Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу.
Мақсаты: Барлығы: Теңдеулерді ажыратып, шеше біледі.
Көпшілігі: Қосу және азайту амалдарымен байланысты құрылысы күрделі тендеулерді құрады және шешеді;
Кейбіреуі: Қосу мен азайтудыңөзара кері екендігін тағайымдайды және оны теңдеулерді шешуде қолданады.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыстар.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Ресурстар: оқулық, суреттер, ойындар.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Логикалық есептер шешу.
1. 4 қойдың неше аяғы бар? (16)
2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)
4. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)
II. Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.
192-бет 2 есеп.
Х-45=60-8
Х-45=52
Х=52+45
Х=97
97-45=60-8
III. Жаңа сабақ.
Мағынаны тану. Бірлесе іздеп, талқылау
Ертегі оқу
Сандар мен белгілер патшалығы қайғыға тап болыпты! Өрнек отбасының бір ханшасы жоғалып кетіпті. Ханшадан еш хабар болмапты. Сонда патша жар салыпты: Кімде - кім белгісіз ханшаны тапса, соған ханшаны әйелдікке беремін және жарты патшалығымды сыйға тартамын. Көптеген патша балалары мен серілер ханшайымды тапқысы келіп іздейді, бірақ біреуі ғана ханшаны тауыпты. Ол қалай тапты екен? Қане, сіздер де тауып көріңіздер. Таба аласыңдар ма?
11-3= ң 6+8= е 18-9=д
12-7= т 7+8=р 7+6=л
15-9= е 6+6=у 9+2= е
Күн ретін жазу, тақырыпты жазу.
№1 есеп. 16 мен ойлаған санның айырмасы 47 мен 40 сандарының айырмасына тең.
16 - X=47 - 40
16 - X=7
X+7=16
X=16 - 7
X=9
16 - 9=47 - 40
7=7
Тақтамен жұмыс. №2 есеп. Түсіндіре отырып, шешу.
97 -×=40+5
70 -×=50+6
64 -×=26
Сергіту сәті. «Валеопауза.»
№4 есеп.(ауызша)
Ойын: « Кел, ойнайық!» Оқушыларға карточкалар беріледі, оқушылар сандарды, разрядтарын атайды.
Оқулықпен жұмыс. №5 есеп.
Жеңіл машина – 40 л жанармай құйды
Жүк машинасы -?,одан 20л артық құйды
Шешуі: 40+20=60(л)
Жауабы: Жүк машинасы 60литр жанармай құйды.
Жеңіл машина – 40 л жанармай құйды ? л
Жүк машинасы -?,одан 20л артық құйды
Шешуі: (40+20) + 40=100(л)
Жауабы: Барлығы 100литр жанармай құйды.
Бекіту. №6 есеп.
6+6+6=18,
18 - 6 - 6 - 6=0,
18 - 3 - 3 - 3 - 3 - 3 - 3=0
Математикалық жұмбақ.
Аружан болса жетіде,
Бақытжан болса тоғызда.
Екеуін қоссаң шырағым,
Диастың жасы шығады.(16)
IV. Үйге тапсырма: №3 есеп
V. Қорытындылау. Сабақта қандай жұмыстар жасадық?
VI. Бағалау. Мадақтау.