kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Лепті сөйлем (2-сынып)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Лепті сөйлем туралы түсінік беру, оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына  қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау.Сөйлемдерді бір – бірінен ажырата алуы.
Дамытушылығы: Оқушыларды сауатты жазуға үйрету, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, байланыстыра сөйлеуді және жазуды дамыту, тыныс белгілерін дұрыс қоя біліуге дағдыландыру. оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір - бірінен ажырата білуге жаттықтыру.Тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды  орындату арқылы,оқушылардың  байланыстырып сөйлеуін дамыту;

Тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа, бірлесіп топпен жұмыс істеуге баулу; алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.Оқушы бойына жарасымды мінез-құлықтың дағдыларын сіңіру, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдық саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, сызба, слайд.
Сабақ әдісі: көрнекі құралдармен жұмыс, өзбетінше жұмыс,сұраққа жауап, салыстыру және мәнерлеп оқу, тақтамен жұмыс жасау
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Оқушыларды топқа бөлу, топқа ат қою.
 II. Оқушы қызығушылығын ояту.

- Ерте-ерте, ертеде бір үлкен ел өмір сүріпті.

Бұл елде сөздер отау құрып бір - бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін - бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты.

Бұл ел қалай аталады екен, балалар?

Дұрыс, бұл ел «Сөйлемдер» елі деп аталыпты.
 - Сонымен, бүгін біз, сол Әлемдегі ең үлкен ел – «Сөйлемдер» еліне» саяхатқа шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін,саяхатқа дайынбыз ба?

- Иә.
Психологиялық дайындық жүргізу.
Бір жерден шыққан тілегі,
Елім деп соққан жүрегі.
Білімді ұрпақ көбейсін,
Асқақтап біздің әнұран !
Жасасын Қазақстан!

Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін. Саяхатқа шығу үшін пойыздың бірінші вагонының тапсырмасын орындайық

2. Үй тапсырмасын тексеру: 1-вагон
- Ал балалар үйге қандай тапсырма берілді?
194- жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрау,әңгімеде сұраулы лепті сөйлемдер болсын.
Балалардың үй жұмыстарын тексеру.
3. Өткен сабақтарды қайталау.
- Қане, балалар, біз сендермен өткен сабақта қандай тақырыптармен танысып едік?
- Ия, сөйлем және олардың түрлерімен.
Хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлемдер.
Олай болса мен тест сұрақтарын ұсынамын, ал сендер сол сұрақтарға дұрыс анық жауап берулерің керек болады.
1.
 Оқушылар мұражайға барды. Сөйлемнің қай түріне жатады?
А. Хабарлы сөйлем
Б. Сұраулы сөйлем
С. Лепті сөйлем
 

2.
Қар қалың жауды ма? Сөйлемнің қай түріне жатады?
А. Хабарлы сөйлем
Б. Сұраулы сөйлем
С. Лепті сөйлем
3.
Көке, мынау-не төбешік? Сөйлемнің қай түріне жатады?
А. Хабарлы сөйлем
Б. Лепті сөйлем
С. Сұраулы сөйлем.
4.
Алақай, әкем – шаңғы әкелді! Сөйлемнің қай түріне жатады?
А. Хабарлы сөйлем
Б. Лепті сөйлем
С. Сұраулы сөйлем.
5.
 «Тұр орныңнан!»  лепті сөйлемі қандай ойды білдіреді?
А. Қуану
Б. Бұйыру
С.Ұран

Олай болса балалар жаңа сабағымыз лепті сөйлемді қайталау.
Адамның көңіл күйін,сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.Лепті сөйлемнен соң леп белгісі «!» қойылады. Мысалы: Бүгін ауа райы  қандай жақсы!Өркенің өссін қарағым!
Оқулықпен жұмыс: 2-вагонның тапсырмасы.195-жаттығу:
Өлеңді мәнерлеп оқып, сұраулы және лепті сөйлемдерді тап.
         - Домалақ үй,                                            - Біз салғанбыз,
         Өзі сондай ұнады.                                    Біз тұрамыз, балалар!-
         Кімдер салған,                                          Деп шуылдап
         Кімдер мұнда тұрады?                             Жауап берді аралар.
Дәптермен жұмыс: 3-вагонның тапсырмасы.196-жаттығу
 Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз. Леп белгісінің қойылу себебін түсіндір.

                        -Мың мін бойында кімнің?
                        -Жалқаудың бойында мін мың!
                                                      ( Қадыр Мырза Әли)
Қадыр Мырза Әли - 1935 жылы 5-қаңтарда Батыс Қазақстан обылысының Жымпиты кентінде дүниеге келген. «Балдырған», «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы,мемлекеттік сыйлық иегері,Қадыр  Мырза Әли 77 жасқа қараған шағында қаңтардың 22 күні өмірден озған.
197-жаттығу:
Таңдануды, қуануды білдіретін лепті сөйлемдер тауып айт.

 Олай болса балалар шаршаған болсақ бір сергіп алайық.

