Пәні Математика | Сандармен амалдар орындау Тақырыбы: Қосу мен азайтудың байланысы |
Күні: | 19.11.2018ж |
Сыныбы: 1 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
| |
Сабақтың оқу мақсаттары: | 1.1.2.2 Қосу және азайту-өзара кері амалдар екенін түсіну,қосу және азайту амалдары компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтау |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Қосу және азайту-өзара кері амалдар екенін түсінеді, қосу және азайту амалдары компонеттерін айтады |
Көптеген оқушылар: Қосу мен азайту- өзара кері амалдар екенін түсіндіреді, қосу мен азайту амалдары компонеттерін көрсетеді |
Кейбір оқушылар: Қосу және азайту кері амалдар екеніне қорытынды жасайды, қосу мен азайту амалдары компоненттерін мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтайды |
Бағалау критерийлері: | Қосу және азайту – өзара кері амалдар екенін түсінеді, қосу және азайту амалдары компонеттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтайды. |
Ойлау деңгейлерінің дағдылары | Білу, түсіну, қолдану. |
Тілдік мақсат | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Амалдардың компонеттері |
Талқылауға арналған сұрақтар: Қосу амалдары компонеттерін ата? Азайту амалдары компонеттерін ата? |
Құндылықтар дарыту | Сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау, достық, ынтамақтастық қабілеттерін дамыту |
Пәнаралық байланыс | Сауат ашу, музыка |
Акт қолдану | Интербелсенді тақта, слайд, аудио |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы Психологиялық ахуал қалыптастыру Жеке жұмыс | Ұйымдастыру кезеңі Балалар, қол ұстасып шаттық шеңберін құрайық. Қане, бір - бірімізге қарап, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық. Ол ушін жақсы бір өлең жолын айтып жіберейік Мақсаты:Жағымды көңіл-күй орнату Шаттық шеңбері Дөңгелене тұрайық, Достық үйін құрайық Математикамен дос болып, Біз көңілді болайық! Жақсы, жарайсыңдар балалар. Топқа бөліну. 1топ: Үшбұрыш 2топ: Шаршы 3 топ: Дөңгелек 4 топ Тіктөртбұрыш «Дельфи» әдісі Оқушылар ламинатталған бетті пайдала отырып, өткен тақырыптар бойынша фигураларда жасырынған сандардың көршілерін табады, берілген санның сандық құрамын анықтай алады, сондай-ақ санды үштілде жеткізе біледі. «Сиқырлы қорап» ойыны. Әрбір топ қораптың ішінен мысалдар құрастыруға болатын бір таңбалы сандар жазылған үш парақшадан алады. 1топ: 2,5,3 2топ: 4,2,6 3 топ: 6,3,9 4 топ: 7,5,2 -Балалар берілген сандар бойынша, мысалдар құрастыра отырып,жаңа тақырыпқа болжам жасайды. –Қандай амалдарға мысалдар құрастыруға болады? – Қосу және азайту өзара қалай байланысқан? Балалардың жауабы Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Қосу мен азайтудың байланысы» | аудио Сиқырлы қобдиша, сандар жазылған парақшалар |
Сабақтың ортасы Жаңа сабақ таныстыру Жұптық жұмыс Топтық жұмыс | Оқушылардың назарын қосу кестесіне аудару. - -Кестеде қандай сандар берілген? -Кесте арқылы қосындының мәнін қалай табамын? -Қосу кестесінде қанша түрлі сан жазылған?-деген сұрақтар кояа отырып, әрқайсысын ашып түсіндіремін. Амалдар компоненттеріне тоқталып өтемін. Оқушылар кесте бойынша өз ойларын айтуға, топпен талқылауға, дәлелдеуге мүмкіндік беремін. Оқушылар қосу мен азайтудың өзара кері байланыс екенін түсінуі маңызды. Дәптермен жұмыс 4+3=? Берілген мысалды шығар, оған кері есеп құрастыр «Қырықбуындар» тапсырмасы Жұптық жұмыс: Оқушылар қырықбуынның бөліктеріндегі түсіп қалған сандарды табуы керек. Берілген мысалдарға кері есеп құрастыра отырып көңілді қырықбуындарды құрастырып шығару қажет. Сергіту сәті. (1,2,3) «Кім жылдам» әдісі Берілген суреттерді пайдала отырып, қосудың әрбір мысалына қосумен орындалатын кері бір мысал және азайтуға екі мысал құрастыру керек. 1 топ: 2 топ : 3 топ: 4 топ Топтар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды. | Қосу кестесі, слайд, интербелсенді тақта, Қосу мен азайтуың компонеттері Оқулық,жұмыс дәптер Қырықбуын бейнесінде жасалған тапсырмалар Аудио Постер |
Сабақтың соңы Қорытынды | Кері байланыс: Жетістік баспалдағы «Бағдаршам» әдісі арқылы өз өздерін бағалау | |
|