Просмотр содержимого документа
«?сімдік - тірі организм»
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік - тірі организм
Сабақтың мақсаты: оқушыларға өсімдікті тірі ағзаның бір бөлігі ретінде қарастырып, өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлармен және олардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық : Тірі жүйелерді біртұтастықты қарастыру, оқушылардың ақыл-ойын ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, экологиялық мәдениеттілігін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Ұжымдық ойлау, топтық әрекет технологиясының тәсілдерін қолдану арқылы топпен жұмыс істеуге, басқаларды тыңдауға өз көз қарасын қорғап, дәлелдей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Өсімдік –тірі организм»тақырыбына жасалған слайдттар, плакаттар және карточкалар. Интерактивті тақта мен проектор.
Пәнаралық байланыс: экология, әдебиет, сурет.
Сабақтың барысы:
Жылылық шеңбері
Армысың, алтын күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жер ана!
Армысың, достарым!
Слайд . Бір-бірімізге жылылық сезімімізді білдіре отыра, табиғат ұғымына түсінік бері.
2.Слайд . Үйге берілген тапсырманы қортындылау барысында топпен жұмыс жасау арқылы : топырақтың құрамын, топырақтың маңызын және топырақты қорғау түсініктерін айта отыра, өткен тақырыпты қайталау арқылы үй тапсырмасын тексеру.
1-ші топ “Сарапшылар”, 2-ші топ “Жас табиғат қорғаушылары”
ӨТКЕН ТАҚЫРЫПТЫ ҚАЙТАЛАУ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:
1.Топырақ дегеніміз не?
2.Топырақтың құрамы неден тұрады?
(Сарапшылар тобы)
3.Топырақ қандай жағдайларда бұзылуы ?
4.Осы жағдайларды экологиялық мәселе деп есептеуге бола ма?
Біздің ауылымызда осы мәселелердің қайсысы орын алған деп ойлайсыңдар?
(Жас табиғат қорғаушылар)
4.Топырақты қорғау үшін қандай
жұмыстар жүргізу керек?
5.Біздің ауылымызда орын алған мәселелерді шешуге қандай жұмыстар жүргізіліп жатырдеп ойлайсыңдар?
Слайд бойынша сабақты “Тірі және өлі табиғат” ойынымен жалғастыру. Онда тірі және өлі табиғат түрлеріне мысал келтіру арқылы жаңа тақырыпқа көшу.
Слайд. Сабақтың тақырыбы бойынша түсінік беру.
Слайд. Өсімдіктердің тірі организмге ұқсайтын белгілерімен таныстыру.
1.Өсімдіктердің тірі организмге ұқсайтын белгілерімен танысайық!
1. Өсімдіктер өседі, көбейеді және өледі. Өсімдіктер тұқымнан өседі. Өсімдіктер өскен сайын өзгереді.
2. Өсімдіктер Күн көзінің жарығын, жылуын пайдаланады. Өсімдіктер Күннің қуатын пайдаланып, өзіне қоректік заттар өндіреді
3.Өсімдіктер жасушалардан тұрады. Өсімдік жасушаларын ұлғайтқыш прибор микроскоп арқылы көруге болады. Жасушаларда өсімдік тіршілігіне қажетті барлық заттар болады
Слайд. Өсімдіктер өсуіне қажетті құбылыстармен таныстыру.
Өсімдіктер өсу үшін : жылу ,жарық,ауа,су қажет
Слайд. Өсімдіктер түрлерімен таныстыру.
Ағаштар: қайың,емен, көк терек,алма ағашы,қарағаш,терек және т.басқалар.
Бұталар: қарақат, таңқурай, итмұрын, бөріқарақат ,бөртегүл және т. басқалар.
Шөптектес өсімдіктер: түймедақ,боз, жусан,көкнәр және т. басқалар.
Слайд. Өсімдіктердің негізгі мүшелерімен таныстыру.
Өсімдіктің негізгі мүшелері олар: тамыр, сабақ және жапырақ
Сергіту сәті: көзге арналған музыкалық жаттығулар.
Слайд. Жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындау.
Тапсырмалар :
Төменде көрсетілген өсімдіктер тобынан біздің жерімізде, ауылымызда өсетін түрлерін тауып атаңдар.
Өсімдіктердің негізгі мүшелерін есте сақтай отырып, суретін салыңдар.
Сабақты қорытындылау. Өсімдіктер - тірі организм. Олар өздеріне қажетті қоректі табиғат заттарынан алады. Су, топырақ, ауа, күннің жылуы, жарық өсімдіктердің өсіп-өнуіне көмектеседі.
Ойын “Тауып көр”
Ойын мақсаты: оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылау.
Ойын тәртібі бойынша төменде берілген нұсқаулармен келіссе қолын шапалақтайды, ал келіспесе қолын сермелейді.
Өсімдіктер тірі ағзаға жатады.
Күзде ағаштар жапырағын түсіреді.
Ағаштарды тұқымнан егеді.
Қараңғы жерде өсімдіктер жақсы өседі.
Өсімдіктер ауаны тазартады.
Өсімдіктер жасушалардан тұрады.
Өсімдіктерге қамқорлық қажет.
Сабақты аяқтау
Слайд . Табиғат туралы өлең жолдарымен сабақты аяқтау.