Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту»
Оқушылардың ойлауқабілетін ойын арқылы дамыту
Кіріспе
Ойын дегеніміз – адамның ақыл - ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Халық даналағында «ойнай білмеген ойлай да білмейді» дейді. «Ойында озған, өмірде озады» деп жатады. Осы сөздердің сырына жүгінсек, біз 5 - 6 жастағы балақайлардың біз ойын арқылы сөйлеу тілін, олардың достарымен қарым қатынас жасауына және де мінез - құлықтарының дұрыс қалыптасуына үлкен көмек көрсетеміз. Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту - тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп - салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік - жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан - жақты дами алады. Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өз басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізгі іс – әрекеттің бір түрі. Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру.
Сондай-ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, озық технологияларды қолданылудамыз. Сондай технологияның бір түрі - "Ойын арқылы оқыту технологиясы". Ойын балалар әрекетінің бір түрі. Ойын қарым-қатынас құралы. Бастауыш сыныптағы жүргізілетін ойын түрлері баланың есінің, ойлау мен қиял және басқа танымдық процестеріне әсері мол. Ойын әдісін қолдану барлық сабақтарға тән. Мысалы: Ойын арқылы тіл сабақтарында балалар тіл тарихымен танысады, математика сабақтарында ойлау қабілеттері қалыптасса, дүниетану сабақтарында олар айналамен танысып, табиғат жөнінде түсініктері кеңейеді. Ойын балалардың бір- біріне қарым-қатынас жасауына, ұйымшыл болуына мүмкіндік жасайды.
А.С.Макаренко : "Ойын - балалар өмірінде маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі,жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды.Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер,ең алдымен тәрбиені ойын арқылы алады,"- деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп, тақырыпты жеңіл игеріп оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы, ынтасы артады түседі. Қазақ халқының ұлы ақыны
А.Құнанбаев: "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма ? "- деп айтқандай бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын -баланың өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынса, оның танымдық,тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушының сабаққа қызығуымен ынтасын арттырады. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, білім алады. Оқушының тілін дамытуда, сөйлеу мәдениетімен ой -өрісін, дүниетанымын жетілдіруде сюжетті ролді ойындар тиімді нәтиже береді. Бұндай ойындарға математика сабағында"Сатушы", "Кітапханада" т.б ойындарды ойнатуға болады. Мысалы: мен түзету - жетілдіру сыныбына сабақ беретін болғандықтан сабақта қолданатын ойындарды оқушылардың шамасына қарай жеңілдетіп алып отырамын. "Сандар қатары", "Көңілді поезд", " Жасырылған затты тап", "Болады-болмайды", "Артығын тап", "Адасқан буындар" және корректуралық ойындар т.б. Геометриялық фигураларды бояу арқылы пішіндерді, түстерді ажыратуға үйретемін. "Адасқан әріптер " ойынын ойнату арқылы әріптерден сөздер жазғызу, жаңылтпаштар айтқызу арқылы тілдерін жаттықтыру жұмыстарын жүргіземін. Мысалы "Көңілді поезд" ойынын ойнату арқылы оқушыларға құстарға көмек немесе аңдарға көмек көрсету жөнінде өз вагондарына отырғызу."Болады-болмайды" ойынын алатын болсақ, болатын нәрсеге "ия" болмайтын нәрсеге "жоқ" деп жауап беру керек", "Жасырылған затты тап" ойынын алатын болсақ көрсетілген нәрселердің "ішінен бір затты алып тастау сол затты табу. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыруға көмегі зор. "Ойында рухани және дененің даму қозғалысын көреміз,ойынды саналы түрде пайда келтіретіндей жүргізуіміз керек. Ойын-жасына және халықтық ғұрпына сәйкес болуы керек". ( Я.А.Каменский)
Әдістемелік құралдың мақсаты:
- Оқушылардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының
іс - әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау; - Оқушылардың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай жүйрік етіп тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра отырып, шапшаң ойлауға қалыптастыру;
2. Оқушыларының оқу үрдісіне ойын түрлерін пайдалану біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа қызығушылығын арттырып сапасын көтеру болып табылады;
3. Баланың оқыл ойын дамыту, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай жүйрік етіп тәрбиелеу, оқушыны қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге қол жеткізу.
Зерттеу объектісі: Ойындардың түрлері, білімділік, тәрбиелік маңызы.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспа материалдары, жаңа педагогикалық технологиялар, қорытындылары.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Ойын түрлері және оның ерекшеліктері
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму қуралы, та-ным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлікүнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне бай-ланысты.
Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеуалдымен ойында басталады». Мысалы; сюжеттік — рөлді ойындар.Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді — адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.
Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі — оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т.б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс — әрекеті ретінде көрсетеді.Ойынның түпкі ниеті — бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «қызы мен шешесі», «балабақша» және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады. Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:а) тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» және т.б. болып ойнау);ә) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (корабль салу, үйлер, стадиондар тұрғызу жәнет.б.);б) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелер, демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар т.т.). Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.Ойынның сюжеті, мазмұны — бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын… Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні — бала атқаратын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда — ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік болып табылады, бірақ олардың түрлі маңызы бар және әртүрлі ойындарда түрліше арақатынаста болады. Әрине ойынның әр түріне сипаттама беруге болады, дегенмен ойынның ішінде дидактикалық ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.
Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбиеқұралы
Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.
Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. С. Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім. Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын – жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр.