Просмотр содержимого документа
«Конспект урока "Киімдер"»
Сабақтың тақырыбы: Киімдер Сабақтың мақсаттары: модуль бойынша алған білімдерін саралап, қорытынды жасау; 2.оқушының ақыл-ойын, білімге деген ынталарын дамыту, сұрақ-жауап беруге машықтандыру; 3. Топта жұмыс істеу ережелерін орындау.ұлттық салт-дәстүрге, оның ішінде ұлттық І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушыларды сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Оқушыларды туған жыл мезгілдері бойынша топқа бөлу, отырғызу. - Балалар, бүгін біз сабақта осы жыл мезгілдерінде киетін киімдерді қайталаймыз, топпен жұмыс істейміз, әр түрлі тапсырмалар орындаймыз, білімімізді көрсетеміз. Олар: «қысқы киімдер» тобы, «көктемгі киімдер» тобы, «жазғы киімдер» тобы, «күзгі киімдер» тобы. Енді тапсырмаларға көшейік. (Әр топқа плакаттар таратамын). -Қыста, көктемде, жазда, күзде қандай киімдер киесіңдер? Олардың суреттерін салып, астынан жазу 5 минут уақыт беріледі. Оқушылар жауаптарына қарай «3», «4», «5» деген ұпай алады. ! топ: көктемгі киімдері (күртке, шалбар, бәтеңке, джемпер) ІІ топ: жазғы киімдері (жейде, көйлек, қалпақ, туфли ІІІ топ: күзгі киімдері (пальто, күртке, бәтеңке, джемпер IVтоп: қысқы киімдері (тон, құлақшын, бөкебай, пима, етік, қолғап) - Барлық киімдерді тізбекпен жазу. Сөзден жазып, келесі оқушыға береді. Солай жұмыс жалғастырылады. 3 минут
-Артығын тап . Берілген сөздер тізбегінен артық сөзді ғана жазу.
Жасыл, қызыл, құлақшын, сары, қара, ақ. Он, жиырма, отыз, тон. Елу, жеті
Қалам, бәтеңке, дәптер, сызғыш, кітап. Алма, алмұрт, шие, құлпынай, бөкебай, етік.Әдемі, ащы, қолғап, дәмді, тәтті. Текше, доп, қуыршақ, қонжық, көйлек. Қыс, жаз, жейде, көктем, күз. - «Пирамида» ойыны. Берілген сөздерден сөз өрбіту. Жейде. Бөкебай. Көйлек. Шалбар. - «Қуыршақты киіндіру» деп аталады. (сурет қуыршақты әр топқа жыл мезгіліне қарай киіндіріп, қандай киім кигізгендерін айтады) Үлгі: Мен қуыршақтың басына құлақшын, аяғына пима, қолына қолғап, үстіне тон кигіздім. V. Пысықтау. «Сұрақ-жауап» ойыны. Әр топ бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді. Үлгі: Рената, сен қандай қысқы киімдер білесің? Сенің етігің жылы ма? Дима. Сен көктемде үстіңе не киесің? ... VІ. Cабақтың қорытысын шығару. - Балалар, бүгін не туралы сөйлестік? - Қандай киімдер туралы сөйлестік? VІІ. Бағалау. Алған ұпай сандары бойынша бағалау. VІІІ. Үй жұмысы. Қазақтың ұлттық киімдерінің суретін салу және атын жазу.