Тұсаукесер | Өткен сабақты қайталау «Жуан және жіңішке сұрақтар »стратегиясы -Зат есім дегеніміз не? -Етстік дегеніміз не? -Сын есім дегеніміз не? -Сан есім дегеніміз не? --Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады? -Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады? -Қазір жылдың қай мезгілі? | Өткен сабаққа байланысты сұрақтарға жауап береді Ережелерді айтады. |
Негізгі бөлім | 462-жаттығу. Мәтінді оқып, сан есімдерді тап.Сан есімдерді байланысқан сөздермен бірге теріп жаз. Мәтіннің түрлерін айтады. «Түртіп алу»стратегиясы. 463-жаттығу.Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз. 6бақан, дер5, 9құмалақ, с10а, 4бақ. Сергіту сәті 465-жаттығу.Сызбадағы сөз таптарының өзгешілігін дәлелде. Топтық тапсырмалар «Ойлан,жұптас,топтас» стратегиясы 1-топ Сәйкесін тап! Бір асым тұз Бір ұрттам қамыр Бір жайым сөз Бір ауыз су Бір шымшым ет Бір үзім қазы Бір елі нан 2-топ «Қызықты сөздер» ұйқасын айт. К + 2 + Л = К + 3= Қ + 10 + АҚ = КҮ + 1= 5 + ІК = 3-топ Сөздерден сан есімдер Шығарыңдар Түшкіру Алтын жүзік Тоғызқұмалақ Оның бесігі Қойды қырықтық 4-топ Мақалдарды санмен толықтыр 1..........саусақ бірдей емес. 2.Білекті .......жығады,білімді.......жығады. 3........кісінің түсін білгенше,.......кісінің атын біл. 4.......ала болса,ауыздағы кетеді,......түгел болса, төбедегі келеді. | Мәтінді оқып, сан есімдерді табады. Сан есімдерді байланысқан сөздермен бірге теріп жазады. 12-25 грамм, екі аптадан, үшінші, төртінші аптадан, екі айға. Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жазады. алтыбақан, дербес, тоғызқұмалақ, сона, төртбақ. Сергіту сәті Сызбадағы сөз таптарының өзгешілігін дәлелдейді. сыны сөз саны сапа табы реті Топпен орындайды. Топтық жұмыстар 1-топ Сәйкесін тап! Бір асым ет Бір ұрттам су Бір жайым қамыр Бір ауыз сөз Бір шымшым тұз Бір үзім нан Бір елі қазы Кекіл Күш Қонақ Күбір Бесік Сөздерден сан есімдер Шығарыңдар Түшкіру 3 Алтын жүзік 600 Тоғызқұмалақ 9 Оның бесігі 15 Қойды қырықтық 40 Он Бірді,мыңды Жүз , бір Алтау,төртеу |
Қорытынды | Тест арқылы бірін - бірі бағалау. 1. Заттың санын білдіретін сөз табы – А) зат есім Ә) сын есім Б) сан есім 2. Сан есімнің сұрақтарын белгіле. А) Қандай? Қай? Ә) Қанша? Неше? Нешінші? Б) Не істеді? Қайтті? 3. Нешінші сұрағына жауап беретін сөзді тап. А) бесінші Ә) бес Б) бесеу 4. Сан есімді тап. А) сана, оқы Ә) жиырма, үш жүз Б) биыл, былтыр 5. Сөйлемнен сан есімді тап. Олжас бірінші орын алды. А) Олжас Ә) бірінші Б) орын В) алды. | Сұрақтарға жауап береді. Сан есім Ә) Қанша? Неше? Нешінші? А) бесінші Ә) жиырма, үш жүз Ә) бірінші |