kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама"Абай шы?армашылы?ын о?ытуда жа?ашыл ?дістер мен технологияларды пайдалану ар?ылы таби?ат лирикасын ме?герту"

Нажмите, чтобы узнать подробности

АБАЙ ШЫ?АРМАШЫЛЫ?ЫН О?ЫТУДа ЖА?АШЫЛ ?ДІСТЕр МЕН ТЕХНОЛОГИЯларды пайдалану ар?ылы таби?ат лирикасын ме?герту.

Жоспар:
І. Кіріспе
Абай шы?армашылы?ын о?ытуды? жа?ашыл ?дістемесі мен технологиясы
ІІ. Негізгі б?лім

Абай шы?армашылы?ын о?ытуда?ы жа?а ?діс- т?сілдер.Интерактивтіі ?дістерді ?олдану
ІІІ. ?орытынды

?Р  Президенті – Елбасыны?  ?аза?стан хал?ына жолда?ан  Жолдауында: ХХI ?асырда а?паратты? ?о?ам ?ажеттілігін ?ана?аттандыру ?шін білім беру саласында  т?мендегідей міндеттерді шешу керектігін атап к?рсетті:  Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялы? желі, электронды? ж?не телекоммуникациялы? ??ралдарды,  мультимедиалы? электронды? о?улы?тарды о?у ?рдісіне тиімді пайдалану ар?ылы білім сапасын к?теру ?ажет делінген. Со?ан орай,  ?азіргі заман м??алімі тек ?з п?ніні? тере?  білгірі болу емес, тарихи-танымды?, педагогикалы?-психологиялы? сауатты, саяси-эконмикалы? білімді ж?не а?паратты?-коммуникациялы? білімді ж?не озы? педагогикалы?  технологияларды  жан-жа?ты ме?герген а?паратты? ??зырлы ж?не  патриотты? сезімі  жо?ары маман болу керек екендігін атап к?рсеткен.

Сонды?тан да о?ушыларды? білімін арттыру ?шін, саба?та жа?а ?діс – т?сілдер, я?ни заманауи технологияларды ?олдана білу керек. «Технология» гректі? «teche»- ?нер, шеберлік ж?не «logos»- ?ылым деген с?зінен шы??ан, я?ни «шеберлік туралы ?ылым» деген ма?наны білдіреді. О?ыту технологиясы мен ?дістеме ?ылымы бір-бірімен ты?ыз байланысты. ?дістеме ?ылымы «Нені о?ыту керек?», «Не ?шін о?ыту керек?», «?алай о?ыту керек?» деген с?ра?тар?а жауап іздесе, о?ыту технологиясы «?алай н?тижелі о?ыту?а болады?» деген м?селені? шешімін іздейді. Оларды? ма?саты бір, я?ни о?ытуды? тиімді жолдарын ?арастыру. О?ытуды? тиімді жолдары о?ытуды? ?р т?рлі ?дістері ар?ылы аны?талады.

?зім 2012 жылдан осы о?у орнында ?ызмет етіп келемін. Бізді? колледжде  жа?а а?паратты? технологияларды ?олдану?а бар жа?дай жасал?ан. ?р кабинетте интерактивті та?тамен ж?мыс жасау?а болады. ?р саба?ты ?алай  ?ткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі ?олда бар м?мкіндіктерді пайдалану ар?ылы студенттерді  жа?а заман технологиясымен ж?мыс жасау?а ?йретеміз.Болаша? т?рбиешілерге балалар ?дебиетінен  саба?  беремін.Мысалы, балалар  ?дебиетімен танысу  халы? ауыз ?дебиетімен басталады. Б?л блокта  студенттер  т?рмыс-салт жырлары, ма?ал-м?телдер, ертегілер сия?ты ауыз ?дебиет ?лгілерімен танысады. Студенттерді? ма?алдарды т?сініп, есте са?тауын ?амтамасыз ету ма?сатында интербелсенді та?таны? к?мегі зор. Жа?аша о?ыту ?дістері мен а?паратты? технологияларды? о?у-т?рбие ?рдісінде ?олданылуы о?ытушыларды? да,студенттерді?  де  м?мкіндіктерін ке?ейтеді. Абай шы?армашылы?ын о?ыт?ан кезде жа?аша о?ыту ?дістерін ?з т?жірибемде ?олдану жолдарына то?тала кетейін.

Мысалы,Абайды? таби?ат лирикасына то?тал?ан кезде   а?ынны?  ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы ?ыс?аша ма?л?мат беріп, а?ынны? ?зіндік ерекшеліктерін таныту ?ажет ж?не  оны? таби?ат туралы ?ле?деріне то?талу ар?ылы студенттерді?  шы?армашылы? ?абілетін арттыру, с?йлеу м?дениетін жетілдіру к?зделеді. Б?л жерде д?ст?рлі о?ыту ?дістемелерінен г?рі жа?аша о?ыту т?сілдерін ?олдану?а тырысамын.

         Абайды? таби?ат лирикасын  о?ыту ?мір жолымен танысудан басталады.Абай туралы базалы? білімді студенттер орта мектеп ба?дарламасынан ме?геріп келетіндіктен, о?ан тере?ірек то?талып отырмай ?рі ?арай дамыту?а тырысамын.Студенттерге саба?ты? т?мендегі ?дістерін ?сыну?а болады: ой ?оз?ау, с?ра? – жауап, топты? ж?не ж?пты? ж?мыс, «Т?рт жолды ?ле?», «Си?ырлы тая?ша», талдау, интерактивті та?таны ?олдану, интернет ресурстарын пайдалану, ?зіндік шы?армашылы? ж?мыс, Абайды? таби?ат лирикасына презентация жасау.Осы айтыл?ан  т?сілдерді? бір-екеуіне то?талып ?тейін.

І. Ой ?оз?ау стратегиясы.

 «Абайды? таби?ат лирикасы, ?сіресе жылды? т?рт мезгілін суреттейтін ?ле?дері – к?шті а?ынды? шеберлікпен, зор м?дениетпен жазыл?ан аса с?лу, сырлы жырлар.»                Зейнолла ?абдолов.

Тапсырма:З.?абдоловты? пікірін пайдалана отырып, Абай?а ж?не оны? таби?ат туралы ?ле?деріне сипаттама бер.

?аза? ?дебиетіндегі дарынды т?л?аларды? Абай?а арнал?ан пікірлерін слайдтан о?и отырып, студенттер  Абай  туралы не білетіндіктерін орта?а салып, т?мендегідей  ой-пікірлерін топтастырады.: ?аза? хал?ыны? тарихында Абайды? алар орны ерекше. Абай – жаны н?зік, с?йкімді жан. Ол жан н?зіктігін, таби?ат с?лулы?ын ?штастыра білген. Абайды? д?ниеж?зілік озы? поэзиядан ал?ан та?ы бір ?лгісі – таби?ат лирикасы. Таби?ат – адам баласыны? е?бек етіп, ?мір с?ретін ортасы. Оны ?лемні? классик а?ындарыны? б?рі де жырла?ан. Біреулер таза пейзажды? суреттер жасаса, екінші біреулер таби?ат ар?ылы ?о?амды? ?мірді, тартысты, ?з к??іл – к?йін суреттейді.

ІІ. Абай  таби?атты ?зінше жырла?ан. Абайды? таби?ат лирикасы ?лгісіндегі ?ле?дерінде а?ынны? ой-сезімі, жан д?ниесі де тере? ашыл?ан. Ол ?зіні? шы?армаларында жыл маусымдарын: ?ысты, к?зді, к?ктем мен жазды ?айталанбас, соны бояулармен бейнелеп берді.

Студенттер жыл мезгілдері атауымен   топтар?а б?лінеді.Тапсырма: Абайды? жыл мезгілдеріне арнал?ан ?ле?дерін пайдалана отырып, постер ?ор?ау.Бір топ   «К?з» (С?р б?лт т?сі суы? ?аптайды аспан), «?араша желто?санмен сол бір-екі ай», «?ыс» (А? киімді, денелі, а? са?алды) атты ?ле?дерінде а?ын к?шпелі т?рмысты? ауыртпалы?ты, ?леуметтік те?сіздікті  к?рсетсе, екінші топ  «Жаз» (Жаздыг?н шілде бол?анда), «Жаз?ыт?ры» (Жаз?ыт?ры ?алмайды ?ысты? сызы) ?ле?дерінде елді? ке? далада, таби?ат аясында бой жазып, жаны жадырап отыр?ан кезін бейнелейді.

Н?тижесінде студенттер Абайды? жыл мезгілдері туралы ?ле?дерінен тек пейзажды? суреттерімен танысып ?оймай, сол пейзажды  ортада ?мір с?ріп жат?ан адамдарды? т?рмыс-тіршілігімен танысады.

ІІІ.Абайды?  ?ыс мезгіліне арнал?ан ?ле?іні? т?пн?с?асын о?умен бірге интернет- ресурстарды пйдалана отырып, Абайдан бас?а д?ниеж?зі ?дебиетіндегі ?ыс мезгіліне арнал?ан ?ле?дерді іздеп тауып, салыстырмалы т?рде талдау жасау.

Абай.

?ыс.

А? киімді, денелі, а? са?алды,
Со?ыр мыл?ау танымас тірі жанды.
?сті-басы а? ?ырау т?сі суы?,
Бас?ан жері сы?ырлап келіп ?алды.

Дем алысы - ?скірік аяз бен ?ар,
К?рі ??да? - ?ыс келіп, ?лек салды.
?шпадай б?ркін киген о?шырайтып,
Аязбенен ?ызарып ажарланды.

Бірінші студент: «?ыс» таби?атын Абай  ?ыс мезгілін ерекше  суреттеген. Б?л-на?ыз классикалы? поэзия ?лгісінен ту?ан ?ле?. М?нда  таби?ат ?оз?алыс-?рекеттегі к?йде алынады., жанды адам бейнесінде суреттеледі.  

Зимнее утро

Александр Пушкин

Под голубыми небесами
Великолепными коврами,
Блестя на солнце, снег лежит;
Прозрачный лес один чернеет,
И ель сквозь иней зеленеет,
И речка подо льдом блестит.

Екінші студент: Б?л ?ле? жолдарында таби?атты? ?ыс мезгіліндегі с?лулы?ы, тазалы?ы орыс а?ыныны? к?зімен суреттелген.М?нда?ы пейзажды? суреттер ?аза?станны? кейбір айма?тарында?ы ?ыс мезгілін елестетеді. Пушкин де ?ысты ?зінше жырла?ан.

Гете

Зима

Запорошило округу снегом
А сердце от тоски сжимает
Тихой ночью в поле играет 
Одинокое дерево с ветром

?щінші студент: Гете де ?ысты ?зінше суреттейді.Гете сал?ан сурет біздікінен ?згеше.Б?л ?ле? жолдарынан неміс хал?ына т?н на?тылы? ?асиеттерді а??ару?а болады.

?й тапсырмасы ретінде «?ансонарда б?ркітші шы?ады а??а», «?араша, желто?санмен сол бір-екі ай», «Желсіз т?нде жары? ай» ?ле?дерін о?ып, ?з жанынан таби?ат?а арнал?ан ?ле? жазуды ?сындым.

Б?гінгі та?да?ы Егеменді елімізді? е? басты ма?саты — ?ркениетті елдерді? ?атарында болу, б?кіл ?лемдік білім ке?істігінен орын алу болып табылады. М?ны? ?зі ?лтты? білім беру ж?йесіні? даму ба?ыттарын ты? арна?а, жа?а сапа?а жеткізуді? ?ажеттілігін ал?а тартады. Осымен байланысты ?азіргі уа?ытта ?аза?станда білім беруді? ?зіндік ?лтты? ?лгісі ?алыптасуда. Б?л процесс білім парадигмасыны? ?згеруімен ?атар ж?реді. Жа?а білім парадигмасы бірінші орын?а баланы? білімін, білігі мен да?дысын емес, оны? т?л?асын жан – жа?ты дамыту, ?лтты? т?лім – т?рбиені сі?ірту, рухани жан д?ниесін ?амы?тыру міндеті ?ойылады. Б?л м?селені шешу жас ?рпа??а ту?ан тіл таби?атын жете ме?гертумен байланысты. Себебі ХІХ ?. Екінші жартысында ?мір с?рген неміс философы, лингвисі В. фон Гумбольдт айт?андай. Тіл дегеніміз – ?лтты? рух болып табылады. Сонды?тан да жас ?рпа? бойынша ?лтты? рухты ?алыптастыратын тіл десек, б?л орайда ?лтты? рухпен суарыл?ан данышпан Абай шы?армашылы?ын мектепте о?ыту ар?ылы, бір жа?ынан жас ?рпа? т?л?асына ?лтты? рухты сі?іру проблемасы ?з шешімін таппа?. ?йткені б?гінгі, кешегі ж?не болаша?та?ы к?кейтесті м?селе – жас ?рпа??а білім беру, о?ыту, ізгілікке т?рбиелеу — ?з кезінде Абай шы?армашылы?ынан орын алып, м?німен ма?ыздылы?ы ай?ындал?ан м?селе. Елбасымыз Н?рс?лтан Назарбаевты? «Абайды тану ар?ылы біз ?аза?станды ?лемге танытамыз, ?аза? хал?ын танытамыз, Абай ?р?ашан ?лтты? ?ранымыз болуы тиіс» деген ?анатты   с?зімен баяндамамды  ?орытындылаймын.

?ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. С.Т. М?хамбетжанова, Ж.?. Жартынова, Интерактивті жабды?тармен ж?мыс жасауды? ?діс-т?сілдері. Алматы,2008 ж.
  2. Т. Ж?мажанова, С. Д?йсебаев, ?. Мамырова, З. К?пбаева, «?аза? ?дебиетіні?» ?дістемесі. Алматы «Білім», 2003.
  3. А. Медешева, Компьютерлік программаларды о?у-т?рбие ж?мысында ?олдану. Бастауыш мектеп, №1,2001ж.
  4. Н. Нурахметов. Абайды? ?стазды? ?ла?аты. //Абай, № 3, 1996, 66-72 бб


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама"Абай шы?армашылы?ын о?ытуда жа?ашыл ?дістер мен технологияларды пайдалану ар?ылы таби?ат лирикасын ме?герту"»

АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУДа ЖАҢАШЫЛ ӘДІСТЕр МЕН ТЕХНОЛОГИЯларды пайдалану арқылы табиғат лирикасын меңгерту.


Жоспар:
І. Кіріспе
Абай шығармашылығын оқытудың жаңашыл әдістемесі мен технологиясы
ІІ. Негізгі бөлім

Абай шығармашылығын оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер.Интерактивтіі әдістерді қолдану
ІІІ. Қорытынды




ҚР  Президенті – Елбасының  Қазақстан халқына жолдаған  Жолдауында: ХХI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында  төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті:  Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды,  мультимедиалық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру қажет делінген. Соған орай,  қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең  білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-эконмикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және озық педагогикалық  технологияларды  жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы және  патриоттық сезімі  жоғары маман болу керек екендігін атап көрсеткен.

Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін, сабақта жаңа әдіс – тәсілдер, яғни заманауи технологияларды қолдана білу керек. «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағнаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.

Өзім 2012 жылдан осы оқу орнында қызмет етіп келемін. Біздің колледжде  жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға бар жағдай жасалған. Әр кабинетте интерактивті тақтамен жұмыс жасауға болады. Әр сабақты қалай өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы студенттерді жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз.Болашақ тәрбиешілерге балалар әдебиетінен сабақ беремін.Мысалы , балалар әдебиетімен танысу халық ауыз әдебиетімен басталады. Бұл блокта студенттер тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, ертегілер сияқты ауыз әдебиет үлгілерімен танысады. Студенттердің мақалдарды түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интербелсенді тақтаның көмегі зор. Жаңаша оқыту әдістері мен ақпараттық технологиялардың оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуы оқытушылардың да,студенттердің де мүмкіндіктерін кеңейтеді. Абай шығармашылығын оқытқан кезде жаңаша оқыту әдістерін өз тәжірибемде қолдану жолдарына тоқтала кетейін.

Мысалы,Абайдың табиғат лирикасына тоқталған кезде ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат беріп, ақынның өзіндік ерекшеліктерін таныту қажет және оның табиғат туралы өлеңдеріне тоқталу арқылы студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру көзделеді. Бұл жерде дәстүрлі оқыту әдістемелерінен гөрі жаңаша оқыту тәсілдерін қолдануға тырысамын.

Абайдың табиғат лирикасын оқыту өмір жолымен танысудан басталады.Абай туралы базалық білімді студенттер орта мектеп бағдарламасынан меңгеріп келетіндіктен, оған тереңірек тоқталып отырмай әрі қарай дамытуға тырысамын.Студенттерге сабақтың төмендегі әдістерін ұсынуға болады: ой қозғау, сұрақ – жауап, топтық және жұптық жұмыс , «Төрт жолды өлең», «Сиқырлы таяқша», талдау, интерактивті тақтаны қолдану, интернет ресурстарын пайдалану, өзіндік шығармашылық жұмыс, Абайдың табиғат лирикасына презентация жасау.Осы айтылған тәсілдердің бір-екеуіне тоқталып өтейін.



І. Ой қозғау стратегиясы.

 «Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері – күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сырлы жырлар.»                Зейнолла Қабдолов.

Тапсырма:З.Қабдоловтың пікірін пайдалана отырып, Абайға және оның табиғат туралы өлеңдеріне сипаттама бер.

Қазақ әдебиетіндегі дарынды тұлғалардың Абайға арналған пікірлерін слайдтан оқи отырып, студенттер Абай туралы не білетіндіктерін ортаға салып, төмендегідей ой-пікірлерін топтастырады.: Қазақ халқының тарихында Абайдың алар орны ерекше. Абай – жаны нәзік, сүйкімді жан. Ол жан нәзіктігін, табиғат сұлулығын ұштастыра білген. Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлгісі – табиғат лирикасы. Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Оны әлемнің классик ақындарының бәрі де жырлаған. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты, өз көңіл – күйін суреттейді.



ІІ. Абай табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі, жан дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жазды қайталанбас, соны бояулармен бейнелеп берді.

Студенттер жыл мезгілдері атауымен топтарға бөлінеді.Тапсырма: Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерін пайдалана отырып, постер қорғау.Бір топ «Күз» (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан), «Қараша желтоқсанмен сол бір-екі ай», «Қыс» (Ақ киімді, денелі, ақ сақалды) атты өлеңдерінде ақын көшпелі тұрмыстың ауыртпалықты, әлеуметтік теңсіздікті көрсетсе, екінші топ «Жаз» (Жаздыгүн шілде болғанда), «Жазғытұры» (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы) өлеңдерінде елдің кең далада, табиғат аясында бой жазып, жаны жадырап отырған кезін бейнелейді.

Нәтижесінде студенттер Абайдың жыл мезгілдері туралы өлеңдерінен тек пейзаждық суреттерімен танысып қоймай, сол пейзажды ортада өмір сүріп жатқан адамдардың тұрмыс-тіршілігімен танысады.



ІІІ .Абайдың қыс мезгіліне арналған өлеңінің түпнұсқасын оқумен бірге интернет- ресурстарды пйдалана отырып, Абайдан басқа дүниежүзі әдебиетіндегі қыс мезгіліне арналған өлеңдерді іздеп тауып, салыстырмалы түрде талдау жасау.

Абай.

Қыс.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы - үскірік аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.

Бірінші студент: «Қыс» табиғатын Абай қыс мезгілін ерекше суреттеген. Бұл-нағыз классикалық поэзия үлгісінен туған өлең. Мұнда табиғат қозғалыс-әрекеттегі күйде алынады., жанды адам бейнесінде суреттеледі.  



Зимнее утро

Александр Пушкин

Под голубыми небесами
Великолепными коврами,
Блестя на солнце, снег лежит;
Прозрачный лес один чернеет,
И ель сквозь иней зеленеет,
И речка подо льдом блестит.

Екінші студент: Бұл өлең жолдарында табиғаттың қыс мезгіліндегі сұлулығы, тазалығы орыс ақынының көзімен суреттелген.Мұндағы пейзаждық суреттер Қазақстанның кейбір аймақтарындағы қыс мезгілін елестетеді. Пушкин де қысты өзінше жырлаған.

Гете

Зима

Запорошило округу снегом
А сердце от тоски сжимает
Тихой ночью в поле играет 
Одинокое дерево с ветром

Үщінші студент: Гете де қысты өзінше суреттейді.Гете салған сурет біздікінен өзгеше.Бұл өлең жолдарынан неміс халқына тән нақтылық қасиеттерді аңғаруға болады.

Үй тапсырмасы ретінде «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдерін оқып, өз жанынан табиғатқа арналған өлең жазуды ұсындым.

Бүгінгі таңдағы Егеменді еліміздің ең басты мақсаты — өркениетті елдердің қатарында болу, бүкіл әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын тың арнаға, жаңа сапаға жеткізудің қажеттілігін алға тартады. Осымен байланысты қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын жан – жақты дамыту, ұлттық тәлім – тәрбиені сіңірту, рухани жан дүниесін қамықтыру міндеті қойылады. Бұл мәселені шешу жас ұрпаққа туған тіл табиғатын жете меңгертумен байланысты. Себебі ХІХ ғ. Екінші жартысында өмір сүрген неміс философы, лингвисі В. фон Гумбольдт айтқандай. Тіл дегеніміз – ұлттық рух болып табылады. Сондықтан да жас ұрпақ бойынша ұлттық рухты қалыптастыратын тіл десек, бұл орайда ұлттық рухпен суарылған данышпан Абай шығармашылығын мектепте оқыту арқылы, бір жағынан жас ұрпақ тұлғасына ұлттық рухты сіңіру проблемасы өз шешімін таппақ. Өйткені бүгінгі, кешегі және болашақтағы көкейтесті мәселе – жас ұрпаққа білім беру, оқыту, ізгілікке тәрбиелеу — өз кезінде Абай шығармашылығынан орын алып, мәнімен маңыздылығы айқындалған мәселе. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген қанатты   сөзімен баяндамамды қорытындылаймын.

   

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы,2008 ж.

  2. Т. Жұмажанова, С. Дүйсебаев, Ә. Мамырова, З. Көпбаева, «Қазақ әдебиетінің» әдістемесі. Алматы «Білім», 2003.

  3. А. Медешева, Компьютерлік программаларды оқу-тәрбие жұмысында қолдану. Бастауыш мектеп, №1,2001ж.

  4. Н. Нурахметов. Абайдың ұстаздық ұлағаты. //Абай, № 3, 1996, 66-72 бб

 




















































































Баяндама: «Қазақ тілін оқытуда Жаңа технологияларды қолдану тәсілдері»
Аудандық тамыз конференциясы

Ақмола облысы, Целиноград ауданы
Қосшы № 1 орта мектебі орыс сыныптарындағы қазақ тілі мұғалімі
Ахметжанова Сұлушаш Секенқызы


Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттердің бірі - оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудын тиімді әдіс – тәсілдерін өз тәжірибесінде таңдап алады.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану оқыту мақсатында жетудің тиімді жолдарын көрсетеді.
Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технолгиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда ең бірінші эстетикалық талғамға сай безендірілген кабинет, оқудын әр түрлі құралдары, кестелері, оқулықтары, техникалық құрал – жабдықтары, информациялық құралдар болуы қажет. Қазақ тілі мұғалімі өз сабақтарын жаңа сатыға көтеру үшін шәкірттерінің білім – құмарлық қасиеттерн дамытып, білім алуға қызығушылығын арттыруды көздейді. Мұғалім сабақ түсіндірген кезде оқушыға аса күш түсірмей жеңілден ауырға қарай, жалықтырмай, оқушының тиянақты білім алуына, мүмкіндіктер туғызуы қажет.
Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту керек, сонда ғана біз басқа ұлт балаларын қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз. 
Қазіргі заң талабына сай қазақ тілі сабақтарында қолданып жатқан жаңашыл әдіс – тәсілдері өз сабақтарында қалай пайдаланып жатқандығын жөнінде әріптестермен бөлісу. 
Мемлекеттік тілдің жоғарғы деңгейде оқытылуы оқушы санасына сіңірлетін білімнің сапасымен өлшенеді.
Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек.
Мен өз тәжірибиемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушы бірлессіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауда ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын:
• Сыйластық ( бір – біріне бірдей бағынышта болу);
• Жауапкершілік ;
• Топқа бөлгендегі әр тектілікті ұмытпау;
• Топтың барлық мүшелерінің кезепен сөйлеу дағдысын үйрету;
• Тікелей сөйлеуде әлеуметтік қарым – қатынас жасау, дағдыларын қалыптастыру;
• Мұғалімдердің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету;
• Топта ұтымды жұмыс істеу.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім:
• Оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарлауы;
• Жиі- жиі ой талқасын жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету;
• Сабақта өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі оқушынының жұмыс басты болуы;
• Бір нәрсеге үйрету мәнді түрде қызығушылығын оянуы;
• Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің ұлтына, жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай олардың бір – біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын түсінеді.
Оқушылар жұмыс жасау барысында бір – біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш – қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушыны өз пікірлерін еркін жеткізуге жағдайлар жасайды.
Сабақ үстінде жан – жақты сұрақ қоюда да мұғалім мүмкіндігінше барлық оқушының жауап беруін қамтамасыз етуі керек. Сұрақ қоюдің қарапайым түрінен терең ойлауға дейінгі түрлері бар екендігі белгілі. Ал мұғалімнің мақсаты- оқушының ойлау сатысы ең төменгі деңгейден жоғары терең ойлау деңгейі түсінуден басталады. Одан кейін қолдану, анализ, синтезге дейін жоғарлайды. 
Орыс мектебі жағдайында қазақ тілі пәнінің жүргізуде жекелеп оқу технологиясын пайдалану да тиймді. Жекелеп оқыту дегеніміз – оқушының жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту үрдісін ұйымдастырудың әдіс – тәсілдерін, қарқынын таңдау.
Мысалы: 9 – сынып оқулығында «Бастауыш туралы мәліметпен танысу» тақырыбын өтуде деңгейін жоғары оқушыға берілген көркем шығармадан (Абай өлеңдерінен) бастауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалып тұрғанын анықтау ұсынылады. 
Инновациялық технологиялардың көптеген, оардың түрімен әдістерінің сан салалығына қарамастан, әр технологияның элементтері өзара бір – бірімен байланысады. 
Мысалы: 11- сыныптың зерттеу сабағында оқушылар топқа бөлінеді. Бірінші топ Крыловтың «Қарға мен түлкі» өлеңнің аударма түрінді оқып, композициялық желісіндегі ерекшеліктерін анықтап, тақырыбы мен идеясын айқындайды, осы шығармадағы мәтіннен көркемдегіш құралдарды табады. Екінші топ оқулықтың «Крыловтың ізімен » атты қара сөзбен берілген шағарманы оқып, оқиға желісіне, жазылу тәсіліне талдау жасап алдынғы өлеңмен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.
Бұл әдіс тәсілдер аталған технологиясындай қолданылады.
Сонымен, қорыта келгенде, айтарым – орыс мектебінде қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін мәнділігі бұдан да кем емес. 
Сөйтіп, осында жүйелі жұмыстар нәтижесінде оқушының күнінен күнге білімге деген ынтасы арта түседі, олар өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптасады, өзін – өі бағалап, өз күшіне деген сенімділік пайда болады, оқудың мәні мен мақсатын айқын түсінеді. Жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді.





Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі

21 қазан 2014 - Админ

Туған жылы -     15.04.1973 ж.

Білімі-               АГПУ Алматы 1993 ж.    Жоғары, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты  2005  жыл.

Мамандығы   — Бастауыш мектеп мұғалімі,

Еңбек өтілімі:                 18 жыл

 

 

 

 

  «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек»

Ел президенті Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан.

  Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.

  Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.

   Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

  «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағнаны білдіреді.

Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.

  Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз– білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.

Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік:

  Ақпараттық технологиялардың бірі — интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. 

 Өзім қызмет жасайтын мектепте де жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивтік тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз.

Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды   сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

2. Тіл байлығын дамытады;

3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.

5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

www.jospar.kz

Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар

орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар

    «Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам. Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Сондықтан әр бір мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол заман талабы.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу делінген.
      Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибесіне сынап қараудың  маңызы  зор.
Инновациялық білім беру құралдарына:
аудио-видео құралдар
компьютер
интерактивті тақта
интернет
компьютер – мультимедaялық құрал
электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен инновациялық сайт және тағы басқалары жатады бұны бір сөзбен айтқанда оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады.
     Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс. 

         Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден оқушылардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушының білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
        Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық- коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.
АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Өз сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да маңызы зор болды. Бұл оқушы және оқытушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жетеді. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдатыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді.
     Ал, оқытушы үшін де маңызы өте зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленді: мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс- тәсілі артады, жас мамандардың қызығушылығын туындатады, интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс — тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қолы жетеді, оқытушының сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады.
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Ұлы педагог Ушинский: «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені әр ұстазға қойылар үлкен сын деп ұғамын, ал ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оң ықпалын беріп отыр.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.

     Қазіргі заман талабы оқушыларды бастауыш сыныптан бастап, ақпаратты коммуникативті технологиясын пайдаланудың тиімділігімен таныстыру керек.  Ол үшін ұстаз компьютерлік технологияларды жетік меңгеруі керек.Әрбір мұғалім компьютерлік технологияларды пайдалану үрдісін тұтас қарастыруға үйреніп, сан-алуан байланыстарды, бәлкім, «сәтсіздіктің» және т.б.себептерін ашуға ұмтылады.

   Ана тілі,қазақ тілі, дүниетану пәндері үшін тест жұмыстарын  орындау барысында  оқушылар уақытын үнемдеуге өте тиімді.

   АКТ бастауыш сыныптарда қайталау сабағында, өзін-өзі тексеру барысында, тест жұмыстарын жүргізуде үйден оқулықта берілген тапсырмаларды өздері жазып-сызып дайындап ақ қағаз бетіне шығарып келеді де, тек жауаптарына ойлануына мүмкіндік туғызады.

  Мысалысурет, еңбек сабағында геометриялық фигуралардан үй,құстың ұясы т.б.тапсырмаларды орындау керек болса, бала оны сызып жатпай дайын түрде фигураларды ақ қағаз бетіне түсіріп алуына мүмкіндік туғызады.Компьютер арқылы ақ қағазға дайындап шығарып келеді де, бояу,қию жұмыстарын аяқтап тиісті бағасын алады.АКТ бастауыш сыныптарда үнемі пайдалана бермейді бала үшін зиянды жақтарында мұғалімнің ескергені жөн. Заман талабына сай ашық сабақтар беру барысында  көрнекіліктерді интерактивті тақтамен көрсетуге тиімді.Мұғаліммен оқушының арасындағы жұмысын жеңілдетіп, баланың ойлануына, көзбен көріп,қолмен ұстап нәтижеге жетеді.Баланың сауатты жазуына көмегін береді.Жіберген қатесін көзбен көріп,қолмен жазып түзете білуге үйретеді.Мен өз сыныбымда АКТ тиімді пайдалана отырып, көптеген нәтижеге, жетістіктерге қол жеткіздім.





















Білім беру үрдісіндегі заманға сай жаңа технологиялардың, жаңа әдіс- тәсілдердің оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырудағы маңызы.

Материал авторы:
Азизова Айман Хожағалиқызы



Баяндама
Білім беру үрдісіндегі заманға сай жаңа технологиялардың, жаңа әдіс- тәсілдердің оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырудағы маңызы.
Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертенгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.
Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен. Батыстағы Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған Сыма Цян сияқты әлемдегі ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар аз емес.
Бүгінде осы мамандықтың тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зерттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.
Бүкіл дүнеижүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызыметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Міне сол мақсатта, яғни білімнің жаңаша жүйесін құруға үлес қоссам деп мен де оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру үшін «Өрлеу» Ұлттық педагогтардың біліктілігін арттыру Кембридж тәсілімен Назарбаев интеллектуалды мектептер бағдарламасының
III- (базалық) деңгей курсында біліктілігімді жетілдірдім.
Бұл бағдарлама оқушылардың ойлауын дамыту, бұрынғы алған білімдері мен сыныптағы түрлі жаңа дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерінен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.
Сондықтан да мұғалім оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай, ал оқушы оқыған тақырыптары бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге арнап ұйымдастыра алатындай деңгейге көтерілуі керек деп ойлаймын.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да құзыретті мұғалімнің алдына заманауи білім талаптарына сәйкес оқушының жан-дүниесін жақсы зерттеп білу туралы міндеттерді қойып отырғаны нақты айтылған. Осы бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерінің, «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру ұлттық орталығының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасының мақсат, міндеттерімен үйлесімділігін саралай отырып, мұғалімнің сыныпта білім алу ортасын құра білуі құзырлы оқытудың ең маңызды факторы болып табылатынын және мұғалім оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруіне, түсінуіне, бағалай алуына жетекші бола білу керек екенін ұқтым. Сонымен қатар, бұл тәсіл аталған үдеріске оқушының өте белсенді қатысуын қажет ететінін, осылайша, оқушы өз тобының оқуы үшін, әрі өзінің оқуы үшін жауапты болатынына, мұндай жауапкершілік арқылы оқушыда метасана, метатану үдерістері қалыптасып, білімдік дағдыларды меңгеруде өзі де үйретушіге айналатынын және өзінің білім деңгейіне сыни тұрғыдан қарап, өзінің шама-шарқын анықтай алуына көмектесе алатынымызға тәжірибе барысында көз жеткіздім. Осылайша метатану үдерісі оқушыда когнитивті дағдыға айналатынын сабақ барысында көзім жетті.
Мен, орта мерзімді сабақ жоспарымда жеті модульдің барлығын қолдануға тырыстым . Бірақ, менің түпкі мақсатым өзім қажет деп ойлаған бір-екі модульге бағытталды. Жоба бойынша білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (ББмБАЖТ), сыни тұрғыдан ойлауға үйрету(СТОҮ), білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау(ББүБжОБ), білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану(ББАКТҚ), талантты және дарынды балаларды оқыту(ТжДБО), оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту(ОЖЕСББжО), білім берудегі басқару және көшбасшылық (БББжК) модульдерінің әрқайсысы мұғалімнің таңдауы мен кәсіби шеберлігіне қарай әр тақырыпта басты модуль бола алады деп ойлаймын.
Өзімнің зерттеуге алған ең қажетті деп көздеген модульдің бірі, ол оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау болды. Мен де осыған дейін бағалауды тек білім нәтижесін анықтау мақсатында қойған болсам, енді осы модуль бойынша бағалау туралы кең мағынада білімімді жетілдірдім деп айта аламын.
Мен өткізіп жүрген сабақтарымда оқушылар сабақта өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылды . Барлық әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануда мұғалімнің шеберлігі аса маңызды, өйткені мұғалім бағалауды белсенді жүргізсе, оқушылар да осылай белсенді қатысатынына сабақ беру барысында көз жеткізуге болады. Сабақ барысында оқушылар өздерінің білімін арттыруға талпынады, сондықтан оқушылардың белсенділігін дамыту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс жүргізу керек. Бұл әдіс оқушылардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді талап етеді.
Жұмыс барысында оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін, сабақтың басынан бастап, соңына дейін сол сабаққа негізделген бағалау критериін құру арқылы жүргізіп жүрмін. Критерий сабақты қалай меңгергендігін, сабаққа қалай қатысып отырғанын, сұрақты дұрыс қоя білу, мағынаны аша білу сияқты оқуды меңгеру қажеттіліктеріне негізделді. Осындай тәсілдер сыныптағы барлық оқушыларды толық бағалауға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалауда кейбір балалар өздерінің шынайы бағаларын қоюға тырысса, кейбірінде өзін-өзі бағалауда асыра сілтеушілік те кездеседі. Бұл қалыпты жағдай, яғни, психологиялық тұрғыда адамның өзіндік ерекшелігіне сай осындай балаларды кездестіруге болады.
Кері байланыс жүргізу мақсатында, СТО технологияларының ББҮ кестесі арқылы оқушылармен жұмыс жүргіземін. Кесте бойынша балалар өздерінің не үйренгенін, нені ұқпағанын, нені білгісі келетіндерін ашып көрсетті. Сол бойынша үйге тапсырмалар берілді. Ал, өзім оқушылардың сабаққа қалай қатысып отырғанын, жұпта және топта қалай жұмыс жасағанын, олардың әрқайсысының іс-қимылдары мен әрекеттерін бақылаушы ретінде бағалау кестеме жазып отырамын. Сабақ соңында бағалау оқушылармен бірге талқыланып , қорытындыланды. Мен «өзін-өзі тану» пәнінен сабақ беретін болғандықтан бағалауда оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге және шығармашылық қабілетін дамытуға көп көңіл бөлдім, яғни «өздігінен даму технологиясын» пайдаландым. Соған лайықтап, төмендегідей 12 баллдық бағалау критериін құрдым.
1. Топтағы ереженің сақталуы (1 ұпай)
2. Топтағы сыйластық, қарым-қатынас мәдениеті (1 ұпай)
3. Жоғары деңгейдегі сұрақтың қойылуы (5 ұпай)
4. Оқушының белсенділігі және көзқарасына дәлел келтіру шеберлігі (5 ұпай)
Оқушының жинаған ұпайлары мынадай шкала бойынша бағаланды.
«5» - 10-12 ұпай,
«4» - 8-10 ұпай,
«3» - 5-7 ұпай,
«2» - 1-4 ұпай.
Осы критерий бойынша оқушылар өздерінің жұмыстарын бағалауда алғашында үйреніспеді, өйткені бұл пәннің ерекшелігі (пәннің бағдарламасына сай) рухани-адамгершілік білім беретін еркін сабақ болғандықтан, басқа пәндердегідей баға қойылмайтын . Бірақ оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модульін өз пәнімде пайдалануда алға басушылық қадамдарға қол жеткіздім. Осы әдісті қолдану арқылы оқушылардың өзін-өзі тануына құлшынысы мен шынайы оқуға деген қызығушылығы айқындалды деп айта аламын. Баллдық бағалаудан білім алушылардың оқуға деген қызығушылықтары артып, бір-біріне сыни көзқараспен қарауға және өзін-өзі бағалауға үйренді. Бұдан шығаратын қорытынды, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың қазіргі жастардың білімін бағалауда, білім беру жүйесіндегі дәстүрлі бағалаудан артықшылығы:
1) Оқушылардың жетістік деңгейін нақты сипаттайды;
2) Сыныпта қарым-қатынас нығаяды;
3) Баланың өзін-өзі бағалауы дамиды және оны тек сабақ барысында ғана емес, кез-келген өмірде кездесетін жағдайларда өзіндік бақылау жүргізе алатындай «жеке тұлға» қалыптасады.
«Өзін-өзі тану» пәнінің білім беру жүйесіне енгізілуінің де басты мақсаттарының бірі, осындай рухани-адамгершілігі мол, өзін-өзі бағалайтын жеке тұлға қалыптастыру екенін басшылыққа ала отырып, әр оқушының «жеке тұлға» болуына үлес қосу үшін өзімнің тәжірибемде жаңа әдістерді үнемі қолдануға тырысамын.
Қорытындылай келе оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді іс-тәжірибеде қолдана отырып, оқушының өзіндік пікірін тыңдау арқылы оған жауап берген келесі оқушының ойын салыстыра отырып өздерінің шешім табуына жол табу мүмкіндігі туатынын және сыни көзқараспен топішілік бағалау сәттері шынайылық танытатынын байқадым. Жеті модульді қамти отырып, өткізілген сабақтар білім сапасын арттыруда нәтижеге ұмтылдыратындығына сенімдімін.
Сөзімнің соңында өзімнің ойымнан туындаған жеке көзқарасымды айта кетер
болсам, білім беру жүйесіне заманауи осындай бағдарламалар қазіргі жас ұрпақтың
дамуына, қабілеттері мен сана-сезіміне сай оңтайластырылып, енгізілуде деп
ойлаймын . Бұл жаңа әдістердің оқу үдерісінде пайдаланылуы, оқушыға сапалы
білім беруде және ұстаздардың білімін жетілдіруіне пайдасы өте зор.
Римдік философ Сенека Луцийдің: «Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз де көп нәрсе үйренеміз»-деген нақыл сөзін басшылыққа алатын болсақ , қазіргі заманға сай білім жүйесіне енгізіліп жатқан түрлі бағдарламалар бойынша білімімізді жетілдірудің арқасында, ой-өрісіміз дамып, оқу үдерісінде жаңашыл мұғалімдер қатары көбейіп, көптеген тың дүниелер пайда болуда. Сондай-ақ бүгінгі заманға сай жаңа технологиялардың , жаңа әдіс тәсілдердің оқушылардың дұрыс білім алуына, әсіресе ауыл балаларының бойындағы оқуға деген қызығушылығының даму үрдісін арттыруға көп көмегі тиюде. Жаңа технологиялардың оқушы бойына дұрыс таралуы мен сапалы білім берілуі мұғалімнің жан-жақты болуы және шеберлігіне байланысты және осы мамандықты сүйіп таңдаған кез-келген ұстаздың қолынан келетін іс екеніне ешкімнің дауы жоқ екені айдан анық. Осы мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып, болашақ ұрпақтың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп, шеберлік таныту біздердің, яғни ұстаздардың үлесі деп ойлаймын.

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын «Кім жылдам» ойыны барысында зымыран сұрақтар арқылы сұрап бекіту.(Карточкамен жұмыс)

1. Абай қай жерде, қашан туылған?

2. Абайдың руы, қандай ортадан шыққан?

3. Ақынның шын есімі кім?

4. Ең алғашқы сауат ашқан молдасы?

5. Одан кейін білім алған ордалары?

6. Оның халық әдебиетін сүйіп өсуіне кімдер себепкер болды?

7. Поэмалары.

8. Абай кімдерді аударған?

9. 17 – қарасөзінде «Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті» 

10. Ұлы ақын туралы жазылған роман – эпопея қалай аталады?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Койшекенова Алтынгуль Турсынгалиевна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 311356


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства