2.Топтағы оқушылармен ақылдасып,постерге түсіруге өз ойыңды айтып бер. Постерді безендіруге көмектес. Жарайсың, сенің қолыңнан бәрі келеді! Постерді презентпациялайды 3 мин Постерді « екі жұлдыз бір ұсыныспен» бағалайды Бұта тобына 1.Мәтінді түсініп оқып ал Өсімдік сабақтарының негізгі 5 түрі бар.Олар 1.Тік сабақты өсімдіктерге таңқурай, қарақат, жүгері,бидай,қоңыраугүл,ағаштардың түрлері:емен ,қарағай т.б жатады.Өйткені олардың сабағы тік өседі. 2.Жатаған сабақты өсімдіктерге құлпынай,қауын,қарбыз, асқабақтың сабағы жерге төселіп,жатып өседі. 3.Шырмалғыш сабақты өсімдікке шырмауықтың түрлері үрмебұршақ, бұршақ,шырмауық,жүзімнің сабақтары жоғарыға қарай өседі. 4.Өрмелегіш сабақты өсімдікке үрмебұршақ, бұршақ,жүзімнің сабақтары жоғарыға қарай өрмелеп өседі. 5.Қысқарған сабақты өсімдікке жолжелкен,бақбақ жатады.Олардың сабақтары қысқа,жапырақтары жерге тақалып,жақын өседі. Жапырақтарының ортасынан ұзындау сабақ өсіп ,ұшынан гүл ашылады. 2.Топтағы оқушылармен ақылдасып,постерге түсіруге өз ойыңды айтып бер. Постерді безендіруге көмектес. Жарайсың, сен көшбасшысың! Шөптер тобына 1.Мәтінді түсініп оқып ал Өсімдіктерді қорға! Сабақтар қатты,иілгіш және жұмсақ болып келеді. Ағаштың сабағы қатты тік және жуандау болады.Оның негізгі сабағы дің деп аталады. Бұршақ,құлпынайдың сабақтары жұмсақ және иілгіш болып келеді.Ал далада өсетін шөптердің сабақтары қысқалау,жұмсақ болып келеді.Өсімдіктердің сабақтары әртүрлі.Балалар табиғатта ойнап жүргенде өсіп тұрған ағаштың бұтағын сындырмаңыздар.Бір бұтақтың өзінде бірнеше бұтақша мен жапырақтар босқа солады.Дәрілік шөптерді де қорға!Шөптерді де жөнсіз тапама! Олар топырақты желдің үрлеуінен сақтайды.Шөптер өспеген жерлерде топырақтың беткі қабаты жел болғанда шаңға айналады. Сондықтан айналадағы өсімдіктерді қамқорлап жүрейік балалар! 2.Топтағы оқушылармен ақылдасып,постерге түсіруге өз ойыңды айтып бер. Постерді безендіруге көмектес. Жарайсың, сенің қолыңнан бәрі келеді! Постерға түсіруге 5-7 минут Постерді презентпациялайды 3 мин Постерді « екі жұлдыз бір ұсыныспен» бағалайды Сергіту сәті: видеоролик «Шырша биі» |