2.Үй тапсырмасын сұрау .Зейнолла Шүкіровтың « Ақша қар » өлеңін жатқа сұрау. 3.Өткенді пысықтау.Ақын ақша қарды неге теңейді ?_
( ақ мамықтай , ақ көбелектей ,ақ жібектей ,ақ қардай ) .
4.Мақсат қою кезеңі .
Тақырыбын , мақсатын хабарлау .
5. Жаңа сабақ .Кіріспе әңгіме .
Қанша жыл , қанша ғасыр өтсе де , ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтындығы- оның халық тағылымдарымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – әңгіме емес , дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғаның бірі.
Сол бір суығы ерте түскен қыс күндерінде тоқырау тажалының ызғарында аяусыз , армансыз тапталған ар- намыстың ышқынған дауысы әлі де санамызда шыңылдап тұрғандай .
Сөзжұмбақты шешу.
Рәміз
Қазақтың ханы
Жыл басы
Киелі сан
Бұрынғы астана
Ресей халқы
Алып жануар
Қасиетті ай
Мұз айдыны
Жыртқыш құс
Қазақстан қаласы
Қандай сөз шықты? Тәуелсіздік.
16 желтоқсан қандай күн? 16 желтоқсан – Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күн .
Тұманбай Молдағалиевтің өмірінен мағлұмат беру . 1935 ж. А лматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған. Оның « Көктем таңы » , «Жаңа дәптер» , «Зулайды күндер» т.б өлең жинақтары бар .
6.Түсінгендерін тексеру.Оқулықпен жұмыс.
Он алтыншы желтоқсан өлеңін оқу. Өлең неліктен он алтыншы желтоқсан деп аталған? Бұл күн қандай мереке ? Есіңе сақта.
Қайрат Рысқұлбеков –Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ .
Мәтінді түсініп оқы.
Қайраттың жазу дәптерінен.
Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай ?
Қ.Рысқұлбековтың асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсың ?
Ісіне , сөзіне қарап , Қ.Рысқұлбековті сипаттап айт.