Оқушылардың сан есім туралы білімдерін кеңейте отырып, сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, сөз таптары олардың түрлерін, сұрақтарын, сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету.
Жаңа технология элементтерін пайдалана топпен, жұппен, оқулықпен жұмыс жасай отырып білім сапасын арттыру.
Оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелерін сүйе білуге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтыңтүрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, тестілік, өзіндік жұмыс.
Балалар, қазақ тілі сабағымызға құрметті қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық.
2) Психологиялық дайындық:
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын
Жылы – жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер қысайын
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
–Балалар, бүгінгі сабақта оқулық тапсырмаларымен жұмыс жасай отырып, сан есім туралы білімдеріңді одан әрі дамытамыз.
– Алдымен, ойымызды жинақтап, өткен білімімізді еске түсірейік.
- Біз қандай сөз таптарымен таныстық?
- Енді экрандағы тірек-сызба бойынша, сөз таптары туралы не білетінімізді ортаға салайық.
«Біздің сынып» шағын шығарма
«Сұрақты ұстап ал!» әдісі.
1) Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
2) Зат есімнің түрлерін ата. (жекеше, көпше)
3) Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?(Не істеді? Не қылды?)
4) Етістіктердің түрлерін ата. (дара, күрделі)
5) Сын есім дегеніміз не?
6) Сан есім дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ. («Ертегілер әлемі» әнін тыңдату). — Балалар, бұл қандай ән? — «Ертегілер әлемі» әні. — Әнді орындап тұрған әншіні танисыздар ма? — Әйгерім Қалаубаева. — Әнде не туралы айтылған? — Ертегі туралы.
— Балалар, сіздер ертегі айтқанды жақсы көресіздер ме? — Қандай ертегі білесіздер? — Ендеше балалар, біз бүгінгі сабағымызда да ертегі айтамыз.
«Шалқан» ертегісі.
• Баяғыда шал мен кемпір болыпты. Шал шалқан егеді. Оны жаздай суарып, баптап күтеді. Бір күні келіп қараса шалқан дәу болып өседі. Шал шалқанды тартып алмақшы болды. Әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.
— Ендеше балалар, біз де атайға көмектесейік. Атайдың бізге берген тапсырмалыры бар:
Бірақ атай біздің 2 топқа бөлінуімізді талап етіп тұр. (Топқа бөлінеміз)
І топ: ЕСЕПТІК неше?
және
ІІ топ РЕТТІК нешінші?
Көркем жазу. Кім әдемі де көркем жазса, сол атайға көмектескен болады.
І-тапсырма (көркем жазу)
Ққ ҚқҚқҚқҚқҚқҚқ Құстар __________________
• Атай енді көмекке кемпірін шақырады. Екеуі шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.
— Балалар, әжей бізден көмек сұрап тұр. Ол үшін мына математикалық диктантты қатесіз орындап шығуымыз керек.
• Атай мен әжей көмекке немере қызын шақырды. Үшеуі шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады. — Балалар, енді біз кімге көмектесеміз? — Немере қызына.
Оқулықпен жұмыс. — Оқулығымыздың161-бетіндегі 457 жаттығуды орындайық. - Өтірік өлеңді оқып, сан есімдерді тап.
Елу метр есіктен
Еңкеюмен шақ кірдім.
Жүз қасқырды өшіккен
Бір қозыға бақтырдым.
(Қадыр Мырза Әли)
• Немере қызы көмекке күшігін шақырды. Олар шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.
• Күшік көмекке мысықты шақырды. Мияулап мысық келді. Бәрі жабылып шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады. — Бізден енді кім көмек сұрайды? — Мысық. — Ендеше мысықтың тапсырмасын қарайық.
Экранда әр топқа тапсырма берілген.
Есептік сан есім: Төмендегі неше? Сұрағына жауап беретін сөздерді нешінші? Сұрағына жауап беретін сөзге айналдырып жаз.
бес сынып-
он алты дәптер-
жиырма үй-
Реттік сан есім:Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз.
Болат... жаста. Ол ... сыныпта оқиды.
• Мысық көмекке тышқанды шақырды. Шиқылдап тышқан келді.
Дәптермен жұмыс: 458 жаттығу 161 бет
Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшір.
Марат тоғыз жаста. Ағасы Мұрат он бір жаста. Ал қарындасы Айгүл жеті жаста.
459-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
«Алпыс».
Есептік сан есім:
Бір ғасырда..... жыл бар. Бір тәулікте..... сағат бар. Бір жылда... ай бар. Бір айда.... күн бар. Бір аптада... күн бар.
Реттік сан есім:
Заттың аты: құм, ...
Заттың саны: он, ...
Қимыл атауы: оқы, жаз, ...
Олар шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқанды жұлып алды.Олар қуанды.
«Семантикалық карта»
Екі топқа ортақ тапсырма.
Сөздер
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
Оқыды
+
Ақылды
+
+
Төрт
+
Барып келді
+
Бесінші
+
Көк
+
Ағаш
+
Тест жұмысы:
1. Заттың санын білдіретін сөз табы – А) зат есім Ә) сын есім Б) сан есім
2. Сан есімнің сұрақтарын белгіле. А) Қандай? Қай? Ә) Қанша? Неше? Нешінші? Б) Не істеді? Қайтті?
3. Нешінші сұрағына жауап беретін сөзді тап. А) бесінші Ә) бес Б) бесеу
4. Сан есімді тап. А) сана, оқы Ә) жиырма, үш жүз Б) биыл, былтыр
5. Сөйлемнен сан есімді тап. Олжас бірінші орын алды. А) Олжас Ә) бірінші Б) орын В) алды.