kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок по познанию мира на тему "Өсімдік-тірі организм"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өсімдік- тірі организм

 

 Гулжиян Сайлауқызы Имангалиева

Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім   беретін мектеп- балабақша кешені

Сырым ауданы,Батыс Қазақстан облысы

2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік- тірі организм

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өсімдіктердің алуан түрлілігімен таныстыру, өсімдіктерді топыраққа бөлуді үйрету. Өсімдік туралы білімдерін кеңейту, дамыту. Өсімдіктердің адам және жануарлар өміріндегі маңызын түсіндіру. Өсімдіктер әлеміне оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, қорғай білуге баулу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, СТО технологиясының әдіс- тәсілдері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар

                                        Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық,

Қандай сұрақ болса да,

Таппай оны қоймайық,- дей отырып сабағымызды бастайық.

II Үй тапсырмасын тексеру.

«Топырақты қорғау» тақырыбын сұрау.

Өткенді пысықтау

  1. Топырақ дегеніміз не? (жердің өсімдік өсетін үстіңгі қабаты)
  2. Топырақтың құрамында нелер бар? (су,ауа, саз, құм, шірінді)
  3. Топырақтың ең басты қасиеті? (құнарлылығы)
  4. Топырақты не бүлдіреді? (жел мен жаңбыр)
  5. Құнарлы топырақ дегенді қалай түсінесің? (Топырақтың үстіңгі қабаты қоңыр түсті болады. Шіріндісі көбейген сайын ол  қарая түседі. Сондықтан ең құнарлы топырақты қара топырақ дейді).
  6. Судың қандай қасиеттерін білесің? (Пішіні жоқ, түссіз, мөлдір, иіссіз, жұққыш)
  7. Қандай заттар суда ериді? (тұз, қант)
  8. Қандай заттар суда ерімейді? (Құм, саз)
  9. Су табиғатта қандай күйде кездеседі? (қатты,сұйық,газ түрінде)

III Ой қозғау

Үйі де жоқ, күйі де жоқ,

Бірақ жауыннан да, дауылдан да,

Қымсынбайды.

Ыстыққа да,

Суыққа да,

Шын шыдайды.

Шешуін айта ғой,

Балалар білсін жайды

                ─   Жұмбақта үйі де, күйі де жоқ қандай тіршілік иесі туралы айтылған?

                ─   Жұмбақтың шешуі: Өсімдік

                ─  Өсімдік қандай жерде өседі? (өсімдік барлық жерлерде де өседі)

                ─  Табиғат нешеге бөлінеді? (екіге)

                ─   Тірі табиғатты атаңдар

                ─   Өлі табиғатты атаңдар

                ─   Өсімдіктер өсіп-өну үшін не қажет? (ауа, су, жарық жылу, қорек)

                ─    Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? (ағаш, бұта, шөп)

 

Топтастыру

Шөп                                   ағаш

 

Өсімдік

 
 

 

 

                                    

 

                                     Бұта

IY Оқушылардың білімдерін тұжырымдап, жетілдіру.

Күн қуатынан және топырақтан өсімдік қоректеніп өсімдік өседі, гүлдейді, жеміс береді, тұқым береді.

Өсімдік өскен шағында өте нәзік келеді

Жапырағы аз, жұқа сабағы қысқа, жұмсақ, тамыры жетілмеген бұл «балауса шағы»

Одан әрі өсімдіктің жапырағы көбейіп, сабағы қызарып, қатаяды, бұтақтанады. Тамыры тармақталып ұзарып, топырақтың арасына таралады және терең қабатына кіреді.  Өсімдік топырақта мықты бекініп, гүлдеп, тұқым, жеміс береді.Дегенмен белгілі бір уақыттан кейін өсімдік қартаяды, жемістер, сабағы,жапырақтары қурап түседі, өсімдіктің тіршілігі тоқтайды. Осы жағдайлардың бәрі «Өсімдік – тірі ағза» екенін дәлелдейді.

Y Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі

YI Мағынаны тану

Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру

                                           Сұрақтар мен тапсырмалар

Ағаш, бұта, шөп текті өсімдіктердің бір- бірінен қандай айырмашылығы бар?

I топ. Ағаштар – бір діңі бар, жуан, ең биігі

II топ. Бұталар. Бұтақ- тамырдан бірнеше бұтақ кетеді.

III топ. Шөптер. Шөп- аласа, нәзік, жұмсақ.

                             Дәптермен жұмыс

I топ. Өсімдіктің тірі организм екенін дәлелде. (Өйткені ол өседі, жайқалады, қартаяды, өледі)

II топ. Бақшада қандай өсімдіктер өседі? (Сәбіз, картоп, пияз, орамжапырақ)

III топ. Бақта ше? Алма, Алмұрт, өрік, алхоры, шие

 

I топ. Өсімдіктің өсуіне не қажет?

II топ. Қылқан жапырақты ағаштардың жапырағы қалай аталады?

III топ. Жұмбақ

Қысы- жазы шешпейтін,

Көйлегі бар жасылдан.

Өзгертпейді еш кейпін,

Жаралғандай асылдан. (Шырша)

1- сыныпта Ана тілінен өсімдік туралы қандай мәтін өттік?

«Жусанда туған жердің иісі бар» мәтіні 1 оқушыдан мазмұнын сұрау

 Мақал- мәтелдер айту, (Өсімдіктер туралы)

1. Таста тамыр жоқ.

2. Мәуелі- ағаш майысқақ.

3. Ағаш көркі жапырақ, Адам көркі шүберек.

4. Білім басқа бітеді, Қына тасқа бітеді.

5. Жарда өскен жантақты, жанына безген нар жейді.

6. Алтын күміс тас екен, Арпа бидай ас екен.

7. Бетегеден биік, жусаннан аласа.

YII Сабақты қорытындылау.

Өсімдіктер тірі организм. Олар өздеріне қажетті қоректі табиғаттан алады. Су, топырақ, ауа, күннің жылуы, жарық өсімдіктердің өсіп-өнуіне көмектеседі.

YIII Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып, мазмұнын айту.

Өздерің білетін ағаштың суретін салу.

IX Бағалау.

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок по познанию мира на тему "Өсімдік-тірі организм"»

Өсімдік- тірі организм


Гулжиян Сайлауқызы Имангалиева

Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін мектеп- балабақша кешені

Сырым ауданы,Батыс Қазақстан облысы



2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік- тірі организм

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өсімдіктердің алуан түрлілігімен таныстыру, өсімдіктерді топыраққа бөлуді үйрету. Өсімдік туралы білімдерін кеңейту, дамыту. Өсімдіктердің адам және жануарлар өміріндегі маңызын түсіндіру. Өсімдіктер әлеміне оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, қорғай білуге баулу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, СТО технологиясының әдіс- тәсілдері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық,

Қандай сұрақ болса да,

Таппай оны қоймайық,- дей отырып сабағымызды бастайық.

II Үй тапсырмасын тексеру.

«Топырақты қорғау» тақырыбын сұрау.

Өткенді пысықтау

  1. Топырақ дегеніміз не? (жердің өсімдік өсетін үстіңгі қабаты)

  2. Топырақтың құрамында нелер бар? (су,ауа, саз, құм, шірінді)

  3. Топырақтың ең басты қасиеті? (құнарлылығы)

  4. Топырақты не бүлдіреді? (жел мен жаңбыр)

  5. Құнарлы топырақ дегенді қалай түсінесің? (Топырақтың үстіңгі қабаты қоңыр түсті болады. Шіріндісі көбейген сайын ол қарая түседі. Сондықтан ең құнарлы топырақты қара топырақ дейді).

  6. Судың қандай қасиеттерін білесің? (Пішіні жоқ, түссіз, мөлдір, иіссіз, жұққыш)

  7. Қандай заттар суда ериді? (тұз, қант)

  8. Қандай заттар суда ерімейді? (Құм, саз)

  9. Су табиғатта қандай күйде кездеседі? (қатты,сұйық,газ түрінде)

III Ой қозғау

Үйі де жоқ, күйі де жоқ,

Бірақ жауыннан да, дауылдан да,

Қымсынбайды.

Ыстыққа да,

Суыққа да,

Шын шыдайды.

Шешуін айта ғой,

Балалар білсін жайды

─ Жұмбақта үйі де, күйі де жоқ қандай тіршілік иесі туралы айтылған?

─ Жұмбақтың шешуі: Өсімдік

─ Өсімдік қандай жерде өседі? (өсімдік барлық жерлерде де өседі)

─ Табиғат нешеге бөлінеді? (екіге)

─ Тірі табиғатты атаңдар

─ Өлі табиғатты атаңдар

─ Өсімдіктер өсіп-өну үшін не қажет? (ауа, су, жарық жылу, қорек)

─ Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? (ағаш, бұта, шөп)


Топтастыру

Шөп ағаш

Өсімдік





Бұта

IY Оқушылардың білімдерін тұжырымдап, жетілдіру.

Күн қуатынан және топырақтан өсімдік қоректеніп өсімдік өседі, гүлдейді, жеміс береді, тұқым береді.

Өсімдік өскен шағында өте нәзік келеді

Жапырағы аз, жұқа сабағы қысқа, жұмсақ, тамыры жетілмеген бұл «балауса шағы»

Одан әрі өсімдіктің жапырағы көбейіп, сабағы қызарып, қатаяды, бұтақтанады. Тамыры тармақталып ұзарып, топырақтың арасына таралады және терең қабатына кіреді. Өсімдік топырақта мықты бекініп, гүлдеп, тұқым, жеміс береді.Дегенмен белгілі бір уақыттан кейін өсімдік қартаяды, жемістер, сабағы,жапырақтары қурап түседі, өсімдіктің тіршілігі тоқтайды. Осы жағдайлардың бәрі «Өсімдік – тірі ағза» екенін дәлелдейді.

Y Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі

YI Мағынаны тану

Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру

Сұрақтар мен тапсырмалар

Ағаш, бұта, шөп текті өсімдіктердің бір- бірінен қандай айырмашылығы бар?

I топ. Ағаштар – бір діңі бар, жуан, ең биігі

II топ. Бұталар. Бұтақ- тамырдан бірнеше бұтақ кетеді.

III топ. Шөптер. Шөп- аласа, нәзік, жұмсақ.

Дәптермен жұмыс

I топ. Өсімдіктің тірі организм екенін дәлелде. (Өйткені ол өседі, жайқалады, қартаяды, өледі)

II топ. Бақшада қандай өсімдіктер өседі? (Сәбіз, картоп, пияз, орамжапырақ)

III топ. Бақта ше? Алма, Алмұрт, өрік, алхоры, шие


I топ. Өсімдіктің өсуіне не қажет?

II топ. Қылқан жапырақты ағаштардың жапырағы қалай аталады?

III топ. Жұмбақ

Қысы- жазы шешпейтін,

Көйлегі бар жасылдан.

Өзгертпейді еш кейпін,

Жаралғандай асылдан. (Шырша)

1- сыныпта Ана тілінен өсімдік туралы қандай мәтін өттік?

«Жусанда туған жердің иісі бар» мәтіні 1 оқушыдан мазмұнын сұрау

Мақал- мәтелдер айту, (Өсімдіктер туралы)

1. Таста тамыр жоқ.

2. Мәуелі- ағаш майысқақ.

3. Ағаш көркі жапырақ, Адам көркі шүберек.

4. Білім басқа бітеді, Қына тасқа бітеді.

5. Жарда өскен жантақты, жанына безген нар жейді.

6. Алтын күміс тас екен, Арпа бидай ас екен.

7. Бетегеден биік, жусаннан аласа.

YII Сабақты қорытындылау.

Өсімдіктер тірі организм. Олар өздеріне қажетті қоректі табиғаттан алады. Су, топырақ, ауа, күннің жылуы, жарық өсімдіктердің өсіп-өнуіне көмектеседі.

YIII Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып, мазмұнын айту.

Өздерің білетін ағаштың суретін салу.

IX Бағалау.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Открытый урок по познанию мира на тему "Өсімдік-тірі организм"

Автор: Имангалиева Гулжиян Сайлауқызы

Дата: 05.12.2017

Номер свидетельства: 442246


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства