Сабақтың тақырыбы: Көйлектің сызбасын тұрғызу, өлшемін алу
Сабақтың мақсаты: Өлшем туралы түсінік беру, көйлектің өлшемін алуды үйрету, көйлектің үлгілерімен танысу және шеберлікке, ептілікке, ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
II. Құралдарын тексеру
III. Щолу жасау үлгілерге
Жаңа сабақты түсіндіру: Бүгінгі тақырыбымыз өлшем алу. Көйлекке қандай өлшемдер керек. Міне соған тоқталамыз. Біз бесінші сыныпта алжапқыш тігу үшін қандай өлшем бірліктерін пайдаландық. Кеуде өлшемі, бел өлшемі, бөксе өлшемі және ұзындық алдық. Адам денесінің бір – біріне сәйкестігі пропорция деп аталады. Адамдар үш топқа бөлінеді.
1. Бүкірлеу
2. Кәдімгі
3. Шалқақтау
Адам денесінде 200 нүкте бар екен, ал оның өлшемдерін бізге қажеттілерін аламыз. Ал өлшем алу үшін біз см таспаны пайдаланамыз. Өлшем алған кезде адам екі аяғын салмағын тең түсіріп, өлшемдерін алшақ салып қолын төмен түсіріп, денесін босаң, табиғи қалпында ұстап тыныш тұруы керек. Өлшем алған кезде см таспаны кермей, босаңсытпай ұштарын алдыңғы жақта түйістіреді. Оң жақта тұрып өлшем аламыз. Орам мен көлденеңін толық өлшем аламыз. Бірақ жарты орамын жазамыз. Ал ұзындық өлшемі толық жазылады. Бұйымдарды үш түрге бөледі:
1. Сыртқы киімдер ( пальто, плащ, куртка т.б.)
2. Жеңіл киімдер (көйлек, костюм, тоқыма)
3. Ішкі киімдер ( пижам, майкі, түнгі көйлек )бөліктерде әшекей болуы керек.
4. Эксплуатациялық киімді мерзімді бір уақытқа дейін киілуі, ол жұмыстың сапалы орындалуы. 5. Эстетикалық - әшекейленуі және үлгісі жағынан көйлек әдемі болуы керек. Көйлектердің негізгі сызбасын түсіру үшін мына өлшемдерді аламыз.
1. Пош – желкенің жартылай орамы
2. Пог 1- бірінші кеуденің жартылай орамы
3. Пог1- екінші кеуденің жартылай орамы
4. ПОт – белдің жартылай орамы
5. ПОб – жамбас орамы
6. Дпл – иық ұзындығы
7. Др – жеңнің ұзындығы
8. Ор – қол орамы
9. ПШп – тексеру нүктесі
10. ПШс- артқы бойдың жартылай орамы
11. Дст – артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы
12. Гпр – ойынды өлшемі
13. Дпт – алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы
14. Дю – бұйымның ұзындығы
Әдіптерді бас әріппен белгілейміз, оның қатарына кіші әріппен әдіп жасалатын орынды белгілейміз.
III. Жаңа сабақты бекіту
1. Адамдар қандай топқа бөлінеді
2. Өлшем не себепті түсіріледі
3. Не себептен өлшем жартылай, қайсысы толығынан түсіріледі
4. Көйлектің негізгі сызбасын түсіру үшін қандай өлшемдерді аламыз
IV. Қорытынды.
1. Оқушылардың білімін бағалау
Үйге тапсырма:
1.Өлшем белгілеріңізді таспа баумен орындап әкелу