Сергіту сәті.
Мынау менің жүрегім, бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды, бәрін ойлап басқарған.

Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.Алшаңдай басқан адымдап,

Егеменді елімнің болашағы мен болам.

4-вагонның тапсырмасы:
Мен сендерге ойын алып келіп отырмын,бұл ойын « Адасқан әріптер» деп аталады, төмендегі әріптернден сөз құрауларың керек болады.

     А  Қ  З  А  Н  А  Т  Қ  С
5-вагонның тапсырмасы.
198-жаттығу. Бағанның сол жағындағы көп нүктенің орнына  тиісті сұраулық мәнді сөйлемдер жаз. Екі бағандағы сөйлемдердің бір - бірінен  өзгешелігін дәлелде.

                . . .  ?                  - Үйді құрылысшы салады.

               . .  .  ?                   - Керіктің мойны ұзын.

                . .  .  ?                     - Дәрігер ауруды емдейді.

6-вагонның тапсырмалары.

Шығармашылық жұмыс:
 « Ең жақсы сәт» тақырыбына  әр топ лепті сөйлем жазу,суретін бейнелеу.
Қорытындылау.
 – Балалар, пойыздың ең соңғы вагонына сөйлемдердің ТЫНЫС БЕЛГІ деген ақылгөй шешей орналасыпты. Қасындағы үш қызының біреуі тиянақты сөйлесе, екіншісі тек сұрайды, ал үшіншісі бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан, ол қыздарын ақылмен бір мәтіннің ішінде жұмсай алыпты.

- Қалай ойлайсыңдар, бұлар қандай сөйлемдер?

Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

1 -күн Барлығы түсінікті,

2 – күн Жартылай түсінікті

3 – күн Түк түсінбедім

 аяқталу сәті.

Үйге тапсырма беру: 199-жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме құрау
Бағалау: Топ басшысы тобындағы оқушылардың алған ұпайларын айтады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Лепті сөйлем (2-сынып)»

№8 жалпы білім беру орта мектебі КММ







Ашық сабақ Тақырыбы: Лепті сөйлем

















Өткізген: Темирбекова Гулнур

Сыныбы: 2 «Б»





2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Лепті сөйлем туралы түсінік беру, оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына  қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау.Сөйлемдерді бір – бірінен ажырата алуы.
Дамытушылығы: Оқушыларды сауатты жазуға үйрету, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, байланыстыра сөйлеуді және жазуды дамыту, тыныс белгілерін дұрыс қоя біліуге дағдыландыру. оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір - бірінен ажырата білуге жаттықтыру.Тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды  орындату арқылы,оқушылардың  байланыстырып сөйлеуін дамыту;

Тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа, бірлесіп топпен жұмыс істеуге баулу; алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.Оқушы бойына жарасымды мінез-құлықтың дағдыларын сіңіру, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдық саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық , сызба, слайд.
Сабақ әдісі: көрнекі құралдармен жұмыс, өзбетінше жұмыс,сұраққа жауап, салыстыру және мәнерлеп оқу, тақтамен жұмыс жасау
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Оқушыларды топқа бөлу, топқа ат қою.
 II. Оқушы қызығушылығын ояту.

- Ерте-ерте, ертеде бір үлкен ел өмір сүріпті.

Бұл елде сөздер отау құрып бір - бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін - бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты.

Бұл ел қалай аталады екен, балалар?

Дұрыс, бұл ел «Сөйлемдер» елі деп аталыпты.
- Сонымен, бүгін біз, сол Әлемдегі ең үлкен ел – «Сөйлемдер» еліне» саяхатқа шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін ,саяхатқа дайынбыз ба?

- Иә.
Психологиялық дайындық жүргізу.
Бір жерден шыққан тілегі,
Елім деп соққан жүрегі.
Білімді ұрпақ көбейсін,
Асқақтап біздің әнұран !
Жасасын Қазақстан!

Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін. Саяхатқа шығу үшін пойыздың бірінші вагонының тапсырмасын орындайық

2. Үй тапсырмасын тексеру: 1-вагон
- Ал балалар үйге қандай тапсырма берілді?
194- жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрау,әңгімеде сұраулы лепті сөйлемдер болсын.
Балалардың үй жұмыстарын тексеру.
3. Өткен сабақтарды қайталау.
- Қане, балалар, біз сендермен өткен сабақта қандай тақырыптармен танысып едік?
- Ия, сөйлем және олардың түрлерімен.
Хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлемдер.
Олай болса мен тест сұрақтарын ұсынамын, ал сендер сол сұрақтарға дұрыс анық жауап берулерің керек болады.
1.
Оқушылар мұражайға барды. Сөйлемнің қай түріне жатады?
А. Хабарлы сөйлем
Б. Сұраулы сөйлем
С. Лепті сөйлем


2.
Қар қалың жауды ма? Сөйлемнің қай түріне жатады?
А. Хабарлы сөйлем
Б. Сұраулы сөйлем
С. Лепті сөйлем
3.
Көке, мынау-не төбешік? Сөйлемнің қай түріне жатады?
А. Хабарлы сөйлем
Б. Лепті сөйлем
С. Сұраулы сөйлем.
4.
Алақай, әкем – шаңғы әкелді! Сөйлемнің қай түріне жатады?
А. Хабарлы сөйлем
Б. Лепті сөйлем
С. Сұраулы сөйлем.
5.
«Тұр орныңнан!» лепті сөйлемі қандай ойды білдіреді?
А. Қуану
Б. Бұйыру
С.Ұран

Олай болса балалар жаңа сабағымыз лепті сөйлемді қайталау.
Адамның көңіл күйін,сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.Лепті сөйлемнен соң леп белгісі «!» қойылады. Мысалы: Бүгін ауа райы қандай жақсы!Өркенің өссін қарағым!
Оқулықпен жұмыс: 2-вагонның тапсырмасы.195-жаттығу:
Өлеңді мәнерлеп оқып, сұраулы және лепті сөйлемдерді тап.
- Домалақ үй, - Біз салғанбыз,
Өзі сондай ұнады. Біз тұрамыз, балалар!-
Кімдер салған, Деп шуылдап
Кімдер мұнда тұрады? Жауап берді аралар.
Дәптермен жұмыс: 3-вагонның тапсырмасы.196-жаттығу
Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз. Леп белгісінің қойылу себебін түсіндір.

-Мың мін бойында кімнің?
-Жалқаудың бойында мін мың!
( Қадыр Мырза Әли)
Қадыр Мырза Әли - 1935 жылы 5-қаңтарда Батыс Қазақстан обылысының Жымпиты кентінде дүниеге келген. «Балдырған», «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы,мемлекеттік сыйлық иегері,Қадыр Мырза Әли 77 жасқа қараған шағында қаңтардың 22 күні өмірден озған.
197-жаттығу:
Таңдануды, қуануды білдіретін лепті сөйлемдер тауып айт.

Олай болса балалар шаршаған болсақ бір сергіп алайық.

Сергіту сәті.
Мынау менің жүрегім, бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды, бәрін ойлап басқарған.

Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.Алшаңдай басқан адымдап,

Егеменді елімнің болашағы мен болам.

4-вагонның тапсырмасы:
Мен сендерге ойын алып келіп отырмын,бұл ойын « Адасқан әріптер» деп аталады, төмендегі әріптернден сөз құрауларың керек болады.

А Қ З А Н А Т Қ С
5-вагонның тапсырмасы.
198-жаттығу. Бағанның сол жағындағы көп нүктенің орнына тиісті сұраулық мәнді сөйлемдер жаз. Екі бағандағы сөйлемдердің бір - бірінен өзгешелігін дәлелде.



... ... ... ? - Үйді құрылысшы салады.

... ... ... ? - Керіктің мойны ұзын.

... ... ... ? - Дәрігер ауруды емдейді.

6-вагонның тапсырмалары.

Шығармашылық жұмыс:
« Ең жақсы сәт» тақырыбына әр топ лепті сөйлем жазу,суретін бейнелеу.
Қорытындылау.
– Балалар, пойыздың ең соңғы вагонына сөйлемдердің ТЫНЫС БЕЛГІ деген ақылгөй шешей орналасыпты. Қасындағы үш қызының біреуі тиянақты сөйлесе, екіншісі тек сұрайды, ал үшіншісі бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан, ол қыздарын ақылмен бір мәтіннің ішінде жұмсай алыпты.

- Қалай ойлайсыңдар, бұлар қандай сөйлемдер?

Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

1 -күн Барлығы түсінікті,

2 – күн Жартылай түсінікті

3 – күн Түк түсінбедім


аяқталу сәті.

Үйге тапсырма беру: 199-жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме құрау
Бағалау: Топ басшысы тобындағы оқушылардың алған ұпайларын айтады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Лепті сөйлем (2-сынып)

Автор: Темирбекова Гулнур

Дата: 13.05.2017

Номер свидетельства: 415030

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) ""Лепті с?йлем" ?аза? тілі п?нінен саба? жоспары 2-сынып "
    ["seo_title"] => string(58) "liepti-soiliem-k-azak-tili-p-ninien-sabak-zhospary-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "208023"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430729273"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Лепті  с?йлем"
    ["seo_title"] => string(13) "lieptisoiliem"
    ["file_id"] => string(6) "285535"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454182407"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Конспект урока  Лепті с?йлем "
    ["seo_title"] => string(30) "konspiekt-uroka-liepti-soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "191090"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427269934"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Лепті с?йлем" ?аза? тілі. 2 сынып. "
    ["seo_title"] => string(34) "liepti-soiliem-k-azak-tili-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "193330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427627547"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) ""Лепті с?йлем 2 сынып""
    ["seo_title"] => string(19) "lieptisoiliem2synyp"
    ["file_id"] => string(6) "294330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455635307"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства