kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты «Жыр т?лпары - М??а?али»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

О?ушыларды ?аза?ты? лирик,м?збала? а?ыны,?з заманында лайы? ба?асын ала алмаса да ?зінен кейінгілер ?шін м?ртебесі биік а?иы? а?ын атан?ан М??а?али бейнесімен таныстыру.
О?ушыны? шы?армашылы? ізденісін ?алыптастыру.

Хал?ына ?алдыр?ан шо?ты?ы биік туындылары ар?ылы Отанды,  елді с?юге, имандылы??а баулу, ?нерге деген ??штарлы? сезімін ояту,
ш?кірт ж?регінде с?йіспеншілік сезімін ояту, ?лгі алу?а,??рметтеуге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: ізденіс, шы?армашылы? ж?мыс.
Саба?ты? к?рнекілігі: М??а?али суреті, слайдтар,М??а?алиды? жанды дауысы жазыл?ан бейнежазбалар.
П?наралы? байланыс: ?дебиет,тарих,музыка,сурет.
Барысы:  /1-слайд/

М??алімні? кіріспе с?зі: М??а?али Ма?атаевты? ?ле?імен басталады.

Барлы?ы да сендердікі

Сендердікі – ?мір, ?о?ам, заман да,,

Сен т?зеген ?ала? менен дала? да.

Барлы?ы да м?ра болма? ?манда,

Болаша? деп аталатын Адам?а.

?абылда?дар ?азынаны біз берген,

?иынды?ты к?рмесе?дер біз к?рген.

Б?л ?мірде са?тау ?шін сендерді,

Бабалары? ?йде туып, т?зде ?лген.

Сендер да?ы ?здері?ше к?ресіп,

?здері?ше сендер де ?мір с?ресі?.

Болаша?ты жал?ау ?шін Болаша?,

Бола жатар сендерді? де ?лесі?.

Барлы?ы да сендердікі, барлы?ы –

Табыстаймыз жансыз бенен жандыны.

Армысы?дар, Ата ?рпа?ты? та?дыры!

Армысы?дар, жа?а ат?ан та? н?ры!,- дей келе б?гінгі ашы? т?рбие са?атымызды бастаймыз.

-Армысыздар ??рметті апайлар, саламатсы?дар ма, мені? кішкентай балапандарым!

Бізді? ма?сатымыз: /2-слайд/

-?рбір адам – туысым, досым, ж?ра?ат.

-?рбір саба? – ?йрену, ??у, ?ла?ат.

-?рбір ісім – тірлік, тірек, адамды?.

-?рбір с?зім – шынды?, бірлік, адалды?.

-Б?гінгі саба?ымызды? эпиграфы«?зге емес, ?зім айтам, ?з жайымда»3-слайд/

Мені? анкетам.

  • Ту?ан жері??
  • ?ланымын ?арасаз деп аталатын ауылды?.
  • Ту?ан жылы??
  • 1931. ??рдасымын Ш?мілді?.
  • Партияда барсы? ба?
  • Жо?пын. Біра? коммунистік к?з?араспен ?араймын.
  • Шы??ан тегі??
  • Шаруамын. Бар тірліктен ба?алы оны санаймын.
  • Білімі? ше?
  • Орташа ?ой. Алайда ?зім жо?ары?а балаймын.
  • Ана тілі??
  • ?аза?ша. ?ысыл?анда орысша да, немісше де та?ы бар.
  • ?айда істеді??
  • Мынау «Е?бек кітапшамнан» танып ал.

О?ыма?ан, дипломсыз демесе?,

Бір басымнан бар маманды? табылар.

  • Міндеттісі? бе ?скерге?
  • Міндеттімін.

Бізді? ?лі жас кеуде.

Жауынгерді? ?лымын ?ой,

Жанын ?и?ан М?скеуге.

  • С?гіс алып к?рді? бе?
  • Ол жа?ынан періште едім дей алмаймын

Мен м?лде.

Ойлы-?ырлы б?л ?мірде болады ?ой м?лт кету,

Ол ?зі бір еншісі ?ой езді? ?рі елді? де.

  • Шетелдерде болды? ба?
  • Бол?аным жо?.

Олар ма?ан т?р?ан да жо? ?ол б?л?ап.

