kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Лепті с?йлем" ?аза? тілі п?нінен саба? жоспары 2-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: о?ушылар?а адамны? к??іл к?йі, ?уанышы, екініші, реніші, т.б. сезімдері лепті с?йлемдер ар?ылы білдіретіндігін ме?герту.

К?рнекілігі: кесте, сурет.

?дісі: с?ра?-жауап, т?сіндіру, к?рнекілік.

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і.

II. ?й тапсырмасын тексеру

III. Жа?а саба?

1. Кіріспе ??гіме

Бастауыш сынып о?ушылары ?шін лепті с?йлемді ме?геру ?иынды? ту?ызуы м?мкін. Сонды?тан лепті с?йлемді ме?гертуге берілген са?аттарда к?рнекі ??ралдарды пайдалану ма?ызды.

Саба? ?нтаспадан т?мендегідей с?йлемдерді ты?датудан басталады.

1. С?йікті мені? ?аза?станым жасасын!

2. ?ап, ба?шаны? есігін жауып ?ойма?ан екенмін!

3. ?ане, к?нделігі?ді берші!  4. Шіркін, Ай?а сам?ап ?шсам ?ой!

О?ушылардан ?р с?йлем ?андай ма?ынаны білдіріп т?р?аны с?ралады. М??алім о?ушы жауаптарын пайдалана отырып, т?мендегідей кестені толтырады.

2. Негізгі б?лім.

а) 1-жатты?у. Сурет бойынша ж?мыс ж?ргізіледі. «Футбол ойыны» та?ырыбына ??гіме ??растырады. ??растыр?ан м?тіннен лепті с?йлемдерді тап?ыздырылады. Лепті с?йлемні? со?ына ?ойылатын тыныс белгісі еске т?сіріледі. М?селен:

1. Ала?ай, біз же?дік!

2. Жарайсы?, Марат!

?) Ереже о?ылып, лепті с?йлемні? ?зіндік ерекшеліктері т?сіндіріледі:

•  Лепті с?йлем адамны? к??іл к?йін, сезімін (?уану,ренжу,?кіну,?ран) білдіреді.

•  Лепті с?йлем ?немі к?тері?кі дауыспен айтылады.

•  Лепті с?йлемні? со?ына леп белгісі (!) ?ойылады.

2-жатты?у. ?ле?ді т?сініп о?ы. ?ле?нен с?раулы с?йлемді тауып о?ы. ?ле?нен леп белгісі бар с?йлемді тап. Осы с?йлемді ?андай дауыспен о?ыды??

Білім тере? те?із бе,

Білім, е?бек егіз бе?

«Рухани азы?ым –

Осы екеуі де?із де, -

Дейді атам, -

Білімді е?бекпенен сен ізде!»

Ереже!

Лепті с?йлем адамны? к??іл к?йін, сезімін (?уану, ренжу, ?кіну) білдіреді. Олар к?тері?кі дауыспен айтылады. Лепті с?йлемнен со? леп белгісі (!) ?ойылады.

3. О?улы?пен, д?птермен ж?мыс.

О?улы?та?ы жатты?уларды орындату ар?ылы т?мендегідей ж?мыстар ж?ргізіледі:

1. С?йлемді сазына келтіріп о?у?а да?дыландыру.

2.  Лепті с?йлемні? ?андай ма?ына (?уану, ?кініш, реніш, ?ран, б?йыру) білдіріп т?р?анды?ын аны?тату.

3. Лепті с?йлемні? тыныс белгісін д?рыс ?оя білуге жатты?тыру.

4. О?ушылар?а лепті с?йлемдерге мысалдар келтірту.

5. Хабарлы, с?раулы ж?не лепті с?йлемдерді? ??састы?тары мен айырмашылы?тарын айт?ызу.

4-жатты?у. ?ле?ді м?нерлеп о?ы.

То?та! Дайындал! Жол ашы?!

?ш к?зінде белгі т?р

Бала?андар, бол, асы?.

                            Б. Исаева

IV. Саба?ты ?орытындылау.

О?ушыларды? лепті с?йлемді ?алай ме?гергендігін пысы?тау ма?сатында ?ойылатын с?ра?тар:

1. Лепті с?йлем дегеніміз не?

2. Лептік с?йлем ?андай ма?ынаны білдіреді?

3. Лепті с?йлем ?алай о?ылады?

4. Лепті с?йлем со?ына ?андай тыныс белгісі ?ойылады?

Сондай-а? о?ушылар лепті с?йлемді м?нерлеп о?у, м?тіннен лепті с?йлемді табу, лепті с?йлемдерді д?рыс жазу, лепті с?йлемдерді хабарлы немесе с?раулы с?йлемдерге айналдыру т?різді тапсырмаларды орындау ар?ылы білім-білік да?дылары ?алыптасады. Саба?та ?нтаспаны пайдаланып, лепті с?йлемдерді дауыс интонациясын д?рыстап келтіріп о?уды ?йретуге болады.

V. ?йге тапсырма беру.

3-жатты?у. ?ле?ді м?нерлеп о?ып, д?птері?е к?шіріп жаз. Лепті с?йлемдерді тауып о?ы.

Т?лігі ?скен алуан-алуан,

Т?с, ал?абы мал?а тол?ан,

Неткен с?лу, неткен к?ркем!

Осы мені? ту?ан ?лкем!

                         ?. Т?рманжанов

VІ. Ба?алау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Лепті с?йлем" ?аза? тілі п?нінен саба? жоспары 2-сынып »

Күні: 47-сабақ

Сынып: 2 «а»

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның көңіл күйі, қуанышы, екініші, реніші, т.б. сезімдері лепті сөйлемдер арқылы білдіретіндігін меңгерту.

Көрнекілігі: кесте, сурет.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақ

1. Кіріспе әңгіме

Бастауыш сынып оқушылары үшін лепті сөйлемді меңгеру қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан лепті сөйлемді меңгертуге берілген сағаттарда көрнекі құралдарды пайдалану маңызды.

Сабақ үнтаспадан төмендегідей сөйлемдерді тыңдатудан басталады.

1. Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!

2. Қап, бақшаның есігін жауып қоймаған екенмін!

3. Қане, күнделігіңді берші! 4. Шіркін, Айға самғап ұшсам ғой!

Оқушылардан әр сөйлем қандай мағынаны білдіріп тұрғаны сұралады. Мұғалім оқушы жауаптарын пайдалана отырып, төмендегідей кестені толтырады.

2. Негізгі бөлім.

а) 1-жаттығу. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. «Футбол ойыны» тақырыбына әңгіме құрастырады. Құрастырған мәтіннен лепті сөйлемдерді тапқыздырылады. Лепті сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгісі еске түсіріледі. Мәселен:

1. Алақай, біз жеңдік!

2. Жарайсың, Марат!

ә) Ереже оқылып, лепті сөйлемнің өзіндік ерекшеліктері түсіндіріледі:

• Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін (қуану,ренжу,өкіну,ұран) білдіреді.

• Лепті сөйлем үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады.

• Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.

2-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнен сұраулы сөйлемді тауып оқы. Өлеңнен леп белгісі бар сөйлемді тап. Осы сөйлемді қандай дауыспен оқыдың?

Білім терең теңіз бе,

Білім, еңбек егіз бе?

«Рухани азығым –

Осы екеуі деңіз де, -

Дейді атам, -

Білімді еңбекпенен сен ізде!»

Ереже!

Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін (қуану, ренжу, өкіну) білдіреді. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.

3. Оқулықпен, дәптермен жұмыс.

Оқулықтағы жаттығуларды орындату арқылы төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:

1. Сөйлемді сазына келтіріп оқуға дағдыландыру.

2. Лепті сөйлемнің қандай мағына (қуану, өкініш, реніш, ұран, бұйыру) білдіріп тұрғандығын анықтату.

3. Лепті сөйлемнің тыныс белгісін дұрыс қоя білуге жаттықтыру.

4. Оқушыларға лепті сөйлемдерге мысалдар келтірту.

5. Хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтқызу.

4-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Тоқта! Дайындал! Жол ашық!

Үш көзінде белгі тұр

Балақандар, бол, асық.

Б. Исаева

IV. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың лепті сөйлемді қалай меңгергендігін пысықтау мақсатында қойылатын сұрақтар:

1. Лепті сөйлем дегеніміз не?

2. Лептік сөйлем қандай мағынаны білдіреді?

3. Лепті сөйлем қалай оқылады?

4. Лепті сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Сондай-ақ оқушылар лепті сөйлемді мәнерлеп оқу, мәтіннен лепті сөйлемді табу, лепті сөйлемдерді дұрыс жазу, лепті сөйлемдерді хабарлы немесе сұраулы сөйлемдерге айналдыру тәрізді тапсырмаларды орындау арқылы білім-білік дағдылары қалыптасады. Сабақта ұнтаспаны пайдаланып, лепті сөйлемдерді дауыс интонациясын дұрыстап келтіріп оқуды үйретуге болады.

V. Үйге тапсырма беру.

3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, дәптеріңе көшіріп жаз. Лепті сөйлемдерді тауып оқы.

Түлігі өскен алуан-алуан,

Төс, алқабы малға толған,

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Ө. Тұрманжанов

VІ. Бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Лепті с?йлем" ?аза? тілі п?нінен саба? жоспары 2-сынып

Автор: Кажгалиева Гульбахыт Куанышевна

Дата: 04.05.2015

Номер свидетельства: 208023


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства