Балалар, б?гін біз Бауыржан Момыш?лы атамызды? «?ш?ан ?я» ??гімесін о?ыды?. Енді осы ??гімені ?алай т?сінгенімізді «Бинго» ойыны ар?ылы тексеріп к?релік. Сендер ?р жексенбіде ойналатын «Бинго» ойынын білесі?дер ме?
Ойын шарты:
Бинго билетінде ?ш т?сті жол бар. ?р жолда 10 сан белгіленген. Сендер бинго айналмасынан шы??ан сандар бойынша ?з билеттері?дегі с?йкес сандарды белгілеп отырулары? керек. ?ай жолдан 10 сан с?йкес шы?са, сол ба?ытты билет иесі е? жо?ары ?тыс?а, я?ни «5» ж?не машина?а ие болады. Сонымен бірге сол т?ске с?йкес жолда?ы с?ра?тар?а жауап береді. 9 сан с?йкес келсе «4», 8 сан с?йкес келсе «3»тік ба?а?а ие болады.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока на тему "?ш?ан ?я" »
Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя
І. Білімділік:
Окушылapға әңгімедегі негізгі ойды ұғындыру.
Бауыржан Moмышұлы туралы мағлұмат беру.
2. Дағдылық: : Оқушыларды мәнерлеп оқуға, мәтін бойынша сұрақтар қоюға, оларға жауап беруге, жатық, жүйелі сөйлеуге үйрету. Топта жұмыс істей білу, өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын шыңдау.
3. Дамытушылық : Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойын ірікпей айтып, дәлелді сөйлеп, болжай білуге үйрету.
4. Тәрбиелік : Үлкенді сыйлауға, әдепті болуға, ата тегін, елін құрметтей білуге, батылдық пен батырлыкқа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Б. Момышұлының суреті, сурет бинго айналмасы, кесте, тірек сөздер, бинго билеті, ойыншықтар, кітаптар кормесі, тест сұрақтары сигналды телефон, геометриялық фигуралар
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: Дамытушылы қ сабақ
Сабақтың әдісі: Ой шақыру, тірек сөздер, қызығушылықты ояту, болжау, негізгі идеяны суреттеу, мағынаны тану, ой толғаныс, бес жолды өлең, тест.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Танысу.
Оқушыларды 3 топқа бөлу. 1 топ „Білім“ 2 топ „Ақыл“ 3 топ „Қайсар“
II. Kipicпe
1. Oй қозғау
- Балалар, Бауыржан Момышұлы туралы естігендерің бар ма? Ол туралы не білесіңдер?
Бауыржан Момышұлы өмірімен таныстыру
Балалар, – бүгін біз Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен танысамыз. Бұл әңгімеде Бауыржан ағаларыңның балалык шағы туралы әңгімеленген. Ұшқан ұясында атасынан алған тәрбиесі туралы айтылған.
Балалар, ұшқан ұя сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?
Әңгіме мазмұны оқылмас бұрын топ болып бірлесе отырып жұмыс істейік.
2 топқа тапсырма: Ой шақыру. «Ұя» сөзін есіткенде ойларыңа не келеді?
3 топқа тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрау.
Тапсырмалар «Ұшқан ұя» тақырыбына орындалатын айтып өтемін.
Үш топ тапсырмаларының орындалуын тыңдау, салыстыра отырып мәтінмен жұмыс істеу.
Мағынаны тану
Міне балалар сендердің ойларыңды білдік. Енді Бауыржан аталарыңның әңгімесімен танысайық.
Ой толғаныс
Мәтіннің алғашқы бөлімі оқылып әрі қарай не болатынына болжам жасалады.
Оқиғаны өз ойларыңмен жалғастырып көріңдерші.
Балалардың ойын тыңдай отырып, мәтінді әрі қарай жалғастырып оқимын. Балалардың құраған әңгімелерімен, болжамдарымен салыстырамын.
Топпен жұмыс
«Аквариум» әдісі
Мәтінді топта оқып, өзара бір – бірімен түсіндіру. Үш топтан үш оқушы шығып әңгіме мазмұнын әңгімелейді.
Мәтінді дауыстап оқу.
Ой толғаныс
«Бинго» ойыны арқылы өткізіледі.
Балалар, бүгін біз Бауыржан Момышұлы атамыздың «Ұшқан ұя» әңгімесін оқыдық. Енді осы әңгімені қалай түсінгенімізді «Бинго» ойыны арқылы тексеріп көрелік. Сендер әр жексенбіде ойналатын «Бинго» ойынын білесіңдер ме?
Ойын шарты:
Бинго билетінде үш түсті жол бар. Әр жолда 10 сан белгіленген. Сендер бинго айналмасынан шыққан сандар бойынша өз билеттеріңдегі сәйкес сандарды белгілеп отыруларың керек. Қай жолдан 10 сан сәйкес шықса, сол бақытты билет иесі ең жоғары ұтысқа, яғни «5» және машинаға ие болады. Сонымен бірге сол түске сәйкес жолдағы сұрақтарға жауап береді. 9 сан сәйкес келсе «4», 8 сан сәйкес келсе «3»тік бағаға ие болады.