kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Лепті сөйлем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қызықты грамматика сабағынан сабақ үлгісі. Лепті сөйлем тақырыбындағы сабақтың жоспары. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Лепті сөйлем"»

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру,
көңіл - күйді, сезімді білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
1. Лепті сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру;
лепті сөйлемнің қандай мағына білдіріп тұрғанын анықтату.
2. Өз бетімен жұмыс жасай білуін және өзін бағалай білуге үйрету,
байланыстырып сөйлеуін, жазба тілін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
3. Ұйымшыл болуға, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: Б. Блум таксономиясы, түсіндіру, сұрақ - жауап, тест, көрнекі.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек - сызба, кестелер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Психологиялық дайындық
Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!
Елімізге: Ашық аспан, молшылық!

Мағынаны тану
Мақсаты: өтілген материалдар бойынша алған білімдерін тексеру
Тапсырма: Сөйлем туралы не білеміз?

1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
сөйлем туралы түсінік беру.
Сөйлем
Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем
Бейбітшілік жасасын! Көйлегім қандай әдемі! Отан сүйер ұлан бол! Жүйрік тұлпарым болса ғой!
Сөйлемдерді мәнерлеп, дауыс мәнерін келтіріп оқу. Оқушыларға осы сөйлемдерге қатысты сұрақтар қою арқылы ереже шығару.
1. Әр сөйлем қалай оқылды?
2. Сөйлемдегі ой қандай көңіл - күйде айтылып тұр?
Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады.
Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.
Ойын «Сәйкестендір»
Өкіну --- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!
Армандау --- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!
Бұйрық ---- Қане, күнделігіңді берші!
Ұрандату ----- Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!

- Балалар, спорттың қандай пайдасы бар?
(Оқушылар топтастыру әдісі арқылы спорттың пайдасын айтып өтеді)
Төзімділік
Денсаулық
Шыдамдылық
Шапшаңдық
Әлем таниды
Ептілік
«Спортшылар біздің еліміздің даңқын шығарады» деген ойды аяқта.
- Спортшылар еліміздің даңқын қалай шығарады?

Қысқы универсиада туралы әңгіме жүргіземін.
Жақында ғана 2017 жылдың 28 қаңтары мен 8 ақпан аралығында Астанада 28 қысқы олимпиада ойындары болып өтті. Оған біздің елімізден де спортшылар қатысып, нәтижесінде ІІ орынға ие болды.
Жеңімпаздарымызды атай аламыз ба? (Слайдтан суреттері көрсетіледі)
Осындай жетістікке жеткенімізге қазақ халқы қандай қуанды десеңізші! Олар сезімдерін қалай жеткізді деп ойлайсыңдар?
- Алға, Қазақстан!
- Алақай, біздің Денис Тен жеңіске жетті!
- Қандай мықты жігіт!
- Міне, жігіт!
- Балалар, осы сөйлемдерге назар аударайықшы. Бұл сөйлемдерден біз нені байқаймыз? Олар қалай оқылады? Соңында қандай тыныс белгісі қойылып тұр?
- Ендеше осыдан кейін қандай қорытыныдыға келуге болады? Ереже шығару.
Лепті сөйлем адамның көңіл - күйін, сезімін білдіреді (бұйыру, таңдану, өтіну, қуану, тілек, ұран). Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.
Оқулықпен жұмыс. «Кел, хоккей ойнайық!» ойыны
Шарты: шайбадағы әрбір тапсырманы дұрыс орындасақ, қақпаға гол саламыз.
Өлеңді түсініп оқы.
Білім терең теңіз бе,
Білім, еңбек егіз бе?
- Рухани азығым -
Осы екеуі деңіз де,-
Дейді атам,
- Білімді еңбекпенен ізде сен! Е. Шайхыұлы
Өлеңнен сұраулы сөйлемдерді тауып оқы. Өлеңнен леп белгісі бар сөйлемді тап. Осы сөйлемді қандай дауыспен оқыдың? (Тапсырманы орындаған оқушыға деңгейіне қарай медаль беріледі)
Тақтамен жұмыс.. «Эстафета» ойыны
Шарты: тақтаға шыққан оқушы өлеңді мәнерлеп оқып, тақтаға жазады. Лепті сөйлемдерді тауып оқып, сұраққа жауап береді.
Туған өлкем
Түлігі өскен алуан - алуан,
Төс алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Ө Тұрманжанов
«Биатлон» ойыны
Шарты: Әр тапсырманы орындай отырып, нысананы көздейді. (3 оқушы шығады)
Сөйлемдерді салыстырып оқы.

Қай сөйлем көтеріңкі дауыспен оқылады? Лепті сөйлемді көшіріп жаз.
Ауылдан әжем келді. Алақай! Ауылдан әжем келді!

Ағаш жапырақтары әдемі болып сарғайды. Жапырақтар қандай әдемі болып сарғайған!

Орман іші тып - тыныш. Орман іші сондай тып - тыныш!
Бекіту.
1. Сөйлем дегеніміз не?
А) Сөздерден құралады. Ә) Тиянақты ойды білдіреді. Б) Заттың қимылын білдіреді.
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2 Ә) 3 Б) 4
3. Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, ба, бе, па, пе сөзбен қалай жазылады?
А) бөлек ә) бірге
4. Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді қандай сөйлем деп атайды?
А) сұраулы сөйлем Ә) лепті сөйлем Б) хабарлы сөйлем
5. Лепті сөйлем дегеніміз не?
А) Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлем.
Ә) Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлем.
Б) Жауап алу мақсатында айтылған сөйлем.
Кілті: 1ә, 2ә, 3а, 4б, 5а.

Қорытындылау. “Жұмбақ шешу”
Бағалау. Оқушылар алған медальдары арқылы бағаланады. Бестік алған оқушылардың ата - аналарына қуанышты хабарлама жіберіледі.

Үйге тапсырма беру. Ереже жаттау
Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып жаз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Лепті сөйлем"

Автор: ТЕНИСБАЕВА ЛӘЗЗАТ МАРАТҚЫЗЫ

Дата: 19.02.2017

Номер свидетельства: 393398

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Лепті сөйлем (2-сынып)"
    ["seo_title"] => string(22) "liepti_soiliem_2_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "415030"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494671734"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) ""Лепті с?йлем" ?аза? тілі п?нінен саба? жоспары 2-сынып "
    ["seo_title"] => string(58) "liepti-soiliem-k-azak-tili-p-ninien-sabak-zhospary-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "208023"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430729273"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Лепті  с?йлем"
    ["seo_title"] => string(13) "lieptisoiliem"
    ["file_id"] => string(6) "285535"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454182407"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Внеурочная работа "Лепті с?йлем""
    ["seo_title"] => string(35) "vnieurochnaia-rabota-liepti-soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "312413"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459340940"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "О?ушылар?а лепті с?йлем туралы т?сінік беру."
    ["seo_title"] => string(49) "ok-ushylarg-a-liepti-soiliem-turaly-tusinik-bieru"
    ["file_id"] => string(6) "289462"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454828010"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства