kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жырлайды жүрек"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Жырлайды жүрек»
Білімділік мақсаты: Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыныМұқағали Мақатаев өлеңдерінің мазмұнын терең ұғындыру. 
Тәрбиелікмақсаты: Ақын шығармалары арқылы елін, туған жерін, 
Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейірімділікке тіл, сөзөнерін қадірлеп қастерлей білуге, ақынжандылыққатәрбиелеу. 
Дамытушылық мақсаты: Поэзияға дегенсүйіспеншілігін арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. 
Түрі: Әдеби музыкалық кеш. 
Көрнекілігі: Ақын портреті, (баннердегі ) слайдтар, тірі дауыста өлеңдерінен үзінділері, « Жазылар естеліктер мен туралы» ақынға арналған естеліктер мен бағалар, кітапкөрмесі. 
Өтубарысы: Жүргізуші:

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар қауымы!
Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылғалы отырған  «Жырлайды жүрек» атты әдеби  музыкалық кешімізге қош келдіңіздер! 
Әдеби кешімізді бастамас бұрын назарларыңызды ақын өмірі мен шығармашылығына арналған видеороликке аударсаңыздар. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жырлайды жүрек"»

«Жырлайды жүрек»
Білімділік мақсаты: Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыныМұқағали Мақатаев өлеңдерінің мазмұнын терең ұғындыру. 
Тәрбиелікмақсаты: Ақын шығармалары арқылы елін, туған жерін, 
Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейірімділікке тіл, сөзөнерін қадірлеп қастерлей білуге, ақынжандылыққатәрбиелеу. 
Дамытушылық мақсаты: Поэзияға дегенсүйіспеншілігін арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. 
Түрі: Әдеби музыкалық кеш. 
Көрнекілігі: Ақын портреті, (баннердегі ) слайдтар, тірі дауыста өлеңдерінен үзінділері, « Жазылар естеліктер мен туралы» ақынға арналған естеліктер мен бағалар, кітапкөрмесі. 
Өтубарысы: Жүргізуші:

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар қауымы!
Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылғалы отырған «Жырлайды жүрек» атты әдеби музыкалық кешімізге қош келдіңіздер! 
Әдеби кешімізді бастамас бұрын назарларыңызды ақын өмірі мен шығармашылығына арналған видеороликке аударсаңыздар.

  1. (Видеоролик көрсетіледі)

Сырым да осы, 
Жырым да осы, 
Алдыңда. 
Байқашыбір, 
Оқушы: 

Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының, қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі колхозда сушы, шалғышы болып істеген қарапайым шаруа адамы. Бір топ жерлестерімен әкесі майданға аттанғанда Мұқағали небәрі - он жаста еді .

  1. «Тағы да өкініш» Серікова Гүлназ

Жүргізуші: М.Мақатаев- ақын, жазушы, аудармашы. Өз заманында лайық бағасын ала алмаса да, өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын десек қателеспейміз. Алаңсыз күлкісін соғыс ұрлаған өзге де құрбы – құрдастары тәрізді Мұқағали да тағдырдың ащы дәмін тым ерте татты. Құрметті көрермендер, ақынның Қазақ радиосының «Алтын қорында » сақталған өз дауысына кезек берсек

  1. Ақынның өз дауысы (видеоролик)

Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлеңі, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Нағиман апаның айтуынша, үйдің тұңғышы болған соң ба, әжесі Тиынның бауырында өсіп, анасын жеңге есебінде санаған. 
... Әже, сен бірге жүрсің меніменен, 
Өліге мен өзіңді телімегем 
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем 
Ақ кимешек жоғалса... нені көрем,- деп өзі жырлағандай Мұқағали өр мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген. Ендеше, ақын өлеңдеріне кезек берсек.
4. Абай Аяжан « Қайран жандар »
Бисенғали Ернұр «Нені аңсаймын»

Жүргізуші: Айтылар естеліктер мен туралы, 
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. 
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін, 
Бүтінделмей кеткен бір ер - тұрманы. Иә, естеліктер де жазылуда, пікірлер де айтылуда. Жыр боп ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне, тамсана, таңырқай оқиды. Ақын өлеңдерінің өміршеңдігі олардың мағынасы мен терең мазмұнында, кез келген адамның жүрегіне қона кетер қарапайымдылығында жатса керек. М.Мақатаев : «Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы мен аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай», деген екен. Ақынның көптеген өлеңдеріне ән де жазылған. Сондай өлеңінің бірі - «Сен көріктісің» әні. Олай болса, _________________ ұлдарыңызды «Сен көріктісің» әнімен қарсы алыңыздар !!!

5.«Сен көріктісің» _____________________

Жүргізуші: Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, жеті жылдық мектептің мұғалімі болады. Республикалық радиоға диктор болып жұмысқа тұрады. 1962 жылы Алматыға көшіп келеді де, « Социалистік Қазақстан» газетінде, « Мәдениет және тұрмыс» , «Жұлдыз»  журналдарында қызмет атқарады. Құрметті көрермендер, сіздермен ойын ойнасақ па дейміз?! Яғни, қазір мен сіздерге ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар қоямын. Сұраққа дұрыс жауап берген көрерменімізге сыйлықтарымыз бар. Сұраққа қол көтеріп жауап береміз. Кім бірінші сұраққа дұрыс жауап беріп, қол көтерсе, сыйлық та сол кісінікі болады. Ойын шарты түсінікті болса, ойынымызды бастасақ. Сонымен алғашқы сұрақ:

  1.  Мұқағали Мақатаевтың әкесі мен анасының есімі? (Сүлеймен, Нағиман)

  2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қай жылы жарық көрді? (1974 жылы)

  3. Мұқағали Мақатаевтың пір тұтқан ақыны ? (Төлеген Айбергенов)

  4. Мұқағали Мақатаев дос болған, соған арнап өзінің өлең жолдарын арнаған қазақтың ақын қыз? (Фариза Оңғарсынова)

Ойынға белсене қатысқан барша көрермендерімізге алғысымызды білдіреміз. Сіздердің құрметтеріңізге әсем әнің жолдай келген _____________________________________________________________.
Жүргізуші:« Жыр басы Қарасаздан басталған Мұқағали бүгінде ән болып аспанда қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау аспан әлемінде шырқап барады. Мұқағали жырларының тақырыбы әр алуан. Әр өлеңнің өзі – жаңа дүние. Ал табиғат аясында туып - өскен әрбір ақынның бұл тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес. Туған жердің, оның табиғатын жырлау – барлық ақынның перзенттік парызы. Мұқағалидың да өзі туған жері мен еліне арналған өлеңдері қаншама.

6.«Бақытым менің алыста» оқитын Темірғалиев Темірлан .

Жүргізуші:Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына оқушыларымыздың дайындаған көрінісіне кезек берсек.
7.Көрініс: «Аққулар ұйықтағанда».
Жүргізуші:
Алғашқы жыр жинағы жарыққа шыққанда 33 жаста болған Мұқағалидың небәрі 12 жылдық өмірі қалған-ды. Соны сезіп білгендей ақын жүрегі алабөтен асығады. 
Қай күні менің тәмамдалады дастаным? 
Бітпесе екен, жаңада ғана бастадым... – деп жанұшыра үн қатады.

8. « Шолпанға» Усағалиева Әмина

Жүргізуші: Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттан, қиын күйзеліс пен қуаныштан, сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген. 
Ақын Әбділда Тәжібаевтың сөзімен айтар болсақ: «Махаббат – сезім. Ол адамның ішкі рухы, тозбас қуаты. Махаббатты сезімге ерлік, жүректілік керек. Мұқағалиді құдіретті ақын ететін де сол ерлік болатын...», деген еді.Жүргізуші:Поэзиямен егіз жаратылған ақын кие жырдың шапағатына бөлене білді, сол жырларымен бүкіл қазақтың жүрегінің түкпірінен орын алды, жыр сүйер қауымның піріне айналды.

9. « Үшбақытым » Сатқан Ерсұлтан.

Жүргізуші: Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.
Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізіне берейік.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз –(барлығы бірге).

Жүргізуші: Қалада үйсіздік пен күйсіздіктің қиыншылығын көріп, қызметінің жиі ауысуына қарамастан, Мұқағали «алауыртқан таңдардан, қарауытқан таулардан, бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан, шырақтардан, оттардан, жалаулардан, тіпті жоғалған замандардан да» өзі тағат таппай іздеген поэзияға деген шексіз махаббатын, адалдығын, тұрақтылығын сақтап қалды. 
10.«Поэзия! Менімен егіз бе едің.Серікова Гүлназ.

Жүргізуші: Қорытынды сөз мектеп директоры Утегулова Салтанат Кәрімқызына беріледі !!!

Келесі сөз кезегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірғалиева Гүлмира Ахатқызына беріледі.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер, осымен жыр Музасы - Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек!» атты әдеби – музыкалық кешіміз аяқталды.Әрқашан ақынды еске алып, жырларын оқи жүрейік! Алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге мың алғыс. Келесі кездескенше аман -сау болыңыздар !!!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жырлайды жүрек"

Автор: Макашева Акулпа Ербулатовнв

Дата: 16.10.2017

Номер свидетельства: 432657

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "«Жырлайды ж?рек» "
    ["seo_title"] => string(19) "zhyrlaidy-zhuriek-1"
    ["file_id"] => string(6) "174903"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424189371"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Тәрбие сағаты "Жырлайды жүрек""
    ["seo_title"] => string(33) "t_rbiie_sag_aty_zhyrlaidy_zhuriek"
    ["file_id"] => string(6) "386311"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485925666"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш «Жырлайды ж?рек»"
    ["seo_title"] => string(71) "mu-k-ag-ali-mak-ataievk-a-arnalg-an-diebi-sazdy-kiesh-zhyrlaidy-zhuriek"
    ["file_id"] => string(6) "281978"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453632771"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) ""Жырлайды ж?рек""
    ["seo_title"] => string(16) "zhyrlaidyzhuriek"
    ["file_id"] => string(6) "295098"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455782720"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "«Са?ынады М??а?ды а?сап ж?рек» (сыныптан тыс шара)"
    ["seo_title"] => string(54) "sag-ynady-mu-k-an-dy-an-sap-zhuriek-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "254874"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447837739"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства