-Олай болса,балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз,әрбір ісімізге мұқият болайық.
II.Қызығушылықты ояту.
«Нақты сұрақ,дәл жауап»
Мәтін дегеніміз не?
Мәтін құрамындағы сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға бола ма?
Мәтін бөліктері қалай жазылады?
Мәтіннің қандай түрлері бар?
-Ендеше біз бүгін мәтін туралы алған білімдерімізді еске түсіріп жұмыс жасаймыз.
III.Мағынаны тану.
а) Мәтін
әңгімелеу сипаттау пайымдау
не істеді ? қандай? неліктен?
Әр мәтіннің сұрағын және ерекшелігін түсіндіру.
1.Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады?
2.Зат немесе құбылысты суреттеп сипаттайтын мәтінді сипаттау мәтіні деп атаймыз?
3.Оқиға,құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады?
ә) Мәтіннің түрлерін ажырату.
1.Алматы Іле Алатауының етегінде орналасқан.Қазақстанның ірі қаласы.Ұзақ уақыт бойы көптеген деректемелерде қаланың атауы «алманың атасы» деп аударылды.
Тақырыбы:
Мәтіннің түрі:
Неге олай ойлайсың? түсіндір.
2. Күз белгісін ең алдымен ақ қайың сезеді.Өйткені басқа ағаштардан гөрі оның жапырағы бұрын сарғаяды.
Тақырыбы: Мәтіннің түрі:
Неге олай ойлайсың? түсіндір.
3. Лашын-жыртқыш құс.Оның арқасы көк сұр.Ал алқымы ақ сұрлау болып келеді.Көзі дөп-дөңгелек,қап-қара.Қанаты ұзын және сүйір.
Тақырыбы:
Мәтіннің түрі:
Неге олай ойлайсың? түсіндір.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу.
Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.а) Әңгімені түсініп оқу.
ә)Әңгімені пайымдау мәтініне айалдыр.
б)Мәтіннен екі адамның бір-бірімен сөйлескен сөздерін тауып көшіріп жаз.
Слайд көрсету.
Ыбырай Алтынсарин-ұстаз,ағартушы,жазушы.1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы,Затобол ауданында дүниеге келген.
Спандияр Көбеев-педагог -жазушы.1878 жылы 1 қазанда қазіргі Қостанай облысыМеңдіқара ауданында дүниеге келген.Ол 1887 жылы Ы.Алтынсариннің көмегімен мектепке түсіп оны 1892 жылы бітіреді.С.Көбеев балаларды Ыбырай әдісімен оқытады,ғылым негіздерін үйретеді.
2-жаттығу.
а )Ертегіні түсініп оқы.
Ағаш шебері мен мысық.(Жапон ертегісі) Слайд көрсету
ә)-Мысық қайда жоғалып кетті деп ойлайсың?
б) –Қожайыны мысықты тауып алғаны туралы пайымдау мәтінін құрастырып айту.
3-жаттығу.Тірек сөздерді пайдаланып,сурет бойынша пайымдау мәтінін құрастырып жаз.
Слайд көрсету.
-Мәтінге ат қой.Мәтіннің мазмұнына сай мақал айту.