Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы «Ақбұлақ орта мектебі»
жанындағы шағын оралық тәрбиешісі
Актанова Гульназ Манарбековна
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Өнер алды- қызыл тіл»
Мақсаты:Балалардың Отаны,Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейтіп,Ана тілін сүюге,ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
[1]Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті «Өнер алды- қызыл тіл» мерекесіне жиналған қауым. Тіл меркесіне орай өткізгелі отырған «Балапан» тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың 22 қыркүйек «Тіл мерекесі»күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар.
Жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін
Ашатын жан сарайын білімдерің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.
Жылулық шеңбері:
Кел балалар тұрайық
Әдемі шеңбер құрайық
Уық болып иіліп
Кереге болып керіліп
Қазақ үйді құрайық.
-Балалар Тілдер мерекесін қай күні тойлатамыз(22 қыркүйек) бәрекелді дұрыс айтасыңдар Бұл мерекеміз елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың 22 қыркүйек «Тіл мерекесі»күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдаған екен.
Тілдер мерекесі біздің ұлттық тіліміз қандай тіл? (қазақ) жарайсыңдар өте дұрыс айтасыңдар.Тағы қандай тілдерді білесіңдер?( орыс, ағылшын) жақсы сендер біледі екенсіңдер.
Қазақта мынандай мақал бар «Өзге тілдің бәрін біл- өз тіліңді құрметте» дегендей біз өзіміздің ана тіліміз құрметтеуіміз керек.Енді балалар тілдер мерекесіне арнап жаттаған өлеңдерімізді айтайық:
Айдар: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп түр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Еркеназ: Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді, ғылымды
Мирас: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана-тілі ардақты
Ақ сүтіндей ананың
Айгерім:Қазақ тілім, өз тілім ана тілім.
«Бауырсақ» ертегісі сахналық қойылым
Сергіту сәті: Біз тәртіпті баламыз
Біз тәртіпті баламыз,
Айтқан тілді аламыз
Балабақшаға келгенде
Шкафтарды ашпаймыз
Кітаптарды шашпаймыз,
Текшелерден үй жасап,
Қызық ойын бастаймыз.
Жүргізуші: Балалар жарайсыңдар сендер тілге байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Еркеназ: Тіл тас жарады
Тас жармаса- бас жарады.
Айдар: Өнер алды қызыл тіл
Мирас: Жақсы сөз – жарым ырыс.
Бөкенбай:Сөз асылы- мақал
Айгерім :Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
«Не жоқ» ойыны
Жүргізуші:
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім
Ән: «Балабақша»орындайтын Балапан тобы
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілің білмеу қандай заңдылық
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
«Тіл –ата-баба аманаты.Ғасырдан ғасырға,ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан бабаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой.Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру,оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз,парызымыз. Құрметті қонақтар бүгінгі Тіл мерекесіне орай «Өнер алды –қызыл тіл» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Балалар сендерге көп рақмет тіл туралы тақпақ, мақал –мәтелдер жаттап келіпсіңдер,әрқашанда өзіміздің ана тілімізді құрметтейік.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рақмет. Сау болыңыздар.
[1]