Просмотр содержимого документа
«Шаршы және тіктөртбұрыш»
30.11.16.
Сабақтың тақырыбы: Шаршы және тіктөртбұрыш
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: тіктөртбұрыш пен шаршының негізгі қасиеттері туралы білімдерін калыптастыру; фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай отырып, фигураларды салыстыруға үйрету. Екі таңбалы сандарды оқи, жаза, салыстыра білуге үйрету.
2.Дамытушылық: шапшаң есептеу дағдысын,математикалық тіл байлығын дамыту; геометриялық фигураларды салыстыру, логикалық ойлау қабілетін,зейінін дамыту; есепті шығара алу дағдыларын дамыту
Оқушылар өздеріне ұнаған геометриялық фигураларды суырады.
Тіктөртбұрыш суырғандар 1-топ,шаршы суырғандар 2-топ, үшбұрыш суырғандар 3-топ болады.
ІІ.Мағынаны тану
1.Тапсырманы орындау кезінде мұғалім окушыларды төртбұрыштардың ішінде барлық бұрыштары тік фигураның бар екенін, оның тіктөртбұрыш деп аталатындығы, ал кабырғалары бірдей болса, оның шаршы деп аталатындығы туралы корытындыны жасауға жетелейді.
Жаңа материалды оқып-үйрену.
Алдын ала кағаздан қиылып дайындалып койған тіктөртбұрыштар мен шаршылар окушыларға таратылады. Алдымен бұрыштардың барлығының тік екені көз мөлшермен немесе үшбұрышты сызғышпен тексеріліп алынады. Тіктөртбұрытардың карамакарсы қабырғаларының тең екендігін оны екіге бұктеу аркылы көреді, ары карай калған қабырғаларын да тексереді. Балалар «қарама қарсы қабырғалар» түсінігімен танысады. Осы іс-әрекет шаршымен де қайталанады. Қабырғаларының тең екендігін тек қарамақарсы қабырғалары арқылы ғана емес, диагональ бойымен бүктеу арқылы көрсету керек. Барлық қабырғалары тең және барлық бұрыштары тік немесе барлық қабырғалары тең болатын тіктортбұрыштың шаршыболатындығы туралы қорытынды жасалады.
№2.Фигураның ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
В ұзындығы С К М
А Д Е Д
Сөйлемдерді аяқта:
Тіктөртбұрыштардың барлық бұрыштары-------- .
Тіктөртбұрыштардың қарама-қарсы қабырғалары ------------ .
Шаршының ----------- қабырғалары ------------- .
Мысал №3.
А)Ені бірдей тіктөртбұрыштарды ата. АВСD және KLMN тіктөртбұрыштарының ені бірдей. Екі тіктөрбұрыштың да ені 2см.
Ә)Ұзындығы бірдей тіктөртбұрыштарды ата. KLMN және BCDE тіктөртбұрыштарының ұзындығы бірдей.Екі тіктөртбұрыштың да ұзындығы 4 см –ге тең.
Б)1-топ.Қабырғасы 3см,2-топ қабырғасы 4см, 3-топ қабырғасы 5см шаршы сызу керек.
Ойын: «Сиқырлы очки»
Оқушылардың көздеріне тіктөртбұрыш тәріздес очки кигіземін.Оқушылар тек тіктөртбұрышқа ұқсайтын заттарды айтады.
Мыс:1-топ сынып ішінде тіктөртбұрышқа ұқсайтын заттарды айтады.тақта,терезе,шкаф,
2-топ үйлеріндегі тіктөртбұрышқа ұқсайтын заттарды айтады. Теледидар, тоңазытқыш, стол,
3-топ көшедегі тіктөртбұрышқа ұқсайтын заттарды айтады Үйлер, дүкендер,автобус,кейбір машиналар,
4-есеп
Есептің шартын оқушыларға оқыту.
Тіктөртбұрыш-40 ? фигура
Шаршы-8
Шешуі:40+8=48
Жауабы: Оқушылар барлығы 48 фигура қиды.
5. Сергіту сәті
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Тіктөрбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шаршы жасап тынбасын
Ойын: «Кім шапшаң?»
-Қай өрнектің мәні 25– ге тең .
№1 12+13=25
№2 10+15=25
№3 13+12=25
№4 21+6=27
№5 12+13=25
№6 14+11=25
№7 18+9=27
№8 11+14=25
-Нөмірі нешінші өрнектердің мәні 25-ке тең екен?
-№1,№2,№3,№5,№6,№8
-Сонымен қатар биыл тәуелсіздігімізге неше жыл?
-25 жыл
-Міне , балалар , биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл .Бұл мереке республика көлемінде кең түрде тойланады.