Балалар ерте заманда бір бай болыпты.Оны? екі баласы болыпты. Бірінші баласы хабарлы с?йлем, екінші баласы с?раулы с?йлем.?азір сендер сол байды? баласы болы?дар.
І топ ІІ топ
Хабарлы с?йлем С?раулы с?йлем
ІІ. ?й тапсырмасын с?рау.
-?йге ?андай тапсырма берілді?
-5 жатты?у
-Тізбектеп о?ыту
-Сонымен біз ?ткен саба?та ?андай та?ырыппен танысты?.
-Хабарлы с?йлем
?има ?а?аздар таратып ?ткен саба?ты бекіту
Сергіту с?ті.
ІІІ. Жа?а саба?.
Ал, енді жа?а саба?ымыз байды? екінші баласыны? аты кім еді?
-С?раулы с?йлем
Жауап алу ма?сатында айтыл?ан с?йлемді с?раулы с?йлем дейміз. С?раулы с?йлемні? со?ына (?) белгісі ?ойылады. Мысалы:
- Балалар ?азір ?ай мезгіл?
- ?азір к?з мезгілі.
-Алда ?андай мезгілді ?арсы аламыз?
-?ыс мезгілін.
-Мен сендерге не ?ойдым?
-С?ра?.
-Сендер не істеді?дер?
-Жауап бердік.
Ендеше балалар, сендер ?ай мезгіл екенін хабарлап берді?дер. Ол хабарлы с?йлем еді.
Біз кеше кинаға бардық. Ағасы Әсетке кітап сыйлады. Айгүл әжесіне хат жазды. Машина үлкен жолмен келеді. Қоңыр аю өсімдікпен қоректенеді. Ағам кітапты көп оқыды.
ІV. Сабақты қорытындылау.Топ жетекшісі шыршаны безендіреді.
Қай топтың ойыншығы көп?
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: 4- жаттығу 82 бет.
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Оқушыларға сұраулы сөйлемнің мағынасын
түсіндіру, сұраулық мағынаны білдіретін сөздер туралы
алғашқы түсініктерін қалыптастыру
Дамытушылық: Сұраулы сөйлемді тиісті дауыс
ырғағымен оқуға жаттықтыру , сұраулық мағынадағы
сөйлемдерге жауап жаза білуга үйрету
Тәрбиелік:берілген тапсырманы тиянақты орындауға, таза
Сабақтың көрнекілігі: кесте, анықтама жазылған плакат, қима қағаз
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топпен жұмыс
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Балалар ерте заманда бір бай болыпты.Оның екі баласы болыпты. Бірінші баласы хабарлы сөйлем, екінші баласы сұраулы сөйлем.Қазір сендер сол байдың баласы болыңдар.
І топ ІІ топ
Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-5 жаттығу
-Тізбектеп оқыту
-Сонымен біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық.
-Хабарлы сөйлем
Қима қағаздар таратып өткен сабақты бекіту
Сергіту сәті.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ал, енді жаңа сабағымыз байдың екінші баласының аты кім еді?
-Сұраулы сөйлем
Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына (?) белгісі қойылады. Мысалы:
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Қазір күз мезгілі.
-Алда қандай мезгілді қарсы аламыз?
-Қыс мезгілін.
-Мен сендерге не қойдым?
-Сұрақ.
-Сендер не істедіңдер?
-Жауап бердік.
Ендеше балалар, сендер қай мезгіл екенін хабарлап бердіңдер. Ол хабарлы сөйлем еді.
1-жатттығу. Өлеңді оқыту.
-Марал қандай сұрақтар қойды?
-Маралдың сұрағына жауап алу.
2-жаттығу. Өлеңді оқыту.
-Сұрау мағынасында айтылған сөйлемді көшіріп жазу.
3-жаттығу Сызба бойынша сөйлем құрап жазу.
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны
?
?
?
?
Сергіту сәті.
Сұраққа сөз таба алмай,
«Жоқ, жоқ! » деген баладай.
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық.
Міне былай, балалар
Қане, байқап қарап ал,
Бір-екі, бір-екі
Жаттығайық біркелкі,
Бойыңа күш тарасын.
Аш аяқтың арасын
Екі қолды белге ұста,
Бостау болсын тек қыспа.
Кең тыныстап ал демді,
Бір-екі, бір-екі,
Жаттығайық біркелкі.
4-жаттығу
Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер.Жауаптарды дәптерге жаз.
-Балалар не істеп жүр?
-Балалар ойнап жүр.
- Кішкентай бала неге жылады?
-Өйткені ол құлап қалды.
-Дәулет не істеді?
-Дәулет оған көмектесті
-Ол қандай бала?
- Ол жақсы бала
IV.Сабақты қорыту. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Хабарлы сөйлем жайында
Сұраулы сөйлемді білдім
Лепті сөйлем жайында білгім келеді
-Кестені толтыру. Сұрақ-жауап.
V.Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма: 5-жаттығу. 83 бет
Сабақтың тақырыбы: 11 санының құрамы
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Қосу және азайтудың сәйкестік
жағдайларымен 11 санының құрамын оқып-үйрену
Дамытушылық: Жаңа білімді өз бетімен қолдану
дағдысын дамыту
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа,
тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: перфокарта, кесте, оқулық
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептеу, сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын тексеріп, сұрау.
Сергіту сәті Жақсы бала.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
Математикалық диктант.
5 -пен 2-нің қосындысы
12 – мен 10-ның айырмасы
2-мен 8-дің қосындысы
Болатта 10 қоян мен аю бар.Егер Болатта 4 аю болса, қоянның саны нешеу?
2.Қосу және азайтудың жаңа мысалдарын шығаратындарын ескерту.
1-мысал.