?алсам болды, ?лсем болды ж?йіммен,

Осы отыр?ан орнымда – а?.

  • Мекен – жайы??
  • Мекен – жайым – жер мені?.

Жерде ж?рген а?ын деген пендемін.

?алам, ?а?аз, уа?ыт бер тек азда?ан,

Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін!

-?рине, М??а?алиды? артына ?алдыр?ан жырлары, ?ымбат ?азынасы ж?нінде бір ?ана т?рбие са?атында айтып тауысу м?мкін емес. Біз  б?гінгі саба?ымызда  М??а?алиды? ?мірбаяны жайында, оны? балалар?а арнал?ан шы?армалары ж?нінде білетін боламыз.

Ендеше, д?птерімізді ашып, к?н жадын,  б?гінгі саба?ты? та?ырыбын жазайы?.

/4-слайд/ д?птермен ж?мыс

А?панны? сегізі.

Жыр т?лпары - М??а?али

Музыка ?осылып т?рады./ «Есі?е мені ал?айсы?»/

/5-слайд/

  • ?мірбаяны
  • Шы?армалары
  • М??а?али с?зіне жазыл?ан ?ндер
  • Поэмалары
  • Аудармалары
  • Халы?ты? ба?алауы

/6-слайд/ «Алты ?алпа?» т?сілі бойынша а?ынны? ?мірбаяны ж?нінде біліп алайы?.

А? ?алпа?    ?мірбаяны

М??а?али Ма?атаев 1931 ж. 9-шы а?панда Алматы облысы, ?азіргі Райымбек ауданыны? ?арасаз ауылында д?ниеге келген.  А?ынны? шын  аты - М?хамет?али.
?кесі ?арапайым шаруашы: колхозда сушы, шал?ышы болып істеген. М??а?али ?йді? т???ышы бол?ан, оны? артынан бір ?ыз ж?не ?ш ?л туыл?ан. А?ынны? ?арындасы мен ал?аш?ы інісі ерте к?з ж?м?ан. Со??ыларыны? есімдері - То?тарбай мен К?рпеш.

К?к ?алпа?  Шы?армалары

М??а?али шы?армалары ?те к?п. Оны? балалар?а арнал?ан шы?армалары да бар. «Отан», «Елім барда», «?ш ба?ытым», «Мені? анкетам», «Хал?ым барда», «Ту?ан жерге», «?аза? жері», «?аза? жері», «?аза?стан».

Жасыл т?сті ?алпа?   М??а?алиді? с?зіне жазыл?ан ?ндер

М??а?алиді? ?ле?деріні? к?бісіне ?ндер жазыл?ан. «?же», «Ба?ыт деген», «Есі?е мені ал?айсы?», т.б.

?ызыл ?алпа?  Поэмалары:

М??а?алиді? “Ильич”, “А? ?айы? ?ні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “А??улар ?йы?та?анда”, “?ырандастар, ?ош болы?дар”, “Чили-шуа?ым мені?”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “?мірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, са?ан айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “?аш?ын”, “Жер ?стінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэмалары бар.

?ара т?сті ?алпа?  Аудармалары:

М??а?али  Дантені? “??діретті комедиясыны?” “Там??” деген б?лімін, Шекспирді? “Сонеттерін”, Уолт Уитменні? ?ле?дерін ?аза? тіліне аударды.

Сары т?сті ?алпа?   Халы?ты? ба?алауы

Ал?аш М??а?али талантын ба?ала?ан ?бділда Т?жібаев: “?зі?нен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, ма?танбас?а бола ма?!” деген еді.
?аза?стан Республикасыны?  Жазушылар ода?ы  “?асыр а?ыны” деген ата? берді.

О?ушыларды? ойын  толы?тырып кетемін./7-слайд/Б??ан тиісті а?ынны? анасы На?иман апа былай деген: "М??а?алиым 1931 жылы наурыз айыны? 8-інде д?ниеге келген болатын. Жа?ылысуым м?мкін емес. Себебі балам мынау ф?ниді? есігін аш?аннан біраз уа?ыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз к?же жасаймыз деп к?тіп отыр?анбыз"
«Ал ??жат бойынша М??а?али 9 а?панда д?ниеге келген. Б?л ку?лікті а?ын ес білген кезде сол кездегі сайлау нау?анына байланысты ?зі жаздырып ал?ан екен».Азан ша?ырып ?ойыл?ан аты - М?хамет?али. Жары да ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі бол?ан.
?кесі ?арапайым шаруашы:колхозда сушы, шал?ышы болып істеген. М??а?али ?йді? т???ышы бол?ан, оны? артынан бір ?ыз ж?не ?ш ?л туыл?ан. А?ынны? ?арындасы мен ал?аш?ы інісі ерте к?з ж?м?ан. Со??ыларыны? есімдері - То?тарбай мен К?рпеш. ?аза? д?ст?рі бойынша ?йді? ал?аш?ы баласы ата-?жесінен т?рбие алуы тиіс, сонды?тан М??а?али ?жесі Тиынны? ?олында ?сіп, анасын же?гесіндей ?абылдайды. Балалы? ша?ы со?ыспен ?атар ?ткендіктен, а?ын та?дырды? ащы д?мін ерте татады. М??а?алиді? ?кесі 1941ж Калиниград майданында ?аза табады.
1948 - 49 ?азМУ-ды? филология факультетіні? студенті;
1948 - о?уын тастап, Шиб?т ауылында ауылды? ке?есті? хатшысы;
1949 - к?ктемде жары Лашынмен отау ??рады;
1949 - "Советтік шекара" газеті а?ынны? "?ырман басында", "?ойшы бала - ?кітай" деген ?ле?дірін жариялады;
1950 - Алматыда?ы Шет тілдер институтыны? неміс тілі факультетіне о?у?а т?седі.
1954 - ?арасазды? бастауыш мектебінде орыс тілі м??алімі болып та?айындалады, осы жылы а?ынны? ?ш ?ле?і "?дебиет ж?не искусство" журналында жарияланды;
1957 - Республикалы? радионы? диктор ?ызметін ат?арады;
1960-62 - "Советтік шекара" газетіні? б?лім ме?герушісі;
1963-1965 - "М?дениет ж?не т?рмыс" журналында ж?мыс істейді;
1962 жылы Алматы?а ?оныс аударып, ?деби орта?а етене араласа бастайды.
Поэзияда?ы ал?аш?ы ?адамдары.
А?ынны? т???ыш ?ле?дері “?ырман басында”, “?ойшы бала — ?кітай” ауданында?ы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімні? ойы”, “Шебер” ?ле?дері “Жасты? жыры” атты жина??а енді (1951). Ал?аш М??а?али талантын ба?ала?ан ?.Т?жібаев: “?зі?нен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, ма?танбас?а бола ма?!” деген еді.
Шы?армалары мен аудармалары.
М??а?алиді? “?арлы?ашым, келді? бе?”, “Дари?а ж?рек” (1972 ж.), “А??улар ?йы?та?анда”, “Шуа?ым мені?” (1975 ж.), “Со?ады ж?рек”, “Шолпан”, “Жырлайды ж?рек”, “?мір-?зен”, ”?мір-дастан” ж?не т.б. жыр жина?тары, сондай-а?, “?ош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалы? кітабы да бар. Біршама ?ле?деріне ?н жазылды. ?зін аудармашылы? ?ырынан да сынап к?рген М??а?али Дантені? “??діретті комедиясыны?” “Там??” деген б?лімін (1971 ж.), Шекспирді? “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменні? ?ле?дерін (1969 ж.) ?аза? тіліне аударды.
А?ынны? к?зі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Ш?п жапыра?тары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “??діретті комедиясыны?” “Там??” б?лімі (1971), 8 жыр жина?ы “Ильич” (1964), “Армысы?дар, достар” (1966), “?арлы?ашым, келді? бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дари?а-ж?рек” (1972), “А??улар ?йы?та?анда” (1974), “Шуа?ым мені?” (1975), “?мір - дастан” (1976) жары? к?рді.
Поэмалары:
М??а?алиді? “Ильич”, “А? ?айы? ?ні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “А??улар ?йы?та?анда”, “?ырандастар, ?ош болы?дар”, “Чили-шуа?ым мені?”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “?мірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, са?ан айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “?аш?ын”, “Жер ?стінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-тол?аулары бар.
А?ын ?ай та?ырыпта жазса да жал?ан сезім, жылтыра? с?зге ?уес болмады, ол туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын.Сыры бір замандаспен м??дасамын. К?гендеп жыр ?оса?ын, Келмейді жыр жаса?ым” немесе “Тіпті де мен емес-ті “Мен” дегенім. ?згені? жаны-сырын ??у ?шін, ?зімді зерттегенді ж?н к?ремін” дейді. М??а?али шы?армашылы?ыны? тіні “?зін-?зі” зерттеуден т?рады.
Ол ?сіресе тауды, ?аза? ауылын к?п жырлайды (“Тауда ?стім”, “Тау бір а?ыз”, т.б.). “?лмесін деп берген ?ой тауды ма?ан, Мен к??іренсем, к?рсініп тау жыла?ан”. Ол ?аза? ?ле?ін мазм?н, пішін жа?ынан т?рлентті. “?аза?ты? ?ара ?ле?і ??діретім, онда бір с?мды? сыр бар естілмеген” дейді а?ын.
?Р Жазушылар ода?ы М??а?алиді? атында?ы ?деби сыйлы? та?айындады (1985), о?ан ?Р Мемлекеттік сыйлы? (1999), “?асыр а?ыны” ата?ы берілді.

/8-12 слайд/

Оны? балалы? ша?ы со?ыс жылдарымен т?спа – т?с келді. Ол бала кезіндегі ?ткен к?ндерін ?алай сипаттады екен, оны ?зіні? «ертегі» ?ле?інен білеміз.

Л?ззат:Ертегі

М??алім:То?та, ботам!

М??а?али  мен Ма?атайды?  диалогі

М??а?али:

  • Мен мына ас?а?та?ан тау ?лымын

Ма?атай:

  • Сол тауды? тамшысы – жыр жауынымын

М??а?али:

  • Тау?а тартып биіктік с?йіп ?скем

Ма?атай:

  • Биіктікке басымды иіп ?скем

М??а?али:

  • Сен неге биіктіккебасы?ды иесі?

Ма?атай:

  • М??а, мені? Сартауым сені? Хан – Т??ірі?ні? ?асында шал отыратын т?бешік ?ана ?ой.

М??а?али:

  • М??атай, ?ркімні?  ?з тауы ?зіне биік, т?мендеме?із.

М??а?алиды? а?ынды?ты? ?аншалы?ты биігінде екенін осыдан – а? білуге болады.

М??а?алиды? ?з дауысы  «Ба?ыт деген.»

Сергіту с?ті: ?н ты?дау «Ба?ыт деген.»

/13-слайд/

?арасаз, ?ара шал?ын ?ле?де ?стім,

Жыр жазсам, о?ан, ж?ртым, еле?десті?,

?лсе ?лер М??а?али Ма?атаев,

?лтіре алмас алайда ?ле?ді ешкім!

Поэзия минуты/14-слайд/

М??алім: ?аза? хал?ыны? бір ?ана Абайы болса, М??а?алиы да жал?ыз. Сол шынды?ты шын ж?рекпен т?сініп,  тарлан талант, жыр т?лпары М??а?али Ма?атаев ?лтты? ма?танышымыз екенін ?мытпайы?.

?орытынды:  /15-слайд/

Талай н?сер т?гілер, болар жасын,

Алапат к?н, ?йтеуір, жол алмасын.

Мына н?рлы ?мірге тірек бол?ан,

Адамзатты? ?рпа?ы жо?алмасын!- дей келе саба?ымызды ая?таймыз!

  • Сау – саламатта болы?ыздар!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жыр алыбы - Мұқағали»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жыр тұлпары - Мұқағали»

Мақсаты:

Оқушыларды қазақтың лирик,мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру.
Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру.

Халқына қалдырған шоқтығы биік туындылары арқылы Отанды, елді сүюге, имандылыққа баулу, өнерге деген құштарлық сезімін ояту,
шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденіс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали суреті, слайдтар,Мұқағалидың жанды дауысы жазылған бейнежазбалар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет,тарих,музыка,сурет.
Барысы: /1-слайд/

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен басталады.

