Мотивациялық - қозғаушылық | Педагог өлең жолдарын мәнерлеп оқып береді. Құшағына кіргенде Жылынамын бір демде Не жетеді көзіңе Мейірімді күннен де Үн қатасың бал тілмен, Еркелеймін әр күн мен (Н. Айтов.) - Балалар өлең кім туралы деп ойлайсыңдар? | Балалар өлеңді ынта қойып тыңдайды. . |
Ұйымдастырушылық -ізденістік | - Ана ! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ол – көркем, сүйкімді әрі ұлы сөз. - Әрқайсымыздың да анамыз бар, дұрыс емес пе? - Ендеше өз аналарыңды суреттеп, «Менің анам» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар. Педагог балаларға көмек ретінде қосымша сұрақтар қояды: - Анаңның аты кім? - Кім болып жұмыс істейді? Анаңды сипаттап бере аласың ба, ол қандай адам? - Анаң сені жақсы көреді ме, оны қайдан білесің? - Ал сен анаңды жақсы көресің бе? - Анаң сенің қандай қылығыңа қатты қуанады? | Балалар өз аналарын суреттеп, әңгіме құрастырады. Анамның аты Айша. Менің анам дәрігер. Анамның шашы қысқа, орта бойлы, өте әдемі. Менің анам – өмірдегі ең жақсы адам. Анам мені өте жақсы көреді, мен ауырып қалсам, өзі емдеп жазады. - Мен де анамды жақсы көремін. –Анама дастарқан жайып көмектесемін, анам қуанып қалады. |
Ұйымдастырушылық -ізденістік | -Иә балалар, дұрыс таптыңдар - Сен анаңды жиі қуантасың ба? Педагог қол көтерген балалардың бәрінің ойларын тыңдайды. Билингвальды компонент: ана –мама,анаңның аты кім? – какзовутмаму? «Үн қатасың» сөзі – тіл қатасың. Сөйлейсің деген мағынаны білдіреді. Мақал – мәтел; «Анаңның сүті – бал, баланың тілі -бал». Педагог балаларға мақал – мәтелді көтеріңкі дауыспен, орта дауыспен, төмен дауыспен қайталайды. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз сол бір, Біз бақытты баламыз Гүл – гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз. Педагог «Ана» сөзіне дыбыстық талдау жасауды ұсынады. «Анама сыйлық» дидактикалық ойыны: Дәптермен жұмыс. Дәптердегі №12 тапсырманы орындау. Анасына таңдаған әшекейді түрлі түсті қарандашпен бояйды.Әшекей бұйымды қай жерге тағатыны, қалай аталатыны туралы айтып береді. Жеке жұмыс жүргізеді. Педагог аналарына өмір бойы көмекші болу баланың парызы екенін айта келе өлең жолдарын жаттап алуды ұсынады. Апам үшін күнде мен Отынға ағаш жарамын. Су құямын гүлге мен, Дүкенге де барамын. (Қ. Мырза – Әли.) | Сондықтан да күнде дастарқан жайып, үй шаруасына көмектесемін. Балалар қайталайды. Балалар мақал – мәтелді үш дауыспен қайталайды. Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар қайталап айтады. «А» - дауысты, жуан; «н» - дауыссыз; «А» - дауысты, жуан Балалар ойынға қызыға атсалысады. Тапсырманы орындайды. Балалар өлең жолдарын жаттап алады. |