3.Плакаттағы сурет бойынша жаңа сабақты бағдарлама талабына сай түсіндіру.
9+2= 11
9+1+1=11 11-2 =11-1-1=9
9-ға 2-ні қосу қажет. Біз бөлшектеп қостық. Алдымен 1-ді қостық. Сонда 10 шықты.Содан кейін тағы 1-ді қостық, 11 болды.
11-ден 2-ні аламыз. Бөлік бойынша аламыз. Алдымен 1-ді аламыз, 10 болды. Содан кейін тағы 1-ді аламыз, 9 қалды.
8+3= 8+2+1=11 11-3=11-1-2=8
6+5=6+4+1=11 11-5=11-1-4=6
4. Үйшіктегі 11 санының құрамын таныстырып, меңгерту.
4- есеп.
А) Қарбыз -11 дана
Қауын -? 6 дана кем.
Шешуі: 11- 6 = 5
Жауабы: Қауын 5 дана
Ә) Әпкесі -11 жаста
Інісі-? 2 жас кіші
Шешуі: 11-2 = 9 Жауабы: інісі 9 жаста
5-мысал.
Х+5=11 х-8=2 11-х=9
Х=11-5 х=8+2 х=11-9
Х=6 х=10 х=2
6+5=11 10-8=2 11-2=9
11=11 2=2 9=9
5. «Жұбын тап» ойыны
Тақтаға мысалдар жазылған жапырақтар ілінеді. Олардың ішінен жауаптары бірдей өрнектерді тауып, сәйкес жұптарды атау керек.
ІV. Сабақты қорытып, бағалау.
V.Үйге тапсырма 3-мысал. 2-2 шығару керек.
Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды ауызша қосу және
азайту тәсілдері
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Оқушылардың көп таңбалы сандар
жайлы алған білімдерін пысықтап, көп таңбалы
сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдерін
меңгерту
Дамытушылық: Көп таңбалы сандарды оқу,
жазу, салыстыру, разрядтарға жіктеу қабілеттерін
ойлау шапшаңдығын арттыру
Тәрбиелік: Белсенділікке, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, білімділікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: сызба, фигуралар, кесте
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептеу, сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Пәнаралық байланыс:дүниетану, қазақ тілі
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
237+29=266 515+89=604 751+99= 850 542+99=641
716+69=785 399+570=969 99+389=488 315+199=514
184+299=483 415+399=814
3) Өткенді пысықтау.
Массаның өлшем бірліктері: грамм, кг. Ц, т. Уақыт өлшемдері: с. мин. сағат, тәулік, апта, ай. Ұзындық өлшем бірліктері: мм,см, дм, м,км, Ауданның өлшем бірліктері мм2, см2, дм2,м ,а, га
Көлемнің өлшем бірліктері: см3 дм3, мм3, м3
4) Жаңа сабақ. (оқулық, дәптермен жұмыс)
№ 1 жазбаша
253457-400-50-7=253000 48000+5000=53000
405000+80000+700=490700 79000+6000=85000
789000-80000-9000=700000 34000+9000=43000
100000+20000+800+30=120830 12000+8000=20000
№3
А) а:2•9 ә) (с•2)+b б) d : 8
№4 жазбаша
А) Ұзындығы -18 м
Ені 3 м
7м -? Сым темір
18:6= 3
Р=(18+3) •2=42
42 • 2=84
84:7=12
Жауабы 12 орам
Ә) Өткен жылы-1200 кг
Тасыды-3 машина
Биыл -1500 кг
Қажет-? Машина
Шешуі: 1200:3= 400 400+100 =500 1500: 500 =3
Жауабы: 3 машина
5) Сергіту сәті
Бойыңды сергек тік ұста,
Деміңді ішке тез ал да.
Емін еркін тыныста
Оң қолыңды алға соз,
Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қол да бос тұрмасын
Шеңбек жасап зырласын
№5 жазбаша
Ұзындығы -22 см
Ені -10 см
Шаршының S=25см2
Шешуі: S=(22• 10)-25=195 см2
Жауабы: 195см2
Ә) 3 см 5см
Р=3+3+3+3=12см
3см (3+3) •2=12
P=3+5+3+5=16см
Р=(3•2)+(5•2)=16см
№6 жазбаша
198• 5=990 419 •2=417
9 •98 =882 345 : 5=69
705 :3= 235 450: 6=75
№7 жазбаша Өлшем бірліктеріне өрнектеу
12550кг = 125ц50кг = 12т 5ц 50кг
100 853кг= 100ц 53кг = 100т 8ц 53 кг
70000кг = 700ц 0кг = 70т 0ц 0кг
696000кг= 6960 ц 0кг = 696т 0ц0кг
345509 кг = 3455ц 9кг = 345 т 5ц 9 кг
№8 (Логикалық тапсырма)
Ауылдан қалаға көпір арқылы 5 жолмен баруға болады.
Сабақты қорытындылау.Көп таңбалы сандарды оқып, жазу
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.
Күз
Мәуе пісіп балбырап,
Маужыраған қоңыр күз.
Алма пісіп албырап,
Күзді тартқан қоңыр күз.
2) Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
№5 26 бет Өткен сабақты пысықтау
11 9 10
10 1 8 1 9 1
9 2 7 2 8 2
8 3 6 3 7 3
7 4 5 4 6 4
6 5 4 5 5 5
ІІІ. Жаңа сабақ.
№1 Сәйкес сандарды тап
+ = 11 8 + 3 = 11
5 + 6 = 11 7 + 4 = 11
№ 2
А) Барлығы -9
Алша -5
Алмұрт -?
Шешуі: 9-5=4
Жауабы: себетте 4 жеміс бар.
Ә) Барлығы 9 жеміс
Алма -?
Алмұрт -4
Шешуі: 9 - 4 =5
Жауабы: себетте 5 алма бар.
б) Барлығы- ?
Алма -5
Алмұрт -4
Шешуі: 5 + 4 =9
Жауабы: себетте 9 жеміс бар
ІV. Сергіту сәті .«Бойы да сергектеу, ойы да сергек.»
1.Білім ақыл. 2. Еңбек, қарын 3. Дос, ақыл.
№3
А) Машина -5 м
Камаз -3м ?
Шешуі: 5+3= 8 м
Жауабы 8 метр
ә) Машина -? м
Камаз -3м
Барлығы 8 м
Шешуі: 8-3= 5 м
Жауабы 5 метр
б) Машина -5 м
Камаз -?м
Барлығы 8 м
Шешуі: 8-5= 3 м
Жауабы 3 метр
№1 есеп. Қызыл ж -7 см
Жасыл -? 11см
Барлығы : 11-7=4
Жауабы: жасыл 4 см
№5 Карточкамен жұмыс .Күз мезгілі бойынша. Жапырақ жинату.
11-5=6 10-6=4 12-2-5=5 14-4-2=8
9+2=11 6+5=11 6+4+2=12 8+2+3=13
7+4=11 11-2= 9 5+5+6=4 7+3+8=18
№7 ауызша есеп
Сабақты қорыту. Үйге тапсырма беру.
№ 6 есеп 27 бет
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: «Сөздің көркі мақал»
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Ата-бабамыздан қалған мұра
көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны
терең, қымбат. Мақал-мәтелдерді оқушыларға
үйрету, ұғындыру
Дамытушылық: ой белсенділігін, сөздік қорын
молайту,ойлау қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: Отанын, елін, тілін сүюге, халқын
құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтел жазылған плакаттар, тіл туралы ұлағатты сөздер, шарлар, гүл шоқтары.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.
Ұстаз: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі тіл әдістемелік күнге орай өткізілгелі отырған «Сөздің көркі мақал» атты 1»В» сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмысына қош келдіңіздер!
Бастаушы:
Тапқыр, білгір, дарынды,
Жарыс бар бүгін арынды.
Мақал-мәтел білсең сен,
Ортаға сал барыңды.
2-бастаушы:
Көңілді тарқырлар, білімділер,
Бар өнерін салады алдарыңа.
Кім кітапты көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Мұғалім:
Сабағымыз тіл туралы болғандықтан
І кезең: «Мақал-мәтелдер шеруі» деген тақырыпта кезекпен тіл туралы мақалдар айту.
Ақыл көркі тіл, тілдің көркі сөз.
Көңіл гүлі- тіл бұлбұл.
Аяққа, қолға кісен салуға болады,
Өнер алды қызыл тіл.
Тіл бас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
Тіл ақылдың өлшемі.
Ең ащы да тіл, ең тәтті де тіл.
Ең қатты да тіл, ең жұмсақ та тіл.
Аз сөз алтын көп сөз көмір.
Ана тілін білмеген адам
Ештеңені сезбейтін надан.
2-кезең: Жалғасын тап:
Тіл сүйексіз болса да,
Өзі сүйектен өтеді.
Өз тілің бірлік үшін,
Өзге тіл тірлік үшін.
Мал басынан байланады,
Адам тілінен байланады.
Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,
Ең алдымен өз тіліңді дұрыста.
3-кезең: «Білгенге маржан, білмегенге арзан»
Әр топқа тақырып беремін, тақырыпқа сай 3 мақалдан айту.
Өнер-білім туралы.
Оқу-білім бұлағы.
Білім өмір шырағы.
Ақыл тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Тәлім-тәрбие туралы
Өз білмегеніңді кісіден сұра
Үлкені жоқ болса да кішіден сұра.
2.Өзін-өзі мақтаған,
Өліммен тең.
3.Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
Жақсы қыз- жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт-көктегі жұлдыз.
Ынтымақ, бірлік туралы.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Оқушылардың сөз таптары, сан есім
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. Берілген зат есімдерге тиісті сан есімдерді тауып жазу. Он саусақ, үш би, үш бәйтерек, он екі ай, төрт мезгіл.
3) Өткенді пысықтау.
1) Сөздер мағынасына қарай қандай сөз таптарына бөлінеді?
Сөз таптары
Зат есім сан есім сын есім етістік
Сан есім дегеніміз не?
Мысал келтіру.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болып жатыр?
Көктем мерекелерін ата?
8-Наурыз Аналар мерекесі.
22-Наурыз -Наурыз мерекесі,шығыс елінің жаңа жылы.
Мына кестедегі есепті шығарсақ биылғы қазақша жыл аты шығады.Қане,көрейік, балалар!
7
Ж е т і
х1=7
2
Қ ы р ы қ
0х2=40
25 х5=50
3
Е л у
0+10=40
3
қ ы р ы қ
х3=9
Т о ғ ы з
Сабақты қорытындылау.
С
А с ы қ
өз жұмбақ шешу.
1
а н а
.Ұлттық ойын түрі.
2
н а н
. Ардақты есім
3
Ш е л е к
.Қасиетті тағам
4
с е г і з
. Ыдыс
5
і н
. Сан
6. Тышқанның үйі
7
А л м а
. Жеміс
Сабақты бекіту.
а) Үйге тапсырма 5 жаттығу (67 бет)
ә) бағалау
Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік
Сабақтың мақсаты: Білімділік.Оқушыларға сөз таптарының
ішіндегі етістік грамматикалық категорияға
бай, ең бір күрделі түрі екенін оқытып,үйрету.
Дамытушылық: етістіктің ережелерін
пайдаланып, оқушылардың сөздік қорын
молайту, тіл байлығын дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларға жаттығуларды орындау
барысында сөйлем ішіндегі етістікті табуға,
ұқыпты, сауатты жазуға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ереже
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау, тексеру
4-жаттығу
Қайраңдар кит тұр
Қайран қап ит тұр. (Туынды етістікті табу)
3) Өткенді пысықтау
Етістік
4) Жаңа сабаққа кіріспе
Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді. Болымсыз етістік болымды етістікке –ма, -ме, -ба,-бе,-па,-пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы:бар-барма, айт-айтпа, кел-келме, жаз-жазба, оқы-оқыма.
Сондықтан аққуды атуға болмайды. Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба. Малды аяғыңмен теппе. Нанды бір қолмен үзіп жеме. Сүт тағамдарын жерге төкпе.
6) Сергіту сәті
Әдепті боламыз
Тату өскен баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Нанға кетсе мамамыз,
Үйде өзіміз қаламыз.
Ойыншықты шашпаймыз,
Терезені ашпаймыз.
Сыртқа шығып ойнасақ
Қаздан қорқып қашпаймыз.
3-жаттығу (жазбаша)
Болымды етістікті бір бөлек, болымсыз етістіктерді бір бөлек көшіріп жазу.
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Оқушылардың алған білімдерін
сарапқа салу
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін
сөздік қорын, тіл байлығын дамыту
Тәрбиелік: оқушыларға өнеге мен тәрбиені
неден алу керектігін үйрету, ынтымақта,
бірлікте, тапқырлыққа тәрбиелеу
Оқушыларды екі топқа бөлу.
І кезең І топ
Оқу, білім туралы мақал-мәтел айту
Кітап -білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
Ақыл- азбайтын кен,
Білім- тозбайтын тон.
Ақыл жастан
Асыл-тастан.
Талабы жоқ жас
Қанаты жоқ құс.
2 топ
Дос, жақсы адам туралы мақал-мәтелдер айту
Адам досымен,
Ағаш тамырымен мықты.
Адал тастан берік,
Гүлдей нәзік.
Досы көпті жау алмас,
Ақылы көпті дау алмас.
Жақсы дос үшін жан пида.
Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріліп отырады.
ІІ кезең
«Мақалды жалғастыр»
Екі топ кезекпен мақалды жалғастырып айтып отырады.
Жақсы бала-қызық
Жаман бала-күйік.
Үлкен бастар,
Кіші қостар.
Батыр туса-ел ырысы,
Жаңбыр жауса-жер ырысы.
Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
Мақтаншақтық өтірік айтқызады,
Өтірік көңілді қайтқызады.
Өнер көпке де жеткізеді
Көкке де жеткізеді.
Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріліп отырады.
ІІІ кезең
Екі топтан 4 оқушыға карточка таратылып беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Қазақ тілінде сөздер солдан оңға қарай жазылады және оқылады. Бірақ тілімізде қалай жазсаң да,оқысаң да бір мағына беретін сөздер бар. Оларды оқысаң да бір мағына беретін сөздер бар, соларды ата.
(аға, іні, нан, ана, ата, қазақ, аса, ала, ара, ірі, ақа, ауа, апа , қақ , сес, тот, кек, ада, шеш, шаш, тарат, қалақ, керек, мақам, ене, көк )
1 карточка
Ата, ана туралы мақал құрастыру.
Ата балаға сыншы.
Әкеден ақыл,
Анадан мейір.
2 карточка
Нан, аға туралы мақал құрастыру.
Ас атасы-нан.
Нан анасы- дән.
Ағасы бардың жағасы бар.
ІV кезең Екі топтан екі оқушы шығып мына сұрақтарға жауап береді.
Мына мақалдың қай жеріне екі бірдей сызықша қойылады.
3 карточка
Әдептілік, ар ұят адамдықтың белгісі.
4 карточка
Мына мақалға сан есім болатын сөз қойып оқы.
Білгенім-бір тоғыз,
Білмегенім-тоқсан тоғыз.
Сабақты қорытындылау.
Жеңген топты марапаттау.
Сабақтың тақырыбы: 78+16, 94-16
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Оқушыларға есептеу тәсілдерін
түсіндіріп, меңгерту
Дамытушылық: реттеп, таза жазуға
дағдыландыру, 100 көлеміндегі сандарды қосу
және азайтуға түрлі есептер шығарта отырып
білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: жылдамдыққ, ұқыптылыққа
тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: кесте, қима қағаз, сызба.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, есептеу .
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару, сыныпты
3 топқа бөліп алу
2) Үй тапсырмасын сұрау, бекіту. Әр топтан 1 оқушыға оқыту.
№5
76-8=68 65+6=71 54+9=68
68+8=76 71-6=65 63-9=54
76+8=84 65-6=59 54-9=45
84-8= 76 59+6=65 45+9=54
Қима қағазбен сұраққа жауап алу.
1.1-дм-де неше см бар? 10 см.
Периметрді қалай табамыз?
-көпбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын оның периметрі дейміз.
3. Қандай бұрыш түрлерін білесің?
- тік бұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрыш.
4. Қосу амалының компоненттерін ата.
-қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні
5. Азайту амалының компоненттерін ата
-азайғыш , азайтқыш, айырманың мәні.
6. Мына сандардың ондығы мен бірлігін ата.
26, 39 , 45, 98, 75
ІІ.Сергіту сәті.
Келіңдер, балалар,
Сырғанақ тебейік.
Құрыспай, құрыштай,
Шынықсын денеміз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
№1. (Ауызша орындату)
78+10=88 94-10=84 45+20=65 62-20 = 42
88+6=94 84-6= 78 65+7= 72 42-7 =35
№2
Есептеу тәсілін түсіндіру
78
+16
+10
-16
94
+6
?
-6
-10
ә) Түсіндіре отырып есептеу, дұрыстығын тексеру
56+16=72 72-16=56 63см-38см=25см 25см+38см=63см
75+16=91 91-16=75 83см-37 см=46см 46см+37см=83см
№3 Оқушыларға қима қағаз арқылы есептету
46+26= 72 81-22=59 59см+33см= 92 см
37+26=63 94-48=46 77см-18см= 59см
№4
А) ересек адам -38
Балалар -? 245 артық ? а
Шешуі: (38+24) +38 =100
Жауабы Барлы5ы 100 адам
Ә) Барлығы -100 адам
Ересек адам -38
Бала -? ? артық
Шешуі: (100-38)-38= 24
Жауабы 24 бала артық
№6 Ойын. «Дүкенші»
100-57=43 100-30=70 100-75=25
100-40=60 100-60=40 100-13=87
№7 Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастырту.
А) І-26 фильм
ІІ-?8ф артық №ф
Ә) І-26 фильм
ІІ -? 60ф ф. артық.
ІV. Сабақты қорытындылау
Ондығы мен бірлігін тап 65, 78, 31
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма №5 124 бет.
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Оқушыларға сөз таптары,
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару
2) Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 4-жаттығу (33 бет)
Олардың ауласы.
Біздің мектебіміз.
Менің қолғабым.
Сендердің мұғалімдерің.
3) Өткенді пысықтау.
Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
Тәуелдік жалғау неше жақта айтылады?
Мысалы:
І. Менің кітабым
ІІ. Сенің кітабың
Сіздің кітабыңыз.
ІІІ. Оның кітабы
4) Жаңа сабаққа кіріспе.
(Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығарып алу)
Е
р
і
д
і
Т
ұ
р
д
ы
ж
і
б
і
д
І
С
а
й
р
а
д
ы
Т
а
с
ы
д
ы
т
ө
л
д
е
д
І
К
ө
к
т
е
д
і
5) Жаңа сабақ. (Оқулық, дәптермен жұмыс)
1-жаттығу (жазбаша)
Өлеңді жатқа жазып, етістікті тауып астын сызу.
Ұнатады, мақтайды.
Аппақ түстің бәрін ел.
Бізді аурудан сақтайды,
Ақ халатты дәрігер.
2- жаттығу (ауызша) Етістіктерді тауып, сұрақ қою.
Қаз бен үйрек 110 градусқа дейінгі суыққа төзімді. Керіктің тілінің ұзындығы 60 сантиметрге жетеді. Аралар сары гүлдерге көбірек қонады. Кактус жылына бір рет гүлдейді. Жапалақ қорегін түнде аулайды.
6) Сергіту сәті.
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл-жасылды
Кемпірқосақ асылды.
3-жаттығу (жазбаша)
(Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу. Етістіктің астын сызу.)
Бағбан көктемде қураған бұтақтарды кеседі. Ат жегілген арба келеді. Асқардың туған күніне достары доп сыйлады. Аспанды қою бұлт басты. Ақын өлең жазды. Әуежайдан әлемнің әр қаласына ұшақтар ұшады.Құстар ағашты зиянкестерден қорғайды.
5-жаттығу (жазбаша)
Көп нүктенің орнына етістікті қойып жазу.
Қанатым талмайды,
Қиялым самғайды.
Ақын да, ғалымда
Ұстазсыз болмайды.
Сабақты қорытындылау. Етістік дегеніміз не?
Етістіктің сұрақтарын ата. Мысал келтір.
Сабақты бекіту. а) Үйге: 4-жаттығу (35бет)
ә) Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Оқушыларға сөз таптары,
-топ үйрек ұшып барады. Олардың барлығы 5. Біреуі жерге қонса, нешеу қалады? Жауабы: біреу? Себебі 4 ұшып кетеді
-Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы бар, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу? Жауабы: 2 қой, 3 тауық - 5 бас.
(4+4+2+2+2)=14 аяқ.
2 тапсырма «Кім жүйрік?» ойыны
Көбейту және бөлу кестесінен жарыс ұйымдастыру
3 тапсырма
«Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны. 5,7,3 цифрын пайдаланып ең үлкен, ең кіші сандарды жазып өрнек құрып, мәнін тап. Шыққан сандардан осылай жалғастра беру
753 963 765
- 357 -396 -576
396 567 189
4- тапсырма «Ойшыл болсаң шешіп көр»
Компьютер ойыны.
І топ ІІ топ І топ ІІ топ
3х5 3х4 3х9 7х4
+45 +38 +63 +35
-36 -29 -75 -28
: 3 : 3 :3 : 7
=8 =7 =5 =5
5- тапсырма
«Математикалық эстафета» ойыны
І топ
2х4+2х2х1+8:2х0+18:2+100=
0х14+12:2-3х1+6-2+12-8+54=
12х1-6х2+3х2+10:2х9+100х0=
«Құрастыра біл» ойыны
Геометриялық фигуралардан әртүрлі пішіндер құрастыру
(қоян, әтеш т.б.)
Оқушыларды мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Тілім менің-өмірімнің айғағы
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Тілі туралы өлеңдер құрай білуге,өлеңдерді
мәнерлер жатқа айтуға, мақал-мәтелдердің мағынасын
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тіл туралы өлеңдер, плакат.
Сабақтың түрі: пікір сайыс сабағы
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушыларын екі топқа бөлу. Сайыс 1,2,3,4 айналымнан тұратынын ескерту.
1-айналым «Зерделі болсаң, биік шыңға жетерсің»
2 айналым Шығармашылық
3- айналым: поэзия минуты
4 айналым: Қорытынды түйін
І топ. Біздің ұран «Сүйемін туған тілді, анам тілін»
Біздің ән Тіліміздің бұлағы
Тіршіліктің ел жүрегі,
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін
ІІ топ. Біздің ұран Тіл бар жерде өмір бар.
Біздің ән: Ана тілі арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
Ұстаз: Ана тілі қазағымның қаймағы
Тілің сенің өмірімнің айғағы
Бүгін міне, тіл туралы сайыс болып
Сендерге жұлдызды сәт тілеймін.
1 айналым: «Зерделі болсаң, биік шыңға жетерсің»
Сұраққа- жауап алу І, ІІ топтан
1 сұрақ Ана тілі деген не?
2. Ана тілін құрметтеу дегенді қалай ұғасың?
Туған тілімізді жақсы меңгеріп өз тілімізде, Отанымызда шұбарламай таза сөйлеп сақтау керек.
3. Орыс тілін білу қажет пе?
4. Ағылшын тілін оқығың келе ме?
2-айналым: Шығармашылық айналым.
Тіл туралы мазмүнда ойлап айту.
І топ. 1-оқушы:
Халық бар жерде тіл бар
Тіл бар жерде өнер бар.
Өнер бар жерде жанкүйер бар
Әр халықтың ана тілі-оның бақыты, оның қуанышы.
2-оқушы: Өз тіліңді білу, өз тіліңде ер жетіп ел қатарына қосылу- өмірден алған ең үлкен сыйың.
3- оқушы: Ана тіліңде елдігіңді, ерлігіңді жырлайсың.
4- оқушы: Туған тіліңді мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп,өсе түсуіне еңбек сіңіру әрбір қазақ отбасының тілегі.
ІІ топ.
1- оқушы:
Халықтың қуаты- тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айқын, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек..
2-оқушы: Сөйлей білу үлкен өнер. Көркем сөйлеуге көп тыңдап, көп оқып, мақал-мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу арқылы,кітапты көп оқу арқылы жаттығып төселеді.
3- оқушы: Ана тіліңде сөйлеу, мәдениеттіліктің, әдептіліктің өлшемі болып табылады.
4- оқушы: Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке, киімім көп, тамағым тоқ болсын деп емес, ұлттық қасиетін, мәдениетін, тілін, дінін сақтап қалу үшін ұмтылады.
Мұғалім:
Өнердің нәр береді шапағаты,
Әркімнің өнерге бар махаббаты,
Талпынып шық кәне ортаға
Қонақтар қошеметпен қол соғады.
3- айналым: Поэзия минуты
Топ мүшелері 1 минуттан тіл туралы өлеңдер оқиды.
І топ 1- оқушы: Ана тілім –ар тілім
Жанардағы- жарқылым.
Жүрегіңде сақталған,
Ән жыры боп халқымның
2- оқушы: Құндағында бесіктің
Ана тілін үйрендім.
Сол арқылы бой жазып,
Азамат боп өсіппін.
ІІ топ. 1- оқушы: Айналайын халқымнан
Айналайын даңқыңнан
Ана тілдің бағасы
Қымбат екен алтыннан.
2- оқушы: Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
өссе тілім мен-де бірге өсемін,
Өшсе тіліммен –де бірге өшемін.
4- айналым: Қорытынды түйін.
Мақал-мәтел айтудан сайыс.
І топ
1) Өнер алды қызыл тіл.
2) Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады
3)Шебердің қолы ортақ
Шешеннің тілі ортақ.
4) Тіл буынсыз, ой түпсіз
5) Шешеннің тілі- шебердің бізі.
ІІ топ
1) Тіл қылыштан өткір.
2) Басқа пәле тілден
3) Тіл тексіз, ой- түпсіз.
4) Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
5) Бал тамған тілден «У» тамады.
Қорытынды сөз
Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол!
Шет тілі мен комьпютерді меңгеріп
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Оқушыларды ауыз әдебиетінің бай
саласының бірі- қазақтың мақалдары,, жұмбақтарды
жаттап алып, керекті жерлерде пайдалана білуге үйрету
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, қима қағаздар, топ ұпайларын белгілейтін көрсеткіш
Сабақтың түрі: Тренинг- сабақ
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, топтарға бөлу
ІІ.Жаңа сабақ.
-Бүгінгі сабағымыз тренинг-түрінде өтеді. Тренинг сабақтың мақсаты: Сендерді ұйымшылдыққы, топтасып жұмыс істеуге, ойларыңды бөлісіп, ашық айтуға дағдыландырады. Сыныпты 3 топқа бөліп, ережесімен таныстыру
1) Тыныштық сақтау
2) Бірін-бірі тыңдау
3) Қол соғып, қошеметтеу
4) Ойын ашық айту
Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпаймен бағаланады.
І бөлім. Кіріспе бөлім.
«Білгенге маржан, білмегенге арзан» Әр топқа тапсырмалар беріледі.Ойлануға 2 минут.Тапсырмалар:
Жаңылтпашты қалай түсінесің?
Мақал дегеніміз не?
Жұмбақты қалай түсінесің?
Нақыл сөзді қалай түсінесің?
Мәтелді қалай түсіесің?
ІІ бөлім.
«Халық айтса, қалт айтпайд?» мақал –мәтелдер айтып, мағынасын ашып түсіндіру.
Жаман аттан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық
Әркімнің өз жері- жұмақ.
«Көзсіз күнелтсең де, көпсіз күнелте алмайсың»
«Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар»
Оқу білім- бұлағы, білім өмір шырағы.
Әр топқа тақырып беремін, сол тақырыпқа сай 3 мақалдан айту керек.
ІІІ бөлім.
1. «Ойлан тап!»
Бұл бөлімде жұмбақтар жасырамын, әр топқа 5 жұмбақ. Олар шешуін айтады.
2.Сөздер жазылған қима қағаздар таратамын
-әр топ өзіне тиісті сөзге жұмбақ қарастырады. Құрастырған жұмбақтарын басқа топқа жасырады. Шешкен топқа ұпай қосылады.
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Оқушылардың мұғалімдерге деген құрметін
оятып, қызығушылығын арттырып, білімге деген
талабын арттырып оқушыларды дарынды болуға
тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, плакаттар
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Жаңа тақырыппен таныстыру
Кіріспе әңгіме
оқушы
Кел, балалар «Ойын ойнайық!»
Мектебімізде «Ұстаздар күнін»
Бізде тойлайық.
оқушы
Кел, балалар Ән де салайық
Ұстаздар күнін қуанышпен
Қарсы алайық!
оқушы
Кел балалар, Кімде өнер бар.
Ортаға сал өнеріңді.
оқушы
Үйретіп алғаш бізге әліппені
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ой арманы мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
5-оқушы
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да , көк күмбезінен ары өткен ғарышкер де, темір балқытқан жұмысшы да бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған.Сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бү\кіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Бәрі: Ұстаздарға мың алғыс!
6-оқушы
«Ел сенімін ақтайды!»
Деп ұстазым мақтайды.
Ұстазымның әр сөзін
Көкейімде сақтаймын.
Өз ісімнің маманы
Болам іскер саналы.
7-оқушы
Ақыл білім көп бердің
Анамдайсың мектебім.
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Көзге ыстық партасы
Оқу қызық болғаны
Мұғалімнің арқасы
Бәрі: Ән «Мектебім айтар әнім»
8-оқушы:
Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардайқтаймыз. Сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып,тыңдап пән атаулыны зер салып оқып, үйеніп жүреміз.Жан-жақты білім бергені үшін әр пән мұғаліміне алғысымыздың шегі жоқ..
9-оқушы:
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл, білім үйреткуен.
Ана тілін оқимын
Ерекше зор құрметпен
10-оқушы:
Математика сабағын
Жақсылап ұғып аламын.
Сәулесі де сананың,
Мәнінен ой табамын.
11-оқушы:
Ұлтын сүйген баламын,
Ұлтым тілі-анамның.
Қазақ тілі-ортақ тіл,
Тілімнен ой табамын.
12 оқуцшы:
Шыңдар күнде мен енді,
Шынықтырам денемді.
Сүйемін ән-күй сабағын.
Суретті сәндеп саламын.
Білім берген біздерге
Бәрі: Рахмет ұстаз сіздерге.
Би Халық әні: «Бипыл»
13- оқушы:
Ұстаздың өнегесімен оқу ағарту ісінің озаты атанған ұстаздарға аға мұғалімдерге зор құрметпен бас иеміз.
«Ормандағы мектеп » көрініс
14-оқушы:
Құрметті ұстаз ағайлар мен апайлар! Біз сіздерден үлгі өнеге аламыз. Сіздерді мақтан етіп жырға қосамыз. Енді өздеріңіз туралы өзегімізден шыққан алғыс сөзімізді тыңдаңыздар.
Сөз сөйлесе жарқын-ақ
Күніміздей жарқылдап.
Қызық өтіп сабағы
Өсіреді ой сананы.
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашанда,
Қамқор болып жүреді.
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде. Көп шәкірттің досындай
Толғанай апай осындай!
Басқа ұстаздарға да өлеңдер арнау.
15-оқушы:
Үйретіп өмір ұстазын
Үлгілі іске нұсқадың.
Ақ көңіл іскер қашанда
Ақылшым менің-үстазым.
Ән: «Ұстазым» хор
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді тану-өмірді тану
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Өзіндік сенімділігін ояту, өз
ортасында ойын ашық айта білуге үйрету
Дамытушылық: Қоршаған орта туралы
түсініктерін еңейту, қоршаған ортаға
қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Сабырлы, салмақты болуға, ойланып
сөйлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық, өлең шумақтары
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушыларды жаңа сабаққа әзірлеу
Кіріспе әңгіме
Өзін-өзі тану сабақтары арқылы адам өзін басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады. Сабақта сүйіспеншілік, отбасы, жақсылық, достық, білім сияқты ең асыл құндылықтармен танысады.
Оқушылар өзара қарым-қатынас барысында; адамдардың іс-әрекетінің, ұлттық салт-дәстүрдің жақсы жақтарын аңғарып, шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді.
Айналасындағыларды ұнатып, жақсы көре біледі, жақсылық жасауға дайын, жақындарын қуантуға асығады.
Әдептілікке , ұқыптылыққа үйреніп, көмектесе біледі, қамқорлық жасай алад, үлкендерді құрметтей біледі.
Өзгені ренжітпеуге тырысады, кешірімшіл болуға, барлық тіршілік иесіне сыйластықпен қарауға, аяушылық сезімін білдіріп отыруға үйретеді.
Қоршаған орта турал түсінігі кеңейеді, жақсы мен жаманды айыра біледі, әділ болуға ұмтылады.
Өзіне-өзі бақылау жасай біледі, өз ісін бағалай біледі, үлкендермен санаса алады.
Әр адам өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу өзіндік сананың қалыптасуынан байқалады. Өзіндік сана адамгершілік сананың дамуына ықпал етеді.
Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Өйткені адам болып қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен қайырымдылығымен ардақталады.
«Үлкеннен үйрен, кішіге үйрет» халық даналығы
Дүниетану 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар деген не?
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Оқушыларға пайдалы қазбалар туралы білім беру
және олардың маңыздылығын түсіндіру
Дамытушылық: Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың
арасындағы қатынас түрлерін бақылату
арқылы оқушылардың жүйелі ойлауын
жетілдіру, тіл байлықтарының дамуына
жағдай жасау
Тәрбиелік: Қазақстанның пайдалы қазбалар картасынан
жұмыс жасауды үйрету
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы, «Пайдалы
қазбалар» топтамасы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,топтастыру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу құралдарын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрап, қорыту. Сұраққа жауап алу
Қандай жер бедерін байқадыңдар?
Жер бедерінің қандай түрлері кездеседі?
Біздің еліміздің аумағы қай жерде орналасқан?
Жердің бетін сақтау керек пе?
Жердің бетін қорғаудың қандай маңызы бар?
Сергіту сәті
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
1.Оқулықпен жұмыс
А) Пайдалы қазбалар мәтінін оқыту
ә) Пайдалы қазбаларды топтастыру
Кен орындары
Тау жыныстары
Мұнай
өндіру
Пайдалы қазбалар
газ
Темір екені
адам
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
2. Пайдалы қазбалардың шартты белгілерімен таныстыру
Құм - Темір кені-
Фосфорит - Әктас-
Таскөмір - Гранит-
Мұнай-
Табиғи газ-
3. Дәптермен жұмыс
Оқушыларға шартты белгілердің суретін салдыру
4. Пайдалы қазбалардың түрлері. Сызба құрастыру
Пайдалы қазбалар
Кенді
Кенге жатпайтын
5. Пікірталас
- Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
-Адамдар оларды не үшін игереді?
Пікір айт.
-Өзің тұратын өңірде қандай пайдалы қазбалар игеріледі?
ІV. Сабақты қорытындылап, бағалау (кестемен жұмыс арқылы)
V. Үйге тапсырма беру .Түсініп оқуға.
Математика 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры. Бесбұрыш.
Сабақтың мақсаты:Білімділік.5 санының құрылымымен таныстыру, бесбұрыш
және оның белгілері туралы түсіктерін қалыптастыру;
Дамытушылық: 5 санының құрылуы, мысалдар төрттігін
«Бақта және «Бақшада» өсетін өсімдіктердің айырмашылығын айтып түсіндіру. Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрудың тиімді жолдарын көрсету.
асқабақ кәді Ескендір Еркін
шалқан баклажан Ержан Еділ
ІV. Сабақты қорытындылау.Не өсірді? Сұрақтарына жауап алу арқылы қорытындылау
V.Бағалау
VІ.Үйге тапсырма: Әңгімелерді оқып бағандағы сөздерді жазба
әріппен жазу
Сабақтың тақырыбы: 3 саны және цифры. Үшбұрыш.
Сабақтың мақсаты:Білімділік.3 саны және цифрымен таныстыру, сан сәулесі
туралы түсініктерін қалыптастыру
Дамытушылық: тура, кері санату, сандар тізбесін
құрғызу, киелі сандар туралы айта отырып,
білімдерін дамыту
Тәрбиелік: жылдамдыққа, іздемпаздыққа баулу,
Сабақтың көрнекілігі: сурет, баспа жазба цифрлар
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу құралдарын түгендеу.
Сыныпты топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрап, бекіту.
1-ден 10-ға дейін тура, кері санату
Сандар қатарын құрғызу.
Сұрақтарға жауап алу.
-Біз қандай фигураларды білеміз?
(дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы)
-Біз қандай амалдарды білеміз?
(қосу, азайту)
-І топ шаршыларды көрсетеміз.
-ІІ топ дөңгелектерді көрсетеміз
-ІІІ топ үшбұрыштарды көрсетеміз.
ІІІ. Сергіту сәті. «Санамақ»
«Бір» дегенім білім
«Екі » дегенім елім,
«Үш» дегенім үйім
«Төрт » дегенім төрім
«Бес» дегенім бесік
Шықтың содан өсіп.
ІV. Жаңа сабақ.
1) 3 санын шығарып алу тәсілімен таныстыру.
-1 көк және 1 қызыл үшбұрыштарды көтереміз. Оларға тағы бір үшбұрыш қосамыз.Неше үшбұрыш болды. 3 үшбұрышты қалай шығарып алдың?
Сан сәулесінің шексіз екенін түсіндіру.
2) 3 санының таңбалануымен таныстыру.
3) Кітаппен жұмыс.
№1
3 санына дейін толықтыру жұмысын ауызша орындату.
4) 3 санының құрамымен таныстыру.
2 көк 1 қызыл үшбұрыш көрсету.
-Барлығы неше үшбұрыш?
-Көк үшбұрыш нешеу?
-Қызыл үшбұрыш ше?
-Сонымен 3 саны қалай шығады?
2-ге 1-ді қоссақ 3 болады.
Яғни 2+1=3 3-2=1
1+2=3 3-1=2
№2
Тура және кері санату.
-Оң жақтағы әр бағанда неше текше артық немесе кем?
Біреуі артық –бұл келесі сан.
Біреуі кем- бұл алдыңғы сан.
№3
-Үшбұрыштың неше қабырғасы бар?
Тағы қандай фигураларды атай аласың?
-Қане шаршы көрсетеміз?
-Енді дөңгелек көрсетеміз.
-Енді үшбұрыш көрсетеміз.
№4
Логикалық ойлауларын дамытуға тапсырма.
Дәптермен жұмыс.
3 цифрының жазба түрін салдыру.
V.Инлюзивтік білім бөлімі.
-3 цифрымен таныстыру, жаздыру.
-Заттарды санатып 3 санымен таныстыру.
VІ. Сабақты қорытындылау.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерінде киелі сандар туралы көп айтылған.
Олар 3, 7, 9, 40 деген сандар.
«3» арсыз «3» жұрт
Ұйқы арсыз Нағашы жұрт
Күлкі арсыз Өз жұртың
Тамақ арсыз. Қайын жұрт
VІІ. Бағалау, мадақтау.
VІІІ. Үйге тапсырма: 3 цифрын жазып келу.
Сабақтың тақырыбы: Белгісіз азайғышты табуға берілген есептер
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушыларды есептің жаңа түрін шешу