Жаңа сөздер: Жыл мезгілі Демалады Шомылады Күнге күйеді Маусым Шілде Тамыз Тыңдалым. Берілген тақырыптағы мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну. Жаз – өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда балалар демелады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді. Балалар жазды өте жақсы көреді. ҮІ.Оқылым. 1-тапсырма бойынша оқылым әрекетін іске асыру.Сауатты оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын тексеру. ҮІІІ.Айтылым Айтылым әрекетін іске асыру үшін сұрақтарға жауап беру. Жаздың бірінші айы? Жаздың бірінші айы маусым. Маусым туралы өлеңді оқу. Маусым. Құс көбейді көлдегі, Маусым келді – жаз мейрам. Асыр салып төлдері, Жан – жануар мәз – мейрам. Жазда не жауады? білу үшін жұмбақты шешіңдер. Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын. Биіктен қайта түскенде, Өңі кірер даланың. ......... Жазда балалар демалады. Диалог құрастырыңдар. Жазда балалар қайда шығады? Жазда балалар каникулға шығады. Олар қайда шомылады? Олар өзенде, көлде шомылады. Балалар ата – аналарымен қайда барады? Балалар ата – аналарымен саяхатқа барады. Дұрыс, бұрыс ойынын ұйымдастыру. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. ( дұрыс) Жазда қар жауады. ( бұрыс) Адамдар жылы киімдерін киеді. ( бұрыс) Жаз жылдың ең ыстық мезгілі. ( дұрыс) Сергіту сәті Біздер тату тұрамыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз Мәтін бойынша «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойын ұйымдастыру. Ойын шарты: Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Кез келген оқушы бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді.Соңына дейін солай жүреді. Жазылым. Сөйлемдерді толықтырып жаз. Жылдың төрт мезгілі бар: ------------------------------ Бір жылда он екі ай бар: -------------------------------- ----------------------------------------- жаз айлары. Ең ыстық жыл мезгілі - ------------------------------ ---------------------------- жемістер, көкөністер піседі. |