kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

: «?нер алды ?ызыл-тіл» т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «?нер алды ?ызыл-тіл»

Ма?саты: Балаларды ана тілін ??рметтеуге ж?не ана тілінде таза,еркін с?йлеуге ?йрету.

Т?рбиеші:-?айырлы к?н, ??рметті Ана тілімізді? меркесіне жинал?ан ?ауым. Тіл мерекесіне орай ?ткізгелі отыр?ан «Мектепалды даярлы? «А»» тобыны?

мерекелік ерте?гілігін бастау?а р??сат еті?іздер. Б?л мерекеміз елбасымыз «Н.?.Назарбаевты? 22 ?ырк?йек  Тіл мерекесі к?ні болып атап ?тілсін деген бастауын ?олдап, мерекеге жиналып отырсыздар. Я?ни 1997 жылы 22 ?ырк?йек к?ні ?абылдан?ан ?аза?станны? тіл туралы За?ында Республика халы?тарыны? тілдерін ?олдау мен дамыту ???ы?ыны? негізі бекітілген.

Т?рбиеші:Балалар ??тты болсын тілі? б?гін

                   Ашатын жан сарайын білімдеріні?

                   Кешегі ана? айт?ан, баба? айт?ан

                   Тілі?е зер салы?дар б?рын?ыны?.

-Балалар ашы? саба?ымызды бастамас б?рын орнымыздан т?рып ?н ?ранын орындайы?. (О?ушылар,м??алімдер орындарынан т?рып ?н ?ранды айтады)

Т?рбиеші:?рбір тілде с?йле ?лемді та? ?ылып,

                  Ана тілін білмеу ?андай за?дылы?.

                  ?сер бала?, байта? дала? т?ранда.

                  ?аза? тілі жасау керек м??гілік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«: «?нер алды ?ызыл-тіл» т?рбие са?аты »

Тақырыбы: «Өнер алды қызыл-тіл»

Мақсаты: Балаларды ана тілін құрметтеуге және ана тілінде таза,еркін сөйлеуге үйрету.

Тәрбиеші:-Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Мектепалды даярлық «А»» тобының

мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997 жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.

Тәрбиеші:Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдерінің

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан

Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.

-Балалар ашық сабағымызды бастамас бұрын орнымыздан тұрып ән ұранын орындайық. (Оқушылар,мұғалімдер орындарынан тұрып ән ұранды айтады)

Тәрбиеші:Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұранда.

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Аружан:

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым дара тілім.

Ұлмекен:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышы елімнің.

Жанай:

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Жанарыс:

Бұл гүлденіп жайнаған

Гүлстандар Отаны!

Бірін-бірі сыйлаған

Туысқандар Отаны!

Бұл ғажайып мұратты

Халықтардың Отаны!

Алтын заман құратын

Алыптардың Отаны!

Сол алыптың бірімін

-Отанымның ұлымын!

Тілім, дінім, самғаған, шарықтасын

Самғаудан еш уақыт жалықпасын

Өз алдында өмірден теңдік алған

Ана тілім көгімде қалықтасын.

Тәрбиеші:Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге сырлы ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік

Ән : Ана-тілін сүйеміз

Тәрбиеші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане, бәріміз қошеметтеп қарсы алайық. Муз. Әуенімен залга Ару Ана кіреді.

Ару Ана:

-Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен Аруанамын! Cендердің Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім! Бұл жерге әр ұлттың өкілдері жиналыпты ғой! Қандай керемет десеңші! Бәрі бір-бірімен тату-тәтті!

Тәрбиеші:Сәлеметсізбе Ару Ана! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз! Біздің Тіл мерекемізге әр ұлт өкілдері құр келмей өз өнерлерін ала келіпті.Қазір қазақтың ұлттық биін тамашалайық!

Би:«Қазақ биі» Қыздар ортаға шығады

Назым:

Сүйесің өз тіліңді

Боласың білімді

Өз тілің үйретер

Өнерді ғылымды

Ардақта тіліңді

Наурызбай:

Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

Ару Ана:Өнерлерің үстем болсын балалар! Балалар с

ендер тілге байланысты мақал-мәтел білесіңдер ме? Қане кім айтады?

Малик:Сөз асылы –мақал.

Аида:Өнер алды қызыл тіл.

Қалима:Шешеннің тілі артық.

Шебердің қолы артық

Арсен: Жақсы сөз –жарым ырыс.

Дария: Тіл тас жарады.-

Тас жармаса бас жарады.

Тәрбиеші:

Ана тілім-өзгелерден бөлексің,

Бала жүрек саған арнап жыр төксін.

Қай асылға теңдесемде жарасар,

Ана тілім –баға жетпес өнерсің.

Ән: «Ананың тілі»

Ару Ана:

-Талаптарыңа нұр жаусын!

-Балалар, қане көңілімізді бір сергітіп алайық! Ойын ойнағыларың келе ме?

Ойынның аты: Арқан тарту.

Ойынның шарты: Екі топқа бөлініп күш сынасып көрейік. /6-6 баладан таңдап алады/

Тәрбиеші:

Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

Султан:

Жанымнан қымбат

Ана тілім маған

Ана сөзден тыңдап

Үлгі өнеге алам.

Аяна:

Ана тілім –анам,

Аппақ қардай арым

Мұра еткен бабам

Жарқыраған жаным.

Алдияр:

Ана тілім –елдігім

Ана тілім-ерлігім.

Тілді биік құрметтеп

Тойлап жатыр ел бүгін

Ж.Аружан:

Ана тілім-тірегім

Ана тілім –жүрегім.

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін.

Тәрбиеші:Бізге өзбек халқының ұлт өкілдері өз өнерлерін алып келіпті.

Қошеметпен ортаға шақырайык!

Би:«Өзбек биі»

Ару Ана:Балалар әрдайым осындай тату дос болып,өз тілдеріңді құ

рметтеңдер. Осындай өнерлеріңе тамсаныпқуанып кетіп барамын. Келесі кездескенше сау болыңдар!Осымен құрметті қонақтар,балалар бүгінгі тіл мерекесіне арнаған ертеңгілігіміз аяқ

талды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
: «?нер алды ?ызыл-тіл» т?рбие са?аты

Автор: Жумабекова Нуржанар Бакытбековна

Дата: 10.09.2015

Номер свидетельства: 229900


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства