Ортасы 30 мин | Түсіну (топтық жұмыс) «Үшбұрыш» тобына: - Үшбұрыштың бұрышы нешеу? - Қабырғасы нешеу? - Төбесі нешеу? - Периметрін табуға бола ма? - Екі бірдей үшбұрыштан қандай фигура шығады? «Төртбұрыш» тобына: - Төртбұрыштың бұрышы нешеу? - Қабырғасы нешеу? - Төбесі нешеу? - Периметрін қалай табар едіңдер? - Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп алса, неше бұрышы қалар еді? «Шаршы» тобына: - Шаршының бұрышы нешеу? - Қабырғасы нешеу? - Төбесі нешеу? - Шаршының қабырғалары қандай болады? - Шаршының ең жақын тегі қай фигура? ТІК ТӨРТБҰРЫШ Жаңа сабақ Қолдану (жеке жұмыс) Аладарыңда жатқан шаршыдан үшбұрыш шығарып алу керек. Екінші шарашыны алып, екі бұрышын шаршының ортасына қарай бүкте.Не шықты? Қорытынды: екі бұрыштан артық бұрышы бар фигураны көпбұрыш дейміз. Көпбұрыш – кез - келген тұйық сынық сызық. Сынық сызықтың әр бөлігі – қабырға, әр ұшы - төбесі болады. Көпбұрыштың барлық қабырғасының қосындысы оның периметрі болады. - Олай болса, бүгінгі сабақта еркін өлшеммен көпбұрыш сызуға жаттығамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көпбұрыш сызу». Сондай - ақ, екі амалды есептер шығаруды пысықтаймыз, көпбұрыштың периметрін есептеп табу, түрлі шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білімімізді дамытатын боламыз. Топпен жұмыс жасауға жаттығатын боласыңдар. Талдау (топтық жұмыс) 1 – топ: Кез келген көпбұрыш сызыңдар. Оны ата және неліктен бұлай аталатынын түсіндіріңдер. Периметрін жазып көрсет. 2 – топ: Машина құрастыру үшін қандай фигураларды қолданар едің? Геометриялық фигураларды пайдаланып машина құрастыр. 3 – топ: Төртбұрыш және бесбұрыш сыз. Олардың бұрыштары қандай? Ойын «Жасырынған санды тап» Мақсаты: оқушыларды ауызша жылдам есептеге машықтандыру Оқулықпен жұмыс. 4 - есеп. (Жеке жұмыс) Есептің шартын, сұрағын оқу, шешуін табу. Қысқаша жазу. Салынғаны – 6 (қ) Салынбағаны – 5 (қ) ? қабат 6+5=11 Жауабы: барлығы 11 қабат ІІ күні – 14 (о) ІІІ күні – 20 (о) 59 отбасы І күні -? 59 - (14+20) =25 Жауабы: 25 отбасы Жинақтау «Жетістік жолы» «Білмеймін, білемін, түсінемін, басқаға көмектесемін» деп жазылған дөңгелекшелердің тиістісін таңдатып, таңдаған сөздерінің тұсына оқушыларды тұрғызу. Орындарына отырғызып, алдарында жатқан конверттердегі (білмеймін, белемін, түсінемін, басқаға көмектесемін) тапсырмаларды орындату.(қандай жолды таңдаса сол конверттегі тапсырманы алап орындайды. Оны орындай алса келесі конверттегі тапсырманы орындайды) Егер тгүсінбей қиындық туса партаның үстіне сары түсті белгіні қояды. Мен сол оқушыға көмекке барамын. Әр оқушы өзін-өзі бағалау парағына өз білімдерін бағалайды. Бағалау парағы Оқушының аты-жөні:_______________ Жетістік критерийлері | «+» «-» | Теңдеу шешуді білемін | | Амалдарды орындай аламын | | Жазбаша қосып азайта аламын | | Периметрді таба аламын | | Оқушыларды қайтадан «Жетістік жолына» тұрғызып, қорытынды жасату. | үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы Шаршылар Көпбұрыш суреттері Постер, маркер, сызғыш, қарындаш, геометриялық фигуралар Постерге жазылған тапсырма Сөздер жазылған дөңгелектер, конвертке жазылған тапсырмалар, сигналды карточкалар Бағалау парақтары |