Просмотр содержимого документа
«Лепті сөйлем. Білгім келеді»
«Қазақ тілі» сабағының жоспары
Мектеп: Қабанбай батыр ауылы №41ОМ
Мерзiм:
Мұғалiм: Дюсенова Д.А.
Сынып: 2 «б»
Оқушылар саны: 22
Тақырып: Лепті сөйлем
Мақсаты
Лепті сөйлем жайлы білімдері кеңейеді, сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығады, сөйлемнің мағынасын анықтауға дағдыланады.
Күтілетін нәтиже
Өз бетімен жұмыс жасайды және өзін бағалайды, байланыстырып сөйлеуі, жазба тілі дамиды, тіл байлығы артады.Ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс жасауға баулу; алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, достық қарым-қатынасқа үйренеді.
Типі: жаңа білімді меңгерту Әдісі: сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс. Көрнекілігі: сөйлем түрлері жазылған қағаздар, плакат,тыныс белгілер, сызбалар.
Психологиялық ахуал
Бір , екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз
Оқушылар,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа, бір-біріне сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын бекіту.
Жаңа сабақ
“Мен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны
1. Сөйлем аяқталған …………… (ойды білдіреді). 2. Сөйлем сөзден ………… (құралады). 3. Сөйлемдегі сөздер ……… (бөлек жазылады). 4. Сөйлемнің бірінші ……… (сөзі бас әріппен басталып жазылады). 5. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады). 6. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады).
– Лепті сөйлем деген не?
Адамның көңіл – күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.
Көркем жазу минуты.
сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мәтіндегі қарамен жазылған қандай сөйлемдер? Сол сөздердің біреуінен лепті сөйлем құрастыруға болады ма?
Сергіту сәті.
Тақтамен жұмыс:
Сызбаға қарап лепті сөйлемнің адамның көңіл күйін, сезімін білдіруі туралы айту
Ойын: Сәйкестендір. Көңіл күйді білдіретін сөз түрі мен соған сәйкес лепті сөйлемді табу.
Қуаныш Қап, кеше келсемші!
Бұйыру Алақай, әкем келді!
Өкіну Қандай әдемі сурет!
Таңдану Бол тезірек!
Дәптермен жұмыс: 76 бет. Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөздерді топтастырып жаз.
Алақай, қандай сөздерін пайдаланып, сөйлемдерді лепті сөйлемдерге айналдыр.
Күн шықты. Жаңбыр басылды. Циркке барамыз. Дала аппақ. Қауын тәтті.
Cабақты бекіту
Сонымен лепті сөйлем дегенміз не?
Лепті сөйлемнің тыныс белгісі қандай?
Лепті сөйлемдер қалай айтылады?
Үйге тапсырма
Жұмыс дәптері 75-76 бет, Сөйлемдердің түрлеріне екі мысалдан жазып келу, ережелерді қайталау.
Күнделіктеріне жазып алады
Кері байланыс
Алдарыңдағы смайликтерге сабақтан алған әсерлеріңді жазып, қалаған деңгейге жапсырайық.
Смайликтерді өзі қалаған деңгейге жабыстырады
Сабақтың тақырыбы: «Сөйлемдегі сөздердің байланысы» 255-261-жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері жайындағы алған ұғымдарын тиянақтау.
Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу,сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыту.
Тәрбиелілік: Таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың байланысы: ана тілі, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
А) Психологиялық дайындық.
Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер? (Сәлем сөздің анасы.Сәлем беру де парыз, сәлем алу да парыз. Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 – тағы қария иіліп сәлем береді.)
Мінеки, балалар, сәлемдесу де әдептіліктің белгісі. Біз сәлемдесу арқылы бір – бірімізге тек жақсылық пен қуаныш сыйлаймыз.
Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, сәлемдесейік.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
254-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Интерактивті тақтамен жұмыс.
«Ойлан тап» ойыны.
Ұяшықтар берілген.Оқушылар қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың соңында сұрақтар бар.
1
2
3
4
5
6
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Лепті сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем дегеніміз не?
5.Жұмбақ .
« Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын.»
Мәтін деген не?
ІV.Жаңа сабақ.
Сөйлемдегі сөздердің байланысы.255-262-жаттығу.
255-жаттығу.Екі бағанды оқып, салыстыру.
Біз, ауыл, тұр. Біз ауылда тұрамыз.
Балалар, қала, бар. Балалар қалаға барды.
Киім, кірлетпей, ки. Киімді кірлетпей ки.
Сөйлем болу үшін сөздер қандай өзгеріске түскенін түсіндіру.
Ережені түсіндіру.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
256-жаттығу.Үлгі бойынша ауызша орындау.
Қоңырау соғылды.Оқушылар сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Мұғалім тапсырманы тексерді. Тапсырманы барлық оқушы орындап келіпті.
Мұғалім тапсырманы тексерді.
Мұғалім не істеді?
Мұғалім тексерді.
Нені тексерді?
Тапсырманы тексерді.
257-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.
, ,,,, ,,,
8 теңге
258-жаттығу.Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланыспағанын дәлелдеу.
Сиыр өріс (тен ) келді. Нұрбол сиыр ( ды) қораға кіргізді. Апа (м ) сиыр сауды.
Сиыр қайдан келді? Нұрбол нені қораға кіргізді? Кім сиыр сауды?
Сергіту сәті.
259-жаттығу. Қыстап қалатын құстар туралы әңгіме құра.
-Қандай құстар қыстап қалады?
Дәптермен жұмыс.
260-жаттығу.Сөйлемдерді оқып , ондағы сөздердің байланысын табу.Сөздердің байланысын сызып көрсету.
Шөп өсті.( Не өсті? Шөп өсті.) Атасы шөпті шапты. ( Атасы не істеді? Атасы шапты. Нені шапты? Шөпті шапты.) Біз шөпті тасыдық.. ( Біз не істедік? Біз тасыдық. Нені тасыды? Шөпті тасыдық.)
Сабақты бекіту.
а) «Жұбын тап» ойынын ойнау.
Сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқып, тыныс белгісін табу.
Алақай, әкем келді
Сенің атың кім
Оқушылар саяхатқа шықты
ә) Тест тапсырмасы:
Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысқанын тап.
А) Үйді олар тазалау кірісті.
Ә) Үй олар тазалауға кірісті.
Б) Үйді олар тазалауға кірісті.
Үйге тапсырма:
261-жаттығу.
Ережелерді жаттау.
Бағалау.
Апта
Күні
Сабақ Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Сөйлемдегі сөздердің байланысы
Сабақтың мақсаты
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықталатынын ұғындыру.Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтай алады. Сыни тұрғыда ойлай отырып,шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ- жауап, сыни ойлау стратегиялары, жеке, топтық жұмыс, тест тапсырмасы, постер қорғау.
Керекті жабдықтар
Плакат, суреттер,көрнекіліктер, стикер.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
I .Үй тапсырмасын тексеру.
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Лепті сөйлем дегеніміз не?
Лепті сөйлем адамның көңіл күйін,сезімін білдіреді.Олар көтеріңкі дауыспен айтылады.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықталады?
Сөйлемдегі сөздердің байланысы сұрақ қою арқылы анықталады.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қойып анықта. Күн суытты.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қойып анықта.Қалың қар жауды.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қойып анықта.Балалар мұзайдында сырғанақ тепті.
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар бірін- бірі
тыңдап,қадағалап отырады,бағалауға да қатысады.
Негізгі бөлім
Қорытынды
Сабақтың өзіндік
талдауы
Сөздік диктант жазу. Үй, құс, кітап, бұлт, боран, қар, ине, аяз, көл, қол, күшік. Жазған сөздерден табиғатқа қатысты сөздерді табу. Оқулықтаға сөздермен сәйкестендіру. Сол сөздермен сойлем құру. Сөздердін байланысын табу.
Дәптермен жұмыс 82 беттегі сызбамен «Қыс» тақырыбына мәтін құрау.
Берілген сызбалар бойынша сөйлемдер құрастырып жаз.
«Шашыраған сөздер» ойыны. Сөздерден сқйлем құрау. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.
III.Сабақты бекіту.
5 сұрақтан құралған тест тапсырмасы арқылы қорыту.
IY. Үйге тапсырма
Ереже. 3-жаттығу
Дұрыс құрастырылмаған сөйлемді тауып,қатесін түзеп жаз.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.Қандай сөйлем түрлерін жаздың?. Күнделікке тапсырма жазу.
V. Бағалау
Сабаққа белсене қатынасқан оқушыларды мадақтау, бағалау.Балалар сендердің постер қорғағандарыңды,сабаққа қатысқандарыңды ескере отырып бағалаймын. Сабақ аяқталды.
Бой сергіту жаттығулары
• Табиғат аясында жиі боласыңдар ма?
• Табиғаттан қандай әсер аласыңдар?
Олай болса,ауа (дем аламыз). Су (жүзиміз). Күн (шуақтанамыз)
Оқулықпен жұмыс.
1жаттығу. (Сұракка жауап беріп сөйлемді көшіріп жазу. Екі сөйлем тақтада талданады)
2жаттығу. (ауызша орындалады).
Тапқырлық таныт айдары. Ой қозғау.
• Кім әйнекті сындырмай көктеп өтеді? Күннің сәулесі
• Екеуі қатар тұрады, бірақ бірін – бірі көрмейді? Екі көз
• Менің қалтам бос, бірақ ішінде бірдеңе бар.Ол не? Тесік
• Қандай ағаш өсуін тоқтатады? Жаңа жылғы шырша
• Өзі дыбыс шығармайды, дыбыстың бәрін жұтып жатады.Ол не? Құлақ
Сауатты жазу айдары.
3жаттығу (мәтін оқып түсіндіріліп,дурыс жазылмаған сөйлемді тауып,түзетіп жазу). Әр қатарға 2 сөйлемнен көшіріп жазуға беріледі.
Ойлы болсаң,озып көр айдары:
1.шығармашылық диктант
Ітоп. Ердос пен Елдос ...... аулауға барды.
ІІ топ. Аспанда ..... қалықтап ұшып жүр.
ІІІтоп. Күзде орман іші ......кетеді.
Керекті сөздер: (балық,қыран, құлпырып)
3.сызба бойынша сөйлем құрастыру.
Іқатар:
ІІқатар:
ІІІқатар:
Қорытынды.
Сұрақ-жауап. (ия,жоқ деп жауап беруі керек)
Сөйлем сөзден құралады. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылмайды.
Сөйлемге сұрақ қойылады. Буын сөзден құралады.
Сөз буыннан құралады. Сөйлемнің бір түрі бар.
Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады. Сөйлем мәтінен құралады.