kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш «Жырлайды ж?рек»

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш

«Жырлайды ж?рек»

Кешті? ма?саты:

            А?иы? а?ын, артына айры?ша ?шпейтін із ?алдыр?ан М??а?али Ма?атаевты? ?мірі мен шы?армашылы?ына шолу жасау. М.Ма?атаевты? ?ле?дері мен ?ндері ар?ылы о?ушыларды ?семдікке, елжандылы??а т?рбиелей отырып, поэзия ?леміні? сырын ашу.

Кешті? к?рнекілігі:

 М.Ма?атаевты? суреті, а?ынны? шы?армасы мен ?міріне арнал?ан к?рме. Видео сюжеттер.Сазды музыка.

Ж?ргізуші: Армысыздар, ?адірлі ?стаздар мен ?ымбатты о?ушылар! Жыл керуені ал?а жылжы?ан сайын М??а?али Ма?атаевты? артына ?алдыр?ан ?шпес м?расы, жары? ж?лдыздай ?ара??ы т?н ?ойнауынан ??пия с?улесін шаш?андай жар?ырайды. Абай ?ндес М??а?алидай перзенті бар бізді? халы?-шынымен де ба?ытты. И?, М??а?али- ?ажайып, сыршыл, а?ын.  Оны? ?ле?дерін о?ы?ан сайын а?и?ат бейнелі рух,  сезім мен сананы? бірлігі к??ілге ?ялайды.

          Енднше а?иы? а?ынны? шы?армашылы?ына арнал?ан «Жырлайды ж?рек» атты ?деби-сазды кешімізді бастаймыз. Б?гінгі кешімізде а?ынны? ?ле?дерін о?умен ?атар, оны? ?ле?деріне жазыл?ан тамаша ?ндерді де ты?дай аламыз. Сонымен ?атар, а?ын туралы видеосюжеттерді де ?сынуды ж?н к?ріп отырмыз.

Ж?ргізуші: Аламан б?йгеде оза шауып, ?ле?-жырда шашасына ша? ж??тырма?ан ерен ж?йрік, талантты т?л?а М??а?али а?ынны? ?мір жолы ?р алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, ?ыран та?дырлы а?ын М??а?али Ма?атаевті? ?мір жолынан деректерге назар аударайы?.

/ 1 Интерактивті та?тадан М??а?али Ма?атаев туралы бейнеролик ж?реді (Видео 1)/

        А?иы? а?ын 1931 жылды? 9-а?панында Алматы облысы, ?азіргі Райымбек (б?рын?ы Нарын?ол) ауданыны? ?арасаз ауылында д?ниеге келген. М??а?алиды? ?кесі С?леймен шаруа адамы бол?ан. Бастауыш сыныпты ?арасазда о?ып, орта мектепті Нарын?олда интернатта о?ып бітіреді. Мектепте о?ып ж?рген кезде е? ал?аш?ы ?ле?дерін баста?ан болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, м?дени-а?арту саласында т?рлі ?ызметтер ат?арды. Мектепте ?дебиет п?нінен саба? берді. Ауданды? газетте ?деби ?ызметкер болып істейді. Ол 1962 жылы Алматы?а ?оныс аударып, ?деби орта?а етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтыны? неміс тілі, ?аза? мемлекеттік университетіні? филология факультеттерінде о?ып ж?не М?скеудегі М. Горький атында?ы ?лем ?дебиеті институтында білім алады. 
       М?нан со? «Социалистік ?аза?стан» (?азіргі «Егемен ?аза?стан») газетіні? (1962-1963 жж.), «М?дениет ж?не т?рмыс» (?азіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Ж?лдыз» (1965-1972 жж.) журналдарыны? редакциясында, ?аза?стан Жазушылар ода?ында (1972-1973 жж.) ?ызмет ат?арады.
        М??а?али Алматыда?ы ?аза? ?дебиеті мен ?неріні? ?айма?тары шо?ырлан?ан ортада ?ткерген аз ?ана жылдар ішінде ?зіндік дара ?нін, суреткерлік ?айталанбас дарынын танытып, ?німді е?бектене білді. К?зіні? тірісінде жариялап ?лгерген жыр жина?тары:
 «Ильич» (1964ж), «Армысы?дар достар» (1966ж), «?арлы?ашым келді? бе?», «Мавр» (1970ж), «А??улар ?йы?та?анда» (1973), «Шуа?ым мені?» (1975ж) 
Ж?ргізуші: 
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер ?р т?л?алы.
Біреулер т?лпар еді деуі м?мкін,
Б?тінделмей кеткен бір ер т?рманы.»
И?,а?ын туралы б?гінгі та?да естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Біра? а?ын туралы айт?анымыздан айтпа?анымыз к?п болып отыр. М.Ма?атаев туралы к?бірек білгіміз келсе, оны? ?ле?дерін о?иы?. Алдымен а?ынны? ?зі туралы жазыл?ан «Мені? анкетам» ?ле?ін ты?дап алайы?.

**

Ж?ргізуші: А?ын ж?регі сезімтал ?ой. Ол ?з замандастары мен кейінгі ?рпа?ыны? ?зін ?ле?дерімен бірге есіне алып ж?рерін алдын ала сезгендей.  О?ан а?ынны? «Есі?е мені ал?асы?» атты ?ле?і д?лел емес пе.

/2 Интерактивті та?тадан бейнеролик ж?реді (Есі?е мені ал?асы?)/

Ж?ргізуші: Енді а?ынды еске ала отырып, кезекті оны? ?ле?деріне берейік. Ту?ан жерге, елге, хал?ына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі а?ын ретінде оны? басты та?ырыбы еді. Ол ?зіні? ?лтын, ту?ан тілін ерекше ??рметтеді.

/«?ш ба?ытым», «Отан», «?аза?стан», «?ара ?ле?»  ?ле?дері о?ылады/
Ж?ргізуші:
  Поэзия, менімен егіз бе еді? – деп а?ын ?зі жырла?андай, М.Ма?атаев ?ле? жазып ?ана ?оймай, ?з ?ле?дерін шебер о?и ал?ан а?ын. Ол біраз уа?ыт ?аза? радиосында диктор болып та ?ызмет етеді. Оны? дауыс ерекшклігін, о?у м?нерін ?аза?ты? Левитаны атан?ан ?нуарбек Байжанбаев жо?ары ба?алап, ?з ?ол астына алады. Ендеше а?ынны? ?з дауысын естіп к?рейік.

/ 3  Интерактивті та?тадан бейнеролик ж?реді (?з дауысы)/

 /«Б?л?ынып жатыр», «?арлы?аш»,  «?аздар ?айтып барады», «Пай,пай ?мір»/

Ж?ргізуші: Осы ?ле?дерді ты?дай отырып, м?нерлеп о?уды? не екенін шын м?нінде т?сінесі?. Ерекше дауыс тазалы?ы та? ?алдырып, ты?даушыны ?зіне баурайды. А?ын шеберлігі мына отыр?ан балалар?а ?ана емес, ?стаздар ?ауымы бізге де к?п н?рсені ?йретеді.

             ?ле? ?нер, ?ле? дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант ?ана ?мірге ?келеді. А?ын ?келген ?рбір с?з ж?ректерге ?н болып, ?уен болып жетіп жатады. Оны? ?ндері-та??ы шы?тай м?лдір, сырлы ?уенді. Ты?дап ж?рген жанымыз?а жа?ын ?ндерді? к?біні? с?зін М.Ма?атаев а?амыз жаз?анын біле де бермейміз. Кезекті осы ?сем ?ндерге берейік.

/ 4  Интерактивті та?тадан бейнеролик ж?реді (?ндері)/

 /«Диалог», «А? ша?ала»,  «А? ?айы?», «Саржайлау»/

Ж?ргізуші:  Енді а?ынны? ?ндерін ?з о?ушыларымызды? орындауында ты?дайы?.

  1. Анарбекова Аружан –
  2. Н?р?алиева Ай?аным –

Ж?ргізуші:  Б?гінгі та?да жас ?рпа? М??а?али ?ле?дерін с?йіп о?умен ?атар, а?ын а?аны? жолын ?уып, ?ауырсын жырларымен арнаулар да жазатындары аз емес.

/ 5  Интерактивті та?тадан бейнеролик ж?реді (Видео 2)/

Ж?ргізуші: Бізді? де балалар ??р ала?ан емес. ****

Б?гінгі кешімізге ат салысып жат?ан балалар?а к?п рахмет айтып, а?ынды? жол?а бас?ан ?адамдары? ??тты болсын, талаптары?а н?р жаусын демекпіз. Болаша?та сендерді? де іштер?нен ар?алы а?ындар шы?ады деп сенеміз.

 А?ын м?расы, маржан поэзиясы – м??гілік болаша?  ?рпа?ты? еншісі, ?астерлеп, ?адірлейтін ?азынасы, дей т?ра, ?асырымызды? ?аламат а?ынына деген ?ошемет мемлекет тарапынан ?лі де аздау ма дейміз. Осы с?зімізге келесі к?ретін видеосюжет негіз болады.

 / 6  Интерактивті та?тадан бейнеролик ж?реді (Ту?ан к?нім)/
Ж?ргізуші:

Айтылма?ан М??а?да арман бар ма?

?р бір ?ні толы ?ой армандар?а

Шерте білген м??дарын жас ?айын?а

Д?л М??андай ?аза?та а?ын бар ма? – деп б?кіл саналы ?мірінде еліні? болаша?ын жырлап ?ткен хал?ына деген махаббатын поэзия да ?ана емес ?мірде де, к?ресте де, ?лкен азаматты?пен ?ор?ай білген М. Ма?атаев м?ралары еш?ашан ?лмек емеc ж?не оны жаттап ?ту бізді? парызымыз. Жылдар тізіліп ?ткен сайын М??а?али а?ынны? бейнесі т?л?алана, биіктей т?седі. Оны? рухани ?азынасын ?лт иелігіне асыратын XXI ?асырды? жастары-сендерсі?дер!

«?асыр а?ыны» атан?ан М??а?али жырлары жылдан -жыл?а, ?асырдан- ?асыр?а жал?аса бермек! М??а?али-м??гілік ?мір!
Ж?ргізуші: Міне, кешке ?атыс?ан ты?дарман ?ауым, М??а?алиды? сырлы, ?уенді, м??ды жырларына ?аны? болды?ыздар  деп ойлаймын. Б?гінгі кешіміз осымен ая?талды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш «Жырлайды ж?рек»»


Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш

«Жырлайды жүрек»

Кештің мақсаты:

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

Кештің көрнекілігі:

 М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Видео сюжеттер.Сазды музыка.

Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Енднше ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз. Бүгінгі кешімізде ақынның өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді де тыңдай аламыз. Сонымен қатар, ақын туралы видеосюжеттерді де ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтің өмір жолынан деректерге назар аударайық.

/ 1 Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді (Видео 1)/

Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. 
  Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
  Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:
 «Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975ж) 
Жүргізуші: 
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Бірақ ақын туралы айтқанымыздан айтпағанымыз көп болып отыр. М.Мақатаев туралы көбірек білгіміз келсе, оның өлеңдерін оқиық. Алдымен ақынның өзі туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап алайық.

**********

Жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезгендей. Оған ақынның «Есіңе мені алғасың» атты өлеңі дәлел емес пе.

/2 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Есіңе мені алғасың)/

Жүргізуші: Енді ақынды еске ала отырып, кезекті оның өлеңдеріне берейік. Туған жерге, елге, халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Ол өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.

/«Үш бақытым» , «Отан», «Қазақстан», «Қара өлең»  өлеңдері оқылады/
Жүргізуші:
Поэзия, менімен егіз бе едің – деп ақын өзі жырлағандай, М.Мақатаев өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшклігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше ақынның өз дауысын естіп көрейік.

/ 3 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (өз дауысы)/

 /«Бұлқынып жатыр» , «Қарлығаш»,  «Қаздар қайтып барады», «Пай,пай өмір»/

Жүргізуші: Осы өлеңдерді тыңдай отырып, мәнерлеп оқудың не екенін шын мәнінде түсінесің. Ерекше дауыс тазалығы таң қалдырып, тыңдаушыны өзіне баурайды. Ақын шеберлігі мына отырған балаларға ғана емес, ұстаздар қауымы бізге де көп нәрсені үйретеді.

Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Тыңдап жүрген жанымызға жақын әндердің көбінің сөзін М.Мақатаев ағамыз жазғанын біле де бермейміз. Кезекті осы әсем әндерге берейік.

/ 4 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (әндері)/

 /«Диалог» , «Ақ шағала»,  «Ақ қайың», «Саржайлау»/

Жүргізуші: Енді ақынның әндерін өз оқушыларымыздың орындауында тыңдайық.

  1. Анарбекова Аружан –

  2. Нұрғалиева Айғаным –

Жүргізуші: Бүгінгі таңда жас ұрпақ Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқумен қатар, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен арнаулар да жазатындары аз емес.

/ 5 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Видео 2)/

Жүргізуші: Біздің де балалар құр алақан емес. ************************

Бүгінгі кешімізге ат салысып жатқан балаларға көп рахмет айтып, ақындық жолға басқан қадамдарың құтты болсын, талаптарыңа нұр жаусын демекпіз. Болашақта сендердің де іштерңнен арқалы ақындар шығады деп сенеміз.

Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы, дей тұра, ғасырымыздың ғаламат ақынына деген қошемет мемлекет тарапынан әлі де аздау ма дейміз. Осы сөзімізге келесі көретін видеосюжет негіз болады.

/ 6 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Туған күнім)/
Жүргізуші:

Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр бір әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма? – деп бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
Жүргізуші: Міне, кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймын. Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш «Жырлайды ж?рек»

Автор: Жаканова Гулдана Каримовна

Дата: 24.01.2016

Номер свидетельства: 281978


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства