Та?ырыбы: " Отбасы жарасты?ы - жар?ын к?нні? болаша?ы "
Ма?саты: Бала т?рбиесінде ата-ананы? алатын орныны? ерекше екенін т?сіндіру.Баланы? дамуына ж?не т?л?а болып ?алыптасуына ата – ана т?рбиесіні? ?діс - т?сілдерін жетілдіре отырып ?арым - ?атынас орнату. Ата – аналарды? мектеппен ты?ыз байланысын арттыру. Балаларын мейірімділікке, ?стамдылы??а т?рбиелеуді? жолдарын к?рсету.
атты тренинг семинарымызды Елбасымыз Н.?.Назарбаевты?
Отбасында адам бойында?ы асыл
?асиеттер жар?ырай к?рініп, ?алыптасады.
Отан?а деген ысты? сезім – жа?ындарына, ту?ан-туыс?андарына деген с?йіспеншіліктен басталады -деген с?зімен бастау?а р??сат еті?іздер
Отбасы – адам баласыны? т?п ?азы?ы, алтын ?ясы, себебі адам баласы шыр етіп д?ниеге келгеннен бастап сол ортаны? ысты?-суы?ына бейімделіп, ы?палына к?ніп, осында ер жетеді. Білім бесігі мектептен бастау алса, т?рбие мектебі отбасынан басталары аны?. ?аза?ты? ?лы а?ыны, а?артушысы Ма?жан Ж?мабаев: «Бала т?рбиесі – бір ?нер, ?нер бол?анда ауыр ?нер, жеке бір ?ылым иесі болуды тілейтін ?нер. Баланы д?рыс т?рбиелеу ?шін ?ркімні? ?з т?жірибесі жетпейді. Бас?а адамдарды? т?жірибесімен танысу керек» деп айт?андай б?гінгі саба?ымыз?а келген ата-аналарымыз бізге ?здеріні? бала т?рбиесі т?жірибесімен б?ліседі. ?атысушы ата-аналарымызды ?ошемет к?рсетіп, орта?а ша?ырайы?.
-Хош келді?іздер! ?здері?ізге ?на?ан т?сті д??гелекті та?да?ыздар.Жа?сы, енді осы 3 т?ске байланысты 3 топ?а б?лінеміз. Топ м?шелері бір-бірлері?ізбен таныса отыры?ыздар
I Таныстыру
II Топ?а б?лу(сурет ар?ылы)
III Ой ша?ыру (баяндама, бейнематериалдар)
IY Ой жина?тау
Y «Сына?» іскерлік ойыны
YI Тест
"Сізді? к??іл к?йі?із"
YII ?орытынды
"Тілек шамы"
II. Негізгі б?лім
Топ?а б?лу. Таныстыру.
Алдымен ?з есімдері?ізді? алдына адамны? бойында бар жа?сы ?асиетті? біреуін айтып, ?зі?із туралы ?ыс?аша м?лімет беруі?із керек.
Мысалы: Мен н?рлы – Н?рг?лмін;
Мен к?рікті - ?семмін;
Мен айдай – Айыммын.
Ма?саты: Бала т?рбиесінде ата-ананы? алатын орныны? ерекше екенін т?сіндіру.Баланы? дамуына ж?не т?л?а болып ?алыптасуына ата – ана т?рбиесіні? ?діс - т?сілдерін жетілдіре отырып ?арым - ?атынас орнату. Ата – аналарды? мектеппен ты?ыз байланысын арттыру. Балаларын мейірімділікке, ?стамдылы??а т?рбиелеуді? жолдарын к?рсету.
Ой ша?ыру (баяндама, )
-Ал енді ата-аналарымыз?а арнап ша?ын ке?естер ж?не
Ата – аналар?а арнал?ан ?сиеттерге ??ла? т?ріп жіберейік
?азыр топтар?а тапсырмалар ?сынып ?оялы?,
Ой жина?тау
А тобы: ?рбір бала дара т?л?а бала т?рбиесінде ата – ана бала?а ?ысым к?рсетуден аула? болуы керек. Ендеше “Ба?ытты жан?яны?” макетін жасап к?релік.
Б тобы: Бала ?р ата – ананы? болаша?ы, ба?ыты ол -оны? ?міріні? жал?асы. Бала бізді? г?ліміз. Ендеше “Бала деген кім?” ?з ?рпа?ы?ыздан не к?тер еді?із? г?лді? бейнесін келтіріп со?ан ?з ойлары?ызды бейнелеп сызба ретінде к?рсетесіздер.
В тобы: “Мені? отбасым ?азір ж?не болаша?та” немесе “Бізді? отбасы” та?ырыбында коллаж жасайсыз.
Ана мен бала та?та?а шы?ып ?ор?ап шы?ады.
"Сына?" іскерлік ойыны
І кезе?
Жа?даяттардан шы?у
І – топ.
Сізге мектептегі м??алімдерден сізді? бала?ыз бас?а балаларды ?рады деген бірнеше ша?ым айтылды. Та?ы к?рші ата – аналардан да «бізді? баланы ?рады» деген с?з естуге тура келді делік. Не істейсіз? Бала?ызды ?алай т?рбиелейсіз?
ІІ – топ.
Кейбір ата – аналарды? баласыны? ?рбір істеген іс – ?рекетіне к??ілі толмай: «Сен сала алмайсы?, сен істей алмайсы?», - деп айтып жататынын бай?аймыз. Бала іс – ?рекетіне теріс ба?а беруге ?алай ?арайсыз?
ІІІ – топ.
Бала?ыз мектепте бір м??аліммен тіл табыса алмай ж?р. Бала?ыз?а ?андай ке?ес айтасыз?
Просмотр содержимого документа
«план тренинг урока»
Тақырыбы: " Отбасы жарастығы - жарқын күннің болашағы "
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру.Баланың дамуына және тұлға болып қалыптасуына ата – ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып қарым - қатынас орнату. Ата – аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Балаларын мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Көрнекіліктер: слайд, мақал –мәтел жазылған плакат, кластерге арн.сөздер.
Түрі: ата-аналар арасында тренинг
Қатысушылар: 1-сынып ата-аналары,оқушылары
Барысы:
Кіріспе
-Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі " Отбасы жарастығы -жарқын күннің болашағы"
атты тренинг семинарымызды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады -деген сөзімен бастауға рұқсат етіңіздер
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы, себебі адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Білім бесігі мектептен бастау алса, тәрбие мектебі отбасынан басталары анық. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп айтқандай бүгінгі сабағымызға келген ата-аналарымыз бізге өздерінің бала тәрбиесі тәжірибесімен бөліседі. Қатысушы ата-аналарымызды қошемет көрсетіп, ортаға шақырайық.
-Хош келдіңіздер! Өздеріңізге ұнаған түсті дөңгелекті таңдаңыздар.Жақсы, енді осы 3 түске байланысты 3 топқа бөлінеміз. Топ мүшелері бір-бірлеріңізбен таныса отырыңыздар
Тренинг шарттары:
I Таныстыру
II Топқа бөлу(сурет арқылы)
III Ой шақыру (баяндама, бейнематериалдар)
IY Ой жинақтау
Y «Сынақ» іскерлік ойыны
YI Тест
"Сіздің көңіл күйіңіз"
YII Қорытынды
"Тілек шамы"
II. Негізгі бөлім
Топқа бөлу. Таныстыру.
Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен нұрлы – Нұргүлмін; Мен көрікті - Әсеммін; Мен айдай – Айыммын.
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру.Баланың дамуына және тұлға болып қалыптасуына ата – ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып қарым - қатынас орнату. Ата – аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Балаларын мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Ой шақыру (баяндама, )
-Ал енді ата-аналарымызға арнап шағын кеңестер және
Ата – аналарға арналған өсиеттерге құлақ түріп жіберейік
Қазыр топтарға тапсырмалар ұсынып қоялық,
Ой жинақтау
А тобы: Әрбір бала дара тұлға бала тәрбиесінде ата – ана балаға қысым көрсетуден аулақ болуы керек. Ендеше “Бақытты жанұяның” макетін жасап көрелік.
Б тобы: Бала әр ата – ананың болашағы, бақыты ол -оның өмірінің жалғасы. Бала біздің гүліміз. Ендеше “Бала деген кім?” өз ұрпағыңыздан не күтер едіңіз? гүлдің бейнесін келтіріп соған өз ойларыңызды бейнелеп сызба ретінде көрсетесіздер.
В тобы: “Менің отбасым қазір және болашақта” немесе “Біздің отбасы” тақырыбында коллаж жасайсыз .
Ана мен бала тақтаға шығып қорғап шығады.
"Сынақ" іскерлік ойыны
І кезең
Жағдаяттардан шығу
І – топ. Сізге мектептегі мұғалімдерден сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата – аналардан да «біздің баланы ұрады» деген сөз естуге тура келді делік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? ІІ – топ. Кейбір ата – аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс – әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? ІІІ – топ. Балаңыз мектепте бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
ІІ кезең
"Аялы алақан" ойыны оқушылардың көздерін байлап өз аналарын,, ананың алақаны арқылы сезіп тану
ІІІ кезең (А) "Мақалдың жалғасын тап" - ойыны
Ернұр 1. Әкеге қарап- ұл өсер
Анаға қарап- қыз өсер
Ақерке 2. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада
Айерке 3. Әке көрген оқ жонар
Шеше көрген тон пішер
Нұрислам 4.Ұлдың ұяты-әкеге
Қыздың ұяты-шешеге
Жания 5. Ұядан не көрсе,ұшқанда соны ілерсің
Гүлім 6.Қыз өссе елдің көркі,гүл өссе жердің көркі
ІІІ кезең (Ә) Балаларыңыздың есіміне қысқаша анықтама беріп, шағын тарихын айтып шығу
"Көңіл күй" ағашы Ағаш бұтағы салынған сурет толық аяқталмаған өз көзқарасыңызбен бөліктерін толтырыңыз.
Тестілеудің қорытындысы:
Бүгінгі көңіл -күйлеріңіз
Қызыл - қуанышты көңіл - күй белсенділікті білдіреді.
Сары - көтеріңкі көңіл - күй іс-әрекет етуге итермелейді.
Жасыл - бірқалыпты көңіл – күй, тепе - теңдік салмақтылықты білдіреді.
Көк - қалыпты көңіл - күй
Қоңыр – қобалжулы көңіл - күй.
Ақ - қажу, шаршағандықты сезіну.
тренингтен алған әсеріңіз келген қонақтарға беріледі
Қызыл – тренинг мен күткендей болды, мазмұнды, қызықты, пайдалы өтті. Маған керекті көп мағлұмат алдым.
Сары – тренинг мен күткендей өтпеді, қанағаттанбаушылық сезімі қалды.
Жасыл –тренинг қарапайым болды, ерекше эмоциялар тудырған жоқ.
"Тілек шамы" Болашаққа деген тілегімізді айта отырып бүгінгі тілек шамымызды жандырайық.
Қорытынды :
Қорытындылай келгенде, отбасының қоғам мен мемлекет тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.«Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді» деген атамыз. Жанұя- адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Сондықтан да өз жанұямызды құрметтеп, сыйлайық. Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Бауыржан Момышұлы zкезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді, дәстүрдісыйламайтын баладан қорқам » деген екен. Ендеше, бүгін біздің қорқынышымыз жоқ. Алдымызда өнегелі, үлгілі, өнерпаз отбасылары бар екендігімізге көзіміз жетіп отыр. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ өміріміздегі ең маңызды іс болғандықтан бірлесе тәрбиелейік! Өмір сүру босқа уақыт өткізу емес, әр мезгілді жарып өтіп, мәңгілікке жету – деп бүгінгі ата- анамен, баламен жүргізілген тренинг семинарымызды аяқтаймыз.