Қонақтарға бұрылып ,қолдарын жүрек тұсына қойып,бас иіп амандасады «Қош келіпсіздер!»
Бір-біріне қарап сәттілік тілейді.
II.Қайталау сабағы.
1-топ Тапқырлар
2-топ Жүйріктер
М: Енді балалар сабақты бастамас бұрын ережені есімізге түсірейік.
Кіріспе әңгіме: - Балалар мен сендерге « Сыйластық туралы » деп аталатын бір хикая оқып берейін.
Хикаяда би қандай сұрақтар қойды?
Енді балалар жарыс 5 турдан құралған
1 тур: Мақал мәтел
2 тур:Орманға саяхат
3 тур:Жаттығу жұмысы
4 тур: Сұрақ жауап
5 тур: Тест
1 тур: Мақал мәтел жарысы.Шардың ішіне мақал мәтел жазылады,ал ішінде саны жазылмаған.Соны оқушылар өздері тауып айтады.
1.Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады
2.100тг болғанша,
100 досың болсың.
3. Ердің екі сөйлегені өлгені,
Еменнің иілгені сынғаны.
4. Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
5. Білгенің бір тоғыз
Білмегенің тоқсан тоғыз.
6.Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.
7.Жеті рет өлшеп
Бір рет кес.
8.Жеті тілдің бәрін біл
Өз тілінді құрметте.
9.Бір тал кессен
Он тал ек.
10.Ер қаруы бес қару.
2 тур.Енді оқушылар қазір барлығымыз орманға саңырауқұлақ жинауға барамыз.ол үшін саңырауқұлақтың артындағы тапсырманы орындайық.Сөздің ішінен бір санды табайық.