Сабақ тың басы 3 минут 5-6 минут Өткенді пысықтау 5 минут Сабақ тың ортасы 20 минут Сергіту сәті 2 минут Сабақты қорыту 8 минут Кері байланыс 5 минут | Психологиялық ахуал қалыптастыру Математика әлемі- қызық та терең, Сандар мен өрнектер ашар сырын кең Бүгінгі сабақта біз бірге боламыз, Қиындықты жеңіп, алға ұмтыламыз! Үй тапсырмасын тексеру. -Үйге қандай есеп берілді? - №3 есеп. Бір бағанға қосындыларды, екінші бағанға айырмаларды жазу. - Қане тексеріп жіберейік. 0+50 60-20 50-0 20+20 100-70 50+20 8-5 2+6 9-8 3+4 6-6 10-5 Өткенді пысықтау «Ағаш үйге қажетті заттарды орналастыр» -Балалар кеше біз қандай тақырыппен таныс болдық? -Әріпті және санды өрнектер -Санды өрнектер дегеніміз не? Тек қана сандардан құралған математикалық өрнек. 5+4=9 -Әріпті өрнектер дегенміз не? - Әріпті өрнектер дегеніміз сандар мен әріптерден құралған математикалық өрнек. а+5 - Әріпті өрнектердің мәнін қалай табамыз? - Әріпті өрнектің мәнін табу үшін, алдымен әріптің орнына берілген санды қойып, содан кейін амалды орындау қажет. -Әріпті өрнектердегі әріптер қандай әліпбиден құралады? - Латын әліпбиі. a ,b, c, d. Жаңа тақырып Балалар бүгінгі сабақта біздер «Әріпті өрнектер» тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз. Сабақтың мақсаты: Әріпті өрнектерді оқисың, жазасың, олардың мәнін табасың. Оқушылар бүгінгі сабақта бізге ортақ тақырып ол «Ауылдағы наурыз мерекесі» . Сондықтан да бүгінгі сабағымыз ұлттық құндылықтарымызбен байланысты болады. Наурыз мерекесі қандай мейрам? Наурыз -көктемнің, жаңа жылдың келуі, табиғаттың жаңаруы. Дәстүр бойынша Наурыз мейрамын ауыл, ел болып тойлаған. Ол қай кезде тойланады? 22 наурыз күні. Наурыз мерекесін қалай тойлайды? Басқа мейрамдардан ерекшелігі қандай? Наурыз көже пісіріледі, ұлттық ойындар өткізіледі, адамдар бірі-бірімен көріседі. Наурыз көжесіне балалар 7 түрлі дәм қосылады екен. Наурыз көже- көптеген дәмді тағамдардың бірігуі сияқты, сабақта жақсы орындаған балаларды, топтарды жинаған тағамдарынан біз наурыз көжені пісіріп шығатын боламыз. «Көже жасауға көмектес» бағалау тәсілі. Әр дұрыс тапсырма немесе сұраққа жауап берген сайын көжеге қосылатын бір дәмді таратып отырамын. (ҰЖ)1-тапсырма Әр есепке сәйкес өрнекті таңда. а) Киіз үйдің алдында 3 адам отыр. Егер киіз үйдің ішінде b адам отырған болса, онда мерекеге барлығы неше адам қатысты? Алдында – 3 а. Ішінде - b а. ? а. Шешуі: b + 3 ә) Егер киіз үйдің ішінде отырған b адамның 3-еуі сыртқа шығып кетсе, онда киіз үйде неше адам қалды? Отырды – b а. Шығып кетті – 3 а. Қалды - ? а. Шешуі: b – 3 Әріпті өрнектердің мәнін тап. Сергіту сәті. (Жж) Жұптық жұмыс 2-тапсырма Әріпті өрнектер жаз. а = 20 болғандағы қосындының мәнін тап. Қосылғыш | 40 | 50 | 80 | Қосылғыш | 20 | 30 | 10 | Қосындының мәні | | | | (Өж) Өзіндік жұмыс 3-тапсырма Қыздар мерекеге арнап, моншақтан әшекейлер жасады. 100 – а өрнегінің мәнін тап. Мұндағы а = 50; 20; 80. 100-а 100-50=50 100-20=80 100-80=20 ЕББҚ Кестені толтыр (Тж) Топтық жұмыс 1 топ: Әріпті өрнектер құрастыр. Оларға өзің мән бер. 2 топ: Санды өрнектерді құрастыр, олардың мәнін тап. 3 топ: Әріпті өрнектер мен санды өрнектерді ажырат. Қосымша тапсырма. (Тж) Зерттеушілік тапсырма 4-тапсырма 3 топқа 3 түрлі бағандағы есептерді ұсынамыз. Бос орындарға тиісті сандарды ата. Қосындының мәнін тап. 10+70=80 Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайтып, 90-30=60 болатынын анықтаймыз. 30+60=90 Азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайтамыз. 100-30=70 болатынын анықтаймыз 100-70=30 ФС тапсырмасы 5-тапсырма Оқулықтағы №5 тапсырманы орындайды. Суреттегі фигуралардың әр түрін сана. Мұғалім: Сонымен оқушылар бүгінгі сабақта біздер әріпті өрнектерге мысал келтірдік, оларды оқып, әріптердің орнына өзіміз сан қойып, өрнектің мәнін таба алдық. Олай болса соны қорытындылау мақсатында тақтадағы бір ойынды ойнап жіберейік. «Жылдам тап!» ойыны. Ұяшықтан әріпті, санды өрнектер бірінен соң бірі шығып жатады. Соны тақтаға шыққан оқушылар жылдам тауып, үстінен басу керек. Кері байланыс «Білім қоржыны» Жасыл асық- өте жақсы түсіндім Сары асық- жақсы түсіндім Қызыл асық- әлі де іздену керек | Өлеңді хормен айтады. Үй тапсырмасы бойынша бір бағанға қосындыларды, екінші бағанға айырмаларды жазып, мәнін табу. Өткен тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Ұжым болып наурызға байланысты қойылған сұрақтарға жауап беріп отырады. Сұрақтарға жауап береді. Ұжымдық жұмыс жасайды Оқушылар сергіту сәтін жасайды. Жұппен жұмыс жасайды Кестені толтырады Тапсырманы орындайды Кестемен жұмыс жасайды Топтық жұмыс жасайды. Бос орындарға сандар қояды Фигураларды санайды Оқушылар ұяшықтағы әріпті өрнектерді табады. Кері байланыс жасайды | Дескриптор: Қосындыны бір бағанға жазады; Айырманы екінші бағанға жазады; Олардың мәнін табады. Дескриптор: -Әріпті өрнектің ережесін айтады. -Санды өрнектің ережесін айтады. - Оларға мысал келтіреді. ҚБ: Жарайсыңдар!!! -Наурыз мерекесінің қалай тойланатынын айтады; -Наурыз мерекесінде ойналатын ұлттық ойындарды атайды. Дескриптор: -Әр есепке сәйкес өрнекті таңдайды -Мерекеге барлығы неше адам қатысқанын табады -Киіз үйде неше адам қалғанын табады Бағалау: Оқушыларды наурыз көжеге қосылатын дәмдермен бағалап отырамыз. Керемет! Дескриптор: Өрнектін мәнін табады Әріпті өрнек ұғымын түсінеді Мықтысың! Дескриптор: Әріпті өрнек жазады. а = 20 болғандағы қосындының мәнін табады. Кестені толтырады Оқушыларды дәмдермен бағалау. ҚБ: Жарайсың!!! Дескриптор: -Әріпті өрнектерді құрастырады; -Санды өрнектерді құрастырады, мәнін табады -Санды және әріпті өрнектерді ажыратады. Дескриптор: Бос орындарға тиісті сандарды қояды Қосындының мәнін табады. Дескриптор: Суреттегі фигуралардың әр түрін санайды Тапсырманы күнделікті өмірмен байланыстыра алады Оқушылар қажетті асықтарды тиісті қоржынға апарады. | Интерактив-ті панель Ағаш үйдің бөліктері Наурыз мерекесіне арналған суреттер. Наурыз көженің суреті бар плакат. Кесте Таратпа суреттер Оқулық Кесте «Көжеге көмектес» бағалау дәмдерінің суреттері. Сызбалар жазылған таратпа жұмыстары. Фигуралар «Word wall» платформасы арқылы орындалады. Плакат Кері байланыс тақтасы |