kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?кен Сейфуллин «Наурыз»

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ле?ді м?нерлеп, т?сініп о?у?а ?йрету, ?ле?ні? ?зекті т?йінін, автор ойын ашу?а жа?дай жасау. О?ушылар?а наурыз туралы т?сінік беру, ?лтты? д?ст?рмен таныстыру. К?ктемгі таби?ат пен адамзат, жан жануарлар д?ниесіндегі ??былыстар?а тере?ірек то?талу. Наурыз туралы хал?ымызды? ?дет- ??рпын ме?герту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?кен Сейфуллин «Наурыз» »

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Наурыз»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінін, автор ойын ашуға жағдай жасау. Оқушыларға наурыз туралы түсінік беру, ұлттық дәстүрмен таныстыру. Көктемгі табиғат пен адамзат, жан жануарлар дүниесіндегі құбылыстарға тереңірек тоқталу. Наурыз туралы халқымыздың әдет- ғұрпын меңгерту

Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелей отырып,мәнерлеп жылдам оқуға үйрету, қызығушылығын ояту, тіл байлығын , таным белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту, жан- жақты білім

дағдыларын жетілдіру

Тәрбиелік: Отанын сүюге патриоттық рухта және ұлттық салт дәстүрді дәріптеуге,

Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, талдау, жинақтау,топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:тірек сызбалар, суреттер

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

-Балалар, на тілі пәніне керекті құрал жабдықтарымызды шығарып, сабаққа жақсы қатысып отырамыз.

-Бүгінгі сабағымызда оқушылар өз еріктерімен үш орталыққа бөлініп отырады

Ғылыми орталық -тақырып бойынша жан-жақты мағлұмат береді,өлеңді оқиды

Жазу орталығы- тақырып бойынша ғылыми орталықтан шыққан жаңалықтарды жазып отыру

Өнер орталығы -Наурыз мерекесіне орай айтылған табиғатты, халқымыздың салт-дәстүрін, өлең мазмұнын қағаз бетіне қылқылам сиқырымен бейнелейді.

ІІ.Үй жұмысын тексеру:

Міржақып Дулатов «Наурыз» өлеңін жатқа айту

-Автор туралы не білеміз?

-Бірінші шумақтың соңғы жолын қалай түсінесің?

-1 және 2 шумақты ұйқасы бойынша сызбаға қалай түсірдіңдер?

ІІІ.Білімдерін жан-жақты тексеру:

Сұрақтар бойынша ой толықтыру

-Наурыз сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?

-М.Даулетовтың « Өшпес өмір өнегелері» тарауы бойынша қандай шығармасымен таныссыңдар?

-Осы тақырыпты неге бүгін есімізге түсіріп тұр деп ойлайсыңдар?

IV.Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Үнтаспадан Наурыз әні баяу орындалады.

Бүгінгі сабағымыз С. Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңі

V.Жаңа сабақ

Өлеңнің авторы туралы әңгімелеу, сызбаға түсіру

Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола обылысы Ақмола уезі, Нілді болысының бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған обылысы, Жаңаарқа ауданы) туған. Сарыарқаның сағымды даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұра, Есіл өзендерінің бойы,(картадан к-рсету) алыстан көз тартқан Аба, Ор тауларының

бауыры-болашақ ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлау рахатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял-ғажайып, ерлік оқиғаларға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін елжіретер ән мен күй тыңдаған, айт пен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын бесік, ыстық ұясы.

Табиғаттың дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қыр мұрынды, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Сәдуақас деген есімінің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен.

Сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы Сейфолланың көп істері, әрекет, қимылы, мінез қалыбы болашақ ақынның өр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді. Ерлікті білмейтін, орынсыз күлкіге,жылауға жоқ тұрымтайдай бала шешесі Жамалдың ертегілерін тыңдаудан жалықпайды.

3)Картадан туып-өскен жерін көрсету

4)Сәкен туралы деректі фильм көру

5)Ақынның өткен шығармаларын еске түсіру

6)Оқулықпен жұмыс, оқи отырып мазмұнын ашу

VІ. Білімдерін тиянақтау

1. Ғ.о.-Оқулықпен жұмыс, тізбектей оқыта отырып Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістерді сұрау (слайд көрсету)

Ж.о.-Наурыз тақырыбына төрт жол өлең құрастыру

Ө.о.-Өлең мазмұнын бейнелеу

2.Ғ.о. Наурыз жыл басы,Ұлыстың ұлы күні. Наурыз көже туралы ойларын ортаға салу(слайд көрсету)

Ж.о. Наурыз көженің жасалуын жазу

Ө.о. «Наурыз» «Көктем» сызбаларын толтыру


VІІ.Сабақты бекіту

Ғылыми орталық. Сабағымызды қорыта келе С. Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңі мен М.Дулатұлының «Наурыз» өлеңінің арасында қандай ұқсастық барын салыстырамыз

Жазу орталығы: Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құрылыстарын жазып шығу

Қайтеді?

Жаз_____________ құшақтайды, беттен сүйеді


Су______________ ____________, _________


Құстар___________ ____________ , __________


Мал______________ ___________ , ___________



Өнер орталығы: Екі өлеңге ортақ тақырыптарды дәптерлеріңе жаз


С.Сейфуллин. «Наурыз»

М.Дулатұлы. «Наурыз»

Адам да, мал да жадырап жүр

Мал мен жан қуанып жүр









-Балалар бүгінгі сабағымыздан не үйрендіңдер?

-Өздеріңе қандай жаңа ақпарат алдыңдар?

Наурыз


Күн мен түн теңелді 1989 жылдан жалпыхалықтық мереке


-Мына өлең шумақтары бүгінгі біздің автордың айтар ойын толығымен қамтып жеткізгендей болады:

Наурыз-Ұлы күн!

Наурыз айы-мереке,

Наурыз айы-береке.

Наурыз айы-Ұлы күн,

Ұласар бақыт, ырысқа.

Мереке шаттық, береке,

Басталар ұлы күн осы.

Күн менен түн теңеліп,

Ел ырысқа кенеліп,

Табиғат түрлі түрге еніп,

Құлпырар осы Ұлыста.

Халықтар тойлап достығын,

Ақтарылар ас бүгін.

Қыстан қалған сызбаға,

Сүрі,қазы,жал,жая,

Дәмді тәтті бәрінің

Асжаулаққа жайылып,

Берекемен ішіліп,

Бір біріне бақ тілеп

Молшылық пен ақ тілек,

Ақтарылар күні бұл

Түбі бірге түркілер,

Тойлайтын Жаңа Жылы бұл.

Табиғаттың тылсымы

Қыдыр баба аралап

Құт келетін күні бұл

Таңмен бірге таласып

Күн шығады жарасып

Қайта оралды салтымыз

Халқымызға жарасып

Ұлысымыз оң болып,

Бақ пен дәулет зор болып,

Жасай берсін салтымыз,

Аман болсын халқымыз.


VІІІ. Үйге тапсырма

1.Бағалау.Белсенді оқушыларды орындарынан тұрғызып қол ұру, жетістіктерін айту

2.Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Сұрақтармен жұмыс

3.Автор өмірі, шығармалары туралы іздену


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С?кен Сейфуллин «Наурыз»

Автор: Толеубекова Гульшат Советовна

Дата: 02.03.2015

Номер свидетельства: 181243

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "С?кен Сейфуллин. «Наурыз» "
    ["seo_title"] => string(26) "s-kien-sieifullin-nauryz-1"
    ["file_id"] => string(6) "190356"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427136770"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "С?кен Сейфуллин    "Наурыз""
    ["seo_title"] => string(21) "skiensieifullinnauryz"
    ["file_id"] => string(6) "304839"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457798642"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""Наурыз" ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(20) "nauryz-ashyk-sabak-1"
    ["file_id"] => string(6) "314631"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459745907"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "С.Сейфуллин. А?са? киік."
    ["seo_title"] => string(26) "s-sieifullin-ak-sak-kiik-2"
    ["file_id"] => string(6) "254561"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447777238"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""?ыс пен к?ктем" сайыс саба?ы"
    ["seo_title"] => string(31) "k-ys-pien-koktiem-saiys-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "306705"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458188819"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства