kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока на тему "Сандарды салыстыр"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сандарды салыстырғанда элементтер жұбын құрастыру тәсілі — бірінші жиынның бір элементіне екінші жиынның бір элементін сәйкестендіру арқылы салыстыру тәсілі жүргізіледі. Жұпсыз қалған элементтің саны, бір санның екіншісінен артық немесе кем екенін көрсетеді. Егер екі жиынның барлық элементтері жұптар құрастырса, онда сандар тең деген сөз. Оқушыларға дифференциация үшін екі жиынның элементтері санын теңестіруге арналған жұптар құрастыруға тапсырма беріледі. Берілген сабақ оқушыларды сандарды айырмалық салыстыруды түсінуге даярлайды.

Кіріспе тапсырма. Сабақты жұппен жұмыс жасаудан бастаңыз. Барлық оқушыларға қапшықтан бір-бір уыстан бұршақ алуды сұраңыз. Оларға алған бұршақтарының санын салыстыру үшін үстелдің үстіне кезекпен бір-бірден тізіп қоюды ұсыны-ңыз. Құрастырылған жұптарды бөлек алып қоюды ескертіңіз. Салыстыруды оқушылардың біреуіндегі бұршақ біткенше жалғастыруды ұсыныңыз (немесе екеуінде де бірдей біткенше). Олардан жұптар құ растыру үшін барлығында бұршақтар жеткіліктілігін сұраңыз. Егер оқушылардың бұршақтары бірдей бітсе, онда олардан бұл нені білдіретінін сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдап, екі топтағы заттар саны тең деген қорытынды жасауға жетелеңіз. Салыстыру нәтижесін бекіту кезінде “сонша” деген сөз ұғымын енгізіңіз. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде оқулықтағы иллюстрацияларды пайдаланыңыз. Төрт алма мен төрт жидекті саны бойынша салыстырыңыз. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:— Қанша алма?

— Қанша жидек?

— Неше жұп құрастыруға болады?

— Жидек қанша болса, алма сонша ма?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока на тему "Сандарды салыстыр"»




Сабақ тақырыбы:

Сандарды салыстыру

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі: Шакенова М.Е.

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

бір таңбалы сандарды оқиды, жазады және салыстырады;

сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды “+”, “–”, “=”, “”, “

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. әр оқушының уысы толғанша алуға болатындай үрмебұршақ салынған қапшық;


  1. ламинатталған беттер;

  2. маркерлер.

Тірек сөздер

тең;

сонша; тең емес.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды сандарды салыстыру үшін жиын-дардың элементтерінен жұптар құрастыру тәсілін қолдануға үйрету; екі жиынның элементтерінің сандарын теңестіру тәсілдерін іздеу дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сандарды салыстырғанда элементтер жұбын құрастыру тәсілі — бірінші жиынның бір элементіне екінші жиынның бір элементін сәйкестендіру арқылы салыстыру тәсілі жүргізіледі. Жұпсыз қалған элементтің саны, бір санның екіншісінен артық немесе кем екенін көрсетеді. Егер екі жиынның барлық элементтері жұптар құрастырса, онда сандар тең деген сөз. Оқушыларға дифференциация үшін екі жиынның элементтері санын теңестіруге арналған жұптар құрастыруға тапсырма беріледі. Берілген сабақ оқушыларды сандарды айырмалық салыстыруды түсінуге даярлайды.

Кіріспе тапсырма. Сабақты жұппен жұмыс жасаудан бастаңыз. Барлық оқушыларға қапшықтан бір-бір уыстан бұршақ алуды сұраңыз. Оларға алған бұршақтарының санын салыстыру үшін үстелдің үстіне кезекпен бір-бірден тізіп қоюды ұсыны-ңыз. Құрастырылған жұптарды бөлек алып қоюды ескертіңіз. Салыстыруды оқушылардың біреуіндегі бұршақ біткенше жалғастыруды ұсыныңыз (немесе екеуінде де бірдей біткенше). Олардан жұптар құ растыру үшін барлығында бұршақтар жеткіліктілігін сұраңыз. Егер оқушылардың бұршақтары бірдей бітсе, онда олардан бұл нені білдіретінін сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдап, екі топтағы заттар саны тең деген қорытынды жасауға жетелеңіз. Салыстыру нәтижесін бекіту кезінде “сонша” деген сөз ұғымын енгізіңіз. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде оқулықтағы иллюстрацияларды пайдаланыңыз. Төрт алма мен төрт жидекті саны бойынша салыстырыңыз. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:— Қанша алма?


— Қанша жидек?


— Неше жұп құрастыруға болады?


— Жидек қанша болса, алма сонша ма?


— Егер барлық алма мен жидектің саны бірдей болса, онда олардың санын көрсететін сандарды тең деп айтуға бола ма? Сендер қалай ойлайсыңдар?


Оқушыларды барлық заттардан жұптар құрал-са, онда олардың саны тең деген қорытындыға жетелеңіз. Егер жұп құрағанда барлық заттардан жұп құрауға болмаса, онда сандар тең емес деген сөз. Сабақтың тақырыбын оқулықтағы және жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындатып бекітіңіз.

Суреттегі заттар қатарын салыстыр. Сынып-пен жалпы жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар оқулықтағы иллюстрациялар бойынша топтарды салыстырып, тапсырмадағы қай зат қанша болса, сонша екенін анықтап, сұрақтарға жауап берулері тиіс. Оқушыларға салыстыру нәтижесін тірек сөздер көмегімен айтуды сұраңыз. Әңгіме барысында мына сұрақтарды қоюға болады:

— Неше қаламсап? Неше қарындаш?

— Егер оларды саны бойынша салыстырса, неше жұп құрастыруға болады?

— Неше зат жұпсыз қалады?

— Біз қанша қаламсап болса, сонша ұштағыш бар деп айта аламыз ба? Неліктен?

— Осы заттардың санын көрсететін сандар тең бе?

Берілген иллюстрациядағы басқа заттармен де осындай жұмыс жүргізіңіз.

Жауабы:

қанша ұштағыш болса, сонша өшіргіш бар.

Дәмхана. Берілген тапсырманы топпен орын-дауды ұйымдастырыңыз. Оқушыларға суретке қарап, заттардың санын санауды және салыстыруды сұраңыз. Оқушыларға салыстырудың нәтижесі бойынша қайсысы тең, ал қайсысы тең емес екені туралы қорытынды жасатыңыз. Салыстыру нәти-жесін “=” немесе “≠” белгілерін қолданып, ла-минатталған қағазда жазғызып орындатыңыз. Тапсырманы орындауда қиындық туған жағдайда мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Суретте қанша үстел салынғанын санаңдар.

— Үстел қанша? (қоқыс салатын жәшіктер, ве-лосипедтер, балалар, автомобильдер, тұрақтағы орындар, ағаштар).

Оқушылардың назарын заттардың санының сан-мен өрнектелетініне аударыңыз: “Орындықтардың саны үшеу, оны 3 деген санмен жазамыз. Дәмханаға келген адамдар саны — 7. 3 ≠ 7 екенін салыстыруға болады”.

Одан әрі оқушылар салыстыруды тапсырма мә-тініндегі сұрақтар бойынша орындайды. Тапсыр-маны орындап болған соң топтар өз жұмыстары-ның презентациясын сынып оқушылары алдында қорғайды.

Жауабы:

ағаштар саны бұталар санымен тең; орындықтар саны дәмханаға келген адамдар санымен тең.



Сабақты қорытындылау


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


  • Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


  • Қосымша тапсырмалар


    Оқушылар тірек сөздердің айтылуын есте сақтауы және сандарды салыстыру дағдыларын бекіту үшін ойын-жаттығуын өткізіңіз. Олардың біреуін тақтаға шақырып, суретті парақшалардың екеуін таңдауды ұсыныңыз. Екі парақшадағы заттардың саны тең болу үшін біреуіндегі заттың нешеуін өшіру керектігін немесе неше заттың суретін салу керектігін анықтатыңыз. Содан кейін ойынға қатысушы “тең”, “тең емес” және “сонша” деген тірек сөздерді айтады. Ол дұрыс шығарса және сынып онымен келіссе, барлық оқушылар хормен осы сөздерді қайталайды.


    Фигуралардан жұп құрастыр. Оқушылар заттардың екі тобын жалғастырып, фигуралар жұптарын құрастыруы керек. Одан кейін оларды салыстырып, салыстыру нәтижесін суреттердің астына мына белгілерді “=” немесе “≠” пайдаланып жазулары тиіс.

    Жауабы:

    а) 6 ≠ 3; ә) 5 ≠ 7; б) 4 ≠ 10.

    Түсіп қалған сандарды қой. Оқушылар бе-рілген тапсырма бойынша құмырадағы гүлдердің саны тең болатындай етіп суретті өзгертуі тиіс. Олар бір құмырадағы гүлдерді екінші құмырадағы гүлдердің санына тең болатындай етіп толықтырып салады. Немесе олар бір құмырадағы гүлдердің санын екіншідегімен теңестіру үшін бірнешеуін сызып тастайды.

    Жауабы:

    бірінші құмыраға 4 гүлді толықтырып салуға немесе екінші құмырадағы 4 гүлді сызып тастауларына да болады.

    Шаршының саны қанша болса, дөңгелектің де саны сонша болатындай етіп суретті толықтыр.

    Оқушыларға салыстыру үшін екі шаршы мен бір дөңгелек ұсынылған. Олардың санын теңестіру үшін оқушылар 1 дөңгелекті толықтырып салу керек.

    Ағаштардағы құстар саны тең болатындай етіп суретті аяқтап сал. Оқушылар екі ағаштағы

    құстар саны тең болатындай етіп, қай ағаштағы құстарды толықтыру керектігін өз беттерінше табуы керек.

    Жауабы:

    екінші ағашқа бір құсты толықтырып салу керек.

    Бағалау

    Оқушылар сабақтың соңында:

    — жұптар құрастыру арқылы сандарды салыс-тыруды;

    — “=”, “≠” белгілерінің көмегімен салыстырудың нәтижесін өрнектей білуді;

    — екі топтағы заттардың санын теңестіре білуді меңгереді.

    Сабақты қалай меңгергенін тексеру үшін, келесі сұрақтарды қойыңыз:

    — Сыныптасыңдағы және сендегі қаламдар са-нын салыстыр. Тең бе, әлде тең емес пе? Неге?

    — Екі оқушыдағы қаламдар саны тең болу үшін оқушылардың біреуі тағы неше қалам қосып алуы керек?

    — Екі оқушыдағы қаламдар саны тең болу үшін оқушылардың біреуі неше қаламды алып тастауы керек?— Төрт дөңгелек пен алты жұлдызшаның суреті салынған. Олардың саны тең бе, әлде тең емес пе? Салыстыр.— Қандай тәсілмен дөңгелек пен жұлдызшалар санын теңестіруге болады? (Екі дөңгелек салып толықтыру немесе екі жұлдызшаны өшіріп тастау.)Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз.





    Получите в подарок сайт учителя

    Предмет: Начальные классы

    Категория: Уроки

    Целевая аудитория: 1 класс.
    Урок соответствует ФГОС

    Скачать
    Конспект урока на тему "Сандарды салыстыр"

    Автор: Шакенова Медина Еренгаиповна

    Дата: 03.11.2017

    Номер свидетельства: 436563

    Похожие файлы

    object(ArrayObject)#851 (1) {
      ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
        ["title"] => string(149) "конспект урока по математике на тему:Екі та?балы сандарды о?у, жазу ж?не салыстыру "
        ["seo_title"] => string(91) "konspiekt-uroka-po-matiematikie-na-tiemu-ieki-tan-baly-sandardy-ok-u-zhazu-zh-nie-salystyru"
        ["file_id"] => string(6) "193791"
        ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
        ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
        ["date"] => string(10) "1427697642"
      }
    }
    
    object(ArrayObject)#873 (1) {
      ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
        ["title"] => string(112) "Конспект урока по математике на тему " Араб ж?не рим цифрлары" "
        ["seo_title"] => string(66) "konspiekt-uroka-po-matiematikie-na-tiemu-arab-zh-nie-rim-tsifrlary"
        ["file_id"] => string(6) "154531"
        ["category_seo"] => string(10) "matematika"
        ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
        ["date"] => string(10) "1421165568"
      }
    }
    
    object(ArrayObject)#851 (1) {
      ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
        ["title"] => string(115) "Конспект урока на тему: "Сүйек типтері және олардың байланысуы""
        ["seo_title"] => string(66) "konspiekt_uroka_na_tiemu_suiiek_tiptieri_zh_nie_olardyn_bailanysuy"
        ["file_id"] => string(6) "388933"
        ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
        ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
        ["date"] => string(10) "1486463043"
      }
    }
    
    object(ArrayObject)#873 (1) {
      ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
        ["title"] => string(148) "Конспект урока по математике, тема "Пропорция" , презентация и фличпарт для урока "
        ["seo_title"] => string(88) "konspiekt-uroka-po-matiematikie-tiema-proportsiia-priezientatsiia-i-flichpart-dlia-uroka"
        ["file_id"] => string(6) "141532"
        ["category_seo"] => string(10) "matematika"
        ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
        ["date"] => string(10) "1418137164"
      }
    }
    
    object(ArrayObject)#851 (1) {
      ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
        ["title"] => string(57) "Конспект урока на тему "?ш?ан ?я" "
        ["seo_title"] => string(38) "konspiekt-uroka-na-tiemu-u-shk-an-u-ia"
        ["file_id"] => string(6) "199856"
        ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
        ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
        ["date"] => string(10) "1428664753"
      }
    }
    


    Получите в подарок сайт учителя

    Видеоуроки для учителей

    Курсы для учителей

    ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

    Добавить свою работу

    * Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

    Удобный поиск материалов для учителей

    Ваш личный кабинет
    Проверка свидетельства