kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Он алтыншы желтоқсан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Желтоқсан құрбандарына арналған сабақ. Сабақтан көп мәліметтер алуға болады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Он алтыншы желтоқсан»

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Жетібай ауылы

8 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

бастауыш сынып мұғалімі

ЖИРЕНШИЕВА ЖАНАР АЙТҚАЛИҚЫЗЫ

Сабақтың тақырыбы: Он алтыншы желтоқсан Әдебиеттік оқу 2- сынып

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру. Дамытушылық: Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу. Тәрбиелік: Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үнтаспа.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

II. Өтілген материалдарды қайталау, пысықтау.

Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- З. Шүкіров. «Ақша қар» өлеңін жатқа айтқызу. (3-4 оқушыға айттыру).
- Міне, балалар, осы өлеңде жылдың қай мезгілі бейнеленген? - Қыс мезгілі.
- Ақын ақша қарды неге теңейді?
- Ақ мамық қар, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібектің түріндей, ақ қардан көрпе жамылды.

- Олай болса, осы желтоқсан айында болатын ерекше мерекелердің бірін білу үшін біз қазір сөзжұмбақ шешеміз.
III. Жаңа сабақ.
- Сөзжұмбақтан ерекше торкөзден қандай сөз шықты?
- Тәуелсіздік.
- «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? (Оқушылардан жауап алу). Еркін, бостандық, өз бетінше.
- Ал, біздің еліміз тәуелсіздікті қашан алды? (жауап алу) 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады.
- Ендеше, оқушылар 16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған күн.
- Биыл біз тәуелсіздіктің неше жылын тойлаймыз? (25жыл).
- Тәуелсіздікті қашан алдық? - 1991 жылы 16 желтоқсанда.
- Міне, балалар тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.
- Осы біздің тәуелсіздігімізге, егемендігімізге көптеген ақын, жазушы ағаларымыз, аталарымыз өлеңдер арнаған екен.
- Олай болса, біз бүгін Т. Молдағалиев атамыздың «Он алтыншы желтоқсан» деген өлеңімен танысамыз.

- Ендеше, дәптерімізді ашамыз.
Салақтықтан қашамыз.
Көркем етіп жазамыз.
(күннің жады, тақырыпты жазу)

Тұманбай Молдағалиев өміріне тоқтала кетейік.

Кітаппен жұмыс

«Он алтыншы желтоқсан» өлеңін оқып, түсіндіру

Тізбектеп оқу.

Дәптермен жұмыс

16 желтоқсан қандай мереке екендігі есімізде сақталу үшін жазып алайық.

16 желтоқсан – Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күн.

Сөздік жұмыс жүргізу

Тәуелсіздік - еркіндік Мәңгілік – өмір бойы, өмірлік

Ерекше – дара, бөлек Жадымызда – есімізде


Сұрақтарға жауап аламын
1. Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталады?
2. Бұл күн қандай мереке? (оқушылардан жауап алу)
IV. Сергіту сәті.

Енді осы тәуелсіздік мерекесіне арнап жаттаған тақпақтарымызды айтайық.


- Ендеше, балалар, біз Т. Молдағалиев атамыздың «16 желтоқсан» өлеңімен таныссақ, басқа да ағаларымыз «Желтоқсан» оқиғасына арнап әуені мен өлеңдер арнаған екен. Солардың бірі «Желтоқсан желі» әнін біз қазір үнтаспадан тыңдайық, Әбиірбек Тінәлиевтің орындауында.
Үн таспадан тыңдау
- Міне, балалар жаңа біз әнді тыңдап отырып, видеосынан болған оқиғаларды да көрдік. Ағаларымыз бен апаларымыздың алаңға шыққанын, одан кейінгі қиыншылықтарын көрдік.


16 желтоқсанды неге Тәуелсіздік мерекесі деп атағанын білесіздер ме? Өйткені, 1986 жылы 16-17 желтоқсан күндері жастар өз пікірлерін жоғарыда басқарып отырған ағаларға білдіру үшін шеруге шыққан. Бейбіт тілекпен шыққан жастарды билікке қарсы шыққан деген сылтаумен аяусыз сабаған, тіпті кейбіреулерін өлтірген. Олардың қолында қару болмаған еді. Бар алып шыққаны «Өз елін өз көсемі басқарсын!» деген тақырыптағы қағазға жазылған сөздер еді..

Енді осы «Желтоқсан оқиғасына» тоқталайық.



  • Желтоқсан оқиғасы кезінде жалған жала жабылып, осы оқиғаның құрбаны болған аға-апаларымыз кімдер еді?

- Бүгін біз осылардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков өмірінен толық мағлұмат аламыз.

Кітаппен жұмыс

«Есіңе сақта» бөлімін оқыту (2-3 оқушыға)


2009 жылы 1 қаңтарында «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан 32 адамға, соның ішінде Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асановаға «Халық батыры» атағы берілді.

- Ендеше, бүгін бізге де «Қайраттың жазу дәптерінен» үзінді берілген екен. Сонымен танысайық.

  1. Өзім оқулықтан оқып беремін.
    2. 2 оқушыға оқытамын.
    3. Сұрақтарға жауап аламын.
    а) Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай?
    ә) Қ. Рысқұлбековтің асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсыңдар?
    Қайрат өз халқының бостандығын, ел болашағын, тәуелсіздігін өз алдына мақсат, асыл міндет етіп қойды.

  2. Қайрат Рысқұлбековтың қойын дәптерінен өлеңін оқыту (2 оқушыға)

АНА ТІЛІ АҚТЫҚ СӨЗ

Қайраттың өмірден өткеннен кейінгі өмірі.
- Міне, оқушылар қазір біз Қайрат ағамыздың сөзіне, ісіне қарап сипаттама берейікші.

Қайрат

Шығармашылық жұмыс.

  1. Отан туралы мақал-мәтелдер айту.

  2. Отан туралы 4 жол өлең құрастыру.


V. Сабақты қорыту.

- Біз бүгінгі сабағымыздан не үйрендік? Не білдік?
Сандардың сырын айтсақ, артынан бүгінгі сабағымыздың қорытынды, түйінді сөз шығады.

1986, 1991, 16

VІ. Үйге тапсырма:

1.Т.Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін жаттау.

2. «Мен елімді қорғаймын» тақырыбында әңгіме жазу.

3.Қайрат Рысқұлбеков туралы мәлімет жинастыру.

VІI. Бағалау.

VІІІ. Аяқтау. Ән «Көк тудың желбірегені»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Он алтыншы желтоқсан

Автор: Жиреншиева Жанар Айтқалиқызы

Дата: 04.02.2018

Номер свидетельства: 454734

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Т. Молда?алиев  «Он алтыншы желто?сан»   «?айратты? жазу д?птерінен»"
    ["seo_title"] => string(72) "t-moldag-aliiev-on-altynshy-zhieltok-san-k-airattyn-zhazu-d-ptierinien-1"
    ["file_id"] => string(6) "317534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460380797"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "Саба?ты?   та?ырыбы : Т?манбай    Молда?алиев  "Он   алтыншы    желто?сан""
    ["seo_title"] => string(68) "sabak-tyn-tak-yryby-tu-manbai-moldag-aliiev-on-altynshy-zhieltok-san"
    ["file_id"] => string(6) "293941"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455562268"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Он алтыншы желто?сан .?айратты? жазу д?птерінен. "
    ["seo_title"] => string(54) "on-altynshy-zhieltok-san-k-airattyn-zhazu-d-ptierinien"
    ["file_id"] => string(6) "205070"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429791612"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Т. Молда?алиев. Он алтыншы желто?сан. ?айратты? жазу д?птерінен "
    ["seo_title"] => string(70) "t-moldag-aliiev-on-altynshy-zhieltok-san-k-airattyn-zhazu-d-ptierinien"
    ["file_id"] => string(6) "163913"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422549553"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Он алтыншы желто?сан"
    ["seo_title"] => string(21) "onaltynshyzhieltoksan"
    ["file_id"] => string(6) "284696"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454006640"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства