттілік тілейді! | |
Топқа бөлу | Жұлдыз, Кеңпейіл, Күн, Арман оқушыларға мінездеме беру арқылы топқа бөлу. Жұлдыз. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар. Кеңпейіл. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар. Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ. Арман. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар | | |
Үй тапсырмасын сұрау | Кубик әдісі Кубикті әр топтан бір оқушыға ұсынамын сол оқушы үй жұмысын айтады | Үй тапсырмасын айтады | Кубик |
Өткенді қайталау | «Ыстық орындық» әдісі Әр топтан бір оқушы шығады орындыққа отырып топтың сабаққа қатысты барлық сұрақтарына жауап береді.Білмеген жағдайда топ құрамынан басқа оқушы шығып көмектеседі. | Сұрақтарға жауап береді | Орындық |
Жаңа тақырыпты меңгерту «Сиқырлы қорапша» | Мәндес сөздер дегеніміз мағыналары әр түрлі бірақ жазылуы әр түрлі сөздер. жаттығу. Жаттығу 3 - Жаттығу 4 - Жаттығу 5 -Жаттығу Әр топтан оқушыларды тақтаға шығару. Жаттығу орындау Сиқырлы қорапша ішінде өткен және жаңа тақырыптан сұрақтар беріледі. | Оқушылар жаттығу орындайды Сұрақтарға жауап береді. | Сұрақтар |
Сергіту сәті | «Арқаға арқа» мақал мәтелдерді бір адам бастайды, екіншісі жалғастырады. Тиімділігі есте сақтау қабілеттері артады | Мақал – мәтел айтады | |
Кері байланыс | • Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: 1. Чемодан(суреті) 2. қоқыс жәшігі (суреті) 3. еттартқыш (Суреті) - Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) | | |
Үй тапсырмасы | 6 – жаттығу 91 бет | Күнделіктеріне жазып алады | |
Бағалау | Жұптарын бағалайды | Көршісін бағалайды | |