Сабақтың басы | Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй боп көрінер. «Жалаулар»арқылытопқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады. 1-топ «Бақытжалаулары» 2-топ «Арман жалаулары» 3-топ «Қуаныш жалаулары» Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) - Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? Жұмыс түрі: 1) жеке ойлау 2) көршісіне айту 3) Топпен талқыға салу ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау | Психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
Сабақтың ортасы | Ширату тапсырмасы. - Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? «Пікірлер ағашын» толтыр ғалым, ақын, ағартушы, Әліппе жазған Өмірі, Шығармалары, Атқарған қызметтері 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангельдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді. 1909 жылы «Қырық мысал» 1911 жылы «Маса» 1913 - 1918жж. «Қазақ газетінің» бас редакторы. 1920ж. Қазревком мүшесі. 1920 - 21жж. Қазақ АКСР халық ағарту комиссары. 1922 - 25жж. Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы. 1921 - 25жж. Орынбордағы, 1926 - 28жж. Ташкент халық ағарту институтының қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихынан сабақ берді. 1 - топ Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен таныстырады, қалған топтар толықтырады. 2 - топ Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларымен таныстырады, қалған топтар толықтырады. 3 - топ Ахмет Байтұрсынұлының атқарған қызметтерімен таныстырады, қалған топтар толықтырады. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) «Көршіңе әңгімелеп бер» Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз. Бұл суреттерде тәуліктің қай кезі деп ойлайсыңдар? Ортақ тақырып қойып, оны түсіндіріңдер. Оқылым. А. Байтұрсынұлы. «Оқуға шақыру» Шығарманың авторы туралы не білеміз? Кестеге қарап, А. Байтұрсынұлы туралы әңгімелеп, сұрақтар қойып, жауап беріңдер. Сұрақтарды жалғастыр. 1) А. Байтұрсынұлы кім? 2) ...? 3) ...? Өлеңді шумақтарға бөліп оқыту. Тірек сөздердің көмегімен әр шумаққа тақырып қой. Оқулықта бұл сөздер қара түспен берілген. Оқу Жұмыссыз Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық Дескриптор: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау | Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмалары. Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмалары Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. |
Сабақтың соңы | Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады. Топпен жұмыс.Өлеңді бөлімдерге бөліп оқу 1-топ. Оқуға шақыру 2-топ. Еңбек іс-әрекеті. 3-топ. Даналық ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады. «Су құбыры» әдісі арқылы орындату. «Бес жолды өлең» құру 1) Ахмет Байтұрсынов 2) үйретеді, тәрбиелейді 3) білімді, дана, ақылды 4) Қазақ халқының көзін ашты 5) Ғалым (ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Алма ағашы» кері байланыс. | Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, алма ағашына жабыстырады. Қызыл алмаға сабақтан алған әсерін, білімін жазады. Сары алмаға сұрағын жазады. |