Сабақ тақырыбы | Өнер алды – қызыл тіл | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау. 1.4 Тыңдарманның назарын аударту. 3.2.4.1 – аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтау; 3.1.4.1 – сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді қолдану. | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, қазақ тілі. | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; | |||||||||||||
Ресурстар | Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б | |||||||||||||
Бастапқы білім | 5-тарау өткен төрт тараудан(1-4) алынған білім мен дағдыларға сүйенеді. Оқушылар алдыңғы өткен құрылымды (шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, жоспар құруды үйрену) ұстанып, әңгімелерді жоспарлап, мазмұнын айта және өз ойын жаза алуы керек. | |||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы | Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығуы Асық арқылы бөлу Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды Жұмыс ережесін келісу Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Әңгімені «Шынжыр» әдісі бойынша тізбектеп жатқа сұрау. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау | Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы | Ширату тапсырмасы. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) «Көршіңе әңгімелеп бер» Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Ойқозғау. Нақыл сөзді түсініп оқы. Тіл сөзін сөз деп алып қайталап оқы. Өз ойыңды білдір. Ең тәтті де – тіл, Ең ащы да – тіл. Ең қатты да – тіл, Ең жұмсақ та – тіл. Неліктен? Автормен танысу айдары. Қазыбек би туралы мәлімет. Оқылымалды жұмыс. Алдаспан – қылыш. Безеріп – қатігезденіп, жек көріп. Безек қағады – жаны ауырады, шырылдайды. Оқылым. Оқулықтағы Қазыбек би туралы аңыз оқылады. Топтық жұмыс. І топ. 4-тапсырма. Салыстыру сызбасымен жұмыс. Мәтіндегі екі ананы салыстыра сипаттау (соңғы сөздеріне сүйене отырып, өйткені мәтіндегі осы сөздер баланы асырап алған ананың қатігез, ал туған анасының мейірімді екенін байқатады). ІІ топ. 5-тапсырма. Әр топ өз пікірінің дұрыстығын дәлелдейді. Жауаптарында үлгідегі кілт сөздерді пайдаланады. Меніңше, Қазыбек би әділ қазы деп ойлаймын. Менің ойымша, Қазыбек би әділ қазы емес. Өйткені … Себебі … ІІІ топ. Қажетті сөздерді жаз. Нақыл сөзде берілген тәтті, ащы, қатты, жұмсақ сөздерін қандай сөздермен алмастырар едің? Ең де – тіл, Ең да – тіл. Ең да – тіл, Ең та – тіл. ІV топ. Қазыбек бидің орнында болсаң, екі анаға қандай нақыл сөздермен төрелік айтар едің? «Бала – бауыр етің» аңыз-әңгімесінің негізінде екі ананың іс-әрекетіне қарай нақыл сөз құрастыр. Мысалы: Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс. Бағалау. Келтірілген айғақтарға қарап бағаланады. Бағалау критерийі
Дескриптор:
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау | Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмалары. Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырма лары | ||||||||||||
Сабақтың соңы | Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады. Ойтолғау. Жеке жұмыс. 1. Ойтолғау. 6-тапсырма. Қазыбек бидің шешендік сөзін жаттайды: Адал болса – досың жақын. Еркелейтін – немерең жақын. Өз ұрпағың – шөберең жақын. Туып-өскен – елің жақын. 2. 7-тапсырма. Осы шешендік сөздегі жақын сөзінің орнына жақсы, ыстық сөздерін қойып оқиды және Қазыбек бише толғап, шешендік сөз құрастырып жазады. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. «Ойлан, Жұптас, Пікірлес (ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «СМС» кері байланыс | Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Сабақтан алған әсерлерін хабарлама арқылы ұстазға оқып береді, немесе қалдырады. | ||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылат ын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||||||||