kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сан есим

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сан есім дегеніміз заттың санын құнын ретін білдіретін сөздерді айтамыз. Оған қанша? неше? нешінші?  деген сұрақтарға жауап береді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сан есим»

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

1. Сан есімді қайталап, алдыңғы сабақтарда алған білімдерін пысықтап, іс жүзінде қолдана білу дағдыларын жетілдіру. 2.Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, сауатты жазу дағдаларын жетілдіру.

3.Білімге, құштарлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді пысықтау, қайталау сабағы

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, өзін-өзі тану пәндерімен б-ты.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақтада слайд-суреттер мен сызбалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру 2. Психологиялық дайындық:

Күн нұрымен тұрамыз,

Мектепке күнде барамыз.

Жақсы оқып сабақты,

Білімге білім қосамыз.

Қазақ тілі сабағына

Белсенді қатысамыз.

Бәрін дұрыс орындап,

5 пен 4-ті аламыз!

3. Топқа бөлу

І топ: «Сан есім» ІІ топ: «Сын есім» ІІІ топ: «Зат есім»

ІІ. Өткенді қайталап, үй жұмысын тексеру:

А) Үй жұмысын тексеру.

1. 8 -жаттығу :Сан есімдерді сөз құрамына талдау.Сан есім мен зат есім тіркестеріне сөйлем құрастырып жазу. Он алтыншы вагон, отыз бесінші автобус, бесінші ай, екінші жүлде.

ІІІ. Ой қозғау.

  • Балалар, бүгін біз өткен сабақтағы сан есімді қайталаймыз. Қане, сан есімді еске түсіру үшін «Құпия сурет» ойынын ойнайық.

«Құпия сурет» ойыны.

  • Балалар, бізде сурет бар. Бірақ оның бетінде карточкалар қойылған. Сендер сол карточкалардағы сұрақтарға жауап берсеңдер, ол қандай сурет екендігін білесіңдер.

-Сан есім дегеніміз не?

- Сан есімнің қандай түрлері бар?

-Күрделі сан есім қалай жасалынады?

- Сан есім сөйлемде қай сөз табымен байланысады?

– Жеке сөзін қандай сан есіммен алмастыруға болады? (бiр)

( суреттен Астана қаласы шығады)



- Бұл қай қала?

- Астана

- Олай болса, балалар, бүгінгі біздің сабағымыз Астана қаласына саяхат түрінде өтеді. Саяхат барысында біз Астана қаласында орналасқан ғимараттармен танысатын боламыз.



ІІІ. Жаңа сабақ

  • Саяхатты бастамас бұрын, дәптерлерімізді ашып, көркем жазуды орындайық.

Жж жиырма жиырма алты



- Жазып болсақ, мына суретке назар аударайық. Бұл не?

- Астана қаласындағы ғимарат

- Ия, бұл Астана қаласында орналасқан «Транспорт Тауэр» ғимараты. Бұл ғимаратпен танысу үшін біз 9-жаттығуды орындаймыз.

1-топ: өлеңді мәнерлеп оқиды;

2-топ: сан есімдерді табады;сұрақ қояды.

3-топ: : сан есімдер байланысып тұрған сөзді табады;

Барлық топ осы сөздерді жазады.

Жүз елу бес метр -биік ол,

Бұлттанда әрі асады.

Отыз төрт қабат үй емес,

Көкке бастар баспалдақ.



-Халық тілінде «Оттық» ( зажигалка) аталып кеткен бұл ғимаратта Көлік және коммуникация Министрлігі орналасқан. Биіктігі 155 м. Мұнда жедел жүретін 10 лифт жұмыс жасайды.





- Мына суретке назар аударайық. Бұл не?

- Астана қаласындағы «Хан шатыр» ғимараты

- Ия, бұл Астана қаласында орналасқан «Хан шатыр» ғимараты. Бұл ғимаратпен танысу үшін біз 11-жаттығуды орындаймыз.

3-топ: сөйлемдерді мәнерлеп оқиды

2-топ: сан есімдерді табады;сұрақ қояды.

1-топ: сан есімдер байланысып тұрған сөзді табады;:

Барлық топ осы сөйлемдерді жазады.

Айша үшінші сыныпта оқып жүр. Ауылға дейін үш сағаттай



жүріппіз. Мектепте алты жүз елудей бала оқиды.

Хан шатыр» ғимараты –сауда және ойын-сауық кешені. 2010 жылы 6 шілдеде ашылған. Ішінде супермаркет, дәмхана, мейрамхана, кинотеатр, жаттығу залы, кеңселер, 700 көлікке арналған паркинг бар. Оның басты артықшылығы – 4 мезгіл бойы +350 С болатын жасанды жағажай бар. Құмы арнайы Мальдив аралдарынан әкелінген.



- Жақсы, енді мына суретке назар аударайық. Бұл не?

- Астана қаласындағы «Пирамида» ғимараты.

- Ия, бұл Астана қаласында орналасқан, ауызекі тілде «Пирамида» атанып кеткен «Бейбітшілік және келісім» сарайы. Бұл ғимаратпен танысу үшін біз 13-жаттығуды орындаймыз.



Көп нүктенің орнына тиісті сан есім қойып жазамыз. ( әр топтан бір-бір оқушы шығып, тақтаға жазады.

Көз – екеу. Қозы – төртеу.

Ауыз - біреу. Қой – үшеу.

Барлық топ осы сөйлемдерді дәптерге жазады.



Әр топқа сұрақ қою.

1-топ: сан есімдер сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?

2-топ: сөздердің арасына неліктен сызықша қойылған?

3-топ: мұндай сөйлемдерді қалай оқимыз?

«Бейбітшілік және келісім» сарайы – пирамида тәрізді салынған, биіктігі 62 м, бұл жерге әр түрлі дін өкілдері жиналады. Мұнда Мәдениет мұражайы, Өркениет университеті, 1500 орындық опера театры орналасқан.Панорамалы лифт арқылы жоғары көтеріледі, жаяу да шығуға болады, бірақ қазір «Астананың аспалы бағы» атанған толқынды баспалдақпен жүруге тура келеді.

Сергіту сәті «Астана» әнін орындау

Ү. Бекіту

- Сергіп алсақ, мына суретке назар аударайық. Бұл не?

- Астана қаласындағы ғимарат

- Ия, бұл Астана қаласында орналасқан «Ақорда» - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Бұл ғимаратпен танысу үшін біз 15-жаттығуды орындаймыз.



«Кім тапқыр?» ойыны. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып жаз.( топтық жүмыс) Тиісті сан есімді қойып дәптерге жазады.

1.Бір ауыз зөздің тобықтай түйіні бар.

2.Жүз тенгең болғанша, жүз атың болсын.

3.Білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады.

4.Жүз кісінің атын білгенше,бір кісінің атын біл.



«Ақорда» - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясының тұсау кесері 2004 жылы 24 желтоқсанда болды. Биіктігі – 86 м. Резиденцияда Елбасы жоғары мәртебелі шетел қонақтарын, БАҚ өкілдерін қабылдап, еліміздің аяулы азаматтары



Ү. Қорытынды.

- Мына суретке назар аударайық. Бұл не?

- Астана қаласындағы «Бәйтерек» ғимарат

- Ия, бұл Астана қаласында орналасқан «Бәйтерек» ғимараты. Бұл ғимаратқа ж танысу үшін біз «Сиқырлы текше» ойынын ойнаймыз.



А) «Сиқырлы текше» ойыны ойналады. Ойыншылар текшені лақтырады. 
«М» жағы түссе, сандық мақал жалғасын табу: 
1. Бір елі ауызға-…  ( төрт елі қақпақ)
2. Бір кісі қазған құдықтан, … ( қырық кісі су ішер)
3. Жеті рет өлшеп, … (бір рет кес)

«Ж» жағы түссе, математикалық жұмбақтар шешеді: 
1. Екі айнасы бар, 

Екі найзасы бар.

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар. (сиыр)

2.Белдеуде бес ат,

Бесеуі де қасқа ат . (саусақтар) 

3. Оңынан оқысаң, ол – сан.

Терісінен оқысаң, ол – сан. (қырық) 

«Р» жағы түссе, ребус шешеді. 


«?» жағы түссе, сұрақтарға жауап беріледі: 

1. Астана қаласының туылған күні қашан?(6 шілде) 
2.Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне неше жыл толады? (25жыл) 
3. Қазақ қандығының құрылғанына неше жыл?(550 жыл)


«Л» жағы түссе, логикалық есептер шығарады.

1. Қаз таразыға бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса неше кг болады?

2. Жанат саяжайдан алма жинады. Барлық жиналған алманың үштен бір бөлігін, яғни 12 алманы Айгүлге берді. Жанат қанша алма жинаған еді?

3. Бір үйдің 3 ұлы бар. 3 ұлдың әрқайсысының бір әпкесі, бір қарындасы бар. Бұл үйдің неше баласы бар? ( 5)


«С» жағы түссе, берілген сандарға қатысты сөйлем құрайды.

9, 11, 105,3


Бәйтерек

Ә) – Бүгін сабақта не үйрендік?

Б) Рефлексия: Сабақ сендерге ұнады ма,ұнаған жоқ па?(тиісті смайликпен көрсету)

ҮІ.Үй жұмысы: № 14 203- бет.

ҮІІ.Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Сан есим

Автор: Аминова Балгерим Торебековна

Дата: 11.05.2017

Номер свидетельства: 414478

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "?аза? тілі п?ні    "Сан есімні? ма?ыналы? т?рлері"   6-сынып"
    ["seo_title"] => string(57) "k-azak-tili-p-ni-san-iesimnin-mag-ynalyk-turlieri-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "261814"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449213513"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) ""Сан есім" 2 сынып "
    ["seo_title"] => string(19) "san-iesim-2-synyp-4"
    ["file_id"] => string(6) "195508"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427910662"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Сан есімні? ма?ыналы? т?рлері. Есептік, реттік сан есімдер."
    ["seo_title"] => string(56) "saniesimninmagynalykturlieriiesieptikriettiksaniesimdier"
    ["file_id"] => string(6) "301498"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456932248"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "ЕСЕПТІК Ж?НЕ РЕТТІК САН ЕСІМ."
    ["seo_title"] => string(29) "iesieptikzhnieriettiksaniesim"
    ["file_id"] => string(6) "329606"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463983815"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Сан есімнен өткенді қайталау"
    ["seo_title"] => string(32) "san_iesimnien_otkiendi_k_aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "369488"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481697619"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства