kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері.»

Сабақ жоспарлау үлгісі


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу.

Мектеп: Текелі қаласы №ОМ

Күні: 18.09

Мұғалімнің аты-жөні: Сабит К.

Сынып: 8

Қатысқандар: 29

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу.

8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану.

Сабақтың мақсаты

  1. Параллелограмм анықтамасын айқындау.

  2. Параллелограммның қасиеттерін тұжырымдау.

  3. Параллелограмм қасиеттерін қолдана отырып, есептер шығару.

Бағалау критерийі

  • Параллелограмм анықтамасын анықтайды.

  • Параллелограммның қасиеттерін тұжырымдайды.

  • Параллелограмм қасиеттерін ескере отырып, есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар


Оқытудың пәндік және тілдік мақсаты: параллелограмм анықтамасын айтады. Параллелограмм қасиеттерін қорытып, тұжырымдайды. Параллелограмм қасиеттерін қолданып, есептер шығарады.

Лексика мен сөз тіркестері: «Параллель түзулер», «үшбұрыштар теңдігінің белгілері», «кері теорема түсінігі», «төртбұрыш», «перпендикуляр», «периметр», «диагональ».

Диалогқа қажетті тіркестер:

Міндетті шешу үшін біз пайдаландық.

Деректерді бейнелі көрсету үшін қолдануға болады.

Егер ... , онда ол параллелограмм болады.

Құндылықтарға баулу



Мәңгілік ел жалпыұлттық идеологиясына негізделіп шығармашылық сын тұрғысынан ойлайтын, дені сау, еңбекке қабілетті тұлға қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Сызудағы салу ережелерін қолдану, өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіру.

Алдыңғы білім


көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын біледі. Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындыларының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формуларын қорытып шығарады.





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

(7 мин)

«Жүректен-жүрекке» оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу, жылы лебіздер айту.


«Қима қағаздар» Қима қағаз таңдату арқылы топқа бөлу.


«Ыстық орындық» әдісін оқушылардың өткен сабақта не білгенін, нені үйренгендігін білу мақсатында қолданамын.

  1. Көпбұрыш дегеніміз ...

  2. Дөңес көпбұрыш дегеніміз ...

  3. Көпбұрыш элементтері анықтамалары ...

  4. Көпбұрыш ішкі бұрыштарының қосындыларының формулалары.

  5. Көпбұрыш сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулалары.




Түрлі-түсті қима қағаздар


Сабақтың ортасы

(20 мин)

«Конвер-сұрақ» әдісі. Ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Әрбір топта өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындалады. Әрқайсысына екі минут береміз: топ стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі топқа беріледі, осылай тақырыпты ашқанша барлығы жауап береді. Стикерлерді жинап, сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.(Жаңа сабақты оқып, танысып, дәлелдейді.)

Параллелограмм ережесі:

Қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель болатын төртбұрыш параллелограмм деп аталады.

Параллелограмның бір төбесінен қарсы жатқан қабырғасына түсірілген перпендикуляр оның биіктігі деп, ал биіктігі түсірілген қабырға табаны деп аталады.

Параллелограмның мынадай үш қасиеті бар:

  1. Параллелограмның қарсы жатқан бұрыштары тең;

  2. Параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінеді.

  3. Параллелограмның бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.



1-тапсырма (Т) «Сәйкестендір» әдісі арқылы төртбұрыш түрлерін анықтамаларымен сәйкестіндіріп, атауларын жазу керек. Алдыңғы тақырыппен байланыстыра отырып, алған білімдерін нығайту.


сыбайлас қабырғалары өзара тең тіктөртбұрышты


барлық бұ

ыштары тік болатын параллелогра

м


қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель болатын төртбұрыш


барлық қабырғалары тең параллелограмм


Дескриптор:

  • төртбұрыштар анықтамасын анықтайды;

  • төртбұрыш түрлерін ажыратады;

  • төртбұрыш атауларын жазады.


ҚБ: Бағдаршам түстері бойынша бағалау


2-тапсырма (Т) «Сызбамен жұмыс» әдісін ала отырып, кеңістіктегі төртбұрыштың қабырғаларының дәл орталарын қосқанда пайда болған төртбұрыштың параллелограмм екендігін дәлелдеу арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

B

L

K C


A N

M D


Дескриптор:

- кеңістікте кез келген төртбұрыш салады;

- төртбұрыш қабырғаларының ортасын табады;

- төртбұрыш қабырғаларының орта нүктелерін қосады;

- төртбұрыш қасиеттерін тұжырымдайды.


ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.


3-тапсырма (Ж) «Сіз қаншалықты сенесіз?» тәсілі арқылы параллелограмм қасиеттері 1 сөзбен берілген, жанына дұрыс, теріс екендігін «+» таңбасымен анықтау керек. Берілген фигураларға қарап, параллелограмның қасиеттерін айқындай отырып, ойлау-қабілеттерін нығайту.



Сұрақ

ия

жоқ

1

параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең.

+


2

Параллелограммның 2 доғал, 2 сүйір бұрышы болады.

+


3

Параллелограммның барлық бұрыштары тік болады


+

4

Параллелограмның диагональдары қиылысады, қиылысу нүктесінде қаққа бөлінеді.

+


5

Параллелограмның диагональдары өзара тең.


+

6

Параллелограмның бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең

+


7

Параллелограмның бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең


+

8

Параллелограмның ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.

+



Дескриптор:

  • берілген суретке қарап қасиеттерін реттейді;

  • суретке қарап қасиеттерін ажыратады;

  • берілген кесте бойынша қасиеттерін анықтайды.


ҚБ: «Бұрыштар» әдісі арқылы жұптар бірлесе орындаған жауаптарының қасына барады.


Сергіту сәті. «Денеміз параллель қозғалады». Денемүшелерін бүгінгі тақырыппен байланыстырып жаттығулар жасату арқылы, ой-өрістерін тереңдету.


4-тапсырма (Т) «Ойланып, суретке жауап береміз!» әдісі арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, берілген суреттер бойынша, есептердің шешімін табу.

А B

1) 2) А 4см B

1100


?

C D C D т/к: AD-?

A B

3)


700

т/к: ∟BDC-?

C D

Дескриптор:

  • 1-қасиеті бойынша, параллелограммның бұрышын табады.

  • 2-қасиеті бойынша, параллелограмм диагоналін есептейді.

  • 3-қасиеті бойынша, параллелограммның ішкі бұрышын табады.


ҚБ: «Егер 5 минутыңыз болса, ...» оқушылар тағы уақыт берілсе, жұмысты қалай жақсартатынын айтады. Өз-өздерін бағалайды.

«Параллелограмм анықтамасы мен

параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару» тақырыбында ақпарат









































«Төртбұрыш ережелерін сәйкестендіру» үлестірмелі материал

























түрлі-түсті дөңгелек қималар


кеспе қағаздар

https://bilimland.kz/ru






















үлестірме материал





























































«Ойланып, суретке жауап береміз!» тақырыбындағы слайд







Сабақтың соңы

(13 мин)

«Фишбоун» талқылау тәсілімен сурет бойынша төртбұрыштар арасындағы байланыстарды айта отырып, оқушылармен сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жасаймын.


Рефлекия: «Бес саусақ» әдісі. Қағаз бетіне қолыңызды қойып, саусақтарыңызды айналдыра сызады. Әр саусақтың өзінің мәні бар, солар бойынша өз ойын білдіре отырып, жан-жақты қарастырады.

1. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты болды ......

2. Сұқ саусақ – мен бүгін .......... түсіндім.

3. Ортаңғы саусақ – мен үшін ....... қиын болды.

4. Төртінші саусақ – менің бағам ....... , өйткені...

5. Шынашақ – Мен ............ білгім келеді.

«Төртбұрыш» талқылау слайды

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Дереккөздер»

Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздерімен жұмыс істей алады

«Диалог және қолдау көрсету»

Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

«Қорытынды»

Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

Бағдаршам түстерімен жасаған жұмыстарына қарай бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

«Бұрыштар» әдісі арқылы жұптар бірлесе орындаған жауаптарының қасына барады.

«Егер 5 минутыңыз болса, ...» оқушылар тағы уақыт берілсе, жұмысты қалай жақсартатынын айтады. Өз-өздерін бағалайды.

«Жүректен-жүрекке» оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу, жылы лебіздер айту арқылы көңіл-күйлерін көтеру.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Геометрия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері.

Автор: Саби Кулшат

Дата: 24.12.2018

Номер свидетельства: 492387


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства