Балалар, «тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Бостандық, егемен деген мағынаны білдіреді.
«Он алтыншы желтоқсан» бұл қандай мереке күні деп ойлайсыңдар?
Ия, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні. Олай болса Тұманбай Молдағалиевтің «Он алтыншы желтоқсан» өлеңімен таныс боламыз.
Т. Молдағалиевтің өмірбаянымен таныстыру.
Тұманбай Молдағалиев (20.03.1935 жылы туған, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозында дүниеге келді - 10.10.2011, Алматы қаласы) — қазақтың біртуар ақыны. 2011 жылы қазанның 10 күні Тұманбай Молдағалиев дүниеден озды.
Тұманбай Молдағалиевтің түңғыш өлеңі "Украина қызына" 1954 жылы жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері" 1957 жылы жарық көрді.
Тұманбай Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. "Кәмила" "Көктем таңы", "Алатау қызы", "Ферюза туралы жыр", "Зулайды күндер", "Жүрегім менің сапарда" т. б. жинақтары шыққан.
Қайрат Рысқұлбеков туралы айтып беру.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.
Қайрат Рысқұлбеков – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ.
Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.
Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға мәтінді оқып, түсіндіру, тізбектете оқыту.
Сергіту сәті
1,2,3
Бойға жинап күш.
Күнде бестік аламыз.
Үйге қуана барамыз.
ІҮ.Ой- толғаныс
1. Мәтінде қорқақтық туралы не делінген?
2. Қайрат Рысқұлбековтың асыл міндет деп отырғанын не деп ойлайсың?
3. Қайрат Рысқұлбековты сипаттап бер?
Ү. Бағалау. Үйге тапсырмаберу.Өлеңді жаттау.Қ. Рысқұлбеков туралы мәлімет жинастыр.