Ұйымдастырылған түзеу-дамыту іс-әрекетінің технологиялық картасы
(4 – 5 жас)
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған түзеу –дамыту іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Киімдер
Мақсаты:
Білімділігі: Киімдер туралы түсініктерін қалыптастыру. Киім түрлерін ажыратуға үйрету.
Дамытушылығы: Сөйлеу қабілетін, ұсақ моторикасын дамыту. Тілдік бұзылыстарын түзету. Дұрыс тыныс алуын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Инклюзивтік әлеумет: Тілдік дамуында тежеліс бар балалармен жұмыс.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу, үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Қысқы киімдер мен жазғы киімдерді ажырату жұмыстары.
Қажетті көрнекі құралдар: слайд, қиынды суреттер, компьютерлік ойын, киімдер, киім ілгіштер, мақта т.б.
Билингвалды компонент:
- Киім - одежда
Іс-әрекет кезеңдері
Ынталандыру- сезімді ояту кезеңі
- Балалармен амандасу
- Ғажайып сәт
(Жылаған баланың дыбысы естіледі.)
- Балалар, бір дыбыс естіледі, кімнің дыбысы шығып жатыр?
- Бізге қонаққа Мансур келген екен.
Мансур:
- Сәлем, достарым! Мен серуенге шығып бара жатыр едім. Қолғабымды жоғалтып алдым. Табуға көмектесесіңдер ме?
- Ендеше, біз досымызға дүкеннен жаңа қолғап алып берейік. Жарай ма, балалар!
- Қазір қандай мезгіл?
- Ауылда қыс мезгілінде қандай көлікпен жүреміз? (слайдта көлік түрлері беріледі)
- Ендеше, дүкенге ат шанамен барайық.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Ат шауып келеді – таңдайды қағып тоқылдату
- Мінекей балалар дүкенге де жеттік. Дүкенші апаймен амандасайық.
- Киімді неден жасаймыз, білесіңдер ме?
- Мақта қандай болады? (слайдтан көрсетіледі)
Тыныс алу жаттығуы (мақтаны үру)
- Мұрынмен дем алып, ауызбен дем шығарып үру;
- Ауызбен дем алып, ауызбен дем шығарып үру.
- Артикуляциялық жаттығу жасап балабақшаға қайтып келеді.
- Слайдтан киім суреттері беріледі.
- Киім – одежда
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Ойын: «Киімді ажырат»
Балаларға қысқы және жазғы киімдердің қиынды суреттері беріледі. Суреттерді мезгілге сәйкес топтастырады.
Сергіту сәті «Кір жуу» биі
Кірді ұқыпты жуамыз,
Оны жақсылап сығамыз.
Сілкіп, сілкіп қағамыз,
Әдемі қылып жаямыз.
Ойын: «Қуыршақты киіндір»
Қызыл, жасыл, көк, сары түсті киімдегі қуыршақтың белдемшесін, аяқ киімін, басындағы бантигын түсіне сәйкестендіріп орналастыру. (компьютермен жұмыс)
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
- Бүгін не үйрендік?
- Немен таныстық?
- Тақырыпқа байланысты бейнетаспа көрсетіледі.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Киімдерді ажырата білуді.
Қандай түсініктерді игерді: Киім туралы түсініктері қалыптасады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тазалыққа, ұқыптылыққа үйренеді.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока на тему "Киімдер"»
Ұйымдастырылған түзеу-дамыту іс-әрекетінің технологиялық картасы
(4 – 5 жас)
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған түзеу –дамыту іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Киімдер
Мақсаты:
Білімділігі: Киімдер туралы түсініктерін қалыптастыру. Киім түрлерін ажыратуға үйрету.
Дамытушылығы: Сөйлеу қабілетін, ұсақ моторикасын дамыту. Тілдік бұзылыстарын түзету. Дұрыс тыныс алуын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Инклюзивтік әлеумет: Тілдік дамуында тежеліс бар балалармен жұмыс.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу, үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Қысқы киімдер мен жазғы киімдерді ажырату жұмыстары.
Қажетті көрнекі құралдар: слайд, қиынды суреттер, компьютерлік ойын, киімдер, киім ілгіштер, мақта т.б.
Билингвалды компонент:
Киім - одежда
| Іс-әрекет кезең дері | Педагогтың іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру- сезімді ояту кезеңі | Балалармен амандасу Ғажайып сәт (Жылаған баланың дыбысы естіледі.)
Балалар, бір дыбыс естіледі, кімнің дыбысы шығып жатыр? Бізге қонаққа Мансур келген екен. Мансур: Сәлем, достарым! Мен серуенге шығып бара жатыр едім. Қолғабымды жоғалтып алдым. Табуға көмектесесіңдер ме? Ендеше, біз досымызға дүкеннен жаңа қолғап алып берейік. Жарай ма, балалар! Қазір қандай мезгіл? Ауылда қыс мезгілінде қандай көлікпен жүреміз? (слайдта көлік түрлері беріледі) Ендеше, дүкенге ат шанамен барайық. | -Балалар қонақтармен амандасады. -Балалар дыбысқа еліктейді. Жарайды Қыс мезгілі Ат шана |
| Себепті қызығушылығын ояту кезеңі | Ат шауып келеді – таңдайды қағып тоқылдату Мінекей балалар дүкенге де жеттік. Дүкенші апаймен амандасайық. Киімді неден жасаймыз, білесіңдер ме? Мақта қандай болады? Мұрынмен дем алып, ауызбен дем шығарып үру; Ауызбен дем алып, ауызбен дем шығарып үру. Артикуляциялық жаттығу жасап балабақшаға қайтып келеді. | Мақтадан Жұмсақ, ақ түсті, жеңіл. Дүкеншіге келген себептерін айтып, қажет заттарын алып балабақшаға келеді. Киімдердің атауларын атап, ажырата білуге үйренеді. |
| Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | Балаларға қысқы және жазғы киімдердің қиынды суреттері беріледі. Суреттерді мезгілге сәйкес топтастырады. Кірді ұқыпты жуамыз, Оны жақсылап сығамыз. Сілкіп, сілкіп қағамыз, Әдемі қылып жаямыз. Қызыл, жасыл, көк, сары түсті киімдегі қуыршақтың белдемшесін, аяқ киімін, басындағы бантигын түсіне сәйкестендіріп орналастыру. (компьютермен жұмыс) | |
| Іс-әрекеттің бағалау кезеңі | | |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Киімдерді ажырата білуді.
Қандай түсініктерді игерді: Киім туралы түсініктері қалыптасады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тазалыққа, ұқыптылыққа үйренеді.