Барлығы да сендердікі

Сендердікі – өмір, қоғам, заман да,,

Сен түзеген қалаң менен далаң да.

Барлығы да мұра болмақ әманда,

Болашақ деп аталатын Адамға.



Қабылдаңдар қазынаны біз берген,

Қиындықты көрмесеңдер біз көрген.

Бұл өмірде сақтау үшін сендерді,

Бабаларың үйде туып, түзде өлген.



Сендер дағы өздеріңше күресіп,

Өздеріңше сендер де өмір сүресің.

Болашақты жалғау үшін Болашақ,

Бола жатар сендердің де үлесің.



Барлығы да сендердікі, барлығы –

Табыстаймыз жансыз бенен жандыны.

Армысыңдар, Ата ұрпақтың тағдыры!

Армысыңдар, жаңа атқан таң нұры!,- дей келе бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

-Армысыздар құрметті апайлар, саламатсыңдар ма, менің кішкентай балапандарым!

Біздің мақсатымыз: /2-слайд/

-Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат.

-Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.

-Әрбір ісім – тірлік, тірек, адамдық.

-Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.

-Бүгінгі сабағымыздың эпиграфы«Өзге емес, өзім айтам, өз жайымда»3-слайд/

Менің анкетам.

  • Туған жерің?

  • Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

  • Туған жылың?

  • 1931. Құрдасымын Шәмілдің.



  • Партияда барсың ба?

  • Жоқпын. Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.

  • Шыққан тегің?

  • Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

  • Білімің ше?

  • Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын.



  • Ана тілің?

  • Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.

  • Қайда істедің?

  • Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.



  • Міндеттісің бе әскерге?

  • Міндеттімін.

Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой,

Жанын қиған Мәскеуге.

  • Сөгіс алып көрдің бе?

  • Ол жағынан періште едім дей алмаймын

Мен мүлде.

Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі елдің де...



  • Шетелдерде болдың ба?

  • Болғаным жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,

Осы отырған орнымда – ақ.



  • Мекен – жайың?

  • Мекен – жайым – жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

-Әрине, Мұқағалидың артына қалдырған жырлары, қымбат қазынасы жөнінде бір ғана тәрбие сағатында айтып тауысу мүмкін емес. Біз бүгінгі сабағымызда Мұқағалидың өмірбаяны жайында, оның балаларға арналған шығармалары жөнінде білетін боламыз.

Ендеше, дәптерімізді ашып, күн жадын, бүгінгі сабақтың тақырыбын жазайық.

/4-слайд/ дәптермен жұмыс

Ақпанның сегізі.

Жыр тұлпары - Мұқағали

Музыка қосылып тұрады./ «Есіңе мені алғайсың»/

/5-слайд/

  • Өмірбаяны

  • Шығармалары

  • Мұқағали сөзіне жазылған әндер

  • Поэмалары

  • Аудармалары

  • Халықтың бағалауы

/6-слайд/ «Алты қалпақ» тәсілі бойынша ақынның өмірбаяны жөнінде біліп алайық.

Ақ қалпақ Өмірбаяны

Мұқағали Мақатаев 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның шын аты - Мұхаметқали.
Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш.

Көк қалпақ Шығармалары

Мұқағали шығармалары өте көп. Оның балаларға арналған шығармалары да бар. «Отан», «Елім барда», «Үш бақытым», «Менің анкетам», «Халқым барда», «Туған жерге», «Қазақ жері», «Қазақ жері», «Қазақстан».

Жасыл түсті қалпақ Мұқағалидің сөзіне жазылған әндер

Мұқағалидің өлеңдерінің көбісіне әндер жазылған. «Әже», «Бақыт деген», «Есіңе мені алғайсың», т.б.

Қызыл қалпақ Поэмалары:

Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэмалары бар.

Қара түсті қалпақ Аудармалары:

Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін, Шекспирдің “Сонеттерін”, Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

Сары түсті қалпақ Халықтың бағалауы

Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Әбділда Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді.
Қазақстан Республикасының Жазушылар одағы “Ғасыр ақыны” деген атақ берді.

Оқушылардың ойын толықтырып кетемін./7-слайд/Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: "Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз"
«Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. Жары да қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған.
Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.
1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факультетінің студенті;
1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;
1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;
1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түседі.
1954 -
Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;
1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;
1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;
1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.
Поэзиядағы алғашқы қадамдары.
Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді.
Шығармалары мен аудармалары.
Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.
Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971), 8 жыр жинағы “Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмір - дастан” (1976) жарық көрді.
Поэмалары:
Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар.
Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын.Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес-ті “Мен” дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін” дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні “өзін-өзі” зерттеуден тұрады.
Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (“Тауда өстім”, “Тау бір аңыз”, т.б.). “Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған”. Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. “Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген” дейді ақын.
ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді.

/8-12 слайд/

Оның балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа – тұс келді. Ол бала кезіндегі өткен күндерін қалай сипаттады екен, оны өзінің «ертегі» өлеңінен білеміз.

Ләззат:Ертегі

Отырар еді,

Қолынан түспей ұршығы,

Алдында - ақ су бір шыны.

Немересінің қыңқылы мен сыңқылы,

Далада аяз,

Ашыққан иттің қыңсылы.



Алдында – ақ су,

Шәй қайда!..

Ауылы оның шалғайда.

Қызусыз пеште қайнамай ма ақ су,

Қайнай ма?

Жел үрген керней,

Боздай ма әлде сарнай ма?

Су отын бықсып,

Жана ма әлде жанбай ма?

Баспанамыздың қабырғалары сарғайған.

Қайраттанғанмен,

Айбаттанғанмен қаншалық,

Отырар еді,

Күрсініп кейде тамсанып.

Жуық арада қайнай қоймайтын жез шәугім,

Телміртіп бізді,

Сызылтып сұрқай ән салып.

Бықсыған пешті

Кезекпе – кезек үрлеуші ек,

Жадырайтынбыз,

Жалт еткен отты бір көрсек.

Белбеуін шешіп,

Қара сұлының талқанын,

Әжеміз бізге беретін еді күнде өлшеп.

Белгісіз күндер

Бүгіні менен ертеңі...

Есінеп алып,

Әжеміз ертек шертеді.

Кезекпе – кезек тартқылап

Жалғыз көрпені

Таласар едік...

Сол күндер, міне, ертегі...

Мұғалім:Тоқта, ботам!

Атаң келеді артыңда!

Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға.

Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын

Айырбастап ала алмай жүр алтынға.

Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда!



Жүзе жүріп, жүз құбылған сағымда,

Жастық дейтін көктеменің шағында.

Өскен елдік сенің анаң екеуміз

Осы қарттың мәпелеген бағында.



Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін,

Тыңдайтынбыз алуан – алуан ертегін.

Жинап алып жүрер еді жарықтық,

Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін.



Ей, болашақ!

Қарт келеді зиялы,

Кейімесін ата қыран ұялы.

Сен сыйласаң сәби шақтың бір сәтін,

Атаң саған ұзақ өмір қияды.



Ақылына айырбаста күлкіңді,

Қайтесің сол күлкі дейтін шіркінді?!

Бейқам күліп өспеген соң өз басым

Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі...



Тоқта, ботам!

Атаң келеді артыңда!

Дария шалқар даналығын ал, тыңда!

Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын

Айырбастап ала алмай жүр алтынға.

Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда!

Мұқағали мен Мақатайдың диалогі

Мұқағали:

  • Мен мына асқақтаған тау ұлымын

Мақатай:

  • Сол таудың тамшысы – жыр жауынымын

Мұқағали:

  • Тауға тартып биіктік сүйіп өскем

Мақатай:

  • Биіктікке басымды иіп өскем

Мұқағали:

  • Сен неге биіктіккебасыңды иесің

Мақатай:

  • Мұқа, менің Сартауым сенің Хан – Тәңіріңнің қасында шал отыратын төбешік қана ғой.

Мұқағали:

  • Мұқатай, әркімнің өз тауы өзіне биік, төмендемеңіз.

Мұқағалидың ақындықтың қаншалықты биігінде екенін осыдан – ақ білуге болады.

Мұқағалидың өз дауысы «Бақыт деген...»

Сергіту сәті: ән тыңдау «Бақыт деген...»

/13-слайд/

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған, жұртым, елеңдестің,

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!

Поэзия минуты/14-слайд/

Ақжан: Халқым барда

Сәл сабыр ет, ей, досым, жасымағын,

Доссызбын деп мен неге ашынамын?!

Дос көп менде, қашаннан досым – халқым,

Қараймын да мен соған басыламын.



Доссызбын деп айта алман халқым барда,

Саясында хақым бар салқындауға.

Қарғамаса болғаны халқым мені,

Айналмаса болғаны нарқым дауға...



Қалт – құлт етіп, мейлі, мен күн кешейін,

Күн кешейін, еліммен бірге өсейін.

Мені әзірге, ей, тағдыр, мазалама,

Емін – еркін жұртыммен тілдесейін!

Ділназ:Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.



Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеде түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.



Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Толғанай: Отан

Отан!

Отан!

Сен болмасаң не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірден бұл өксуменен кетер ем.



Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды.

Өзін өзі қорлайды да сорлайды.

Тірі адамға сол қайғы!

Күн көреді,

Әкесіз де, анасыз,

Өмір сүрер.

Әйелсіз де, баласыз,

Ал Отансыз –

Нағыз сорлы панасыз?

Білесің бе,

Қтанның сен не екенін?

Екі Отан жоқ.

Жалғыз Отан – мекенің!

Ақмоншақ:Бәсіре

Жылқышы атам қамқоршы, асыл еді,

Әкелді де, ерттеді бәсірені.

Үзеңгімді тең теуіп, орныққанша,

Бәсірені құлақтан басып еді.

Асау тай мөңкитұғын көрінбеді,

Тебінбеді немесе шегінбеді.

Атам тайдың құлағын қоя беріп,

Тізгін, шылбыр ұстатып: «Тебін!», - деді.

Сарт еткізіп бір теуіп мамағашты,

Әзер тұрған асау тай ала қашты.

Бір тентектің үстінде бір тентек бар,

Екі тентек әйдәй кеп жағаласты.

Жүйрік желмен біз қашан жарысқалы,

Атамдар да, ауыл да алыстады.

Қос тентектің қылығын көп көрді ме,

Көршілердің иті де қалыспады.

Ұласып иттер даусы аттан тұрды,

Бәсірем атылады сақпан ғұрлы.

Екі тізгін, бір шылбыр қолға ұстатып,

Осылау Атам мені аттандырды.

Құлаймын – ау деген бір қауіппенен,

Шауып келем ызғытып, шауып келем.

Атам таққан құйысқан түсіп қапты,

Әттеген – ай, қай жерден тауып берем...

Аяулым:Анау – аспан, мынау – бақ.

Анау – аспан, мынау – бақ,

Аспанда бұлт, бақ жадау.

Мамық ұшты қылаулап,

Қыс та келіп қалған – ау.



Аспан, жердің арасын,

Дәрігер қыс алуда,

Табиғаттың жарасын

Ақ дәкемен таңуда.



Тоңдырып ақ маңдайын

Тағы көйлек сұрап жүр.

Бақты кезіп тал – қайың,

Жалаңаяқ жылап жүр.



Қу бұтағын құшақтап,

Түксиеді кәрі емен.

Қыс – тазалық, қыс – аппақ,

Әрі – өкініш, әрі – өлең.

Нұршуақ:Болмасын соғыс, болмасын!

Ақ қозым менің, ақ бөпем,

Айналаң нұрлы бақ мекен.

Абыржымай жат, көкем,

Әлди, әлди, ақ бөпем.

Мақтаным менің, аппағым,

Тұмансыз атсын ақ таңың!



Соғыстың өрті жанбасын,

Сәбилер жетім қалмасын!

Есігіне әр үйдің

Бесігіне сәбидің,

Мәңгілік бақыт орнасын,

Болмасын соғыс, болмасын!



Болмайды соғыс, болмайды,

Мәңгілік бақыт орнайды.

Жаснұр:Аққала – Ақ бала

Аққалам менің, Аққалам,

Аққала жасап ақ балам,

Өмірге қадам аттаған.

Мақтанам әрі шаттанам

Ұлан бол елің мақтаған,

Аққалам менің – ақ балам!



Аязды мынау ақпанда,

Ақ ұлпа, мамық ақ қарда,

Сәбилер ойнап жатқанда,

Көңілде тұрған дақтарға,

Қарайтын, тәйір, шақ бар ма.



Қоңырау күлкі айналам,

Қошақандарым ойнаған.

Сәнді шағымды жайнаған,

Сәби кезімді ойға алам.



...Болған ем мен де ақ бала,

Орнатқам мен де Аққала.

Ырзамын бала шаққа да!

Ырзамын Болашаққа да!!!

Бейбарыс:Жүрексің

Мейлі түндер, күн өтсін,

Мейлі өмірім жүдетсін.

Сен, сен, Отан,

Сен, Отан –

Кеудемдегі жүрексің.



Егер сені білмесем,

Мен жер басып жүрмес ем.

Қай құрлыққа барсам да,

Қайырымды Анам, бірге сен.



Сенде туып, сенде өстім,

Таласа алмас енді ешкім.

Бұзбайынша кеудемді,

Сені ешкімге бермеспін!!!

Мұғалім: Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз. Сол шындықты шын жүрекпен түсініп, тарлан талант, жыр тұлпары Мұқағали Мақатаев ұлттық мақтанышымыз екенін ұмытпайық.

Қорытынды: /15-слайд/

Талай нөсер төгілер, болар жасын,

Алапат күн, әйтеуір, жол алмасын.

Мына нұрлы өмірге тірек болған,

Адамзаттың ұрпағы жоғалмасын!- дей келе сабағымызды аяқтаймыз!

  • Сау – саламатта болыңыздар!



Просмотр содержимого презентации
«мұқа слайд»

Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай өткізілетін ашық тәрбие сағатына Қош келдіңіздер!

Мұқағали Мақатаевтың

85 жылдығына орай өткізілетін

ашық тәрбие сағатына

Қош келдіңіздер!

Біздің мақсатымыз: - Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат. - Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісім – тірлік, тірек, адамдық. - Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.

Біздің мақсатымыз:

- Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат.

- Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.

- Әрбір ісім – тірлік, тірек, адамдық.

- Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.

Сабағымыздың эпиграфы:  «Өзге емес,  өзім айтам,  өз жайымда».

Сабағымыздың эпиграфы:

«Өзге емес,

өзім айтам,

өз жайымда».

Ақпанның сегізі. Жыр тұлпары – Мұқағали.

Ақпанның сегізі.

Жыр тұлпары – Мұқағали.

Өмірбаяны Шығармалары Мұқағалидың сөзіне  жазылған әндер Поэмалары Аудармалары Халықтың бағалауы
  • Өмірбаяны
  • Шығармалары
  • Мұқағалидың сөзіне

жазылған әндер

  • Поэмалары
  • Аудармалары
  • Халықтың бағалауы
поэмалары Өмірбаяны Аударма лары Мұқағали  Шығарма лары Халықтың бағалауы Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер

поэмалары

Өмірбаяны

Аударма

лары

Мұқағали

Шығарма

лары

Халықтың бағалауы

Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер

1931-1976жж Балалық шағы Мұғалім “ Ғасыр ақыны” атағы берілді.   “ Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” Ә.Тәжібаев.

1931-1976жж

Балалық шағы

Мұғалім

Ғасыр ақыны” атағы берілді.

Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!”

Ә.Тәжібаев.

Ақынның қызы Алмагүл Мақатаева

Ақынның қызы

Алмагүл Мақатаева

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам, оған, жұртым, елеңдестің, Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған, жұртым, елеңдестің,

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!

Поэзия минуты

Поэзия минуты

Талай нөсер төгілер, болар жасын, Алапат күн, әйтеуір, жол алмасын. Мына нұрлы өмірге тірек болған, Адамзаттың ұрпағы жоғалмасын!  М.Мақатаев.

Талай нөсер төгілер, болар жасын,

Алапат күн, әйтеуір, жол алмасын.

Мына нұрлы өмірге тірек болған,

Адамзаттың ұрпағы жоғалмасын!

М.Мақатаев.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Т?рбие са?аты «Жыр т?лпары - М??а?али»

Автор: Тажикенова Акзия Кабдрахиевна

Дата: 11.02.2016

Номер свидетельства: 292154


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства