Просмотр содержимого документа
«Мұқағали жырлайды мәңгілік»
Мұқағали жырлары мәңгілік.
Мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату,сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне,жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу,ақын жырларынан үлгі алу.
Көрнекілігі Ақынның портреті,слайдттар,кітап көрмесі,шығармалары,ақын туралы естеліктер,ақын туралы жазылған пікірлер,нақыл сөздер,техникалық құрал-жабдықтар .
1-жүргізуші: Қайырлы күн,қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!
2-жүргізуші: Армысыздар жыр сүйер,асыл жандар! Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали жырлары мәңгілік» атты әдеби –сазды тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Сырымда осы,
Жырым да осы,
Алдыңда.
Байқашы бір,
Бықсыдым ба,жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда,-деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні.
1-оқушы:Айкәрім
Бүгін менің туған күнім
Ой,бәле-ай!
Мына адамдар неғып жатыр тойламай
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойған-ай
Мына дүние неге жатыр үндемей,
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
Мынау-шапан,мынау атың,мін! демей
Мынау жұртқа жақпады ма әлденем,
Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?
Халқым, сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышын,мұңынды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен бәрібір өзіңменен бір болам,
Өзегіңнен тепсең дағы ұлыңды.
2-жүргізуші:
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлаған Мұқағали Мақатаев биыл 87 жасқа толып отыр.Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай,өркендей өсіп,айшықтала түсуде.Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.
1-жүргізуші: Аламан бәйге оза шауып,өлең жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік,талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан.Оны біріміз білсек,біріміз білмейміз.
2-жүргізуші: Олай болса,қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір жолына тоқталып өтуді жөн көрдік.(Бейне роликтерге көңіл аударайық)
1-жүргізуші: М.Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өмірде колхоз ұйымдастырушы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шаруа адамы еді.
2-жүргізуші:
Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық қандай рахат,
Қандай рахат сәбилер жыламаған.
«Шеше, сен бақыттысың» Қуат
Шеше, Сен бақыттысың! Жыламағын. Жай түсіп жатқанда да құламадың. Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның, Сондықтан жыламағын, жыламағын! Бармын ғой, Тірімін ғой, Қасыңдамын. Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын! Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын, Байырғы берекеңді қашырмағын! Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа, Өзім кепіл тот басып тозбасыма. Екі жыр жазсам саған бірін арнап, «Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына. (Тәңірім кеше көрсін кесірімді.) Аспанға жазам сенің есіміңді!!! Шеше! Сен бақыттысың, тербете бер, Құба талдаи иілген бесігімді...
Ән : Құттықтаймын мама,туған күніңмен!»
Сөзі : М. Макатаев Әні: Н. Тілендиев Құттықтаймын мама, туған күніңмен Нұрын төккен маған Шуағымсың - сен! Айналайын мама Қуанышынмен! Шаттандырған мені, Жұбанышым сен! Құттықтаймын сені, Туған күніңмен! Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля Аялаған мені Ән қанатьгмен Қүттықтаймын сені Салтанатыңмен! , Бакытты ғой заман Қандай көңілді. Мен тілеймін саған Ұзақ өмірді. Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля 1-жүргізуші: Шетінен өлең жыры шұғылалы,
Біз түсініп болған жоқпыз ұғып әлі,-демекші шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды» деген еді Шелли хан. Мұқағалидың поэзиясымен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.
«О,Туған жер»,Думан
«Қарасаз» Мирас
«Пай,пай киелі неткен жер!»Айым
«Отан»Дархан
« Отан туралы»Темірхан
«Үш бақытым», Ағлан
2- жүргізуші: Бақыт деген не өзі
"Бақыт деген не өзі" деп бастады топ таласты.
Біреуі оңы үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген барлық байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең бақыттысың де емес пе?
Бірі айтады: жоқ, бақыт деген қолың жетпес маңсап қой,
Жұрттан көрі жүрсен ирек, соның өзі жақсы атты ғой.
1-жүргізуші Бірі айтады: бақыт деген, бақыт деген,
жүйрік мініп, той тойлау,
Ісің болмай күйбеменен,
қарын тойса қарт ойнау.
Бірі айтады: бақыт деген адал жар мен перзент қой,
Ынтымаққа ырыс келген ол да соған келмек қой.
Пікірлердің таласына солай мен жолықтым.
Бақыт адам басалына келмес оңай, соңы ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Маңсап жетпес бар адамға үлістіріп алғанда,
Үміт үзбей зейтұлар, таңдап сол бір жақұтты,
Оны алыстан іздемегін, жүректен тап – бақытты дей келе отырып «Бақыт –деген»әнге береміз
Ән: «Бақыт деген»
2-жүргізуші:
Шарасында шаттықтың мұңы басым,
Нұр-сәуле боп жүректе жыры қалсын.
Мұқағали – мұзарттың мұзбалағы,
Шашып өткен әлемге шұғыласын,-демекші, ендігі кезекті ақынның поэмаларына кезек берейік. Жазушы Ғабит Мүсірепов осы поэманы оқып шыққаннан кейін, поэманы қатты ұнатып, жазушы Ғабит Мүсірепов өзінің алтын қаламсабын ақынға сыйға тартты. Ендігі кезекті ақынның өз поэмасына берейік.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді көрсету (көрніс)
Ақынның өз тағдырына деген ризашылығы болашаққа деген ұлы сенімінен туындаған болатын.
1-жүргізуші:
Қарсы алмаса,
Құрысып қарсы алмағын.
Ән салып бер,
Әніңмен жан сал маған.
Жаңғырып жасыл тау жөнелсін бір,
Жатасың ұйып, жапанда дел-сал далам,- деп ақынның өзі жырлағанындай, әннің де құдіреттілігін ақын ерекше бағалаған.
Ән «Есіңе мені алғайсың»
2-жүргізуші:
- Өлеңдері қандай еді ақынның,
Себелетіп жүрегіңе нұр шашқан,
Ал әндері қандай еді мөп-мөлдір,
Тыңдай бергің келе беред тыңдасаң.
«Маған ,құрбым, кектенбе»Айнара
«Менің бір досым»Жансая
«Көшеде» Айару
«Дәрігер»Айдос
«Жаңа жыл»Мадияр
Би : «Шашу»
1-жүргізуші:
- Тірісінде сый көрмей кеткен ақын,
Тек өлген соң атағын жайған ақын.
Ежелден қазақтың бұл қасіреті,
Бармағын тістеп кейін ойланатын.
2-жүргізуші: Мұқағали есімі қазақ поэзиясының символына айналған ұлы ақын. Қазақтың қаншама Мұқағалидан кейінгі ақындар Мұқағали жырымен рухтанды. Мұқағали қаншама ақынға шын жылаудың қалай болатынын көрсетті. Сондықтан да Мұқағали жырлары мәңгілік.
«Тәтті сұрақ» ойыны
Мұқағали Мақатаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?