Мотивациялық қозғаушы | Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Балаларды тыныштандыру ә) Құрал жабдықтарын даярлату б) Сабаққа назар аудату | Балалар тынышталып,құралдарын алып,сабаққа назар аударады. |
Іздену-ұйымдастырушылық | ІІ.Жаңа сабақтың мазмұны: -Мынау не? -Мектепте не бар? -Мектепте кімдер жұмыс істейді? -Ал, үйдегі отбасы мүшелерін атайық. Балалардан өз отбасылары туралы әңгімелеп берулерін сұраймын. -Сенің отбасыңда неше адам бар: -Атап бер.Олар кімдер? -Ағаң, әпкең нешінші сыныпта оқиды? -Енді балалар сендерге тақпақ оқимын, сендер кім туралы екенін айтып беріңдер? Менің әжем,ер әжем Мінезі өте жәйлі әжем Тірек болып жүр әжем Бақшасында балалар Іні,әпке,аға бар Ойыншықтар көп онда Машина,ат,түйе бар -Өлеңде отбасы мүшелерінен кімдердің аттары бар? -Әже туралы не дейді? -Өлеңді хормен қайталайық. -Әжең үйге қандай көмек береді? -Анаң үйде қандай шаруамен айналысады? -Өзің үйде қандай жұмыстар істейсің? -Үйлеріңде гүлдер өсіресіңдер ме? -Гүлдерді қалай күтесіңдер? Суреттерді көрсетіп «Мынау кім?»дидактикалық ойынын ойнау.Көрсеткен суреттерді іліп қойып балалардың көздерін жұмып «Кім жоқ?»деген сұрақтарды 3-4 баладан сұрау. | -мектеп -кітап,парта,орындық т.б -мұғалімдер,директор т.б -ата,апа,әке,ана т.б Балалар кезекпен өз отбасыларын айтып береді. -Балалар өз ойларын айтады -Тәрбиешіні тыңдайды,сұрағына жауап береді. -әже,іні,әпке,аға -Әжені мақтайды Балалар тәрбиешімен бірге жоғары,орта,төмен дауыспен 3 рет айтып қайталайды. Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. Д/ойын ойнайды. |
Рефлексивті түзетуші | ІІІ.Қорытындылау. -Енді, балалар, осы отбасы деген сөзге әрқайсымыз өзіміздің ең жақсы көретін сөзімізді айтамыз.м/ы: отбасы тату болсын,бір-біріңді ренжітпеңдер,сыйлаңдар т.б | Балалар жақсы көретін сөздерін айтып шығады. |