kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Нүкте.Сәуле. Сызық" Математика 1 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 сынып мұғалімдеріне арналған математика пәнінен сабақ түрі. мұғалім өз қалауы бойынша түрлендіріп өткізуге болады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Нүкте.Сәуле. Сызық" Математика 1 сынып»

Қысқа мерзімді жоспар Математика 1 сынып

Пән: математика

Тіл мүкістігі бар балаларға арналған арнайы №3 облыстық арнайы мектеп-интернат

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Лукпанова Аягоз Бактыгалиевна

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Нүкте.Сәуле. Сызық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

1.3.1.1.Геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйықталмаған емес сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды атайды, бір-бірінен ажыратады.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушы: геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, сәулені атайды.

Көпшілігі: тұйықталмаған емес сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды ажырата алады.

Кейбірі: Өз бетімен тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар туралы қорытынды жасап, түсіндіре алады

Ойлау деңгейінің дағдылары:

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийлері:

Геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйықталмаған емес сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды анықтап, дәлелдейді.

Тілдік мақсат:

Түзу, сәуле, бұрыш, нүкте, сызық, сәуле, тұйықталған және түйықталмаған сызық.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылау:

• Сызық неге олай аталған?

• Тұйықталмаған сызықтардың ұшы бола ма?

• Тұйықталған сызықтың ұшы бола ма?

Неліктен… екенін айта аласыз ба?

• … бұрыш қалай пайда болды?

• … нүктелерді қосқанда не шықты?

Құндылықтарды дарыту:

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

Проблеманы шешу;


Пәнаралақ байланыс:

Сауат ашу-Көркем еңбек-фигураларды салады, бояиды.

Жаратылыстану-ғарыш әлемі, жер, жер серігі, жұлдыз

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білім:

Оқушылар күнделікті кездескен заттарды сипаттай отырып, Заттардың қандай айырмашылығы барын айтады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

(ресурстар)

Басы

Сабаққа дайындық.

«Жолға шығу » ойыны

Компас, қасық, шалбар, стақан

Топтарға бөліну.

1,2,3 санау арқылы топқа бөленеміз

Ширату

Алып шығатын заттарын айтады. Оны сипаттайды.




Ортасы


(М.Т). -Олай болса, бүгінгі сабақта біз «Ғарышқа саяхатқа» шығамыз.

Оқушылар ұшуға дайындалады. /Ғарыш туралы әуен естіледі/ Балаларға сұрақтар қойылады. Интерактивті тақтадан ғарыш туралы бейнефильм көрсетіледі.

- Балалар, сендер ғарыштан не көрдіңдер?

- Жұлдыздар неге ұқсайды екен?

- Түнгі аспанда жұлдыздар қалай көрінеді?

-Олар неге ұқсайды?

/Балалардың жауабын тыңдау. Нүктеге ұқсайды деген тұжырымға тоқталу/.

(Ұ. Т.Ө).Дәптермен жұмыс

-Жұмыс парақтарыңда нүктелерді бейнелеңдер.

  • Нүктелерді қағаз бетіне үшкір ұшталған қарындашпен дұрыс салуға болады.

  • Әр жұлдыздың өз атауы болады. Мысалы: Темірқазық, Ақбозат, Есекқырған т.б.

-Біздің нүкте-жұлдыздарымыздың атаулары болуы керек.

-Нүктелерге латынның бас әріптерінің (латын әліпбиінің әріптері) көмегімен атау беріледі: А, В, С, D.

(Нүкте –точка- point)

-Өз нүктелеріңді белгілеңдер.

-Ғарыш әлемінде ғарышқа ұшатын аппарат ұшып бара жатыр деп елестетіңдер. Ол жолынан адаспай түзу ұшып барады.

-Ғарыш аппаратының ізін қалай кескіндеуге болады?

-Өз парақтарыңа осы іздің суретін салыңдар.

-Не салдыңдар?

-Сызық салдық.

М: Нүкте мен сызықтың ең қарапайым геометриялық фигура және сызған сызықтар тұйықталмаған сызық екендігін түсіндіру.

(Сызық- линия - line )

(О.Т)-Саяхатты жалғастырайық. Ұшқыш А нүктесінде орналасқан, осы нүктеден ұшуға аттанады. В, C, D жұлдыздарын ұшып өтіп, қайтадан А нүктесіне оралады.

-Ол ұшып өткен жолдың сызығын сызыңдар. Ол сызық қандай болып шықты?

(М.Т)-Мұндай сызық тұйықталған деп аталады. Біз оны А нүктесінен бастадық та, қайтадан А нүктесіне қайтып оралып, сызып әкелдік. Бұл сызықтың басы да, аяғы да жоқ.

— Сызықта қандай нүкте орналасқан?

— Тұйықталған сызықтың ішінде қандай нүктелер қалды?

— Қандай нүкте сыртында орналасқан?

-Енді В нүктесінен С нүктесіне ұшып бару керек және D нүктесіне қонуды елестету керек. Сызық жүргізіңіз.

Сұрақ қойыңыз:

— Сіздің сызығыңыз қандай болып шықты?

-Балалар, сендер түнгі аспаннан жұлдыздардың құлағанын көрдіңдер ме? Сонда олардың артында не қалады? /Сызық қалады деген тұжырымға тоқталу/

«Бақыла, Зертте, Болжа.»

(Ж) (О.Т) Оқушылар өз жұптарымен сынып кеңістігін зерттейді. Сынып бөлмесінен нүктеге, сызықтарға ұқсас заттарды, суреттерді іздеп, талқылайды. Олардың неге ұқсайтынын айтады. Төмендегі сұрақтарға жауаптар іздейді.

- Бұл сызық қалай аталады?

- Сыныптан және мектеп ауласынан қандай сызықтарды көруге болады?

- Тұйықталған сызықтың тұйықталмаған сызықтан қандай айырмашылығы бар?

- Қандай сызықтарды сызғыштың көмегімен салу ыңғайлы?


(Ө,Қ) Жеке жұмыс парағындағы тапсырманы орындау.

Тұйықталған сызықтарды қызыл түспен, тұйықталмаған

сызықтарды көк түспен қоршап сыз. Нүктелерді әріптермен белгіле.

Дескриптор: Білім алушы

- берілген геометриялық фигураларды ажыратады және тиісті

түспен бастырып сызады.

Оқулықпен жұмыс.

Суретке зер салу.

Шығарып көр. Тапсырмаларын орындау

Оқушылардан оқулықтағы өз орбитасымен Күнді айналып жүрген Жер ғаламшары көрсетілген және Жерді айналып жүрген Ай ғаламшары көрсетілген суретті қарап шығу.

Суреттен нүктелерді, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды және сәулелерді табады.

https://www.youtube.com/

Ғарыш


Нүкте

сызық




Жұмыс дәптері


Әр оқушыға арналып тірек сөздер жазылған кеспеқағаз;

• маркерлер;

• жіптер ламинатталған А3 форматтағы қағаз парақтары.























Тұйықталған сызық

Тұйықталмаған сызық























Оқулық
























Оқулық.

нүктелер- жұлдыздар; тұйықталған сызықтар: Күнді айналып жүрген Жер;жерді айналып жүрген Айдың орбита сызығы;

тұйықталмаған сызық- ағып бара жатқан жұлдыздың ізі.

Соңы

(Ж) (Қ)Оқушыларға түрлі түсті жіптер беріледі. Олар осы жіптерден табиғатты бейнелеп көрсетеді. Табиғаттағы заттар қандай сызықтарға ұқсайтынын айтады.

Дескриптор: Білім алушы

- нүктені анықтайды;

- түзуді анықтайды;

- сәулені анықтайды;

- кесіндіні анықтайды;

- сызық түрлерін анықтайды.

Оқушылар сабақ соңында:

Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында

әртүрлі нүкте мен сызықтарды көрсете отырып, сұрақ қою:

Суретте не көрсетілген? Бұл сызық қалай аталады?

Сыныптан және мектеп ауласынан қандай сызықтарды көруге болады?

Тұйықталған сызықтың тұйықталмаған сызықтан қандай айырмашылығы бар?

Қандай сызықтарды сызғыштың көмегімен салу ыңғайлы?

Сәуле түзу сызықтан несімен ерекшеленеді?

Кері байланыс:

«Бағдаршам»әдісі

Жасыл-өзге түсіндңре аламын.

Сары-өзім түсіндім

Қызыл-аздап түсіндім.


түрлі түсті жіптер
















Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз.

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланысы



Оқушыларға қолдау көрсету үшін әр жауаптарына қол шапалақтау арқылы мадақталады.

Қабілетті оқушылар топпен және жұппен жұмыс кезіндегі тапсырмаларды басшылыққа алады.


Қорытынды бөлімде оқушылардың нүкте мен сызықтарды ажыратуы;

түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды айыра білуі;

түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды салуы бағаланады.


Сынып кеңістігін зерттеу кезінде әртүрлі нүктелер мен сызықтарды көрсете отырып, сұрақтар қойылады.

Сабақ жаратылыстану пәнімен байланысты, өйткені кіріспе бөлімінде оқушылар ғарышқа саяхат жасайды.

Көркем еңбек пәнімен, дүниетану байланысты, өйткені жіптермен әртүрлі фигуралар жасап, табиғатты бейнелейді.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Нүкте.Сәуле. Сызық" Математика 1 сынып

Автор: Бактыгалиевна Лукпанова Аягоз

Дата: 24.11.2019

Номер свидетельства: 528411

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Радиус ж?не диаметр Математика 4 сынып "
    ["seo_title"] => string(42) "radius-zh-nie-diamietr-matiematika-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "200911"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428936192"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "откырытый урок  "Сызы?ты? функция""
    ["seo_title"] => string(34) "otkyrytyi-urok-syzyk-tyk-funktsiia"
    ["file_id"] => string(6) "286972"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454421120"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Конспект урока математики "Т?ртб?рыштар" "
    ["seo_title"] => string(42) "konspiekt-uroka-matiematiki-tortbu-ryshtar"
    ["file_id"] => string(6) "176812"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424497908"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "?шб?рыш?а сырттай ж?не іштей сызыл?ан ше?бер"
    ["seo_title"] => string(58) "u-shbu-ryshk-a-syrttai-zh-nie-ishtiei-syzylg-an-shien-bier"
    ["file_id"] => string(6) "273650"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452254306"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Координаталы? т?зудегі екі н?ктені? ара?ашы?ты?ы"
    ["seo_title"] => string(49) "koordinatalyktuzudieghiiekinuktieninarakashyktygy"
    ["file_id"] => string(6) "290017"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454912357"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства